Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2014 в 15:25, реферат
1. Ақша жүйесі түсінігі мен типтері
2. Несиенің мәні мен формалары.
3. Қазақстан Республикасы ақша-несие саясатының негізгі міндеттері
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Тақырыбы:Макроэкономикалық тепе теңдікті қамтамасыз етудегі ақша-несие саясатының рөлі
Жоспар
1.Ақша жүйесі түсінігі мен типтері
Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға бірдей балама ретінде қабылданған асыл металға және ақша айналысының негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге бөлінеді.[1] Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады.
Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:
1. Ақша бірлігі. Бұл тауар бағасын анықтап өлшеу үшін қолданылады. Қазақстанда – теңге.
2. Баға масштабы. Бұл мемлекет анықтаған ұлттық қағаз ақша данасының металға бағаланған салмақ мөлшері.
3. Ақша түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар, монеталар, қазыналық билеттер.
4. Эмиссиялық жүйе – айырбасқа арнап заңды түрде ақша мен құнды қағаздар шығару тәртібі.
5. Ақша жүйесінің институттары – ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.
6. Валюталық паритет – екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.
Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:
- металл ақшаның айналыс жүйесі – айналыста алтын және күміс монеталар жүреді, несие ақшалар металл- ақшаға еркін айырбасталады.
- несие және қағаз ақшаның айналыс жүйесі.
Бұл жүйеде айналыстан алтын шығарылады. Қазіргі кезеңде ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға және терісінше өтеді. Ақша массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Ақша массасының көлемі көптеген факторларға тәуелді, алдымен ақша нарығының көлемі мен конъюнктурасын белгілейтін, ақшаның ұсынысы мен сұранысынан. Ақшаның ұсынысы – бұл осы мезгілде экономикада айналыста жүрген төлем құралдарының жиынтығы. Ақшаға сұраныс – оның айналыс құралы және жинау құралы қызметінен туындайды. Ақша массасының динамикасына көп факторлар әсер етеді. Ақшаның сандық теориясының өкілі американдық экономисі Фишер келесі формуланы ұсынады:
M · V = P · Q
мұнда: M – айналыстағы ақшаның саны;
V – ақшаның айналыс жылдамжығы;
Р – бағаның орташа деңгейі;
Q – барлық тауарлар мен қызметтердің саны.
Ақшаның ұсынысы елдің Орталық банкі бақылап отырады, яғни тіркелген дәрежеде қолдап отыруға тырысады. Сондықтан ақша ұсынысының қисығы тік сызық түрінде болады.
Ақша жалпы сұраныс процент мөлшерлемесінің берілген шамасында, адамдар мен фирмалар мәмілеге келу үшін және бағалы қағаздар сатып алу үшін, өздерінің қарамағында болғанын ұнататын ақшаның жалпы көлемі.
Ақшаның шаруашылық жүргізу процесіндегі айналысы ақша нарығын құрайды. Ақша нарығында проценттің мөлшерлемесінің нормасы, бір жақтан, ақшаға сұраныспен оның ұсынысымен белгіленеді, екінші жақтан, бұл ақшаның сұранысымен оның ұсынысының өзара әсерін қамтамасыз ететін қаржылық институттарының тарабы. Ақша нарығындағы тепе-теңдік келесі графикте көрсетілген.
Ақша массасының құрамы әр мемлекеттің өз несие-ақша жүйесімен, яғни ақша нарығы құралдарының дамуымен анықталады. Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражатының құрылымына келсек, онда ол мынадай агрегаттардан құралады:
1. Мо –айналыстағы қолма-қол ақшалар.
2. М1= Мо + есеп айырысу
немесе басқа депозиттік есеп - шоттардағы қалдықтар +
3. М2= М1+мерзімді салымдар.
4. М3 = М2 + мемлекеттік облигациялары.
Ақша нарығындағы маңызды элементтерінің бірі несие. Несие дегеніміз қарыз қорының болмысының формасы, қарыз қорына меншіктің жүзеге асырылуының ерекше формасы. Несие төмендегі принциптер бойынша беріледі:
1. Несиені қайтару прнциптері – белгіленген уақытта алынған құралдарды пайдаланғаннан кейін қайтару қажет болады.
2. Мерзімдік принцип – келісімшарт бойынша белгіленген уақытта қайтару.
3. Төлем приципі – несиені пайланғаны үшін ақы төлеу.
