Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 18:43, курсовая работа
Міндеттері ретінде :
− өнімнің сапасын арттырудың нарықтық экономика жағдайындағы мәнін анықтау;
− импорт алмастыру саясатының маңызын ашу;
− ауыл шаруашылық өнімдері нарығының Қазақстандағы дамуын талдау;
− «Қызыл Жар» ӨК-не жалпы сипаттама беріп, оның қаржылық жағдайын бағалау;
- эстетикалық қасиеттер тауардың көңілге аларлықтай ерекшеліктер арқылы қоғамдық құндылыққа ие болуы. Мысалы, сәнді киім, әдемі ыдыс-аяқ және т.б.
Poole computer компаниясының тек түсімен ғана ерекшеленетін жаңа компьютер шығаруы, итальяндық Zanussі фирмасының әр-түсті асхана жихазын шығаруы.
- экологиялық қасиеттері, бұл тауарды қолдану қоршаған ортаға қаншалықты зиян болғандығымен анықталады. Мұнда тек тұтыну заты ғана емес, сақтау, тасымалдау және т.б., үрдістер ескеріледі. Мысалға кір жууға арналған ұнтақтың биологиялық тазалығы, аэрозольді заттардың ауаға әсері және т.б.
- гигиеналық қасиеттер тауардың тұтыну кезіндегі адам ағзасына, жұмыс жасау қабілетіне кері әсер етпеу мүмкіндігі. Олар жарықтылық, вентиляция, температура, ылғалдылық деңгейі және т.б.
- тауардың тұтынудағы сенімділігі, яғни тұтыну кезіндегі өзінің негізгі ерекшеліктерін сақтап қалуы. ұзақ мерзім қолданылуымен, сақталымдығымен, жөндеуге жарамдылығымен т.б.-мен анықталады. Мысалы, матаның сенімділігі жуғанда өз түсін сақтап қалуы.
Қазақстан 1996 жылы Ұйымға кіру туралы жариялы мәлімдеме жасап БСҰ-ның құрамына тіркеле бастады. Осы жылдың ақпанынан бастап елімізге бақылаушы статусы берілді. Сонымен қатар еліміздің БСҰ-ға кіруі үшін Қазақстанның барлық сауда жөніндегі әріптес мемлекеттермен жұмыс тобы құрылды. бұл топ құрамына: Қазақстан мен, оның сауда ұйымына кіру жағдайын талқылауға ниет білдірген 36 мемлекет (АҚШ, ЕО, Канада, Жапония, Австралия, Швейцария, Қытай және т.б.) кірді.
Министрліктердің жариялы
1996 жылдың шілдесінде Қазақстан сытрқы сауда режимі туралы мемарандумын және басқа да құжаттарды (заңдыпроектілік жұмыстар жоспарын, субсидиялау жөнінен ақпараттар, жекешелендіру, салық салу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, стандарттау және сертификаттау, интелектуалдық меншікті қорғау және т.б.) жұмыс тобы мүшелерінің қарауына жіберді. Осы уақыт аралығында Республикадағы сыртқы сауда режимі және заң шығару базасы талқыланған бес отырыс болып өтті.
Қазақстанның БСҰ-на кіруіне қоғамның көзқарасы әртүрлі.
БСҰ-на кірудің позитивті факторлары:
- Қазақстан тауарларына БСҰ-на мүше елдердің нарықтарына шығу мүмкіндігі, яғни өткізу нарықтарының кеңеюі. Қазақстан тауарлары БСҰ-на мүше елдермен тең құқықтылығы, елімізден экспортталатын тауарларға саны мен көлеміне шектеу қойылмауы, антидемпингтік және басқа да дискриминациялық мінездегі салымдардың болмауы;
- Халықаралық стандарттарға сай қолайлы және транспорентті ішкі заң ортасын құру;
- Шетел инвестицияларын, өңдеуші өнеркәсіпке ноу-хау мен жаңа технологияларды тартуда бірігіп қызмет ету;
- Тұтынушыға ұсынылатын тауардың көлемі мен сапасын арттыру;
- Экономикалық өсуді ұзақ мерзімді сауда саттық жоспары негізінде ынталандыру және т.б;
Атап өтетін жайт, позитивті эффект БСҰ-ға кіргеннен бастап емес, ал келешекте байқалады.
