Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 17:21, курсовая работа
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, балалардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін айқындай түседі.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1 тарау
Дене тәрбиесі жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары
1.1. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдаcтыру формалары…………………………………………………......................………..6
1.2. Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі…………………………………………………………......................………10
2 тарау
Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
2.1. Дене тәрбиесінің міндеттері мен дене жаттығулары…...............…..........17
2.2. Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі белгілері…………............……......…….25
Қорытынды………………………………………………….........……………...31
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………...........…………….33
Дене жаттығуларымен айналысудың тағы бір маңыздылығы жаттығулардың тірек-қимыл аппаратын дамытуға және бекітуге әсері: сүйек дұрыс жөне уақтылы бекиді, омыртқа иілістері қалыптасады, байланыс буындық аппараттары күшейеді, адам денесі икемді болады. Бұлшық еттердің барлық топтарын (кеуде, арқа, қарын, аяқ, қол, алақан, саусақ, табан, мойын, ішкі ағзалар,оның ішінде жүрек, қан тамырлары бұлшық еттерін) дамытуға көмектеседі. Дене жаттығулары ішкі ағзалардың ішінде жүрек пен өкпе қызметінің де жұмысын жақсартып отырады.
Дене жаттығуларымен айналысу барысында адамның бүкіл денесі, соның ішінде жүрек бұлшық еттерінің қызметі дамиды және жаттықтырылады.
Қарапайым жағдайдағы спортшының жүрегінің соғуы 1 минутта 50-60 рет болса, ал ауыр жұмыс орындау барысында жүрек соғуы көтеріледі (1 минутта 240 рет).
Зерттеу жүмыстарына қарағанда дене жаттығуларын орындау барысында спортшының жұмыс істеу қалпы төмендемейді, қайта жүмыс істеу қабілеті жоғарылап, мықтылық қасиетпен ерекшеленеді.
Дене жаттығуларының әсерінен тыныс алу жолдарының жұмыс істеу қабілеті дамиды және нығаяды, кеуде қуысының қозғалғыштығына, тыныс алудың тереңдеуіне, ауаны үздіксіз жұмсауға, өкпенің сыйымдылығын арттыруға себепші болады. Кеуде қуысының тыныс алу жағдайы 4-6 см орнына 10-15 см жетеді.
Мектепке дейінгі балалардың жалпы дене шынықтыру дайындығы өмірде, еңбек әрекетінде маңызды орын алады: жылдам жүру, жүгіру іскерлігі, суда жақсы жүзе білу, секіре білу, шаңғымен жүре білу, кедергілерге қарсы тұру, алысқа нақты лақтыра білу, т.б. Осы аталған дағдылар мен іскерліктерді балалық шақтан қалыптастыру дене шыныңтырудың іс-жүзіндегі міндеттерінің бірі болып табылады.
Дене шынықтыру міндеттерін жүзеге асырудың тиімділігі: негізгі және қосымша (жаратылыстың табиғи күштері, жеке және қоғамдық гигиена) құралдарды дұрыс үйлестірген кезде арта түседі, адамның денсаулығының жақсаруына әсерін тигізеді.
Дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуда білім беру міндетінің маңызы зор. Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсерін біле отырып, еркін, ырғақ, дұрыс орындау әдістерін үйренеді.
Сонымен қатар спортпен айналысушы күнделікті спорт жаттықтырушысынан дене тәрбиесі құралдарын пайдалану жөнінде нүсқаулар алады. Осы жағдайда спортпен айналысушы арнайы білім ала отырып, дене шынықтыру міндеттерін шешеді.
Дене жаттығуларын орындау кезде мінездің жақсы қасиеттерін, адамгершілік қасиеттерін (әділеттілік, адалдың, жолдастық сезім, өзара көмек, ұжымда жұмыс істей білу, дене шынықтыру құрал-саймандарын күтіп ұстай білу, т.б.) тәрбиелеу үшін жаңсы жағдайлар жасалады.
Маңызды ұйымдастырылған топтық жаттығулар, саяхаттар, жарыстар, мерекелер оқушыларды достыққа, жолдастыққа, ұжымды сүюге тәрбиелейді.
Адамның қозғалыс әрекетінде дененің сапалық қасиеттері - күш-қуат, жылдамдық, ептілік, төзімділік, икемділік маңызды орын алады. Дененің сапалық қасиеттері біріккен, байланыстырылып, ұйымдастырылған жаттығулар арқылы іске асады.
Күш-қуат - ол адамның бұлшық еттері немесе бұлшық ет топтарын ширықтыру арқылы қозғалыс әрекеті барысында қалыптастырылады. Күш-қуат әр түрлі қимылдарда немесе аз күш жұмсалғанда пайда болады. Күштің пайда болуына себепші жаттығуларға – көрмеге тартылу, белгілі ауыр заттарды көтеру, апару не лақтыру, бір орыннан ұзындыққа секіру және т.б. жатады. Дененің сапалық қасиеті - күш-қуатты дамытуға әр түрлі салмақтағы заттарды (үрленген доптар, гантель, құм салынған қаптар, шектеулі салмақты заттар) көтеру, қарсыласының шабуылына қарсы шыға білу жаттығулары, дененің өз салмағы жеңетін жаттығулары (көлбеу және тік қойылған сатының, тақтайдың бойымен өрмелеу, гимнастикалық орындықта тартылу және т.б.), созылмалы заттар, резеңке экспандерлер, күрес элементі бар жаттығулары, допты лақтыру және итеру (соның ішінде алысқа) жаттығулары қолданылады.
Жылдамдық - бұл жаттығуларды мейлінше аз уақыт ішінде орындау қабілеті. Ол қандай да бір белгіге жауап берудегі әрекет жылдамдығына (қимыл реакциясының жылдамдығы деп аталатын) жекелеген қозғалыстардың жылдамдығына, сонымен қатар қайталанатын қимылдың жиілігіне байланысты болады. Мысалы, қимыл жылдамдығын қысқа арақашықтықта жүгіргенде, ал қимыл реакциясының жылдамдығын кездейсоқ берілген дабыл арқылы жүгіру, жүзу ойындары, т.б. арқылы анықтайды. Дененің жылдамқың қасиеттерін тәрбиелеу үшін әр түрлі екпіндегі кездейсоқ берілген дабыл, қимыл жиілігін тездететін, эстафеталық жүгіру, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, ұзын және қысқа секіртпелермен секіру, жылдам реакция талап ететін, қимылдың әсері бар ойындар, т.б. қолданылады.
Ептілік - қозғалыс қызметін кездейсоқ жағдайлар барысында пайда болған қызметке орай тез ауыстыру және жаңа қимылдарды меңгеру қабілеті. Ептілік қасиетіне тәрбиелеу қимылдар үйлесімділігін жетілдіру, олардың екпіні мен амплитудасын, бұлшық еттердің қатаю және босаңсу дәрежесін айыра білу, сондай-ақ уақытқа және кеңістікке бағдарлай білудің негізінде жүзеге асады. Ептілік қасиеттерін тәрбиелеу үшін күрделі гимнастикалық жаттығулар (жатып жүгіру, акробатика снарядта орындалатын жаттығулар), суға секіру, шаңғымен жүру, конькимен жүру, биіктікке секіру, лақтыру және т.б. жаттығулар жатады.
Дененің ептілік қасиетін дамытуға арналған жаттығулардың әр түрі қиындықты жеңу және жаттығуларды сәйкестендіріп үйлесімді қозғалыс жасау үшін қолданылады.
Шыдамдылық қозғалыс әрекеті барысында алған қарқын мен шаршауға қарсылық қабілеттілігі. Шыдамдылық жалпы және арнаулы шыдамдылық болып бөлінеді.
Жалпы шыдамдылық - ол адамның бүлшық еттері топтарының жұмыс жасап тұрған кезіндегі ұзақ уақыт жүмыс істеу, шаршауға қарсылық білдіру қабілеті (мысалы: ұзақ жүру, жүгіру, шаңғымен жылжу, суда жүзу).
Арнаулы шыдамдылық - ол адамның (спортшының) өр түрлі жағдайда жөне жүмыс ерекшелігі жағдайында, сондай-ақ, спортта жоғары жетістікке жету үшін денеге ауыртпалық түсіру кезінде шаршауға қарсылық білдіру
қабілеті. Мысалы, спортта шыдамдылық жылдамдығы болуы мүмкін, бүл жерде жүгіру жылдамдығының сапасы төзімділік қасиетімен үйлеседі. Шыдамдылық (мысалы, ңысқа қашыңтықңа жүгіргенде) күштілігі дегеніміз - күш- қуат шыдамдылық ңасиетімен үйлеседі (бірнеше рет оты- рып-түру жаттығуы, затты көтеру, т.б.).
Шыдамдылық қасиетін дамытудың қүралы - үдемелі салмақ түсірудегі уақыт сәйкестігі бар өр түрлі жатты- ғулар (жүру, жүруді жүгіру мен алмастыру, жүгіру шаң- ғымен жылжу, коньки тебу, жүзу, секіртпелермен секі- ру, қимыл-қозғалыс жөне спорттық ойындар) болып табылады.
Икемділік - ол адамның қажетті тербеліс шегінде қи- мыл жасау қабілеті, бүлшық еттер жүйесі мен буындар, тірек қимыл аппаратының қызметімен сипатталады.
Қимыл амплитудасы икемділік қасиетінің көрсеткі- шінің бірі болып табылады.
Дененің сапалық қасиеттері жылдамдық, шыдамдылық, ептілік, тағы басқа қасиеттерді қалыптастыруда қимыл амплитудасының әсері зор. Икемділік қасиетін қалыптастырудың негізгі жолдары сіңір созғыш жаттығулар мен тербелісі кең аумақты жаттыгуларды орындау болып табылады. Бүл жаттығулар қол, аяқ, дене, бас қимылдары, аяқты алшақтап жүгіру, адымдап секіру, бір орында секіру, аяқты кеудеге бүгу, табанмен толық отыру, гимнастикалық қабырғада жаттығулар (еденде тұру) қабырғаға бетімен не арқасымен алға, артқа, жан- жаққа түру.
Дененің сапалық қасиеттері қозғалыс іскерлігі дағды- сымен тығыз байланыста, сондай-ақ, ерік-жігер қасиеттері: жылдамдық, күш-қуат, ептілік, шыдамдылықтың пайда болуы адамның бойындағы табандылық, батыл- дық, үстамдылық қасиеттерінің пайда болуын талап етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі міндеттерінің бірі - адамның бойында дененің сапалық қасиеттерін төрбиелеу.
Спорт адамға жан-жақты әсер етеді: денсаулығын нығайтады, дене жүмысын дамытады, іс-жүзінде қажетті іскерліктерді меңгереді, сондай-ақ, жоғары көңіл-күй жағдайын туғызумен ерекшеленеді.
Біздің еліміздің спортшылары дене шынықтыру және спорттың дамуын өздерінің жоғары жетістіктері нәтижесімен көрсетіп келеді. Дене тәрбиесі міндеттерінің бірі - жоғары спорт жетістіктері нәтижесін көру, спорттың тех- никаны оқып-үйрену, меңгеру және іске асыру.
Дене шынықтыру процесінде адамгершілік ақыл-ой, эстетика және политехникалың оқу еңбек тәрбиесін жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер бар.
Ақыл-ой және дене тәрбиесі өзара тығыз байланысты. Дене жаттығуларымен жөне дене төрбиесінің құралдарының басқа түрлерін қолдану денсаулықты нығайтуға, жүйке жүйесінің және ағзаның барлық жүйелерінің қалыпты ңызметі үшін қолайлы жағдай туғызады, мұның өзі қабылдауға жөне есте сақтауға көмектеседі, сондай-ақ нәтижелі ақыл-ой іс-әрекеті тууына жағдай жасайды. Дене шынықтыруды ақыл-ой іс-әрекеті- мен алмастыру жұмыс істеу қабілеті мен жақсы қабылдау, білімді тиянақты меңгеру қабілетін қалыптастырады.
Дене шынықтыру мен ақыл-ой тәрбиесінің байланысы спортпен шұғылданушының дене шынықтыру құралдарының (дене жаттығулары, жаратылыстың табиғи күштері, еңбек, тұрмыс гигиенасы) әр түрлілігін, есте сақтау қабілетінің жан-жақты дамуын қалыптастырады.
Дене шынықтыру адамгершілік тәрбиесімен тығыз байланысты.
Жүйелі ұйымдастырылған дене тәрбиесі адамгершілік тәрбиесін қалыптастырады. Топпен ұйымдастырылған сабақтар, секциялар, айналысушылар арасындағы өзара дұрыс қарым-қатынас, ұжымның нәтижелі бір мақсатқа жетуіне, жеке басының қызығушылығын қоғамдық қызығушылыққа айналдыруға көмектеседі. Мүндай әрекеттерге ерікті түрде спорт алаңдарын ұйымдастыру, спорттық құралдарды реттеу, дайындау, қоғамдың мүлікке жауапкершілікпен қарау сияқты жұмыстар жатады.
Дене шынықтыру үрдісінде оқудағы, тұрмыстағы, жұмыс орнындағы тәртіп көрсеткіші бекемдене түседі. Оқушылардың ерік-жігер, мінез-құлық, тәртібін тәрбиелеуде спорттың жарыстардың алатын орны бөлек. Спорттық жарыстарда қатысушылардың моральдық, дененің сапалық қасиеті, шыдамдылық, ережені, спорттың этиканы сақтай білу талаптары іске асырылады.
Еліміздегі дене шынықтыру мен спорт жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және дамытуда орындалып жатқан іс-шаралар, Қазақстан Республикасы спортшыларының халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарындағы жоғары жетістіктері Отанға деген патриоттың сезімін тәрбиелейді.
Дене шыныңтыру эстетикалық тәрбиемен тығыз бай- ланысты. Дене шынықтыру арңылы ңимыл-қозғалыс үйлесімділігі, дене түлғасының сүлулығы, өсемдігі, мө- нерлігі, киімі, дене шыныңтыру жабдыңтарын, айнала- да ңоршаған бүкіл ортаның өдемілігін қабылдау, сезіну, түсіну, дүрыс бағалау қабілеті дамиды. Дене жаттығула- ры өсерінен адамның денесі қалыпты дамып, қимылы үйлесімді, жеңіл, сенімді болады.
Мерекелерде дене шынықтыру шерулерінде, көпшілік би жаттығулары мен гимнастикалық ңойылымдар эстетикалың сезімге бөлейді. Бүл жаттығулар көркем гимнастика, коньки тебу арңылы өр түрлі фигуралар жасау болып табылады. Аталған жаттығулар эстетикалың төр- биенің негізгі талаптарының орындалуына сөйкес келеді.
Дене шынықтыру сабақтары көбінесе табиғи жағдай- да өткізіледі. Мүндай сабақтар кең-байтаң Отанымыздың табиғат сүлулығынтанып-білуге көмектеседі.
Дене шынықтыру политехникалық оқу жөне еңбек төрбиесіне өсерін тигізеді.
Дене шыныңтыру қүралдарын еңбек процесінде пай- далану денсаулықты жақсарту, дененің сапалың қасиет- тері күш-ңуат, ептілік, жылдамдық, шыдамдылық, т.б. қасиеттерге тербиелейді.
Дененің дамуына, политехникалың оқытуға дене төрбиесіне қажетті ңүрал-жабдықтар дайындау, жөндеуден өткізу, сабақ өткіэөтін орынды өзірлеу жатады.
Дұрыс үйымдастырылған еңбек балаларға ңажетті еңбек дағдыларын қалыптастырады. Сондай-ақ, ептілік,
күш-қуат, төзімділік ңасиеттерімен бірге денесінің дамуы- на өсерін тигізеді. Дене жаттығулары дене еңбегін ауыс- тыра алмайды. Себебі еңбектің қай түрі болмасын дене жаттығулары сияқты бүкіл ағзаға өсер етуі мүмкін емес. Еңбек ету барысында өр түрлі дене жаттығуларын (де- ненің үзіліс жаттығулары, сергіту минуттары) орындау қажет, ал дене шыныңтыру барысында күш жүмсала- тын жаттығуларды орындау қажет (үжымдың түрде са- баққа қүрал-жабдық дайындау, спорттық қүралдарды реттеу, жөндеуден өткізу). Осындай үйлесімділік оқушыларды еңбекке даярлау міндеттерін шешеді.
2.2. Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі белгілері
Біздің елімізде дене шыныңтыру маңсаттары, міндеттері адамның жан-жақты дамуы жөніндегі ілім езінің наңты бейнесін тапқан. Жеке адамның жарасымды дамуы жан-жақты ңоғам ңүру шарттарының бірі ретінде қаралды.) Біздің елімізде дене тәрбиесінің маңсаты - өмір- ге, еңбекке жәнө Отанды ңорғауға даярлау болып табылады. Бүл маңсат адамдардың дене шыныңтыруды жүзе- р ге асыратын барлың мекемелер мен үйымдар үшін бірдей болады. `
Дене шыныңтырудың аталған маңсатына сөйкес төмендегідей міндеттерді шешу ңарастырылады:
Сауықтыру міндеттері: денсаулыңты нығайту, де- нені жан-жақты дамыту, ағзаны шынықтыру, адамдардың үзақ шығармашылық өмірін қамтамасыз ету.
Білім беру міндеттері: қозғалыс дағдылары мен іо- керлікті қалыптастыру, дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік, күш-қуат, шыдамдылық, т.б.) қалыптастыру, арнаулы білімді меңгеру, үйымдастырушылық қабілеттерді бойға сіңіру.
Тербиелік міндеттері: жан-жақты төрбие арқылы ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық жөне еңбек төрбие- сіне ықпал ету.
Бүл міндеттер дене шынықтырумен айналысушы жас- тарға байланысты олардың жас ерекшеліктеріне, денсау- лық жағдайына, дене дамуының деңгейіне, дене әзірлігіне, сондай-ақ кәсіптік ынта-ықыласына қарай нақтыланады.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі