Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2014 в 10:22, курсовая работа
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға кенеттен өтуіне байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкер тобы өмірге келе бастады. Кәсәпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық, қаржы, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш. Кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болмасын қызмет етеді. Кәсіпкерлік дегеніміз – меншік түріне қарамастан, азаматтық және заңды тұлғаның тауарларға сұранысын қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорын. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, пайда табу жолын көздейді.
Кіріспе
2
I. Кәсіпкерліктің пайда болу шарттары және оның ролі
3
1.1. Кәсәпкерліктің экономикалық мәні мен мазмұны
3
1.2. Нарықтық экономикадағы кәсәпкерліктің ролі
6
II. Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық формалары және оларға сипаттама.
9
2.1. Акционерлік қоғамдар және олардың түрлері
9
2.2. Серіктестіктер және олардың түрлері
9
2.3. Біріккен кәсіпкерліктер және олардың түрлері.
10
III. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту шаралары және шешу жолдары.
12
3.1. Қазақстан Республикасында шағын кәсіперлікті қалыптастыру қажеттілігі
12
3.2. Қазақстан Республикасында шағын кәсіперлікті дамыту жолдары.
13
3.3. Қазақстан Республикасында кәсіперлікті дамыту мәселелері және оларды шешу жолдары.
14
Қорытынды.
Жоспар:
Кіріспе |
2 |
I. Кәсіпкерліктің пайда болу шарттары және оның ролі |
3 |
1.1. Кәсәпкерліктің экономикалық мәні мен мазмұны |
3 |
1.2. Нарықтық экономикадағы кәсәпкерліктің ролі |
6 |
II. Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық формалары және оларға сипаттама. |
9 |
2.1. Акционерлік қоғамдар және олардың түрлері |
9 |
2.2. Серіктестіктер және олардың түрлері |
9 |
2.3. Біріккен кәсіпкерліктер және олардың түрлері. |
10 |
III. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту шаралары және шешу жолдары. |
12 |
3.1. Қазақстан Республикасында шағын кәсіперлікті қалыптастыру қажеттілігі |
12 |
3.2. Қазақстан Республикасында шағын кәсіперлікті дамыту жолдары. |
13 |
3.3. Қазақстан Республикасында кәсіперлікті дамыту мәселелері және оларды шешу жолдары. |
14 |
Қорытынды. |
16 |
Қолданылған әдебиеттер. |
17 |
Кіріспе
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға кенеттен өтуіне байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкер тобы өмірге келе бастады. Кәсәпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық, қаржы, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш. Кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болмасын қызмет етеді. Кәсіпкерлік дегеніміз – меншік түріне қарамастан, азаматтық және заңды тұлғаның тауарларға сұранысын қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорын. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, пайда табу жолын көздейді.
Осы тақырыптың маңыздылығы: кәсіпкерлік – экономикада нақты белсенді, бәсекес ортаны қалыптастырады. Сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы болып есептеледі.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні оның нарықтық экономикаға икемділік сипат беріп, халықтың қаржылық және өндірістік ресурстарын тартуға көмектесетіндігіненарта түседі; мономолияға қарсы мүмкіндікке ие, ғылыми техникалық прогрестің бірқатар бағыттары бойынша алғы шарттар жасайды және басқа да әлеуметтік проблемаларын шешеді.
Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамдардың өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады.
Республикада кәсіпкерлік қызметті дамытудың барлық алғы шарттары жасалды. Меншікті жекешелендіру бойынша үлкен ауқымды жұмыстар атқарылды, соның нәтижесінде кәсіпкерлікті дамыту үшін берік экономикалық негіз қалануда. Соған қарамастан, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту проблемасы әлі толығымен шешілді деп айта алмаймыз.
Сондықтан мен, Қазақстан Республикасындағы
кәсіпкерлікті дамыту
I бөлім. Кәсіпкерліктің пайда болу шарттары және оның рөлі.
1.1. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны.
Кәсіпкерлік түсінігін алғаш рет қолданған ағылшын экономисі Р. Кантильон болды. Оның пікірінше: кәсіпкер – тәуелдік жасай алатын адам. Байлықтың қайнар көзі – экономикалық игіліктің нақты құнын анықтайтын: жер мен еңбек деп санады Р. Кантильон. Бұдан кейінірек француздың белгілі экономисі Ж. Б. Сэй “Саяси экономиканың трактаты” еңбегінде кәсіпкерлік қызметтің анықтамасын: өндірістің үш факторының: жер, капитал, еңбектің қосындысы деп берді. Американ экономисі Дж. Б. Кларк Ж. Б. Сэйдің анықтамасына өзгеріс енгізеді. Оның пікірінше өндіріскетөрт фактор тұрақты қатысады: капитал, капиталдың игілік - өндіріс құрал-жабдықтары жер кәсіпкерліктің қызметі, жұмысшы еңбегі. Әр фактордан алынатын табыс: капитал – капиталистерге процент әкеледі; жер – оның иесіне рента; кәсіпкерлік қызметіне – пайда; жұмысшы еңбегі – еңбекақы әкеледі.
