Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 17:24, курсовая работа
Қаржыландыру деп акшалай қаражаттардың қалыптасу үрдісін немесе кең мағынада – капиталдың барлық түрлерінің қалыптасу үрдісін айтады. «Қаржыландыру» түсінігі «инвестициялау» түсінігімен тығыз байланысты. Егерде қаржыландыру – бұл ақша қаражаттарының қалыптасуы болса, инвестициялау – бұл оларды пайдалану. Екі түсінік өзара байланысты, бірақ та бірінші екіншісін туындатады: қаржыландыру көздері болмай, қандай да бір инвестицияларды жоспарлауға болмайды. Сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы ресурстарының қалыптасуы әдетте оларды пайдалану жоспарын ескере отырып жүргізеді.
Кіріспе...........................................................................................................................3
І.Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
1.1 Кәсіпорынның қаржылық ресурстары және қалыптасу көздері.......................5
1.2 Қаржылық ресурстарды жоспарлау................................................................10
1.3 Кәсіпорын орын қаржысын басқару жүйесі.....................................................12
1.4 Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар.............................................................14
1.5 Кәсіпкерліктегі факторинг..................................................................................18
Қортынды...................................................................................................................22
Қолданылған әдебиет тізімі......................................................................................24
Жоспар
Кіріспе.......................
І.Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
1.1 Кәсіпорынның қаржылық ресурстары
және қалыптасу көздері.......................
1.2 Қаржылық ресурстарды жоспарлау.....................
1.3 Кәсіпорын орын қаржысын басқару жүйесі........................
1.4 Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар...................
1.5 Кәсіпкерліктегі факторинг.....................
Қортынды......................
Қолданылған әдебиет тізімі........................
Кіріспе
Қаржыландыру деп акшалай қаражаттардың қалыптасу үрдісін немесе кең мағынада – капиталдың барлық түрлерінің қалыптасу үрдісін айтады. «Қаржыландыру» түсінігі «инвестициялау» түсінігімен тығыз байланысты. Егерде қаржыландыру – бұл ақша қаражаттарының қалыптасуы болса, инвестициялау – бұл оларды пайдалану. Екі түсінік өзара байланысты, бірақ та бірінші екіншісін туындатады: қаржыландыру көздері болмай, қандай да бір инвестицияларды жоспарлауға болмайды. Сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы ресурстарының қалыптасуы әдетте оларды пайдалану жоспарын ескере отырып жүргізеді.
Кез келген кәсіпорын экономикалық жүйенің элементі болып табылады және кәсіпкерлік қызмет бойынша серіктестермен, әр түрлі деңгейдегі бюджеттермен, капитал иелерімен және басқа да субъектілерімен белгілі бір қарым-қатынастарға түседі. Қаржылық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану үрдісінде кәсіпорында нарықтың басқа субъектілерімен қаржылық қатынасар пайда болды. Дәл осы қатынастар кәсіпорынның қаржысының мәнің құрайды.
Кәсіпорының өзін-өзі қаржыландыру деңгейі тек оның ішкі мүмкіндіктеріне ғана емес, сонымен қатар сыртқы ортасына да байланысты.
Негізінде, кәсіпкерлік ұйымдардың қызметін қаржыландыру негізгі ішкі көздері пайда мен амортизациялық аударымдар болып табылады. Кәсіпорын пайдасы оның шекті нәтижесі болып өндірістік қызмет үрдісінің барысында қалыптасады. Бәсеке жағдайда еңбек ұжымы пайданың өсуіне мүдделі болып табылады. өйткені ол өндірістің өсуінің, сәйкесінше кәсіпорын қызметінің әл-ауқатының жақсару көзі болып табылады. Бірақ, кәсіпорының мұндай көз ретінде жалпы табыс емес, тек оның бюджетке барлық салықтар мен төлемдерді төлеп болғанан кейінгі таза пайдасы болып табылады. Ол резервтік қорды, жинақтау және тұтыну қорларын қалыптастыру үшін қолданылады.
Қазақстанда капитал мен еңбек, өндіріс құралдар нарығының және нарықтық баға белгілеудің қалыптасуы барысында кәсіпорындардағы қаржыландыру басқару механизмі түбегейлі өзгеруде.
Нарықтық экономикаға бейімделген әдістерді ескере отырып, қаржылық ресурстарды тиімді басқаруды ұйымдастыру қаржы менеджементі шегінде жүзеге асырылады.
Нарықтық экономика жағдайда қаржы ресурстарының сыртқы көздерінің мәні арттыруда. Олардың ішінде жаңа түрлері пайда болуда, оларды қалыптастыру құрылымы өзгеруде.
Сыртқы қаржыландыру мемлекеттің, қаржы несие ұйымдарының, қаржылық емес ұйымдардың және азаматтардың қаражаттарын қолдануды қарастырады. Сонымен қатар, ол кәсіпорын құрылтайшыларының ақшалай қаражаттарын қолдану қарастырады. Қажетті қаржылық ресурстарды осы әдіспен тарту ең қолайлысы болып табылады. Өйткені ол кәсіпорындарының қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді кейінен банктік несиелерді алу шарттарын жеңілдетеді.
Нарықтық экономика жағдайда кәсіпорының өндірістік-шаруашылық қызметті қарыздық қаражаттарды пайдаланбай жүргізу мүмкін емес, оған мыналар жатады: банк несиелері, коммерциялық несиелер, яғни басқа ұйымдардың қарыздық қаражаттары, кәсіпорын акциялары мен облигацияларын шығарудан және сатудан түскен қаражаттар қайтарымды негіздегі бюджеттік қаржы және т.б.
Кәсіпорындардың тұрақты қызмет етуіне қажетті қаржыларды басқаруды ұйымдастыруды жаңа әдістерді пайдаланусыз мүмкін емес. Кәсіпкерліктік тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарының бір фирмашылық қаржылық жоспарлау мен бақылауды жетілдіру болып табылады.
Қаржылық жоспарлаудың басты мақсаты кәсіпорындарының өзінің қарыздық және қор нарығының көздерінен тартылған ақшалай ағымдардың шамасын болжау негізінде қаржылық ресурстардың, капиталдың және резервтің мүмкін болатын көлемін анықтау болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау, басқару функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметінің жалпыға бірдей, барлық жақтарын қамтитың түрі болуы керек. Егер де жоспарлы экономикада қаржыларды жоспарлауда бөлу үрдістеріне көп көңіл бөлінсе, нарықтық экономика айырбас аясына көп көңіл бөледі. Бұл жағдайда ол арқылы тауарларды сатку мен қызмет көрсету кезіндегі жұмсалған қажетті шығындар ескеріледі.
І. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру.
1.1 Кәсіпорының қаржылық ресурстары және қалыптастыру көздері.
Кәсіпкерлік ұйымдарды қаржыландыру – бұл жай және ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржылық қамтамасыз етіу шарттары мен қағидаларының, нысандары мен әдістерінің жиынтығы.
Кәсіпорынды қаржыландыру көздерін таңдау барысында келесідей бес негізді міндеттерді шешу қажет:
1. қысқа және ұзақ мерзімді капиталға деген қажеттілікті анықтау қажеттілікті анықтау керек;
2. оңтайлы құрылымын анықтау мақсатында қаражаттардың активтері мен пассивтерінің құрамын анықтау керек;
3. кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттілігін және сәйкесінше қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету керек;
4. максималды пайда әкелетін кәсіпорының өз және қарыз қаражаттарын пайдалану керек;
5. шаруышылық қызметті
Кәсіпорын қаржылары оның өндірістік-шаруашылық қызметті барысында пайда болатын және оның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және бөлумен байланысты ақшалай қатынастарды сипаттайды.
