Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 18:43, курсовая работа
Міндеттері ретінде :
− өнімнің сапасын арттырудың нарықтық экономика жағдайындағы мәнін анықтау;
− импорт алмастыру саясатының маңызын ашу;
− ауыл шаруашылық өнімдері нарығының Қазақстандағы дамуын талдау;
− «Қызыл Жар» ӨК-не жалпы сипаттама беріп, оның қаржылық жағдайын бағалау;
Мысалы: кейінгі кездері АҚШ-ы Ауғаныстанға гуманитарлық көмек ретінде деп көп мөлшерде бидай апарып жатыр. Ауғандықтар неге біздің бидайды алмайды? Күні бүгін Қазақстан элеваторларында құны тоннасына 55 АҚШ долл.құрайтын 3,5 млн.тонна бидай еш айналымсыз, бос жатыр. Біз алушы табылса сол бидайды тіпті 50 доллардан болса да сатар едік. Міне осыдан республикадағы бидайдың асыра өндіріліп жатқандығын көруге болады. Сондықтан осы жылдың 10 сәуірінде болған жиналыста Президент айтқандай «Кәсіпкерлікті дамытудың негізгі мәселелерінің бірі болып жалпылама маркетингтік зерттеулерді есептеуң болып табылады. Қазақстанның шикізат ресурстарына (мұнай, газ және т.б.) және алғашқы өңдеуден өткен өнімдеріне сұраныстың артуы қолайлы фактор болып табылады. Бірақ Қазақстанға нарықтағы дайын өнім бағасымен салыстырмалы түрде алғанда шикізатты сатудан түсетін түсім өте аз. Қазақстан мұнайды сатудан жылына 7 млрд.доллар табыс алса, Ресей сүт өнімдерін сатудан жылына 9 млрд.доллар табыс алады. Осы орайда біз, алдымен бәсеке қабілетті өнім өндіруді үйреніп, содан кейін ғана БСҰ-на мүше болу керек деген тұжырымға қайта ораламыз. Көршілердің қателіктерін қайталамайық.
Қытайда бұл – 15 жыл уақыт алса, ЕЭО мүшелеріне бірлескен экономикалық кеңістік құруға 35 жыл қажет болды. Сондықтан біз БСҰ-на кіруге қаншалықты жақсы, талпыныспен дайындалған сайын, әлемдік экономикада соншалықты жоғары орын иемдену мүмкіндігі арта түседі. Ал қазір бізге бар ынта-жігерді жинап мыналарға бағыттауымыз керек:
- Консалтингтік-маркеитнгтік орталықтар құруға;
- Экономиканың өнеркәсіптік секторын, ірі, кіші және орта бизнесті технологиялық қайта құру, алдыңғы қатарлы технология негізінде жоғары технологиялық өндірісті игеру;
- Өнімнің сапасын және бәсекеқабілеттілігін арттыру;
- Шикізатты өндіруден бастап, жоғары тауарлы дайын өнім өндірісіне дейінгі аяқталған өндірістік циклді қалыптастыру;
- Өндірісті, инновацияны, менеджментті дамыту тұрғысынан тиімді корпоративтік құрылымдар құру қажеттігі;
- Ақпараттық технологияларды кең көлемде ендіру, осының негізінде өзара байланысқан қызмет пен тауарлар нарығын құру;
Сипатталатын белгілерінің құрамы мен құрылымын анықтаудың негізгі бағыттары, өнім сапасының деңгейін бағалайтын көрсеткіштер классификациясынан көрініс табады.
Мөлшерленуіне қарай натуралды бірліктермен (килограмм, метр, балл, көлемі шектеусіз), сондай-ақ бағалық бірліктермен сипатталалды.
Сапа деңгейінің бағалануына байланысты – базалық және қатысты көсеткіштер.
Анықталу стадиясына байланысты – болжамды, проектілі, өндірістік, эксплуатациялық көрсеткіштер.
Сипатталатын белгілеріне байланысты – бірліктік және кешенді (топтық, жалпылама, интегралды) болуы мүмкін. Бірліктік және кешенді сапа көрсеткіштері, сізді, обьектінің (жүйенің) сыртқы ортамен қатынасының қызықтыруына тәуелді түрлі топтарға біріктіріледі. Мұндай топтастырылу үлгісі кестеде көрсетіледі.
Көрсеткіштер топтарын талдаған кезде лоардың арасындағы белгілі бір корреляцияны байқауға болады. Мысалға, өнімнің энергия сиымдылығы сияқты, өндірістің технологиялық деңгейінің көрсеткіші экономикалық және экологиялық көрсеткіштер топтарымен өте тығыз байланысты.
