Нарық жағдайында өнім сапасын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 18:43, курсовая работа

Краткое описание

Міндеттері ретінде :
− өнімнің сапасын арттырудың нарықтық экономика жағдайындағы мәнін анықтау;
− импорт алмастыру саясатының маңызын ашу;
− ауыл шаруашылық өнімдері нарығының Қазақстандағы дамуын талдау;
− «Қызыл Жар» ӨК-не жалпы сипаттама беріп, оның қаржылық жағдайын бағалау;

Вложенные файлы: 1 файл

экономика курсовая.doc

— 1.01 Мб (Скачать файл)

Әртүрлі обьектілер бойынша барлық экологиялық көрсеткіштер сәйкес нормативтік құжаттар мен актілерде (заңдар, стандарттар, құрылыс норамлары мен инструкциялар) жарияланады.   

Қауіпсіздік көрсеткіштері - өнімді жөндеуде, сақтауда, тасымалдауда тұтынушы немесе эксплуатациялаушы адамды механикалық, электрлік, температуралық, улы және жарылғыштардан, акустикалық шудан, радиоактивтік сәулеленуден қауіпсіздендіретін өнімнің артықшылығын сипаттайды.

Әр кәсіпорында өндірілетін  өнім сапасына ішкі және сыртқы сияқты түрлі факторлар әсер етеді.

Ішкі факторларға кәсіпорынның аталған сапаға сәйкес өнім өндіру қабілетімен, яғни кәсіпорынның қызметімен тікелей байланысты факторлар жатады. Оларды келесі топтарға бөлуге болады:

- техникалық;

- ұйымдастырушылық;

- экономикалық;

- әлеуметтік-психологиялық;

Техникалық факторлар - өнім сапасына тікелей әсер етеді, өйткені жаңа технологияны, жаңа материалдарды, неғұрлым сапалы шикізатты пайдалану  – бәсеке қабілетті өнім өндірудің  материалдық негізі.

Ұйымдастырушылық факторлар  – еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдірумен,  өнім сапасына жаупкершілікті және өндірістік тәртіпті күшейтумен, өндіріс мәдениетін қалыптастыру және персоналдың біліктілік деңгейін сәйкестендірумен байланысты.

2. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН  ӨҢДЕУШІ ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ МЕН САПА КӨРСЕТКІШТЕРІН  ТАЛДАУ

2.1 «Қызыл Жар» ӨК-нің экономикалық жағдайын  талдау

 

 

«Қызыл Жар» ӨК–гі 1995 жылдың 27 наурызында аудандық  әкімшіліктің басшылығының пәрменімен ұйымдастырылған.

Бұл кәсіпорын толық түрде өзін-өзі қаржыландыратын, пайда табуға мақсатталған мекеме.

 «Қызыл Жар» ӨК–гі заңды тұлға болып табылады. Өзіндік басшысы, мөрі, тауарлық белгісі бар.

«Қызыл Жар» ӨК–нің негізгі қызметі ауыл шаруашылығында егіншілік саласымен айналысып қана қоймай оны жинау, сақтау, тазалау, өңдеу, жөнелту сияқты сонымен қатар асыл тұқымды  мал өсірумен айналысып, мыңға жуық адамды еңбекпен қамтиды.

Қызмет түрлері шет елдердегі, сондай-ақ өзіміздегі ауыл шаруашылық өнімдеріне жоғары сұраныстың болуына орай туындаған.

«Қызыл Жар» ӨК –нің жағдайы біршама тұрақты.

Бұл кәсіпорын Алматы Облысы әкімінің нөмірі 159-1958-ӨК  28.01.99 жылғы бұйрығымен тіркелген.

«Қызыл Жар» ӨК–гі серіктестік болып табылатындықтан басқару жүйесі белгіленген кәсіпорын жарғысына байланысты бекітілген.

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы – бұл өзара байланысқан негізгі, көмекші және қызмет етуші шаруашылықтардың жиынтығы. Жалпы кішігірім кәсіпорын цехқа және жұмыс орнына бөлінед.

