Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2014 в 10:22, курсовая работа
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға кенеттен өтуіне байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкер тобы өмірге келе бастады. Кәсәпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық, қаржы, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш. Кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болмасын қызмет етеді. Кәсіпкерлік дегеніміз – меншік түріне қарамастан, азаматтық және заңды тұлғаның тауарларға сұранысын қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорын. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, пайда табу жолын көздейді.
Кіріспе
2
I. Кәсіпкерліктің пайда болу шарттары және оның ролі
3
1.1. Кәсәпкерліктің экономикалық мәні мен мазмұны
3
1.2. Нарықтық экономикадағы кәсәпкерліктің ролі
6
II. Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық формалары және оларға сипаттама.
9
2.1. Акционерлік қоғамдар және олардың түрлері
9
2.2. Серіктестіктер және олардың түрлері
9
2.3. Біріккен кәсіпкерліктер және олардың түрлері.
10
III. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту шаралары және шешу жолдары.
12
3.1. Қазақстан Республикасында шағын кәсіперлікті қалыптастыру қажеттілігі
12
3.2. Қазақстан Республикасында шағын кәсіперлікті дамыту жолдары.
13
3.3. Қазақстан Республикасында кәсіперлікті дамыту мәселелері және оларды шешу жолдары.
14
Қорытынды.
Енді осыларды толық қарастырайық. Кәсіпкер стратегиялық бағдарын,
алда жаңадан ашылып келе жатқан мүмкіндіктерге ( технологияларды алмастыру, тұтыну деңгейі, әлеуметтік құндылықтар мен саяси жағдайлар) бағфыттайлы, ал менеджер, қолдағы ресурстарды пайдалануға (әлеуметтік міндеттемелер, кәсіпорын қызметінің өлшемдері, жоспарлау жүйесі мен капитал айналымына бақылау жасау) бағыттайды. Өйткені, менеджер шаруашылықты ұйымдастыру жағынан арнайы кәсіптік білімі бар, жолдамалы басқарушы. Ол өз әрекетінде мүліктікжауапкершілікті мойнына алмайды. Яғни оның сөзсіз тәуекелге баруы, өзінің басқару орнынан айырылуы деген сөз.
Ойға алған мақсаттарын жүзеге асырудағы келісте, кәсіпкер мен менеджер бір – бірімен аса күшті түрде айырмашылықтанады:алғашқысы тез қимыл жасап, жедел шешім қабылдауы тиіс. Өзінің идеаларын қабілетті екендігін дәлелдеу үшін тәуекелге барады. Менеджер, оған керісінше, жаңа істі құлықсыз түрде қолға алады.
Менеджердің ұйымдық құрылымдардың әртүрлілігі иерархиятабиғатымен байланысты. Өйткені басқару теориясы сыйақыларды есептеу механизмі өкілеттіктер жауапкершілігін дәл бөлу және сақтауын талап етеді. Әрбір кәсіпкер уақыттың шаруашылық кеңістігінде өзін таба білуі тиіс. Жүргізуші кәсіпкер өндіріс технологиясын, өнімдердің түрлерін өзгертіп отырады. Өйткені, оның қызтем теу алысы осыған дейін таңдап алынған, ал нарық терілген.
Кәсіпорынның мүмкіндігін бағалау қажет, одан кейін пайда әкеле алатындай баға беру керек. Шығындар өнімді өткізіп болғаннан кейін қайтарылады. Сондықтан өндірістік цикл үшін талап етілетін ең аз қаржыны анықтау көзделеді. Қандай да бір бірегей ресурстарды шикізаттарға, идеаларға, жаңалықтарға, өндірістік және ұйымдықтәжірибелерге ие болу, табысқа жетуге кепілдік береді. Тауар нарығын зерттеу – сұранысты талдаудан, бастаудан басталады. Соңғысы – кәсіпкер үшін аса күрделі міндеттерінің бірі.
Сұранысты бағалау тауар сұранысын бағалауымен қоса жүруі тиіс. Ұсынысты алдын-ала зерттеудегі ең бастысы – шаруашылық аясыныңғ кәсіпкерлік қызметпен қанығу шараларын анықтау болып саналады. Бұған анықтамалық және жарнамалық басылымдар мен статистикалық талдауы әсер тигізеді. Өзінің бәсеке қабілеттілігін бағалау өте маңызды болып саналады. Біріншіден, өзінің нарыққа шыға салысымен, бәсекелестер одан ығысады деп санауға болмайды; екіншіден, бәсекелестікке “жеңілдім” деп, қаруын ертерек жинауға болмайдыҢ үшіншіден, техникалық және экономикалық көрсеткіштер негізінде өз өнімдерін бәсекелестер өнімдерімен салыстыру қажет; төртіншіден, сіздің кәсіпорныңыз жетекші бәсекелестерге қарағанда тауарларды аз шығын жұмсайтындай шығара ма, соны анықтай білу керек.
Дұрыс жауаптар болған жағдайда, кәсіпкерліктің конъюктурасы қолайлы болады, ал оған кері жауаптар болған жағдайда, басқа нарықты зерттеу және өндіріс проблемасын шешужолдарын іздеу керек.
Әрбір шығаруға жоспарланған тауар үшін тұтынушылар нарығы жалпы нарықтық бөлігі және сегменті болып саналады. Нарықты сегменттеу әр түрлі белгілер бойынша тауарлардың тұтыну қасиеттері мен негізгі сипаттарына қатысты жүргізіледі. Нарықтың барлық сегменттерін бірден қамтуға болмайды, бұл кәсіпкерге кері әсер тигізуі мүмкін.
Нарықтың мақсатты сегментін анықтап алғаннан кейін, кәсіпкер өз тауары үшін позиция таңдайды; сол нарықтағы басқа тауарларға қатынасы бойынша тауардың жағдайын анықтайды. Кәсіпкердің бүкіл нарықтағы стратегиясы осыған қатысты болады.
Кісіпорынның нарықтық стратегиясы таңдап алынғаннан кейін, кәсіпорынның мақсаты мен оны жүзеге асырудың негізгі жолдары енгізіледі. Жасалынатын стратегияны кәсіпорынның мүмкіндіктерімен, өндіру мен өткізу ерекшеліктерін, тұтыну нарығының сегментация процесімен байланыстыру жеңіл болатын “сенім нарық” матрицасы нарық құралдарының болып саналады. Сонымен, кәсіпкерлік – кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Сонымен бірге, ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді.
II. Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық формалары және оларға сипаттама.
2.1. Акционерлік қоғамдар және олардың түрлері.
Акционерлік қоғам деп - өзінің қызметінің жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында, акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Ал акция – үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз, яғни акция қоғам шығаратын және олардың түрлері мен категорияларына қарай акционердің дивиденттер алуға, қоғамды басқаруға қатысатын және қоғам таратылған жағдайда, оның қалған мүліктерінің бір бөлігін иемдену құқығын куәландыратын құжат. Акционер қоғамның міндеттемелері жауап бермейді, тек өзіне тиесілі акциялар құнының тегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді.
Экономикасы дамыған елдерде олар корпорациялар деп аталады. Акционерлік қоғамдар жабық және ашық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамның фирмалық атауы, сондай-ақ қоғамның үлгісіне қарай “ашық акционерлік қоғам” немесе “ жабық акционерлік қоғам” деген сөздер, не тиісінше “ААҚ” және “ЖАҚ” аббревиатурасы болуға тиіс. Қоғам осындай фирмалық атаумен мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Жабық акционерлік қоғамның акциялары өзінің құрылтайшылары мен алдын – ала айқындалған адамдар тобының арасында орналастырылады. Жабық қоғам акционерлерінің саны жүзден аспауы тиіс және ол өзі шығаратын акцияларды жабық әдіспен ғана орналастыруға хақылы.
Акционерлерді өзіне тиесілі акционерлердің келісімінсіз иеліктен айыруға құқылы қоғам ашық акционерлік қоғам деп аталады. Ашық қоғамның акциялары үш түрлі әдіспен, яғни жабық, жеке және ашық орналыстырады. Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді.
Ашық акционерлік қоғам төмендегі жағдайларға ашық халықтық қоғам мәртебесін жоғалтады. Егер:
Қоғам акционерлерінің саны жүзден аспаса, акционерлердің жалпы жиналасының шешімі бойынша ашық қоғам жабық қоғам болып қайта құрылуы керек.
Қорыта айтқанда, ашық және жабық акционердік қоғам жыл сайын баспасөз басылымында қөоғамның жылдық баллансын және кірістері мен шығындары туралы есебін жариялауға міндетті.
2.2. Серіктестіктер және олардың түрлері.
Серіктестік деп кәсіпорын иемдену және басқару туралы екі немесе одан көп адамдар келіскенде бизнесті ұйымдастыру нысанын айтамыз.
Шаруашылық серіктестік толық және командиттік серіктестік болуы мүмкін.
Толық серіктестікке қатысушылар өзара келісілген келісім шартқа сәйкес серіктестіктің атынан кәсіпкерлік іспен айналысады және өз меншіктеріндегі мүліктерге жауап береді.
Толық серіктестік барлық қатысушылардың қолдары қабылдаған құрылтайшы келісім шарттың негізінде іске асады және құрылады. Әрбір серіктестіктің қызметтері бір дауысқа бағынады.
Толық серіктестіктің ерекшелігі, біріншіден, кәсіпкерлікке қатынасушылар заңды тұлға ретінде серіктестік қызметін тереді. Екншіден серіктестіктің мүліктің жетіспеушілігінде кредитордың қарызынан құтылу үшін қатысушылардың мүліктерінен талап етуге құықығы бар. Сондықтан серіктестіктің қызметі барлық қатысушылардың жеке сенімдік қатынастарына негізделген. Үшіншіден, толық серіктестіктің әрбір қатысушылары толығымен серіктестіктің атынан кәсіпкерлік іспен айналысады, сондықтан толық серіктестіктің құру және қалыптастыру үшін оның органдарының компетенциясын қалыптастыратын жарғы талап етілмейді. Мұндай коммерциялық ұйымның негізгі құрылтайшы құжаты – құрылтайшы келісім – шарт.
Толық серіктестіктің артықшылығы:
мүшелері серіктестіктің міндеттемесі бойынша шектелмген жауапкершілікке ие.
Кемшіліктерге толық серіктестіктің арасындағы ерекше сенімдік қатынастарда жатқызуға болады, себебі ол ұйымның құлдырауына әкеп соғуы мүмкін. Толық серіктестік “бір жақтың компаниясы” бола алмайды.
Толық серіктестіктің әрбір мүшесі осы ұйымның міндеттемесі бойынша толық және шектелмеген жеуапкершілікке ие болады. Яғни банкрот болған кезде, әрбір мүшесі қазынамен қатар, жеке мүліктермен де жауап береді. Олардың қосымша артықшылығы - өз капиталдарын көбейту үшін салымшы қаржыларын қосуы мүмкін, бірақ мұндай мүмкіншіліктер жоқ.
Командиттік серіктестік бұл шаруашылық қоғамдарының бір түрі. Оған шарт жасау негізінде екі, одан көп кісі біріге алады. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін, өздерінің қосқан үлестерін жауапкершілікке алады. Бұл серіктестіктің адамдары серіктестік жұмысын басқаруға, қаржылық жұмсысына кірісуге құқықтары жоқ. Бұл серіктестіктіңерекшелігі – қосымша капиталды өндіріске қоса алады.
Командитті серіктестікті кейде “сенім артқан серіктестік” деп те атайды. Мұнда серіктестік мүшелерінің бір бөлігі, осы ұжымның міндеттемелері бойынша, өз мүліктері есебінен толық жауапкершілікте болса, ал қалған бөлігі тек өздері қосқан жарнасы көлемінде ғана жауапкершілікте болады.
2.3. Біріккен кәсіпкерліктер
Біріккен кәсіпкерліктер дегеніміз өндіріс кооператив немесе басқалай шаруашылық істер үшін мүшелік негізінде ұйымдасқан азаматтардың ерікті бірлестігі, олардың дербес еңбек және басқалай шаруашылық істері оның мүшелерінің мүліктік үлес жарнасына негізделген.
Сыртқы сауда капиталының шығуы мен кіруі әртүрлі елдер арасында экономикалық байланыстардың барлық мүмкіндіктерін қамтымайды.
Экономикалық серіктестіктің бірі - әртүрлі елдердің меншігіне жататын біріккен кәсіпкерлік болып табылады.
Біріккен кәсіпкерлік – ұйымның халықаралық формасы және шетелдік пен жергілікті құрылтайшының пайдалануға негізделген нақты шаруашылық қызметі. Біріккен кәсіпкерлік біріккен мүлікке, қаржыға ие. Оның әрбір мүшесі басқару функциясын негіздейді алады.
Біріккен кәсіпкерлікке байланысты пайда мен тәуекел әрбір қызметкерлерге салынған қаржының пропорционалды үлесінде таратылады.Біріккен кәсіпкерлік құрғанда немесе пайдаланғанда, көбінесе жергілікті және шетел партнерлерінің мүддесі сәйкес келмейді. Шетел кәсіпкерлері үшін бірлескен кәсіпорын – ол капиталды жинаұтау түрі, олар оны шетел нарығына байланыстыру әдісі ретіндепайдаланылады. Мемлекетте пайдаланылатын қызығушылық, көбінесе техникалық тәжірибелерді жинақтау, жаңа технологияны теру, өндіріс және басқару ұйымының жаңа әдістері, экспортты ұлғайтуға мүмкіндіктеріне байланысты.
Біріккен кәсіпкерлікті мынадай артықшылықтары бар: акйиялар мен облигацияларды сатып, ақша капиталын іске тартудың шексіз мүмкіндігі, акционер құқұқықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке құқыққа бөлінуі; басқару қызметтерін жүргізуге сырттан жоғары клафикациясы бар мамандарды шақыра алады.
Сонымен бірге, келесі кемшіліктері бар: акция ұстаушыларға дивидент түрінде төленетін корпорация табысының бөлігіне екі жақты салық салынуы; экономикалық бейәрекеттердің; қылмыс жасауға қолайлы мүмкіндіктердің мол болуы; меншіктену мен бақылау қызметтерінің бөлінуі.
III. Қазақстан Республикасының
3.1. Республикада шағын
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті қалыптастыру – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында былай жазылған: “Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде, өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар.” Бәрімізге мәлім өндірістің негізгі факторлары: табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы факторлардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне жер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.
Жалпы өркениетті елдердің қай – қайсысын алсақ та, өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі, кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары, оны қалыптастыру мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігімен байланыста болады.
Кәсіпкерліктің түрлі формаларының өзара тиімді ынтымақтастық құруы – келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді. Кәсіпкерлік нарықта маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсету мен қамтамасыз етіліп, белсенді рөл атқарады.
Кәсіпкерлер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге бейімтұрады. Бұл жағдайда ортақ бір тұтас кәсіпорын құрамында жекелеген кәсіпкер өз мүлкіне жекеменшігін сақтайды. Жеке кәсіпкерліктің бұл мүмкіндігі бизнстеі дамытушы күш, маңызды фактор болып саналады. Сонымен қатар, ұжымдық бизнестің көптеген формалары капиталдың қосылуы, ортақ меншіктің құрылуы, осы бірігудің барлық мүлкіне жауап беретін заңды тұлға жасаумен байланысты.