Өнімнің сапасы, оның құрамын анықтаушылардың мөлшерін өлшеу негізінде бағаланады. Қазіргі заманда сапа көрсеткіштерінің сәйкес топтары арқылы өнімнің (тауардың) құрамын келесі топтар бойынша классификациялау өте кең тараған: пайдалану бағытының көрсеткіштері, сенімділік, технологиялық, стандарттау және унификациялау, эргономикалық, эстетикалық, транспортабельділік, патенттік-құқықтық, экологиялық және қауіпсіздік көрсеткіштері. Пайдалану бағыты көрсеткіштері тобына келесі топшаларды жатқызуға болады: классификациялық, техникалық тиімділік, функционалдық, құрылымдық және де құрамы мен құрылымдық.
Болашақта еліміздің қолайлы жағдайда дамуында дайын, отандық, бәсеке қабілетті өнім экспорты мөлшерін болмашы жоғарылатқан жағдайда біз БСҰ-ның құрамына тек шикізат дайындаушы ретінде ғана емес, ал терезесі тең әріптес ретінде кіруге мүмкіншілік алған болар едік
Сапаның эргономикалық көрсеткіштері обьектінің қойылатын эргономикалық талаптарға сәйкестігін анықтаған кезде пайдаланылады. Мысалға: формасына, өнімнің түсі мен оның құрастырылған элементтеріне және т.б.
Кесте 1. Бірліктік және кешенді сапа көрсеткіштері
№ р/с |
Сапа функцияларының топталу ортасы |
Сапа көрсеткіштері топтары |
11 |
Заттық ортасы |
функционалды белгілерінің көрстекіштері |
22 |
Уақытылы заттық ортасы |
сенімділік көрсеткіштері |
33 |
Кеңістікті заттық ортасы |
транспортабельділік көрсеткіштері |
44 |
Өндірістік-технологиялық ортасы |
технологиялық-ұйымдық деңгейінің көрсеткіштері |
55 |
Экономикалық қатнастар ортасы |
экономикалық көрсеткіштері |
66 |
Экологиялық қатнастар ортасы |
экологиялық көрсеткіштері |
77 |
Қауіпсіздік қатнастар ортасы |
қауіпсіздік көрсеткіштері |
88 |
Эргономикалық қатнастар ортасы |
эргономикалық көрсеткіштері |
99 |
Эстетикалық қатнастар ортасы |
эстетикалық көрсеткіштері |
110 |
Патенттік-құқықтық қатнастар ортасы |
патенттік-құқықтық көрсеткіштері |
111 |
Нормативтік орта |
стандарттау көрсеткіштері |
112 |
Нарықтық қатнастар ортасы |
бәсекелік қабілетінің көрсеткіштері |
Пайдалану бағытының
көрсеткіштері өнімнің қай сала
Сенімділік көрсеткіштері. Сенімділік өнеркәсіптік өнімнің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Әр түрлі құндылықтардың жұмыс интенсивтілігі мен күрделілік режимдері үздіксіз өсіп, атқарылатын функцияларға жауапкершілік жоғарылайды. Жауапкершілік деңгейінің жоғарылауына байланысты сенімділікке деген талаптар да өседі. Машиналар мен басқа да құрал жабдықтардың сенімділік деңгейінің жеткіліксіздігіне байланысты, олардың жөнделуі мен эксплуатациясындағы жұмыс қабілеттілігін ұстап тұру шығындарымен қатар өндіріс шығындары да артады. Құндылық сенімділігі көінесе эксплуатациядағы температура, ылғалдылық, қысым, радиация, механикалық ауыртпалық және де басқа жағдайларға тәуелді.
Технологиялылықтың
көрсеткіштері еңбек
Унификациялау және стандарттау көрсеткіштері - өнімнің стандартты, унифицирленген және нақты құрамдас бөлшектермен қаныққандығы, сонымен бірге, басқа өнімдермен салыстырғанда унификациялану деңгейі. өнімнің барлық бөліктері стандартты, унифицирленген және нақты бөліктерге бөлінеді. Стандартты және унифицирленген бөлшектер пайызы қаншалықты жоғары болған сайын өнім өндірушіге де өнімді тұтынушыға да соншалықты тиімді. Стандарттау және унификациялау көрсеткіштеріне келесілерді жатқызуға болады:
- обьектінің стандартталу коэффициенті
- обьект бөлшектерінің жоба аралық унификациясы
- обьектінің құрамдас бөліктерінің қайталанымдылық коэффициенті.
Өнімнің эргономикалық
көрсеткіштері тұтынушының осы
құндылықпен өзара қатнасын, оның
құндылықты пайдаланған кездегі
адамның гигиеналық, физиологиялық,
антропометрлік және психологиялық
талаптарына сәйкестігін
Сапаның эргономикалық көрсеткіштері обьектінің қойылатын эргономикалық талаптарға сәйкестігін анықтаған кезде пайдаланылады. Мысалға: формасына, өнімнің түсі мен оның құрастырылған элементтеріне және т.б.