БСҰ-на кірудің негативті факторлары:
- Көпжақты келіссөздер негізінде неғұрлым ауқымды өндірушінің позициясы мен көзқарастарының қолдау табуы;
- Саудада кей жағдайларды ескермегенде, көлемдік шектеудің болмауы;
- Тауар мен қызмет сату аясын реттеуде жаңа шаралар енгізудің шектеулілігі;
- Бәсекелестіктің күшеюі және экономиканың неғұрлым сезімтал секторлары жағдайының нашарлауы. Бұл бірінші кезекте ауылшаруашылығын, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті, қызмет саласының жекелеген секторларын қамтиды.
Мемлекетіміздегі
Осыны негізге ала отырып Президентіміз Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдер алдына келесі 2011 – 2012 жылдары орындалуға бағытталған мәселелер жиынын қойды:
Президенттіміздің Үкімет пен әкімдер алдына қойған осы тапсырмалары негізінде атқарылатын шаралар жүйесі әзірленуде. Ал келесі кезекте Президентіміздің 2003-2015 жылдарға бағытталған индустриалды-инновациялық дамудың стратегиялық бағдарламасына негізделген 2004-2006жж. «Қазақстан Республикасының ұлттық жүйелерін стандарттау мен сертификаттауң бағдарламасына тоқтала өткенді жөн көрдік. Өйткені бұл бағдарлама Еліміздің БСҰ-на кіруімен тікелей байланысты және отандық өндірушілердің осы стандарттарға сай тауар өндіруі, яғни сапалы тауар өндіруін қадағалайды.
Бағдарламаның мақсаты болып:
- Қазақстан Республикасының халықаралық тәжірибелерге көшуіне қолайлы жағдай туғызатын, өз құрамына стандарттау, сәйкестікті бағалау, сапаны басқару, аккредитациялауды жетілдіретін техникалық реттеу саласында атқарылатын жұмыстар легіне көшу;
- Әлемдік нарықтарға шығуға қолайлы жағдай туғызу үшін мемлекеттік бақылау және реттеу;
- Сонымен бірге БСҰ-на мүше болуға қолайлы жағдай жасау табылады.
Негізгі міндеттері болып:
- Стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару саласында бірегей мемлекеттік саясат жүргізуді қамтамасыз ету;
- Техникалық реттеудің халықаралық моделіне көшу;
- Салалардағы стандарттау жұмыстарын жетілдіруге қолайлы жағдай жасау;
- Қазақстанның БСҰ-на мүше болуына қолайлы жағдай жасау;
- Әлемдік нарықтарда, республикада өткен өнімнің сәйкестігін бағалау нәтижелерін мойындауына қолайлы жағдай жасау;
- Отандық өнімдердің сапасы мен бәсекелік қабілетін арттыру;
- Аумақтық, мемлекеттік, халықаралық деңгейлерде біртұтас ақпараттық аймақты біртіндеп құру;
- Мамандардың біліктілігін (квалификациясын) көтеру;
- Халықаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды жандандыру;
Бағдарламаны орындаушылар Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлігі, министрліктер мен ведомствалар. Қаржыландыру көзі болып мемлекеттік бюджет табылады. Бағдарламаның орындалуына 3 жыл уақыт ішінде 590 556 мың теңге бөлінбек, яғни бүгінгі таңда барлық қаржының 413 085 мың теңгесі іске жаратылды.