4. Материалдық қамтамасыз ету – қарыз алушы өзінің міндеттемесін бұзғанда кредитордың мүддесін қамтамасыз етуді қорғау қажеттілігі.
5. Несиенің дифферециалды сипаттамасы - әртүрлі қарыз алушыларға ыңғайлы бапты несие бөлу.
Несие функциялары:
1. Ынталандыру функциясы- экономикада ақша айналымын жылдамдату арқылы процестерді жылдамдату.
2. Орын басу функциясы – қолма-қол ақшаның орнына несие ақшалар жүреді.
3. Жинақ функциясы – ақша капиталын жұмылдыру, іске тарту.
4. Қайта бөлу функциясы –несиенің көмегімен әртүрлі салалардың арасында қаржылық құралдар қайта бөлініп отырады.
5. Реттеу функциясы – нарықтық экономикада несие экономиканы реттеу құралы ретінде қолданылады.
Коммерциялық несие тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету мақсатымен, төлем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның объектісі тауарлық формадағы құралдар. Коммерциялық несие формасында жасалатын келісім құжатының қызметін вексель атқарады.
Банктік несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Несие беруші болып банк табылады.
Мемлекеттік несиеде қарыз алушы мемлекет, ал несие беруші көбінесе халық болады. осы несие мемлекеттік қарыз, мақсатты процентсіз қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрін алады.
Несиелік жүйенің незізгі элементтері:
І Орталық (эмиссиялық банк)
ІІ. Банктік жүйе:
- коммерциялық банктер
- жинақ банктері,
- инвестициялық банктер,
- ипотекалық банктер,
- басқа да мамандандырылған банктер.
ІІІ. Сақтандыру ұйымдары:
- сақтандыру компаниялары,
- зейнетақы қорлары.
ІҮ. Мамандандырылған бакнтік емес несие қаржылық институттар:
- инвестициялық компаниялар,
- қаржылық компаниялар,
- қайырымдылық қорлары және т.б.
Несие жүйесінде негізгі рөл атқаратын банк. Банк – (итальян сөзі - орындық) – уақытша басы бос ақшаларды жинақтап, оларды пайыз алу арқылы қарызға (несие) беретін негізгі экономикалық институт. Банктер активтік және пассивтік операциялар жүргізеді. Пассивтік операциялар арқылы банк ақша ресурстарын тартып жинақтайды, ал активтік операицяларарқылы соларды орналастырады.
Банктердің функциялары:
1. Есеп айырысу мен несие беруде делдалдық қызмет атқару.
2. Ақшалай табыстар мен жинақтардың бір бөлігі капиталға айналдыру.
3. Айналымға несие құрылымдарын шығару (вексель, чек, банкнот)
Функциялар және операция жүргізу сипаты бойынша банктер бөлінеді:
- орталық эмиссиялық,
- коммерциялық депозиттік, инвестициялық,
- жинақ,
- арнайы бағытағы банктер.
Ақша массасы көлемінің банктің жаңа ақшалармен ұлғаюы банктік
мультипликатор (т) арқылы есептеледі:
мұндағы: Ү-міндетті резервтік норма (%), немесе
М – депозиттердің өсуі,
R – резервтердің өсуі
Банктік мультипликатор егер сырттан банктік жүйеге қандай бір ақша соммасы түскен болса, онда ақшаның ұсынысы банктік мультипликаторға көбейтілген бастапқы салымға тең соммаға дейін өседі. Қазақстан республикасы Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады:
- І дәрежеде – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі.
- ІІ дәрежеде – мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік банктер.
Несие саясатының негізгі субъектісі Ұлттық банк. Ұлттық банктің міндеттерін екі бағытта арқарылады:
1. Валюта жүйесінің бірқалыпты тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
2. Мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету үшін жеке коммерциялық банктердің несие қызметіне әсер ету.
Несие саясаты – ұлттық банктің ақша айналымымен несие қатынастары саласында жүргізетін макроэкономикалық процестерді мемлекеттік деңгейде реттеу мен дамытуға бағытталған шаралар жиынтығы. Несие саясатының мақсаты – ұлттық шаруашылықтың тұрақты дамуы мен тепе-теңдікті болуын қамтамасыз ету. Халық шаруашылығының тұрақтылығын сақтау үшін Ұлттық банк коммерциялық банктерге үнемі бақылау жасап отыруы қажет. Ұлттық банк мемлекеттің несие саясатын жүзеге асыруда құралдар жиынтығын қолданады. Ол құралдар ақша-несие саясатына жанама және тікелей әсер ету әдістерінен құралады. Несие саясатының жанама әдістерінежататындар: есептік ставка саясаты, ашық нарықтағы операциялар, минималды резерв саясаты, еркін келісімдер.
Тікелей әдістің мәні Ұлттық банк коммерциялық банктердің банктік емес секторға несие салымдарына шектеу қояды. Белгілі уақыт аралығында коммерциялық банктердің несие операциялары арқылы өтетін ақша сомасына проценттік норма белгіленеді. Ол норма сақталмаған жағдайда айып салынады.
Арзан ақша саясатының мақсаты – несиені арзандату және беру тәртібін жеңілдету арқылы халық шаруашылығын дамыту, сондай-ақ елдің жиынтық шығындары мен жұмыс орындарын молайту. Қымбат ақша саясаты ақша ұсынысын қысқарту арқылы қоғамның жиынтық шығындары мен ақша инфляциясын төмендетуді көздейді. Осындай саясаттардыңқолданатын шараларын 15 кестеде көрсетілген.
15-кесте.
Несиелік белсенділікті басқару
Арзан ақша саясаты |
Қымбат ақша саясаты | |
Қолданылады: |
Жұмыссыздық өскенде, экономика құлдырағанда |
Жоғары инфляцияда |
Іс-әрекеттер: |
Орталық банк мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алады, сақтық қордың шамасын немесе міндетті резервтердің нормасын төмендету, процентік мөлшерлемесін төмендету |
Орталық банк мемлекеттік құнды қағаздарды ашық нарықта сатады, сақтық қордың шамасын немесе міндетті резервтердің нормасын көтереді, процентік мөлшерлемесін көтереді. |
Нәтиже: |
Ақша ұсынысы молаяды, процентік мөлшерлемесі төмендейді, инвестициялар өседі, шаруашылық белсенділігі өседі, жұмыссыздық төмендейді, ұлттық өнім өседі |
Ақша ұсынысы қысқарады, процентік мөлшерлемесі өседі, инвестициялар қысқарады, шаруашылық белсенділігі төмендейді. Инфляция қысқарады. |
Несиелік қатынастары құнда қағаздар нарығы арқылы жүзеге асады. Құнды қағаздар нарығында келісім объектісі ретінде құнды қағаз болып саналады. Құнды қағаз нарығының пайда болуының басты себебі – кәсіпкерлік қызметте қаржы ресурстарының жетіспеуіне орай кәсіпкерлікпен айналыспайтын басқа адамдар тобынан қаражат тарту. Қазіргі кездегі негізгі құнды қағаздар түрлері: акция, облигация, вексель, сертификат.
Акция – бұл иеленушіге акционерлік қоғам пайдасынан дивилент түрінде пайданың бір бөлігін алуға, оны басқаруға қатысуға және оны таратқаннан кейін қалған мүліктің бөлігін иемденуге құқық беретін қағаз. Ол мерзімсіз, яғни оны айналысқа шығарған акционерлік қоғам жойылғанша болады. Акциялар жай және пұрсатты деп бөлінеді.
Жай (қарапайым) акция пұрсатты акциядан келесі белгілері бойынша ажыратылады:
- акционерлер жиналысында дауыс беруге құқық береді;
- дивидент көлемі акционерлік қоғамның пайдасына байланысты болады (белгілі % көлемінде);
- олар бойынша дивидент тек пұрсатты акцияларға дивидент төленгеннен кейін жүргізіледі.
Пұрсатты акция иеленушіге дауыс бермейді, олар бойынша дивидент көлемі алдын ала белгіленеді.
Келесі құнды қағаз түрі облигация. Облигация – иеленуші мен эмитент арасындағы қарыз қатынасын көрсететін құнды қағаз. Облигацияларды мемлекет, акционерлік қоғам, жеке кәсіпорындар шығара алады. Оның акциядан ең басты ерекшелігі – ол эмитенттің қарыз міндеттемесін көрсетеді. Оны төлеу міндеті эмитент мүлкімен қамтылған. облигация белгілі бір мерзімге (1 жылға дейін), орта және ұзақ мерзімді болады.
Информация о работе Макроэкономикалық тепе теңдікті қамтамасыз етудегі ақша-несие саясатының рөлі