Өнім сапасының эргономикалық көрсеткіштері жұмыс істеген адам мен қолданылатын затқа әсер ететін факторлардың барлығын қамтиды.
Өнім сапасының эргономикалық көрсеткіштері келесі түрлерге жіктеледі:
- Гигиеналық көрсеткіштер - адамның осы бұйымды қолдануда, өмірлік және жұмыс қабілеттілігіндегі гигиеналық жағдайлармен сәйкестігін анықтағанда пайдаланылады.
- Антропометрлік көрсеткіштер – адам денесі және де басқа бөліктер көлемі мен формасына сәйкестігін анықтағанда пайдаланылады.
- Физиологиялық және психофизиологиялық көрсеткіштер – адамның физиологиялық талаптарына және оның сезім мүшелерінің жұмыс қабілетінің ерекшеліктеріне (адамның жылдамдығы мен әл-қуаты, сонымен бірге есту, көру, тактильді сезуіне) сәйкестігін анықтаған кезде пайдаланылады.
- Психологиялық көрсеткіштер – өнеркәсіптік бұйымдарға қойылатын инженерлік-психологиялық талаптарында, еңбек психологиясы және жалпы психология талаптарында көрініс табатын адамның психологиялық ерекшеліктеріне сәйкестігін анықтаған кезде пайдаланылады.
Эргономикалық көрсеткіштер деңгейі, арнайы дайындалып баллмен өлшенетін өнеркәсіптің арнайы саласына мамандандырылған - эксперттермен анықталады.
Транспортабелділік
- өнімді тасымалдауға орташа дайындау уақыты;
- өнімді тасымалдауға дайындауда орташа еңбексиымдылық;
- өнімді белгілі бір тасымалдау құралына орташа орналастыру уақыты;
- тасымалдау құралының көлемін пайдалану коэффициенті;
- өнімді белгілі бір тасымалдау құралынан орташа түсіру уақыты;
Транспортабелділік көрсеткіште
Материалдық және еңбек
шығындарын бір мезгілде, тасымалдау
жұмыстарындағы адам саны мен біліктілік
деңгейін және де уақыт факторын есептеуге
мүмкіндік беретін бағалық
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер
өнімнің патенттік
Өнеркәсіптік бұйымның патенттік-құқықтық деңгейі 2 көрсеткіштермен бағаланады, олар: патентпен қорғалғандық (патент қабілеттілік) көрсеткіші және патенттік тазалық көрсеткіші.
Патенттік қорғалғандық көрсеткіші – бұйымды жасап шығаруда, оның құрамына қатысатын, шетелдерде де өндіруші елде де патентпен және авторлық құқықтармен қорғалған отандық өнертапқыштар жаңалықтары мен идеяларының саны мен алатын орнын сипаттайды.
Патенттік тазалық көрсеткіші – бұйымның ішкі және сыртқы нарықтарды еш кедергісіз өткізілуін сипаттайды.
Экологиялық көрсеткіштері - қоршаған ортаға өнімді тұтынғанда немесе пайдаланғанда пайда болатын зияны әсерлер деңгейін сипаттайды. Өнімнің экологиялылық көрсеткіштері оның сапа деңгейін анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Өнімнің экологиялық көрсеткіштерін анықтауда, өнімді эксплуатациялау немесе тұтыну үрдістеріне, оның құрамының қоршаған ортаға химиялық, механикалық, сәулелік, дыбыстық, биологиялық, радиациялық және де басқа әсерін анықтау үшін талдау жасалады. Аталған факторлардың қоршаған ортаға зиянды әсері анықталған жағдайда экологиялық көрсеткіштер тобын өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін қолданылатын көрсеткіштер номенклатурасына енгізу қажет. Экологиялық көрсеткіштерге келесілерді жатқызамыз:
- энергия көздері (жанар май, көмір, газ) ретінде пайдаланылатын өнімдердің құрамындағы зиянды заттар (элементтер, қышқылдар, металдар және т.б.) мөлшері;
- өнімді тұтынғанда немесе эксплуатациялағанда, тасымалдағанда, сақтағанда зиянды сәулелердің, газдардың, бөлшектердің шығарылу мүмкіндігі;
- атом энергиясын игеріп, пайдалану үшін зерттеулер жүргізетін атом электростациялары мен басқа да обьектілер қызметінің радиоактивтілігі;
- түрлі саладағы транспорт құралдары мен басқа да машиналар, агрегаттардың дыбыс, діріл, энергетикалық әсер ету деңгейі;