Бағдарлама толық орындалған күнде келесі жетістіктерге қол жеткізуге болады. Атап айтқанда:
- мемлекеттік және халықаралық стандарттар негізінде бәсекелік қабілетін және тұтынушылық қасиеттерін арттыру;
- Стандарттарды халықаралық талаптарға теңестіру арқылы саудадағы техникалық кедергілерден құтылу;
- Техникалық реттеу, стандарттау және сәйкестікті бағалау жұмыстарын халықаралық тәжірибеге біртіндеп алмастыру;
- Салаларда стандарттау қызметтерін, жаңа техникалық, оның ішінде халықаралық деңгейдегі комитеттерді құру;
- Жергілікті, ұлттық және халықаралық ұйымдармен әріптестікті нығайту;
- Біртұтас ақпараттық аймақ құру;
Қазіргі кезде елімізде номативті құжаттар қоры құрылған. Мемлекеттік стандарттар қоры (МСҚ) нормативті құжат түрлерінің 39 мың түрін есепке алады, оның ішінде стандарттау жөнінде мемлекеттік нормативтік құжаттар 3 700 ( 700-дей мемлекеттік стандарттар, 3000 астам техникалық көрсетілімдер, шарттар мен ережелер), 20 000 мемлекетаралық стандарттар, 15 000-дай шетелдік стандарттар, 4 000 халықаралық стандарттар. Алдағы кезеңде еліміздегі МСҚ-ын кеңейту көзделіп отыр.
Стандарттау жұмыстарын жүргізумен байланысты экономиканың әр саласында 40 стандарттау комитеттері құрылған. Олардың қызметіне мемлекеттік стандарттарды құрастыру мен халықаралық стандарттауға қатысу жатады.
Біздің республика қол жеткізген ашық экономика және реформалану деңгейі Қазақстанға әлемдік, шаруашылықтық, экономикалық және технологиялық процесстерге тиімді интеграциялануға мүмкіндік береді. Бұл белгілі бір артықшылықтар әкеледі: ол Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялану үрдісінің күшеюі; ол БСҰ-на мүше елдермен сауда-саттықта неғұрлым қолайлы жағдайлар режиміне қол жеткізу; келетін инвестиция мөлшерінің өсуі; ол қазақстандық тауарлар мен қызметті экспорттауда әлемдік нарықтарға еркін шығу мүмкіндігі; ол сауда заңдылықтарын әлемдік нормалар мен стандарттарға сәйкестендіру.
Қазақстан республикасының Үкіметімен жүргізіліп отырған импорт алмастыру бағдарламасы бүгінгі таңда тиімді болғанымен, көбіне-көп БСҰ-ның талаптарына қайшы келіп отыр. Үкіметпен мұнай-газ, тау-кен металлургия машина құрастыруды лоббирлеуде импорт алмастыру саясаты 2011 жылы 50, ал 2012 жылы 200 отандық кәсіпорындарды іске қосуға мүмкіндік беріп, ондаған мың адамды жұмыспен қамтыды. Сонымен бірге БСҰ-ның талаптарына, импорт алмастыруда жол берілмейтін мұнай өнімдері мен минералды тыңайтқыштардың бағасын төмендету түріндегі қиылысқан субсидиялау да қайшы келеді.
БСҰ-на кіруде, Қазақстанда өндірілетін тауарлар мідетті түрде халықаралық стандарттарға сай болуы керек. Мысалға, дамыған мемлекеттер сауда режимдерінің либерализациясына, олардың өндірген тауарлары мен қызметтері жоғары бәсекелестікке қарсы тұра алған жағдайда ғана барады. Біз өкінішке орай, бүгінгі таңда ол деңгейден алыстамыз. Қолда бардың барлығын пайдалана отырып БСҰ-ның мүшелігіне қабылдануға немесе тек БСҰ-на мүше болу үшін ғана оған кіруге болмайды. Мүше болуға жұмсалған қаржы-қаражат, осы ұйымға қатысудан алынған табыспен жабылып отыруы қажет. БСҰ-на мүше болу, отандық өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің бәсекелестігі ішкі нарықта да сыртқы нарықта да аса маңызды мәселе болып қалады.