Кәсіпкер – бұл жаңашыл , күнделікті өмірге коммерциялық негіздежаңа тауарды, жаңа өндірістік технологияны, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формасын әкелетін тұлға.
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
Кәсіпкерліктің сипаттамалары мыналар болып табылады:
1. Кәсіпкерлік дегеніміз –
заңды тұлғаның тауарларға сұранысын қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншік не мемелекеттік кәсіпорын.
2. Кәсіпкерлік дегеніміз –
3. Кәсіпкер барлық ресурстарды:
жер, капитал және еңбекті өнім
өндіру процесінде қосу
4. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың іс бағытын айқындайды.
5. Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей – тегжейін айқын талдап, қорытындысында не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақытын, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.
Барлық кәсіпкерлер үшін ортақ нәрсе, оларға тән ерекшелік инициативалық (ынталылық), тапқырлық, шығармашылық, тәуелділік, жаңалыққа құштарлық.
Кәсіпкер – бұл тәуекелге бара алатын адам. Кәсіпкерге пайда алу кепілдігі берілмеген. Жұмсалған уақыт, күш-қуат, энергия және өз қабілеттілігінің қайтарымы да белгісіз: не пайда алады, не зиян шегеді, тіптен кедейленіп қарызын төлей алмай қалуым да мүмкін. Ол азаматтың ынталылығы, жігерлігі, өз еркімен істелетін қызметі және онысы пайда табуға бағытталған.
Қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлікті жаңалықсыз, шығармашылық ізденіссіз, ынталандыратын бәсекелік күрессіз көз алдыға елестету мүмкін емес. Өз өнімдерінің жоғары сапасын және өз өнімдерінің тұрақты жаңарып отыруын қамтамасыз ететін кәсіпорын ғана өмір сүруін сақтап қалады. Өндіріс аясындағы кәсіпкерліктің басты мазмұны өнімдерге деген сұраныс туғызып және оны таба білуден, жасау арқылы оны қанағаттандырутан және сапалы өнімдерді сатудан тұрады. Басқа коммерциялық емес құрылымдардан кәсіпкерлік қызметтің өзіндік ерекшелігі кірістер мен шығыстар арасындағы айырма ретінде пайда алу болып саналады. Қарызға алған меншікті өзінің басқаруына алып, кәсіпкер жаңа өнімдер шығаруды ұйымдастырады. Тиімді коммерциялық байланыстарды жолға қояды, өзінің бөгде капиталын айналымға қосады, одан өзі үшін пайда алады. Сөйтіп, кәсіпкер өндірістіқұрушы және оны дамытушы, нарықтық байланыстарды орнықтырушы, нарықтағы белсенді агент болып саналады. Үнемі жаңалықтың ортасындағы, ойлаудың жаңашылдық үлгісіне ие іскер адамдар ғана кәсіпкер бола алады. Кәсіпкерліктің мәнін осы төрт сатыарқылы алуға болады:
Бұл сатылар бір-бірімен өзара байланысты. Мсысалы, өнімдерді жасап
және олардың қанағаттандыру мүмкіндіктерін іздестіру және идеялар тудыру. Бұл кәсіпкерліктің маңызды сәттерінің бірі болып саналады. Осы өнімге деген сұранысты анықтау, өтімділігіне баға беру, қажетті ресурстарды дәл бағалау, қайта құрылған кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдаудың өзі бір үлкен іс. Бұл бизнес жоспарды жасауды талап етеді. Кәсіпкерлік процестің үшінші кезеңі – қажетті ресурстарды іздестіру, яғни дәл бағалау, қажеттілікті төмендетпеу, басқа ресурстардың қандай да бір санының жетіспеушілігімен байланысты жағымсыз зардаптарын бағалай білу керек. Ал, төртінші кезеңге – құрылған кәсіпорынды басқару жатады. Ол басшылық жасаудың белгілі стилін жасаудан, ұйымдық құрылымдарды құрудан, сондай-ақ әлсіз табыстарды табудан және осы жүйе үшін құрылған бақылаудың көмегімен оларды жою.
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп, өзгешілігі – кәсіпкер бапрлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушыға бүгіннен бастап, олар ақша төлеуге дайын. Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлікөндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді. Осылардың әрбір формасында өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, өзіндік технологиясы болады. Кәсіпкерліктің бұл түріне тауар өндірісіне бағытталған қызмет, тұтынушы реализациясының жұмыстарын орындау, қызмет көрсету, ақпарат беру кіреді.