«Қызыл Жар» ӨК–нің өндірістік құрылымы келесі нұсқада көрсетілген.

Кәсіпорынның меншігін басқару органы ретінде кәсіпорын басқармасы құрылған, ол жеті бөліктен тұрады. Кәсіпорын басқармасының қызметін ревизиялық комиссия бақылайды.

Қазіргі нарық жағдайында еліміздің кез-келген кәсіпорыны сияқты «Қызыл Жар» ӨК–гі де жүйелі жұмыс жасауға әрекет етуде.

Тазалау цехтарында әр тараптан алынған тапсырыстарды орындау, сұрыптау цехі, орамалау цехі және қоймалар негізгі өндірістің жүйелі жүруіне ықпал етіп отырады.

Кәсіпорынның даму тарихында айтып өткеніміздей басқару жүйесі басқарма кеңесінен тұрады. Тікелей басшылықты директор атқарады. Өндірістік бөлім өнімді өндіру процесімен, кадрлар бөлімі мамандарды тіркеумен, өнімді өткізу және жабдықтау бөлімі дайын өнімге қажетті материалдармен, шикізаттармен қамтамасыз етумен және дайын өнімді өткізумен айналысады.

Бухгалтерлік есеп бөлімінің міндеті – серіктестіктің жұмысына бақылау жасап, есепке алып, күнделікті қорытынды мәлімет шығару, шаруашылық жоспарының орындалуын бақылау, экономикасын, шаруашылық есептің түбегейлі нәтижесін көрсету. Мысалы: серіктестіктің шаруашылық қажетіне жаратылатын (жарайтын) заттарды, тауарларды, ақшалай қаржыларды кәсіпорындар мен мекемелер арасындағы қарым-қатнастар туралы мәліметтерді есепке алады.

«Қызыл Жар» ӨК–нің қызметінің мақсаты: пайда түсіру және салымшылар мен инвесторларды пайдалана отырып өндіріс көлемін ұлғайту, әлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады.

Серіктестіктің негізгі қызметі:  егін егу, жинау, тазалау, өңдеу, түрлі өнім түрлерін өндіру және орамалау. Ірі кәсіпорындарға, ұжымдарға, шаруа қожалықтарына қызмет көрсету болып табылады. 

-  «Қызыл Жар» ӨК–нің қызметінің құрамына кіретіндар:

Астық қабылдау пункті жергілікті аймақтардан астық қабылдау және өңдеуге жіберілгенге дейін сақтау.

- «Қызыл Жар» ӨК–нің астық тазалау, өңдеу, қайта өңдеу және орамалау зауыты бар. Бұл зауытта астық қабылдау пунктерінен түскен астық түрлерін өңдеу нәтижесінде 4 түрлі өнім шығарады. Өнім түрлері:

  1. Тұқымдық (түрлі селективтік сұрыптаудан өткен) астық;
  2. Техникалық және өндірістік астық;
  3. Мал шаруашылығына азық ретінде пайдалануға арналған астық;
  4. Егістік алқаптарды тыңайтуға арналған астық

 «Қызыл Жар» ӨК–нің басқару органдары мен жауапкершілігі. Серіктестіктің басқару органдары болып төмендегілер табылады:

-   директорлар кеңесі;

-   қоғамды басқарушылар.

Бірінші қаржылық қол таңба қою құқығына ие тұлғалар:

-    президент;

-    бас қаржы директоры;

-    экономикалық сұрақтар бойынша атқарушы директор.

Бухгалтерлік есепті жүргізу және 2-ші қаржылық қолтаңба қою құқығына ие тұлға:

-    бас есепші.

      Бөлімшелерде 1-ші қолтаңба қою құқығы бар бас директорларға және оның қаржы сұрақтары бойынша орынбасарына берілген.

