Кәсіпкерлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2014 в 10:22, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға кенеттен өтуіне байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкер тобы өмірге келе бастады. Кәсәпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық, қаржы, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш. Кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болмасын қызмет етеді. Кәсіпкерлік дегеніміз – меншік түріне қарамастан, азаматтық және заңды тұлғаның тауарларға сұранысын қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорын. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, пайда табу жолын көздейді.

Содержание

Кіріспе
2
I. Кәсіпкерліктің пайда болу шарттары және оның ролі
3
1.1. Кәсәпкерліктің экономикалық мәні мен мазмұны
3
1.2. Нарықтық экономикадағы кәсәпкерліктің ролі
6
II. Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық формалары және оларға сипаттама.
9
2.1. Акционерлік қоғамдар және олардың түрлері
9
2.2. Серіктестіктер және олардың түрлері
9
2.3. Біріккен кәсіпкерліктер және олардың түрлері.
10
III. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту шаралары және шешу жолдары.
12
3.1. Қазақстан Республикасында шағын кәсіперлікті қалыптастыру қажеттілігі
12
3.2. Қазақстан Республикасында шағын кәсіперлікті дамыту жолдары.
13
3.3. Қазақстан Республикасында кәсіперлікті дамыту мәселелері және оларды шешу жолдары.
14
Қорытынды.

Вложенные файлы: 1 файл

Кәсіпкерлік - курсовая.doc

— 120.50 Кб (Скачать файл)

Сонымен нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпкерлік – шаруашылық қызметініің маңызды түрі. Оның рөлін А. Смит былай деп бағалаған болатын: “Кәсіпкер өзі үшін өз мүддесін өзі үшін ұтымдылық жағдайды көздейді дей тұрғанмен, ол қоғам мүддесіне де қызмет етеді.” Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шаруашылықты ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды Кәсіпкерліктің экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор.

 

3.2. Қазақстан Республикасында шағын  кәсіпкерлікті дамыту жолдары.

 

Экономиканық тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:

  • Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол -  шаруашылық қызметінің таңдау, өндірістік, сату бағдармаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
  • Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуелділікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілікболмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;
  • Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни, кәсіпкерлік даму үшін құқықтық базасы, әлеуметтік – экономикалық шарттары қолдануы керек.

Төртінші  шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әртүрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.

Кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір түрі ғана емес, бұл тағы да бір белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ үлкен бастау, дәртүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері.

Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке іскерлік. Жеке кәсіпкерліктің сауда қызметіне ие болған өзгеріске ұшыраған құрылым, шағын бизнесті қалыптастырудың өтпелі кезеңі болып қабылдануы мүмкін.

Негізінде, кәсіпкерлі дамыту жолы орта және шағын бизнесті дамыту. Шағын және орта кәсіпорындар көп мөлшерде еңбекке орналасуға көмектесу, еңбек нарығының шиеленісін төмендету, оларды жұмыс істейтіндердің өмір сүру құралдарын қамтамасыз ету сияқты әлеуметтік қызметтерді орындайды. Уәсіпкерлер ақша қаражаттарын жинау мүмкіндері бойынша шағын және орта бизнесті мақсатты бағытталған мемелекеттік қолдаудың болуы жағдайында, оның өндірістік қызметін қайта бағалауды күту көзделеді. Мысалға, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің 2012 жылдың 1 қаңтарында белсенді жұмыс істейтін 748,8 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2,6 млн. қазақстандықты жұмыспен қамтыған. 1997 жылдың 6 наурызындағы № 3398 “Шағын кәсіпкерлікті дамытудың белсінділігін арттыру және мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар туралы” ҚР Президентінің жарлығы белгілі  бір дәрежеде тың серпін береді. Сондай-ақ, 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 3298 “Кәсіпкерлік қызметінің еркіндігіне азаматтар  мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау туралы” ҚР Президентінің одан кейінгі Президенттің 1999 жылдың 28 маусымындағы № 49 “Кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне мазаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау бойынша қосымша шаралар туралы” жарлығы да кәсіпкерліктің дамуына өз әсерін тиғізді. Нәтижесінде, Республикада шағын кәсіпкерлікті дамытудың заңды құқықтық – базасы жасалды:

- кәсіпкерлік субъектілерді тіркеу  ықшамдалды; типтік жарғылар енгізілді, тіркеу үшін алынатын алымның мөлшері 4 есе азайды;

- өнімдерді сертификациялау процедурасын  ықшамдалды;

- қозғалмайтын мүліктік тіркеу  бойынша жеңілдіктер мен жерге  құқық енгізілді;

- бақылау жасаушы және инспекциялаушы, сонымен қатар, ақылы қызметтер көрсететін мемелекеттік органдар қысқарды;

- өндірістік қызметпен айналасушы  шағын кәсіпкерлік субъектілермен  пайдаланбайтын өндірістік және  басқа алаңдарды, жерлерді, сондай-ақ аяқталынған құрылыс объектілерін өткізу бойынша тендерлер өткізіледі.

Сонымен, Қазақстан да шағын кәсіпорынды дамыту нарықты тауарлармен, толтырумен, қызметпен тез қамтуға, салық және аймақтық үстемдікті жоюға, бәсекені кеңейтуге, ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін енгізуге сыртқа тауарлар шығару қарқынын арттыруғажәне экономикалық тұрақтылықпен өсуді, жұмыспен қамтуды, мемлекеттің қуаттылығын арттыруға көмектеседі.

 

3.3. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті  дамыту мәселелері және оларды  шешу жолдары.

 

Кәсіпкерлік мәселелері бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр. Кәсіпкерлікті дамытудың мына шарттары нарықты экономикаға өтудің бастапқы кезеңінде тұрған елдер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін өте құнды:

  1. Өз қызметінің стратиялық бағыт – бағдарын жете түсіне білу.
  2. Уақытты, жаңалықтар мен идеалар, тәжірибелердің үзіліссіз ағымынан қалып қоймай, оларды тиімді пайдалана алу.
  3. Ұйымдастырудың, жұмыс тәртібінің тиімді түрлерін, ресурстарын мен жұмыскерлер күш жігерін тиімді үйлесімін, арақатынасын таба білу.

Қазақстанда бүгінгі күні шағын, орта кәсіпкерлік бастан кешіріп отырған қиыншылықтарға қарамастан экономиканы серпімді дамып келе жатқан бөлігі болып отыр. Ең бастысы шағын кәсіпкерлік саны өсіп келеді. Оның жалпы ішкі өнімде 7%-ды құрайды. Бірақ одан әрі Республикада шағын  бизнесті дамыту жолындағы көптеген кедергілер бүгінгі күні жойылып жатқандығын атап кеткен жөн. Алайда, шағын бизнестің дамуына тежеу келтіретін негізгі проблемалар бар:

  • несие алу мүмкіндігінің шектеулілігі;
  • шағын бизнесті қолдау, қорғау жөніндегі заңдық базаның шыңжаулығы;
  • шағын кәсіпкерлікті қолдау, қорғау инфрақұрылымның әлсіздігі;
  • несиенің қысқа мерзімге берілуі және несиені өтеу пайызының жоғары болуы;
  • несие беру құжаттарды толтырудың тым қиындығы;
  • білікті мамандардың жетіспеуі және тағы басқа.

Сол үшін Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мынандай міндеттер шешілуге тиіс:

  • ұтымды нарықтық инфрақұрылымды қалыптастырып дамыту;
  • салық министрлерлердің өндірісте, инновацияда және басқа салада шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетуі;
  • несие беру ісіне жеке сектордың орналасуы;
  • шағын кәсіпкерлікті қолдау аясындағы нормативтік – құқықтық актілерді жетілдіру;
  • сақтандыру жүйесін ұйымдастыру.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мынадай іс – шараларды жүзеге асыру қажет:

  • мемлекет тапапынан кәсіпкерлікті қолдау;
  • мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу;
  • жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу;
  • кәсіпкер құқығын қорғайтын орган жұмысын жандандыру;
  • тексеруші органдар санын қысқарту;
  • заңдарды орындалуын қамтамасыз ету және тағы басқа.