Өндірістік кәсіпкерлік өндірістің өнім түріне байланысты емес. Оның өніміне байланысты келісімдердің масштабында келесі түрде сипатталады: сценарий жасау, содан кейін келісім шарттарды орындау бағдарламасының потенциалды тұтынушыларымен контрактыны орнату, өндіруші және болашақтағы тауарды тұтынушылар арасында контракт түріндегі келісім шартты заңды түрде төмендету.
Қызметті іске асыру үшін кәсіпкер өндіріс факторларын: жұмыс күшін өндіріс қорлардың материалдарын,и ақпаратын тиімді пайдаланған жөн, бұдан басқа қосымша жұмыс пенқызмет түрлерін пайдаланады. Мысалы, құрылысқа, көлікке қажеттілік туындауы мүмкін. Себебі, мекеме өз күшімен кейбір істерді орындай алмайды, сол себепті қосымша күш талап етіледі. Осы жұмыстарды іске асыру үшін ақша қаржысы қажет етіледі. Егер мекеменің бұл төлемдер төлеуге өз капиталы жетпесе, онда банк несиесіне қажеттілік туындайды.
Өндірістік кәсіпкерліктің нәтижесі болып, өндірілген тауарлардың белгілі көлеміндегі сатылуы және кредит пайызына, кредитке тең сомасының кредиторын қайтара алатын күнделікті ақшаны алу болып табылады. Өндірістік әрекетке, жанама қатысушыларға мемлекеттік, республтикалық, жергілікті қаржы органдары, фискалдық функцияны орындайтын салық инспекциялары жатады.
Қазіргі кезде өндірістік кәсіпкерлік кәсіпкерліктің маңызды түрі, сонымен қатар ең қиыны болып есептелінеді. Сондықтан, бизнесмендер тікелей коммерциямен айналысуды жөн көреді.
Коммерциялық кәсіпкерлікке келетін болсақ, коммерциялық мекеменің негізгі операциясы тауарлы – ақшалай және тауар алмасу операциялары болып саналады. Коммерциялық мекеменің жалпы схемасы, негізінен өндірістік схемаға сәйкес келеді. Сатып алу кезінде, тауарды коммерциялық келісім шарттың негізгі этаптары анықтайды: тауар түрін талдау, тауарға сатып алған күндегіден жоғары баға қою, сол тауарға сұраным бағасын келісім шарт масштабына жеткілікті қою. Сатып алу – сату және төлемнің көлемі мен бағасын құрудың, нарық анализін анықтайды. Егер болжам қолайлы болса, онда кәсіпкерлер келісім шартты орындау бағдарламасын, шығын мен нәтижелердің есебін еске сақтай отырып, бизнес – жоспар құрайды.
Коммерциялық келісім шарт мақсатты болып есептелінеді. Егер таза пайда шығынның 20-30 %-ін құрайтын болса.
Қаржы кәсіпкерлігін таңдайтын болсақ, қаржы кәсіпкерлігінің алып сату объектісі құнды қағаздар, валюта, ақша болып табылады. Қаржы – кредиторлық келісім шартты айқындайды,нарықтық құнды қағаздары мен маркетингтік әрекетте іске асады.
Қаржылық кәсіпкерліктің спецификалық түрі – ресми түрде меншікті акция, облигация, ақшалай міндеттемелер, вексель сияқты құндылықтарды салған кезде көрінеді. Қаржылықө келісім шарттың қорытынды этапы – ақшаны, валютаны, ақшалай түсімдерді алумен айналысатын басқа кәсіпкерге сату.
1.2. Нарықтық экономикадағы кәсіпкерлердің рөлі.
Кәсіпкерлік нарықтық экономикада шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Оның рөлін А. Смит былай деп бағалаған болатын: “Кәсіпкер өзі үшін ұтымдылық жағдайды көздегенмен, ол қоғам мүддесіне де қызмет етеді. ” Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шаруашылықта ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор.
Кәсіпкерлер әрқашанда анықталмаған жағдайда қызмет етеді. Әр нәрсе, әр тенденция мәңгі болмайтындықтан, нарық субъектілерінің мінез – құлқы әрқашанда өзгермелі. Егер кәсіпкер экономикалық, саяси технологиялық, әлеуметтік ортаға бейімделе алмаса, онда оның орнын басқа кәсіпкер басады. Кәсіпкер әрқашанда күтпеген жағдайларға дайын болуы керек, оларды болжай алуы қажет.
Кәсіпкер алдына қойған міндеттерді жалданбалы жұмыскер немесе менеджер арқылы жүзеге асырады. Кәсіпкер негізінен өз әрекеттеріне аз жауапкершілік көтереджі. Шетелдіктердің тәжірибесі бойынша, кәсіпкер мен менеджер арасындағы рөлдік үлгілерін қалыптастыру үшін әртүрлі параметрлерді пайдалану керек. Аталмыш параметрлерге төмендегілер жатқызылады: