Нарық жағдайында өнім сапасын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 18:43, курсовая работа

Краткое описание

Міндеттері ретінде :
− өнімнің сапасын арттырудың нарықтық экономика жағдайындағы мәнін анықтау;
− импорт алмастыру саясатының маңызын ашу;
− ауыл шаруашылық өнімдері нарығының Қазақстандағы дамуын талдау;
− «Қызыл Жар» ӨК-не жалпы сипаттама беріп, оның қаржылық жағдайын бағалау;

Вложенные файлы: 1 файл

экономика курсовая.doc

— 1.01 Мб (Скачать файл)

Ендігі кезекте «Қызыл Жар» ӨК-нің айналым қорларына талдау жасаймыз. Кәсіпорынның айналым қорларын, мысалдағы кәсіпорынның жылдық балансындағы активтік бөлімінің: ұзақ мерзімді активтері және ағымдағы активтері сияқты көрсеткіштеріне сүйене отырып зерттеуге болады.

«Қызыл Жар» ӨК–нің айналым қорлары да негізгі қорлары да есепті жылы біршама төмендегенін  көруге болады.

Ағымдағы активтері 56 846,9 мың тг-ге өсіп, оның ішінде материалдық айналым қорлары 15 181,1 мың тг, ақшалай қаражаттар 47 662,5 мың тг-ге өсіп, кәсіпорынның барлық қаржылары өткен жылмен салыстырғанда -98 239,4 мың тг-ге кеміген. Негізгі шығын ұзақ мерзімді активтер есбінен болып отырғанын көруге болады.

Нарық жағдайында «Қызыл Жар» ӨК–гі өндірілетін өнім және көрсетілетін қызмет түрлерін біршама түрлендірген. Ал өндіріс процесіне қажетті заттарды арнайы сауда дүкендері мен сауда базарларынан сондай-ақ арнайы тапсырыспенен жасатады.

 «Қызыл Жар» ӨК–гі негізінен жергілікті халықтың, сондай-ақ шет мемлекеттер тапсырыстарымен жұмыс істейді, яғни көп мөлшерде астық егіп, оны жинап, кептіріп, тазартып, сұрыптап, өңдеп отандас кәсіпорындар мен шет мемлекеттерге сатады. Соңғы кездердегі қиыншылықтарға бой алдырмай, қызметін жалғастыру бұл кәсіпорынға да өз әсерін тигізді. Жылдан-жылға шығаратын қызмет пен өндірілетін өнім көлемі жоғарылап жұмысшылардың еңбек өнімділіктері артты. Шығындылық деңгейі артты. Соңғы екі жылдағы мәліметтер көрсеткіштері осы жағдайды көрсетеді. Мәселен 2011 жылы өнімді өткізу көлемі 40 287,1 мың тг. Болса 2012 жылы бұл шама 39 036,4 мың тг-ні құрап, -1 250,7 мың тг. кеміген. Толық өзіндік құн 30 315,6 мың тг.-ден 30 946,6 мың тг.-ге дейін өсті. Шығын көлемі де сәйкесінше -3 805,2 мың тг-ге өсті.

Нарықтық экономиканың қай саласында болмасын қызмет етіп, негізгі мақсаты табыс табуға бағытталған, кез-келген кәсіпорын  кызметі, маркетингтік зерттеулерді аса  қажет етеді. Осы орайда біздің мысалдағы  «Қызыл Жар» ӨК-нің қызметі оң нәтижеге қол жеткізуге бағытталған нарық субьектісі ретінде атқарылып жатқан шаралар жиыны мен осы мақсатта келешекте атқарылатын жұмыстар жүйесімен қысқаша таныстырып өткенді жөн көрдік.

Жоғарыда аталып отырған  кәсіпорын қызмет саласы бойынша  ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге және өңдеуге бағытталған. Ауыл шаруашылық өнімдерінің 90%-ы тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларымен тығыз қызмет ететінін, бұл саланың өндірген өнімдері барынша алғашқы тұтыну заттары немесе сол заттарға шикізат ретінде пайдаланылатынын ескере отырып, өнім өткізуде нарық сегменттері арасында жоғары сұранысқа ие болатыны баршамызға белгілі. Сонда да болса кездесетін қиыншылықтар реті аз емес. Мәселен:

  1. Өндірілген немесе өңделген өнім сапасы нарық талаптарына сәйкестігі;
  2. Өндірілген немесе өңделген өнім сапалы болған жағдайда кәсіпорынның қызметті немесе өнімді өткізу құны - өнімнің бағасы;
  3. Осы нарық сегменттерінде қызмет көретумен және өнімді өндіру

 немесе өңдеумен  айналысатын басқа да нарық  субьектілері – бәсекелестер  және т.б.

 

 

2.2. Кәсіпорында өндірілетін өнімнің сапасын бағалау.

 

Еліміздегі өндірілетін  ауылшаруашылық өнімдерінің 90%-і тамақ  және текстильдік өнеркәсіппен тікелей  байланысты екені бәрімізге белгілі. Ауылшаруашылығында өндірілетін өнімдер  түрлері өте көп, олар атап айтқанда негізінен: мал, сүт, құс, жеміс-жидек, дәнді дақылдар, бау-бақша өнімдері және т.б. Дипломдық жұмыс тақырыбына сәйкес басты мақсатымыз, өз таңдауымыз бойынша алынған ауылшаруашылығы саласында өндірілетін өнімнің сапасын көтеру.  Жоғарыда атап өткеніміздей бұл салада өндірілетін түрлері өте көп. Сондықтан бұл жұмыста неғұрлым терең нәтижеге жету үшін мысалға алынып отырған шаруашылық етуші субьектінің өндіретін өнімдері ішінен зерттеу нысаны ретінде, Қазақстан Республикасының ЖІӨ-нің 163 300 млн.теңгесін құрайтын, «бидайдың аламыз. Жұмыс барысында ауылшаруашылық өнімдерінің басқа түрлеріне (ет өнімдері, бау-бақша өнімдері және т.б.) де қысқаша тоқталып өтеміз. Еліміздегі  бидайдың  сапасы ғана емес оның әлемдік өндірушілер өнімдері арасында бәсекеқабілеттілігіне да талдау жасаймыз.

Жалпы алғанда Республикамыз  бидай өндіру көлемі жағынан әлемдік  өндірушілер арасында 12-ші орын алады. Ал оны экспорттауда 5-ші орын алады. Жалпы мемлекетіміз бойынша бидай  өндіру соңғы 4 жылға:

Биылғы жылы Республикамыз бойынша 2012 жылға жоспарланған  жалпы егістік жерлер аумағы  13,7 млн.га. Бүгінгі таңда өңделген астықтың жалпы мөлшері 13,4 млн.тн. Қазақстан халқының 1 жылдық орташа тұтыну мөлшері 5,6 млн.тн. Жылдық орташа тұқымдық астық мөлшері 2,7 млн.тн. 1,7 млн.тн. астық мемлекеттік резервте сақталады. Ал өндірілген астықтың қалған бөлігі, яғни 3,7 млн.тн. экспортқа шығарылады. Айта кететін жәйт, Қазақстан астықты экспорттаудан әлемдік деңгейдегі басты астық өндірушілер (АҚШ, Евроодақ, Аргентина, Австралия және Канада) сапын толықтырды. Мұндағы басты критерий Қазақстан астығының сапасының сәйкестігі мен бағасының төмендігі.

Елімізде өндірілетін  астық мемлекеттік стандарттар  қорындағы қойылатын талаптар бойынша  кластарға бөлініп, сұрыпталады. Астық  өндірумен айналысатын нарық  субьектісі негізінен астықты 2-топқа бөледі, ол:

  • Дайындалатын астық - өңдеуге дайындалатын астық;
  • Ұсынылатын астық – белгілі өңдеу сатыларынан өткеннен кейін азық-түліктік, жем-шөптік және техникалық мақсаттарда пайдаланылатын астық;

Өңдеу үрдісі кезінде  астықты өзіндік ерекшеліктеріне байланысты:

  • Сапасы қанағаттандыратын нан өнімдерін дайындауға жарамсыз және нан пісіру үшін құрамын жақсартуды қажет ететін – нашар астық;
  • Өзіндік көрсеткіштері өте күшті, нашар астық құрамын тиімді жақсарту үшін пайдаланылатын, жұмсақ астық сұрыптары – жақсы астық; болып 2-топқа бөлінеді.
  • Астық класы – астықтың технологиялық және азықтық құрамын сипаттайтын, астық  сапасының кешенді көрсеткіші. Араласпа заттар – барлық органикалық және бейорганикалық заттар, басқа да дақыл дәндері мен арамшөп дәндері сонымен қатар механикалық зақымдалған және бүлінген астық дәндері.
  • Араласпа заттар құрамы мен сипатына қарай мына топтарға жіктеледі:
  • Дәндік араласпа заттар, оларға: шағылған дән, тапталған дән, өніп кеткен дән, үсіген дән, зақымдалған дән, пісіп жетілмеген дәндар жатады.

 

Кесте11. Өндірілетін бидайды типтерге бөлу

 

Типтер

Жалпы  шынылылығы, %

Басқа типті бидай, %, көп  емес

жалпы

соның ішінле

Дәні қатты, жұмсақ, қызыл  жаздық І

40 аз емес

10

5 – қатты

Дәні қатты, жұмсақ, қызыл  күздік ІІ

40 аз емес

10

5 – қатты

Дәні қатты, жұмсақ, ақ жаздық  ІІІ

60 аз емес

10

Есептел-мейді

Дәні қатты, жұмсақ, ақ күздік ІV

Шек қойылмайды

10

Есептел-мейді

Жаздық қатты V

Аз емес 40

10

10 – ақ

Күздік қатты VІ

Аз емес 40

10

5 – ақ

VІІ Сұрыпталмаған

Жоғарыда келтірілген критерийлердің біреуіне де сәйкестігі жоқ (типтердің қоспасы)


 

Жетілу, жинау немесе сақтау кезіндегі қолайсыз жағдайлар  нәтижесінде өзінің табиғи түсін  жоғалтқан бидайды, қара нүктелердің  барлығына қарай қарайған немесе түсін жоғалтқан деп танып, оның деңгейін анықтайды.

Сапа көрсеткіштерінің деңгейіне қарай ДСТУ 3768-на сәйкес, жұмсақ бидайды 6 класқа, ал қатты бидайды 5 класқа бөледі. Әр кластың сапа көрсеткіштері  сәйкесінше кестелерде көрсетілген.

Институттардың шығармашылық топтарымен – еңбек өнімділігін күрт жоғарылатып қана қоймай, сонымен бірге нәтижелердің обьективтілігін және өндіріс мәдениетін жақсартатын механизирленген клейковина жуу құралы («МКЖң) жасалынды. Бұл құралдар (МКЖ-1; МКЖ-2) 1980 жылдан бері қолданыста кеңінен тараған.

Осы салада жұмыстарды жалғастыру көп ұзамай өз нәтижесін тағы алға тартты, АН ҚР институттары мен бірлесе отырып бидай сапасын бағалауға арналған отандық инфрақызыл «Бидай талдағыш Нанның; калибрлеу теңдеулері және уақытша жұмыс істеу методикасы; оң нәтижелі лабораториялық сынақтар жүргізілді.

Экспортқа дайындалатын бидай сау, табиғи түсі мен иісі өзгермеген, бидай, ұн, нан қорларының зиянкестерімен зақымдалмаған және кестеде келтірілген  талаптарды толық қанағаттандыруы  керек.

Осы келтірілген кестеде  бидайдың сапа көрсеткіштеріне жалпы талдау жасалған.

Қазақстан бидайы жергілікті агроклиматтық жағдайларға байланысты қосымша көрсеткіш «клейковина» арқылы бағаланатын құрамындағы белоктың жоғарылығымен танымал. Клейковинадан басқа да сапалық көрсеткішіне бидайдың сағыздылығы жатады. Сағыздылық нан тартуларда және басқа да сапалық көрсеткіштерін анықтауда және есеп айырылысу барысында міндетті түрде ескерілетін көрсеткіш.

 

Кесте 12. Бидайдың сапа көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Қатты бидайдың класс  бойынша мөлшері және сипаттамасы

1

2

3

4

5

Типтік құрылымы

V және VІ типтер

V және VІ типтер, VІІ тип жіберіледі

Басқа типті бидай  дәндері, %, көп емес

10

10

10

10

Шек қойылмайды

Соның ішінде:  
ақ дәнді бидай

2

4

8

10

мұнда да

Табиғаты, г/л, аз емес

750

750

730

710

-

Ылғалдылығы, %, көп емес

14,5

14,5

14,5

14,5

14,5

Шынылылығы, %, аз емес

70

60

<p class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439" style=" text-align: center;


Информация о работе Нарық жағдайында өнім сапасын басқару