БСҰ-на мүше болуда көптеген қатнастардан айтарлықтай шығын шегетініміз анық, атап айтқанда: шетел тауарларының Қазақстан нарықтарына бірден лап қойып, толтыруы ғана емес, сонымен бірге бұл лап қоюды реттеп отыратын ұлттық шаралар жүйесін шектейді. БСҰ-на мүше болып, шек аралар ашылған соң, осы күнге дейін орасан зор еңбек сіңіріп, әртүрлі қолайлы жағдайлар жасап, дамытып келе жатқан отандық тауар өндірушілердің бірден тығырыққа тірелетінін елестету қиынға соқпайды. Оның үстіне БСҰ-на мүше болуда, сыртқы нарықтарға шығудың қолайлылығымен байланысты алынуы көзделіп отырған тиімділік өзінің оң нәтижелерін тек алыс перспективада ғана көрсетеді. Сондай-ақ, біз бәсекеқабілетті тауар өндіруімізбен қатар, БСҰ-ның күрделі жүйесінде біздің құқықтарымызды қорғай алатын тимді механизм болған жағдайда ғана оң нәтиже туралы сөз қозғауға болады. Отандық өндірушілер тауарлар мен қызметтер аясында таныстырылуы немесе өзімен елдегі жұмыссыздықтың жоғарылауы мен мемлекеттік бюджет табыстарының төмендеуін ілестіретін, отандық нарықтарды бөтен өндірушілердің иемденуі, өзіндік қызығушылықтарды білікті қорғау стратегиясына тәуелді. Кедендік кеңістіктің либерализациясы жағдайында көптеген Қазақстандық өндірушілер басқа көршілес елдер нарықтарындағы бәсекелестік түгілі ішкі нарықтағы ұстап отырған позициясынан да айырылып қалуы әбден мүмкін. БСҰ-ға мүше көршілес Қырғызстан нарығын мысалға алсақ: жергілікті моральдік және физикалық тозған, кешегі күн технологиясымен өндірілген тауарлары шек араның ашықтығынан ішкі нарыққа лап қойған тауарлармен бәсекелестікке түсе алмағандығы бірден байқалады. Мәселен біздің «Рахатң КФ-ның өнімдеріне Москвалық және отандық өнімдермен салыстырғанда сұраныс жоғары, себебі тасымалдау шығындарының төмендігі, яғни бағаның да төмендігі мен өнім сапасының жоғарылығында. Сонымен қатар елдің сатып алу қабілетінің өте төмендігі байқалады. Халықтың кедейлігі бірден көзге түседі. Қырғызстандағы бүгінгі жағдайлар – бұл ел басшылығының біліксіз саясатының зардабы, оның ішінде БСҰ-на мүше болу мәселесі де бар. Сондықтан бізге көршілес елде орын алған қолайсыз жағдай туралы біраз ойлану керек. Мәселен біздің өңдеуші өнеркәсіпті алайық – сүт өңдеу кешені. Бүгінгі таңда отандық тауар өндірушілерді жүктеу үшін шикі сүттің 80% Қырғызстаннан әкелінеді. Қазіргі кезде отандық ауылшаруашылық өндірушіні көтеруде бірқатар шаралар атқарылуда. Біз өзіміздің сүт зауыттарының жұмысын отандық шикізатқа бағыттап, қайта құрғымыз келсе, Қырғызстанмен шекараны жауып, кедендік кедергілер қоюымызға болады. Ал егер БСҰ-ға кірсек, біз мұндай шараларды жүзеге асыра алмаймыз, өйткені БСҰ-на кіру Қазақстаннан белгілі бір міндеттемелерді қабылдауын талап етеді. Қазірдің өзінде БСҰ-на мүше болмай тұрып, біздің бидай мен болаттың экспорттық арналарын қысып, тарылтып отыр. Ал біз БСҰ-на кіргенде не болмақ?