Қазіргі кезде бизнестік кризистік үдерістер хауыстық түрде құрылғандығымен айқындалады. Басты себебі – несие алудың жоқтығы және кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік стратегиясының жоқтығы.

Бизнесті дамыту үшін нарық инфрақұрылымына үлкен көңіл бөлу қажет, өйткені нарықтық инфрақұрылым дамымай шағын және орта бизнес те алға баспайды.

 

Қорытынды.

 

Кәсіпкерлік – меншікті қарызға алу басқа құралдар мен мүліктер есебінен осы қызметтің барлық қатысушыларының өзара пайдалы нәтижелерімен кірістер алу мақсатында, тәуекелге бара отырып жасалатын бастамшылық, шаруашылық қызмет. Яғни, кәсіпкерлік – кәсіпорынның экономикалық дамуына маңызды факторы.

Жалпы өркениетті елдердің қайсысын алсақ та, өзінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді.

Қазақстан Республикасының жарлығына сәйкес, шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту – мемелекеттің экономикалық саясатының маңыздылығы деп санау қаралған. Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті неғұрлым серпінді дамыту мен оның қызметінің тиімділігін арттыруға көмектесетін белсенді механизмдер тұрақты әзірленуде.

Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше бөлігі ретінде нақты жұмыс істеп, даму үстінде деп сеніммен айтуға болады. Ал шағын кәсіпкерлік – Қазақстан дағдарыстан алыпм шығатын локомативтің өзі. Сондықтан, жаңа қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкер тобын даярлау керек.

Елдің тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің көркеюіне және экономикасын көтеретін жаңашыры болуы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Бердалиев К.Б. “Қазақстан экономикасын басқару негіздері”, Алматы: экономика, 2011
  2. Бесиенғазиев М.Б., Хамитов А.Ш. “Кәсіпкерлік негіздері”. Оқулық. Орал. Батыс Қақақстан Мемелекеттік университетінің баспасы, 2011
  3. “Курс экономической теории”. /Под общ.ред.проф. Чепурина М.Н., Проф. Киселевой Е. А., Хиров. 2012
  4. ҚР-ң конституциясы. Алматы “Қазақстан 2000”.
  5. Мадешев Б. Ы. Нарықтық экономика теориясына кіріспе. Оқу құралы – алматы: “Экономика.” 2011
  6. Мейірбеков А. Қ., әйімбетов Қ. Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы – Алматы: “Экономика.” 2012
  7. Назарбаев Н.А. “Қазақстан 2030” Ел басының Қазақстан халқына жолдауы. 1 қазан 1997 ж.
  8. Назарбаев Н.А. «Қазақстандық жол – 2050: Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» 17 қаңтар 2014
  9. Петров М.Н. “Основы экономики и предпринемательства.” СПб: “Издательский домГерда.”, 2011
  10. Окаева К.О., Смагулова Н.Г., Алдуллина З.Т. “Предпринемательство в РК.”Алматы. 2011
  11. Экономика предприпредприятия под редакцией академика Вам В.Ш. Москва – 2009.
  12. Экономика предприятия: Учебник под ред. проф. Н. А. Сафронова. Москва: “Юрист.” 2009
  13. Білеутаева К. Б. Кәсіпкерліктің жаңа ынталандыруға мемлекеттің рөлі. Аль – Пари, 2011
  14. Жақыпова Б. Қазақстандағы жеке – дара кәсіпкерлік. Қазақ тарихы. 2012
  15. Қинашева Ж. Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің рөлі. Ақиқат, 2012
  16. Қошқаров Ж. Экономикалы дамыған елдердің шағын кәсіпкерлігі. Ізденіс. 2009
  17. Мейірбеков Б. Шағын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау керек. Ізденіс – Поиск, 2008
  18. Секесенұлы С. Шағын кәсіпкерлік және әлеуметтік мәселе. Орталық Қазақстан, 2009 ж.
  19. Тілеумұратов Ю. Шағын бизнес субъектілеріне салық салу мәселелері. Заң, 200 - №1-42-45 б.    

 

 

 


Информация о работе Кәсіпкерлік