      «Бухгалтерлік есеп туралы» заңы мен кәсіпорын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес қоғамның Президенті келесілерге жауапты болады:

-   бухгалтерлік есеп және есеп беру директоры қызметіне маманды тағайындау;

-  бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру, есептілік және салық есебі жүйесіне, сонымен қатар есеп саясатының қабылдануы;

-   ішкі қабылдау тәртібін арнауға;

-   есеп саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Ендігі кезекте, кәсіпорынның мәлімерттерін пайдалана отырып өндірістік-шаруашылық қызметіне талдау жасаймыз.

Осыған байланысты техника-экономикалық көрсеткіштері мен өндіріс көлемдеріне  толықтай сараптау жүргіземіз.

Кесте 2. Кәсіпорынның  технико-экономикалық көрсеткіштері

 

РР/с

Көрсеткіштер

Өлшем  
бірлігі

2011ж

2012ж

Ауыт-қуы  
(+;-)

Өзгеру  
қарқы-ны %

А

1

2

3

4

5

6

11.

Өткізілген өнім көлемі

мың.тг

40 287,1

39 036,4

-1 250,7

96,9

22.

Өнімнің өзіндік құны

мың.тг

30 315,6

30 946,6

631,0

102,1

33.

Жалпы табыс

мың.тг

9 971,5

8 089,8

-1 881,7

81,1

44.

Кезең шығындары

мың.тг

11 337,1

13 260,6

1 923,5

117,0

45.

Негізгі қызметтен  
түскен табыс

мың.тг

8 624,9

6 702,3

-1 922,6

77,7

66.

Таза табыс

мың.тг

-1 365,6

-5 170,8

-3 805,2

378,6

77.

Өткізілген өнімнің  
1тг-не келетін шығындар

тенге

0,8

0,8

0,0

105,4

88.

Өнім рентабельділігі

%

-3,3

-11,7

-8,4

356,8

99.

Жұмысшылар саны

адам

267,0

223,0

-44,0

83,5

110.

Еңбек өнімділігі

мың.тг

150,9

175,1

24,2

116,0

111.

Еңбек ақы қоры

мың.тг

6 789,5

6 662,9

-126,6

98,1

112.

1 жұм-ға орт. 
айлық еңбек ақы

мың.тг

25,4

29,9

4,4

117,5

13.

Негізгі қордың  
орт.жылдық құны

мың.тг

386 233,7

47 996,5

61 762,8

116,0

114.

Қор қайтарымдылығы

мың.тг

0,1

0,1

0,0

83,5

115.

Қор сиымдылығы

мың.тг

9,6

11,5

1,9

119,7


Кесте бойынша есепті жылы өнімді өткізу көлемі өткен жылға қарағанда 1250.7 мың тг. немесе 96.9 %–ға кемігенін байқаймыз. Сондай-ақ кәсіпорынның негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерінің берілген кестеде өткен 2011 жылға қарағанда есепті 2012 жылы кемігенін байқаймыз. Мысалға : өнімнің өзіндік құны өткен 2011 жылы есепті 2012 жылмен салыстырғанда  30315.6 мың тг-ден 30946.6 мың тг-ге, яғни 102.1 %-ға, жалпы табыс -1881.7 мың тг немесе 81.1%-ке, өнім рентабельділігі 8.4%-ға артқанын, жұмысшылар -44 адамға, еңбек өнімділігі 116%-ға, еңбек ақы қоры –126.6 мың тг немесе 98.1%-ға, жұмысшылардың  орташа 1 айға еңбек ақысы 4.5 мың тг. немесе 117.7%-ға, негізгі қорлардың орташа жылдық құны 61762.8 мың.тг. немесе 116%-ға, қор сиымдылығының 140.0%-ға артып, ал қор қайтарымдылығының 78.1%-ға кемігенін көреміз. Оның басты себебі болып егістік көлемдерінің артуы және өнімділіктің жоғарылауы, өнімнің нарықтық бағасының төмендеуі және өндірістің айналым құралдарына бағаның жоғарылауы болып отыр. Бұны график түрінде былай көрсетуге болады.

