Каржылык жоспардау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 22:19, реферат

Краткое описание

Қаржылық жоспарлау бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған поцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.

Содержание

1. Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері
2. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
3. Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер

Вложенные файлы: 1 файл

қаржылық жоспарлау.docx

— 35.85 Кб (Скачать файл)

              

                               Мазмұны

 

  1. Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері

 

  1. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары

 

     3. Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 КІРІСПЕ

 

Қаржылық жоспарлау бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған поцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.

Қаржылық  жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің  қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің  сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық  қаржы жоспарына дейінгі қаржы  жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда  белгілі  бір  мерзімге   белгіленген  кірістер  мен  шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.

Қаржылық  көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы  операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетті. Бұл өте  ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет  пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы  ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс).

Қаржылық  жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы  жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаржылық  жоспарлаудың теориялық аспектілері

Қаржылық  жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары

 

Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардын көздерін анықтау; крістерді өсірудің, шыығындарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.

Жоспарлау:

    1. экстенсивтілігімен (әлеуметтік саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды)
    2. қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
    3. тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.

Қаржылық жоспарлаудың мына тәсілдемелер пайдаланылады:

а) автоматтық (өткен жылдың деректері  келесі жылға көшіріледі). Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне  көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым  әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;

ә) статистикалық (өткен жылдардың  шығыстарын қосып, өткен жылдардың  санына бөледі);

б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).

Нарықтық  экономика жағдайында жоспарлау  басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын  алуы тиіс. Егер жоспарлау экономикада  қаржы жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік  процестерге жасалынса, нарықтық экономикада  айырбас сферасына сүйенеді, бұл  сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді  өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады.

Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді  өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың  үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен  ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі  бар рынок болады. Нарықтық механизмінің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас  нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері  болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.

Қаржылық  жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлу экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылманған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.

Қаржылық  жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды  функциясы болып табылады. Оны  мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың  жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.

Шаруашылықты  жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпклікті нәтижелеріне ықпал етуші  көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде  жүргізіледі.

Қаржылық  болжау мемлекеттің мүмкін болатын  қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді ( жыл) және ұзақ мерзімді (жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан  бұрын болады, қоғам дамуының белгілі  бір кезеңіне арналған қаржы саясатның  тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың  мақсаты болжанған кезеңдегі  қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың  көздерін және пайдалануды анықтау  болып табылады. Болжамдар қаржы  жүйесінің органдарына қаржы  жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқауларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін  белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық  болжау әр түрлі әдістерді қолдануды  қажет етеді:

    • экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерін динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;
    • корреляциялық регрессиялық талдау;
    • тікелей сараптамалық бағалау әдісі.

Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен  жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:

  1. Экстрополяция (немесе коэффициенттер) әдісі. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарөынына түзету негізінде жүргізіледі.

Мұндай тәртіптің  айтарлықтай кемшіліктері бар :

    • мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтер анықтауды есепке  алмайды;
    • материалдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңге олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.
  1. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есепке шығарылады.
  1. Матеметикалық үзгалеу әдісі: процестің құру және оны қаржы саласына көшіру.
  2. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік жоспарларының барлық бөлімшелерінің , сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің  өзара үйесушін қарастырады. Қаржы балансының  талаптарын сақтау үшін кәсіпорынның, саланың, бюджеттің, бұкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен  табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдарін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан жақты негңздеуге мұмкіндік берді.
  3. Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса біліһті мамандардың  тәжірибесін пайдалануды қажет  етеді.

Объективті  талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру оның негізгі  қағидаттарын саналы есепке алуды қажет  етеді. Отандық экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда  әр түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының негізгі  ережелері ретінде дамудың барлық дәуірі, кезеңдері үшін бірдей болады. Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары  емес, тек оларды іске асырудың механизмі, өндіргіш күштерідің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың даму деңгейіне  байланысты оның әдістері өзгереді.

Қаржылық  жоспарлауда тарихи мына ұйымдық  қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік мақсатты. Ведомстволық және салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатаң, әміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.

Қаржылық жоспарлаудағы предметтік мақсатты қағидат белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын нақтылы қалыптастыруға және пайдалануға бағытталған.

Қаржы жоспарларын  жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде есеп беріліп  отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің  орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланысты жүргізіледі. Мұның өзі қаржыларды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін  анықтауға, ішкі шаруашылықты резервтерді  табуға мүмкіндік бреді.

Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы түрлерінің есеп қисаптары жасалады.

Үшінші  кезеңде сметедағы тапсырмалар  және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған  шаралар мен жоспарлы тапсырмалар  ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды  көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.

 

         Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері

 

Қаржылық  жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттарыҚаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Басқарудың  барлық деңгейлеріндегі жасалынатын  саны көп қаржы жоспарларын бір  жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілері бойынша сыныптаған орындар. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі  екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.

Жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін  белгілейді.

Нысаны  бойынша олар әрқашан жиынтық  жоспарлар болып табылады, бірақ  бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министрліктердің, ведомстволардың қаржы жоспарларының  да құрамалық сипаты болады, бірақ  олар қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Жиынтық  қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектісімен және сферасымен, жоспарлау әдістерімен  және арналымымен ерекшеленеді.

Қазіргі кезде жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік, салалық, аумақтық жоспарларды  кіріктіреді. Мыналар жалпымемлекеттік болып табылады: мемлекеттің жиынтық  қаржы балансы, мемлекеттік бюджет, республикалық бюджет, бюджеттен  тыс қорлар.

Жиынтық қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған дамудың  жалпымемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық  банктің  белсенді қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі  айналысады. Аймақтарда баланстын есеп қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің, меншіктің барлық нысанының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен  көздері және ұдайы өндіріс пен  қоғамдық , қажеттерге (әлеуметтік мәдени шараларға, қорғанысқа, басқаруға) оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.

Баланстың кіріс бөлігі мыналарды кіріктіреді: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияяларының түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің  ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің  көздері.

Шығыстар  бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар  (күрделі  жұмсалымдарды  қаржыландыру, айналым қаражаттарының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік субвенциялар); сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар; әлеуметтік мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар; басқару мен қорғаныс шығыстары; қысқа мерзімді кредит салымдарының және ұзақ мерзімді кредит беруге арналған қаражаттардың өсімі.

Дүние жүзінің  барлық елдерінде оперативтік қаржы  жоспары мемлекеттік бюджет болып  табылады. Оны жасаудың керектігі  мемлекеттің ақша ресурстарының  көздері мен ауқымын анықтаудың және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді  қанағаттандыру үшін оларды ұтымды бөлудің  қажеттігімен туындайды.

Информация о работе Каржылык жоспардау