Қаржылық қатынастар құрамында кәсіпорының ақшалай қатынастарының келесідей топтарын бөліп көрсетеді:
- контрагенттермен – бастапқы табыстар қалыптастыру және шаруашылық ішінднгі мақсатты қорлалды құру және қолдану бойынша;
- ұйымдар мен кәсіпорындармен – қаржыларды бөлу бойынша, бұл жағдайда қаржылық ресурстардың қозғалысы қор сипатында емес түрде жүзеге асырылады;
- өнім тұтынушыларымен – кәсіпорындар олармен байланысқа түсе отырып келісімшарттардың түрлері мен нысандарын өзі таңдайды. Міндеттерді орындау шарттары мен санкцияларды пайдалану тәртібін өздері анықтайды. өз өнімдеріне деген бағаны өздері қалыптастырады. Жабдықтаушылар бағалардың негізділігін өз бетінше анықтайды. Жоғарыда аталған факторлар кәсіпорының қаржылық шекті нәтижелеріне біршама әсер етеді;
- сақтандыру ұйымдарымен - міндетті және ерікті сақтандырудың әр түрлі түрлерін таңдау боынша;
- банктік жүйемен - қарыздарды алу және өтеумен, пайыздарды төлеумен байланысты есепті-кассалық қызмет көрсету бойынша, сонымен қатар банктерге өзінің бос ақша қаражаттарын белгілі бір ақы үшін уақытша пайдалануды ұсыну бойынша;
- мемлекетпен - бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды қарастыру және қалыптастыру, қолдану бойынша. Ақшалай қатынастардың бұл тобы бюджетке және бюджеттен тыс қорларға алуан түрлі салықтарды, алымдарды, жарналарды және т.б. төлеу арқылы жүзеге асырылады. Екінші жағынан, өндірістік емес сфераны, мақсатты бағдарламаларды және т.б. бюджеттік қаржыландыру түрлері жүзеге асырылады;
- жоғары басшылық құрылымдарымен – кәсіпорын ішіндегі қаржылық ресурстарды қайта үлестіру бойынша «тікелей» және «көлденең» өзара байланыстар;
Жоғарыда айтылған қаржылық қатынастар үшін ортақ нәрсе, ол:
- олардың ақшалай нысанда сипатталуы және ақша қаражаттарының қозғалысын бейнелеуі;
- екі жақты сипатқа ие болатындығы және кәсіпорының нарықтың басқа да қалыптастырушымен белгілі бір шаруашылық операцияларының нәтижесі болып табылатындығы;
- ақшалай қаражаттын қозғалу үрдісінде, қаржылық қарым-қатынастық негізінде әр түрлі бағыттағы кәсіпорының ақшалай қорлары қалыптасады.
Кәсіпорынды қаржыландыру көздері – ішкі (меншікті капитал) және сыртқы (қарыз және тартылған капитал) болып бөлінеді. Ішкі қаржыландыру өз қаржысын пайдалануды, оның ішінде ең алдымен – таза пайда мен амортизациялықайдарымдарды пайдалануды қарастырады.
Ішкі және сыртқы көздерден түсетін қаржы ресурстарының құрамы (1-суретте) келтірілген.
Кәсіпорынның қаржы ресурстары
1-кесте. Қаржы ресурстарының құрамы
Өз қаражатты есебінен қаржыландырудың бірқатар артықшылықтары бар:
- кәсіпорын пайдасынан толтыру есебінен оның қаржылық тұрақтылығы артады;
- өз қаражаттарын қалыптстыру мен пайдалану тұрақты түрде жүргізіледі;
- сыртқы қаржыландыру бойынша шығындар азаяды (несие берушілерге қарыз бойынша қызмет көрсету);
- қосымша шығындарды жабу көздері алдын ала белгілі болғандықтан, кәспорындарды дамыту бойынша басқарушылық шешімдерді қабылдау үрдісі жеңілдейді.
Нарықтық экономика жағдайда қаржыгер «капитал» түсінігін негізге алады, ол пайданы алу үшін әсер етудің нақты объектісі болып табылады. Капиталдың және қаржылық ресурстардың табиғаты бір, ол – ақшалай қаражаттар. Алайда капитал – бұл кәсіпорынмен айналысқа жіберілген және осы айналымен табыс әкелетін қаржы ресурстарының бөлігі. Бұл жағдайда капитал ұзақ уақыт бойынша ақша қаражаттары түрінде қала алмағандықтан қаржы ресурстарының айналмалы түрін сипаттайды.
Амортизациялық аударымдар негізінде өндірістік қорлар мен материалдарды емес активтердің тозу құнының ақшалай сипаттамасын бейнелейді.
Нарықтық экономика жағдайда қаржы ресурстарының сыртқы көздерінің мәні арттыруда. Олардың ішінде жаңа түрлері пайда болуда, оларды қалыптастыру құрылымы өзгеруде.
Сыртқы қаржыландыру мемлекеттің, қаржы несие ұйымдарының, қаржылық емес ұйымдардың және азаматтардың қаражаттарын қолдануды қарастырады. Сонымен қатар, ол кәсіпорын құрылтайшыларының ақшалай қаражаттарын қолдану қарастырады. Қажетті қаржылық ресурстарды осы әдіспен тарту ең қолайлысы болып табылады. Өйткені ол кәсіпорындарының қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді кейінен банктік несиелерді алу шарттарын жеңілдетеді.
Нарықтық экономика жағдайда кәсіпорының өндірістік-шаруашылық қызметті қарыздық қаражаттарды пайдаланбай жүргізу мүмкін емес, оған мыналар жатады: банк несиелері, коммерциялық несиелер, яғни басқа ұйымдардың қарыздық қаражаттары, кәсіпорын акциялары мен облигацияларын шығарудан және сатудан түскен қаражаттар қайтарымды негіздегі бюджеттік қаржы және т.б.
Қарыздық қаражаттарды тарту кәсіпорының айналым қаражаттарының айналымдылығын жеңілдетуге, жасалатын шаруашылық оперцияларының көлемін көбейтуге, аяқталмаған өндірістің көлемдерін қысқартуға мүмкіндік береді. Бірақ, аталған қаржыландыру көзін пайдалану кәсіпорынға өзіне жүктелген қарыз міндеттемелерін орындауға байланысты белгілі бір мәселелердің туындауына әкеледі. Қарыз ресурстарын тартуменқамтамасыз етілгенқосымша табыс мөлшері несиені төлеу бойынша шығындарды жапқанша, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты болып қала береді, ал қарыз капиталын тарту тиімді болады.
Бұл көрсеткіштер теңестірілген жағдайда, қосымша табысты қамтамасыз ететің қаржы ресурстарынқалыптастырудың қарыз көздерін тарту мәселесі пайда болады. Несие бойынша қарыздың шығындары оны пайдаланудан түскен қосымша табыстардан артқан жағдайда, ұйымның қаржылық жағдайының нашарлануы әбден мүмкін.
Осылайша, қарыздық капитал негізінде қаржыландыру онша тиімді емес. өйткені несие берушілер ақша қаражаттарын қайтымдылық және төлем есебінде ұсынады, яғни өз ақшаларымен кәсіпорындардың меншікті капиталына қатыспайды, тек қарыз беруші ретінде шығады.
Қаржыландырудың әр түрлі әдістерін салыстыру кәсіпорынға қаржылық қамтамасыз етудің оңтайлы нұсқасын таңдауға, қызметті пайдаланудың ағымдағы және күрделі шығындарын жабуға мүмкіндік береді.
1.2 Қаржылық ресурстарды жоспарлау
Кәсіпорындардың тұрақты қызмет етуіне қажетті қаржыларды басқаруды ұйымдастыруды жаңа әдістерді пайдаланусыз мүмкін емес. Кәсіпкерліктік тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарының бір фирмашылық қаржылық жоспарлау мен бақылауды жетілдіру болып табылады.