Сурет 1. 2011-2012 жж. көрсеткіштердің (1-өнімді өткізу көлемі, 2-өнімнің өзіндік құны, 3-жалпы табыс) өзгеруі;

 

Сурет 2. 2011-2012 жж. көрсеткіштердің (1-негізгі қызметтен түскен табыс, 2-таза табыс, 3-еңбек ақы қоры, 4-еңбек өнімділігі) өзгеруі;

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында өндіріс тиімділігін көтерудің маңызды факторларының бірі  болып оларды негізгі қорлармен қажетті мөлшерде қамтамсыз ету және толық пайдалану болып табылады. Келесі әрекет кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштерінің нәтижелерін біртіндеп талдау. Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері, оның нарықтағы белсенділігі мен сенімділігінің маңызды сипаттамасы болып табылады. Ол кәсіпорын иелігіндегі мүлік пен оның қаржылану көздерімен анықталады.

Талдауды негізгі қорларды пайдалану тиімділігін бағалаудан бастаймыз.

 

 Кесте 3. Негізгі қорлардың жағдайы мен пайдалану тиімділігін талдау.

 

РР/с

Көрсеткіштер

өлшем  
бірлігі

2011ж

2012ж

Ауытқу  
(+;-)

Өзге-ру қарқы-ны %

А

1

2

3

4

5

6

11.

Өткізілген өнім көлемі

мың.тг

40 287,1

39 036,4

-1 250,7

96,9

22.

Негізгі қордың  
орт.жылдық құны

мың.тг

386 233,7

447 996,5

61 762,8

116,0

33.

Жұмысшылар саны

адам

267

223

-44

83,5

44.

Қор қайтарымдылығы

тг.

0,1

0,1

0,0

83,5

55.

Қор сиымдылығы

тг.

9,6

11,5

1,9

119,7

66.

Қормен қарулану

мың.тг

1 446,6

2 009,0

562,4

138,9


     

Кесте берілгендері бойынша негізгі қорлардың орташа жылдық құны есепті жылы 61732.8 мың тг. немесе 116% өскен.

Қор қайтарымдылық деңгейі есепті 2012 жылы өткен 2011 жылмен салыстырғанда 0.02–ге азайып, ал қор сиымдылығы керісінше 1.9 -ге немесе 119.8 %-ға көтеріліп 11.5 тг-ні құрады. Кәсіпорынның қормен қарулану деңгейінің де өткен 2011 жылмен салыстырғанда есеспті 2012 жылы 562,4 немесе 138,9%-ға өскендігін көруге болады.

Басқа да өндірістік қолар есепті жылы 31238.2 мың тг–ге дейін жоғарылады, бұл осы қорлар санының көбеюіне байланысты.  Үлестік салмақта да елеулі өзгерістер болды, мәселен, ғимарат құны өткен жылмен салыстырғанда есепті 2012 жылы 4.3%-ға төмендесе, ал жер, тасымалдау құралдарының және жабдықтар құны сәйкесінше 107.9%-ға,  191.7 %-ға және 102.8%-ға өскен.

Кесте 4. Негізгі өндірістік қорлардың құрамы мен құрылымы

РР/с

Көрсеткіштер

2011ж

2012ж

Ауытқуы

мың тг.

%-дық үлесі

мың тг.

%-дық  
үлесі

(+;-)

Өзге-руі,%

А

1

2

3

4

5

6

7

11.

Жер

65,4

0,0

70,6

0,0

5,2

108,0

22.

Ғимарат,  
құрылыс

35 266,0

9,1

33 764,6

7,5

-1 501,4

95,7

33.

Машина,  
жабдықтар

302 469,2

78,3

310 936,4

69,4

8 467,2

102,8

44.

Тасымалдау  
құралдары

25 689,3

6,7

49 242,9

11,0

23 553,6

191,7

55.

Тағы  
басқалары

22 743,8

5,9

53 982,0

12,0

31 238,2

237,3

6

Барлығы

386 233,7

100,0

447 996,5

100,0

61 762,8

116,0

Информация о работе Нарық жағдайында өнім сапасын басқару