Пайда теориясы және оның эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2015 в 21:05, курсовая работа

Краткое описание

Нарықты экономика несиеге берілген кез-келген ресурстарға процент түрінде ақы төлеуді қатаң талап етеді. бірақ практикада процент қарыз капиталының бағасы ретінде қарастырылады. Қарыз капиталы капитал – меншік иесі, өзіндік қозғалыс түрі бар ерекше тауар, оның иесіне өндіріс саласына қатыспай-ақ қосымша құнның бір бөлігін процент түрінде иемдену мүмкіндігін береді. Қарыз берушінің қолында қарызға берген капиталы үшін төлем қарыз процент түрін қабылдайды. Қарыз проценті қосымша құнның ерекше формасы. Өндіріс немесе сауда қызметін істеуші қызмет иесі, қарыз ала отырып, ақша иесіне алынған соманың белгілі бір бөлігін процент түрінде төлейді. Қарыз проценті қосымша құнның бір бөлігі, оның кәсіпкерлер қарыз берушіге беруге міндетті. Қарыз капиталынан түскен пайда екі бөлікке бөлінеді: капитал иесінің иемденетін проценті мен қарыз алушы иемденетін кәсіпкерлік табыс.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Пайыз. Оның пайда болуы және факторлары
2.2. Пайда теориясы және оның эволюциясы
2.3. Сапа аралық бәсеке теориясы, орташа пайданың және өндіріс
бағасының құрылуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Пайда теориясы және оның эволюциясы.docx

— 39.74 Кб (Скачать файл)

Пайда теориясы және оның эволюциясы


Жоспар

І Кіріспе 
ІІ Негізгі бөлім 
2.1. Пайыз. Оның пайда болуы және факторлары 
2.2. Пайда теориясы және оның эволюциясы 
2.3. Сапа аралық бәсеке теориясы, орташа пайданың және өндіріс 
бағасының құрылуы 
Қорытынды 
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе 
Нарықты экономика несиеге берілген кез-келген ресурстарға процент түрінде ақы төлеуді қатаң талап етеді. бірақ практикада процент қарыз капиталының бағасы ретінде қарастырылады. Қарыз капиталы капитал – меншік иесі, өзіндік қозғалыс түрі бар ерекше тауар, оның иесіне өндіріс саласына қатыспай-ақ қосымша құнның бір бөлігін процент түрінде иемдену мүмкіндігін береді. Қарыз берушінің қолында қарызға берген капиталы үшін төлем қарыз процент түрін қабылдайды. Қарыз проценті қосымша құнның ерекше формасы. Өндіріс немесе сауда қызметін істеуші қызмет иесі, қарыз ала отырып, ақша иесіне алынған соманың белгілі бір бөлігін процент түрінде төлейді. Қарыз проценті қосымша құнның бір бөлігі, оның кәсіпкерлер қарыз берушіге беруге міндетті. Қарыз капиталынан түскен пайда екі бөлікке бөлінеді: капитал иесінің иемденетін проценті мен қарыз алушы иемденетін кәсіпкерлік табыс. Қарыз процентінің белгілі дәрежесі немесе нормасы бар. Процент нормасы қарыз капиталына алынған жылдық табыс сомасының, қарызға берген капитал сомасына қатынасы. Қарыз капиталын пайдаланғаны үшін төлем процент нормасы арқылы көрініс алады. Процент нормасы қарыз капиталынан алынған жалдық табыстың бүкіл қарыз капиталына қатынасымен өлшенеді. Егер, қарызға берген капиталды 100 мың доллар деп ұйғарсақ, ал осыдан жылдық табыс 6 мың доллар болады, онда процент нормасы —— — 6 процентке тең. Қарыз проценті белгісіз өлшем, оның орта пайда нормасымен байланысты болатыны, соңғысы ең жоғарғы шек, әдетте, қарыз проценті одан асып кете алмайды. Бұдан шығар қорытынды, пайда нормасының төмендеу тенденциясының орын алуымен, процент нормасы да төмендейді. 
Процент қалай пайда болады және ие не үшін төленеді ? Жаңа классикалық теорияның пайымдауынша пролцент уақыт үшін төлем. Себебі, игіліктердің бүгінгі бағасы мен ертеңгі бағасында (келешектегі) айырмашылық болады.

2.1. Пайз, оның пайда  боуы және факторлары 
Оның себебеі, бүгінгі күнгі ресурстарға иелік ету жеке адамның тұтыну таңдауын ұлғайтып қана қоймайды, сонымен қатар болашақта жоғары табыс мөлшерін қамтамасыз ету үшін шараларды жүзеге асыру мүмкіндігін де береді. Сондықтан, ағымдағы ресурстарға иелік етуден бас тартып оны қарызға беріп, оның орныны толтыруға есеп жасайды. Қарыз алушы ресурстарды пайдаланғаны үшін, яғни осы ресурстра табыс әкелгенге дейін, сатып алғаны үшін төлем төлейді. Демек, шешім қабылдау мен табыс алу арасында белгілі бір уақыт өтеді. Осы уақыт төлем процентін құрайды. Осы себепті де процент қарыз капиталының бағасы. 
Процентінің нарықтық экномикада атқаратын қызметі үлкен. Жаңа классиктердің пікірінше: 
— процент капиталды пайдаланудың әрқилы варианттарын таңдап алудың маңызды құралы; 
— процент ставкаларын салыстыру, ресурстарды рационалды бөліп, капиталға ең пайдалы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіншілік жасайды. 
— процент ставкасы ұзақ мерзімді жоспарда тұтынуға деген бейімділікті жеңіп, ұқыптылық, үнемділікке ынталандырады. Осылардың салдарынан капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасайды. 
Нарықтық қатынаста бағаның тез өзгеріп отыруына байланысты ақшаның бірдей сомасы бүгін және бір жылдан кейін әрқилы бағада, сондықтан осы ақшаны банкке салуға болады, ол бір жылдан кейін салынған сома нарықтық ставканың процент мөлшеріне ұлғаяды. 
Дамыған несие жүйесінде банктер ақшаны көбейту қабілетіне ие болады. Осыған мысал келтірейік

Халық өз ақшаларын банктерде сақтайды, банктер басы артық резервтерді ұстамайды, бірақ банктің резерв нормасы 1/10 қатынасына тең делік. Егер де халық табысы 100 шартты бірлікке өссе, онда банктердегі халық салымдары қалай және қаншаға өседі ? Бұл жағдайда банк салымдарының өсімі 10-ға тең (100-дің 1/10). Демек, банк 90 шартты бірлікті қаржыны халыққа бере алады. Халыққа берілетін банктің үстеме салымдарының өсімі 90шартты бірліктік қаржыға тең, оның 9 шартты бірлігі 900 шартты бірліктік қаржыны құрайды, ал жалпы салымдарының өсімі 1000 бірлікте қаржыға жетеді. 
Банктің айналымындағы ақша массасының көлемін неше рет көбейетіндігін есептеп шығару үшін депозиттік мультипликатор (m) пайдаланлады; яғни, ол: m -1/r; мұнда r – банктің міндетті резерві және мұнда ол 10-ға тең. 
Ақша ұсынымы (Мs) мен ақша базасы (В) арасындағы байланыс мына теңдеу арқылы көрсетіледі. Мs mB 
Мұнда: Мs — ақша ұсынымының өсімі 
В –ақша базасының өсімі 
Коммерциялық банктердің қызмет ету мақсаты пайданы иемдену болып табылады. 
Банк пайдасы табыстар мен шығындардың ара қатынасымен анықталады. 
Банк пайдасының нормасы мына формула бойынша анықталады: 
Банк пайдасы Банктің жалпы пайдасы банк ісін жүрізуге байланысты шығын 
нормасы ———————————————————————————х 100% 
Банк меншігіндегі капитал

Банк пайдасы – қарыз капиталы иесінің иемденетін табысы. 
Жылдық процентпен өрнектелген, қарыз капиталынан түсетін табыс –проценттік ставка деп аталады. Ол ұзақ мерзімді уақытпен анықталатын оташа проценттік ставкасына және әр күн сайын қалыптасатын нарықтық проценттік ставкасына бөлінеді. Оған әсер ететін факторлар: 
а) капитал көлемі; 
б) капиталдың өнімділігі; 
в) капиталға сұраным мен ұсынымының қатынасы 
Сонымен бірге, ол өз кезегінде тағы да номинал проценттік ставкасына және нақты проценттік стиавкасына бөлінеді. 
Номинал проценттік ставка белгілі бір ақша бірлігінің (мысалы, теңге немесе доллар) бағамы бойынша белгіленетін ставканы айтады. Нақты проценттік ставка деп инфляциямен өзара сабақтас байланыста белгіленетін ставканы айтады. 
Ставкалардың деңгейі төмендегі факторларға байланысты өзгеріп (мысалы, 7%-тең 20%-ке дейін) отыруы мүмкін. 
1. Тәуекелдік. Егер борышқордың қарызды қайтара аламайтын қаупі күшейген кезде, несие беруші соғұрлым қарыз процентін көтере түседі. 
2. Мезгілдік. Ұзақ мерзімге арналған қарыздар қысқа мерзімге берілетін қарызбен салыстырғанда жоғары проценттік ставкамен беріледі: себебі, ұзақ мерзімді несие берушілер өз ақшаларын баламалық пайдаланудан бас тартуына байланысты қаржылай залалдарға ұшырауы мүмкін. 
3. Қарыз көлемі. Әдетте, азғантай мөлшердегі қарызға проценттік ставка жоғары болады. Себебі, көп және аз қарыздардың әкімшілік шығындары бірдей. Басқа да жағдайлар –бәсеке салық салу деңгейі және т.б. факторлар әсер етеді. 
Проценттік ставканың атқаратын қызметі зор, өйткені ол өндіріс деңгейі мен оның құрылымына ықпалын тигізеді, яғни: 
1. Төменгі проценттік ставка инвестициялардың өсуіне және өндірістің ұлғаюына мүмкіндік жасайды. Жоғары проценттік ставка инвестицияны «тұншықтырады» және өндірісті тежейді. 
2. Проценттік ставка капиталдың орнығуына да әсер етеді.Ол ақшаларды ең табысты салаларға шоғырландырады. 
Пайда — кәсіпорынның мақсаты және қозғаушы күші. Пайданың шығар көзі қажетті өнімнің бір бөлігі мен қосымша өнім. 
Пайда кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық іс-әрекетін қорытындылайтын негізгі көрсеткіш. 
Пайда категориясын қарастырғанда экономикалық (ата) және бухгалтерлік пайданы ажырата білу қажет. Бұл ұғымның пайда болуы шығындардың ішкі және сыртқы (жоғарыда айтылған) болып шектелуінде. 
Экономикалық (таза) пайда — кәсіпорын сатқан өнімнен түскен ақшадан (толық түсім) ішкі және сыртқы шығындар сомасын (оған орта пайда да қосылады) алып тастағанға тең. Ал, бухгалтерлік пайда – кәсіпорын сатқан өнімнен түскен ақшадан сыртқы өндірістік шығын көлемін алып тастағанға тең. 
Пайда кәсіпорын іс-әрекетін қорытындылайтын синтетикалық көрсеткіш ретінде, оғын көп факторлар әсер етеді. Сондықтан пайданың көлемі сыналарға байланысты: 
1) Еңбек өнімділігінің деңгейі: Еңбек өнімділігі жоғарылаған сайын өнім өндіру және оны сату көбейеді, өзіндік құны төмендейді. Осының бәрі пайданы көбейтеді. 
2) Еңбек өндіруде материалдық және еңбек шығындарын үнемдеу. Осының нәтижесінде өндірістегі материал және еңбек сыйымдылығы төмендейді, капитал тиімділігі артып, пайда көбейеді. 
3) Өндіріс құрылымының және өндірілген өнім ассортментінің үлесінің жоғары болуы пайданы көбейтуге жағдай жасайды; 
4) Баға деңгейі. Шығарылған өнімдерге бағаның өсуі алынатын пайдаға тікелей пропорционалды, ал төмендеуі кері пропорционалды; 
5) Авансыланған капиталдың жалпы айналым жылдамдығы. Қызмет жасап жатқан капиталдың айналымын тездету негізгі және айналмалы капиталды үнемдеуге немесе шығарылатын өнім көлемін өсіруге әкеліп соғады. Екі жағдай да пайданы көбейтуге әкеледі. 
6)Жалпы пайданың таза пайда және мемлекетке аударуға бөліну. Мемлекетке жалпы пайдадан орынсыз, артық өндіру таза пайданы кемітіп, кәсіпорын экономикасының бірқалыпты қызмет жасау мүмкіншілігін төмендетеді. 
Кәсіпорын барлық осы бағыттарда өз пайдасын көбейтуге тырысады, әрине олар оның өндірістік және коммерциялық іс-әрекетінде позитивтік маңызы бар. 
Пайданың экномикалық категория ретіндегі мәні, оның төмендегі үш атқаратын қызметінен көрініс табады: 
1) Пайданы өндірістік және коммерциялық іс-әрекеттеріне қорытынды баға беру көрсеткіші ретінде пайдаланады. Кәсіпорынның өндіріс және айналым сфераларындағы іс-әрекетінің барлық жағы пайдада көрініс табады. Бірақ пайда әмбебап көрсеткіш емес. Пайда категориясының көп факторлылығына байланысты пайдамен бірге басқа да көрсеткіштерді пайдалану қажет. 
2) Пайда болуы қызметін атқарады. Пайданы қосымша құнды кәсіпорын мен мемлекеттің, кәсіпорын мен салалардың, кәсіпорын мен оның жұмысшыларының, өндірістік және өндірістік емес сфералардың арасында бөлу және қайта бөлуде қаражат рынагы ретінде пайдаланады. 
3) Пайда ынталандыру қызметін атқарады. Бұл қызметі кәсіпорынды және оның жұмысшыларын экономикалық ынталандыру процесімен байланысты. Кәсіпорында пайданы марапаттау қорын құруға және өндірісті ұлғайту көзі ретінде пайдаланады. 
Кәсіпорын пайдасы абсолюттік –ақша түрінде және салыстырмалы пайда нормасы (% -түрінде) ретінде анықталады. 
Пайда нормасы пайданың барлық авансыланған капиталға қатынасы ретінде пайыз түрінде есептеледі. 
Мұнда Р*- пайда нормасы; 
Р – ақша түріндегі пайда; 
К – авансыланған капитал 
Пайда нормасы авансыланған капиталдың пайдалылылғын көрсетіп, оны әрі қарай қалай пайдалану жолдарын сілтейді. Сонымен, қатар пайда жалпы шығындарға қатынасымен де есептеледі. Бұл жерде өндірісте жұмсалған шығындардың пайдалылығын көрсетеді.

Жер рентасы-жерден алынатын табыс ретінде. 
Рента теориялары 
Өндіріс факторларының бірі жер және оның қойнауындағы байлықтар, одан алынатын табыс рента деп аталады. 
Жерге тән ерекшелік: оның басқа еркін ұдайы өндірілетін факторлардан өзгешелігі, жер ұсынымы шектеулі, оның көлемі тұрақты, өзгермейді және оны ұлғайтуға болмайды. Осыған орай, жер ұсынымы икемсіз. 
Жер ұсынымының икемсіз және шектеулі болйына байланысты ауылшаруашылығында баға белгілеу ерекше болады. 
Пайда экономикалық категория ретінде әртүрлі өндіріс тәсілдерінде де өмір сүрді: құл иеленуші және феодалдық қоғамында рестовщиктер және сауда пайдасы түрінде. Пайда қазіргі өндірісте де қосымша құнның негізгі түрі ретінде сақталып келеді. 
Пайда және оны максимизациялау әсіресе нарықтық қатынаста барлық өндірістің және шаруашылық салаларының негізгі нақты мақсаты болып табылады. Сонымен қатар, атап айту қажет, экономикасы дамыған елдерде инфрақұрылымды қоғамдық шаруашылықтағы пайда ала алмайтын қосымша бюджеттен қаржы бөліп қолдануға тура келеді. 
Пайданың нарық экономикасында түбегейлі қызметінде және экономикалық теорияның объектісі болуына қарамастан, осы күнге дейін оның маңызына екі түрлі көзқарастар бар: Маркстік және қазіргі кезеңдегі экономикалық ілім. 
1. Маркстік көзқарас. Пайданың мәні К.Маркстың Капиталының ІІІ-томында зерттелген. Маркстың ұжырымдауынша пайда қосымша құнның өзгерген түрі. Бұл өзгеру қосымша құнды өзгермелі капитал жасағанмен, ол барлық авансыланған тұрақты және өзгермелі капиталдың туындысы ретінде болады. Себебі өндіріс құрал-жабдығының иесіне жұмыс күшінің қалай пайдаланғаны ғана емес, құрал-жабдықты қалай тиімді пайдаланғаны да қажет. Сондықтан пайданың көлемі (мөлшері) тауар құны мен оның өндіріс шығындарының айырмасы ретінде анықталады (егер туар құны бойынша сатылса). Ескеретін жәй, пайданы тауар өндірушілер тек тауарды сатқаннан соң алады. Сондықтан, сатылған қосымша құн ақша түрін қабылдайды (ауысады) да, пайдаға айналады (өзгереді), Пайда сатылған қосымша құн ретінде болғанымен соңғысы сұраныс пен сұраныстың әсерінен ауытқиды. Міне осы ауытқу тауар өндірушілер алатын пайда мөлшерін, анықтап, оларды кедей және бай деп жіктейді, бір саладан екінші салаға капиталдың ауысуына әкеліп соқтырады, жеке пайда нормасын орта пайдасымен теңестіріп, өндіріс бағасын құрайды, оның айналасында нарықтық баға ауытқиды. Пайда, қосымша құн сияқты төленбеген жұмысшы еңбегінің нәтижесі, сондықтан адамды қанаудың арқасында пайда болады. 
2. Қазіргі экономикалық ілім көзқарасы. Олардың көзқарасы бойынша пайда, өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал) пайдаланудың нәтижесі. Сондықтан, пайда және кәсіпкерлік табыс, кәсіпкерлердің атқарған қызметтерінің нәтижесі ретінде қарастырады. Осыған байланысты төмендегідей анықтамалар береді: 
— пайда кәсіпкер іс-әрекетінің қызмет ақысы: 
— пайда кәсіпорынды басқарудағы жаңашылдығы, таланты үшін төленетін ақысы; 
— пайда нарықта өндірушілердің (сатушылар) монополиялық жағдайынан пайда болатын табыс. 
Ескеретін жәй, кәсіпкер міндетті түрде пайда алуы керек, олай болмаса, ол нақты бір өндіріс саласына ақша жұмсайды. 
Қарастырылған екі көзқарастар да өмір сүруге құқылы К. Маркстың көзқарасындағы кемшілік – пайданың мәнін тікелей жеке меншікпен, сонымен байланысты жұмышыларды қанау деңгейімен байланыстыруы. Бірақ практика көрсетіп отырғандай, мәселе жеке меншікте және төленбеген еңбекте емес, пайданы кімдер пайдаланады, яғни меншік пен басқару қатынасында болса керек. 
Екінші көзқарастың кемшілігі кәсіпкердің не үшін пайда алатынын анықтай отырып, оның шығатын көзін (источник) анықтамайды. 
Белгілі жәй, нарықта алынбайды, себебі бұл жерде тауар айналымы: Т-Т. Бұл жерде түскен пайда қайта бөліндеі. Осыған байланысты шындыққа жақын К.Маркстың дәлелдегені; пайда өндіріс нәтижесі. 
Кәсіпорын пайдасы жалпы және таза болып екіге бөлінеді: 
Жалпы пайда – кәсіпорынға түсетін жалпы өнімнің бір бөлігі, ол сан жағынан сатылған өнімнен түскен ақшадан (салықтар және т.б.) Таза пайда кәсіпорын иелігіне қалады да, шаруашылықтың ішкі қажеттіліктеріне жұмсалады. 
Пайда өндіріс сферасында жасалады. Өзінің ерекше экономикалық түріне айналым сферасында ауысады, атап айтқанда өндірілген өнімді сату процесінде. Пайда айналым сферасында тауар өндірушілер арасындағы бәсекелік күрес, сұраныс мен ұсыныстың тауар нарығының конъюктурасына орай өзгерістеріне байланысты қалыптасады. 
Қоғамдық өндіріс бағасы орташа немесе жақсы өндіріс жағдайлары арқылы емес, неліктен нашар жерлер жағдайымен анықталады деген сұрақ туындайды. Себебі, жер шектеулі және қоғамның бүкіл қажеттіліктерін орташа және құнарлы жерлерден алынатын өнімдер қанағаттандыра алмайды. Егер сұраныс ұсыныстан басым болса, онда нарық бағасы нашар жер учаскелерінен алынатын тауарлар бағасының дәрежесіне көтеріледі. 
Осындай баршаға ортақ жағдайы барлық экономистер мақұлдайды, бірақ басқаша мәселелер бойынша әр түрлі көзқарастар қалыптасқан.Атап айтқанда иемдену мен оны пайдалану, жер иелерінің табыс көзі, ұсыныс үйлесімділігі, жер бағасы т.с.с. 
Жер рентасының маркстік концепциясы табыстың барлық түрлерінің көзі қосымша құн екендігін дәлелдейді. Демек, жер рентасы, пайда мен процент сияқты қосымша құнның өзгерген түрі болып табылады. Маркстік теорияның маңызды қорытындысы, жерге ірі жеке меншіктің жойылуының керектігін дәлелдеуі. Осы теорияға сай жерді национализациялау ауыл шаруашылығында қоғам көлемінде тұтас алғанда өндіргіш күштердің дамуына даңғыл жол ашады. 
Жерді иемдену жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның белгілі бір жер учаскесіне құқылығын мойындау. Жерге иелік етуді жер иесі атқарады. Жерді пайдалану заң негізіне сай жүргізіледі. Жер иесі жерді пайдаланушы болуы міндетті емес. Өмірде жерді иемдену мен оны пайдалану көп жағдайда бір-бірімен сәйкес емес. Өмірде жерді иемдену мен оны пайдалануды жеке немесе заңды тұлғалар атқарады. К.Маркстің «Капиталда» басшылыққа алған жүйесі үш әлеуметтік топтың өзара қатынасына негізделген: жер иелері жерді пайдаланушы да емес жұмыскер. 
Қазіргі кездегі нарықтық экономикасы дамыған Батыс алдерінде жерге меншіктің төмендегіше түрлері орын алуда: аристократияның жерге жекеменшігі (бұл түрі Ұлыбритания елінде орын алған); жерге буржуазияның меншігі, кәсіпкерлер деп аталатын жекелей ждер иемденуші және түрлі кооперацияның иелігі (банктер, ірі өнеркәсіп және ауылшаруашылық компаниялар); жерге мемлекеттік меншік; жерге фермерлік меншік – жәй тауар өндірушілер. 
Жер рентасының пайда болуының басты шартты жағдайы жерге деген ұсыныстың шектеулілігі, Еңбек пен капиталға деген ұсыныстың қалыптасуында осындай шектеулілік орын алмайды, өйткені оның екеуі де еркін, ұдайы өндіріледі. Ауылшаруашылығы өнімдері өндірілетін жер құрылыстың жер учаскелері де дәл осындай сипатта. Жерге деген ұсыныстың шекетулілігі, икемділікке келмеуі ауыл шаруашылығында бағаның ерекше құрылуының маңызды себептері болып табылады. 
Жер рентасының екі түрі бар. Дифференциалды және абсолюті жер рентасы

Дифференциалдық рентаның пайда болуын мысал арқылы қарастырайық. (1-кесте) 
Жер учакелері

Мысалда, жер учаскелері саналығы, құнарлылығы бойынша 3 түрге бөлінеді: құнарлығы бойынша ең төменгі, нашар жер учаскесі (1), орташа (ІІ) құнарлығы жоғары, ең жақсы жер учаскесі (ІІІ),жер жеке меншікте, кәсіпкер –бұл арендатор. Тікелей өндіруші –жалдамалы ауыл шаруашылығы жұмысшысы. 
Неліктен қоғамдық өндіріс бағасы 40 өлшемге тең, яғни ең төменгі (олтада да емес) жер учаскесінің жеке бағасының дәрежесімен белгіленген ? Өйткені қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін ІІ және ІІІ жер учаскелерінің ауыл шаруашылық өнімдері жеткіліксіз, ондай жерлер шектеулі. Егер, белгілі бір себептермен рыноктың баға орташа (ІІ) жер учаскесінің дәрежесінде (30 өлшем) белгіленсе, арендатор бір учаскеде ұтылысқа ұшыған болар еді, түскен бүкіл өнім сатудан алары 90 өлшем (3х30), тіпті жұмсаған шығынын да (100 өлшем) қайтараламас еді. Осы арендаторлардың ұтылыс жағдайында қалуы ең төменгі жер учаскесін мүлдем пайдаланбай аздырып жіберуге әкеліп соғар еді. Алайда І-ІІІ жер учаскелерінің өнімдері есебінен жиынтық сұранысты қанағаттандыру мүмкін емес, баға 30 өлшемге дейін өсіп, одан да жоғары көтеріліп өңдеген тиімді болып, жалға беруге болады. Сонымен, ауыл шаруашылығының бағасында өзіндік ерекшелік бар,ол бойынша реттеушілік қызметті орта шығындар емес, қайта ең жоғары шығындар (құнарлығы төменгі жер учаскесі) анықтайды. 
Дифференциалды рента өндірістің қоғамдық бағасы мен жеке бағасының айырмасы, 8- бағанадан 5-бағана деректерін шегеру жолымен алынады: (120-120=0; 160-120=40; 220-120=80). Ең алдымен дифференциалды рента қосымша пайда ретінде арендаторға түседі (нарықта өнімді сатқаннан кейін), одан кейін қосымша пайда аренда төлемі ретінде жер иесіне көшеді. 
1-кестеден көрініп отырғандай 1- учаскеден жер иесі ешқандай рента алмайды, өйткені бұл жер ешқандай қосымша пайда әкелмейді. Бір жағынан жер иесінің барлығы да рента алуы керек, өйткені жер жеке меншікте, оны ешкім де арендаға тегін бермейді, ал екінші жағынан қарағанда, арендатор 1- учаскеден ешқандай қосымша пайда алмайды. Бұл мәселе қандай шешім табуы керек ? Осы мәселені шешуге байланысты ғылыми құнарлылығына қарамастан барлық жерден төлем талап етіледі. 
Абсолютті жер рентасының пайда болуының себебі, біріншіден, тауар құны категориясы (с+v+m) мен өндіріс бағасын (с+v+р) нақты ажырату керек; екіншіден, қол еңбегінің үлкен көлемде орын алуы мен капиталдың органикалық құрылымының (с:V) ауыл шаруашылығында өнеркәсіппен салыстырғанда төмендігін ескеру керек; үшіншіден жерге жеке меншік үстемдігі өнеркәсіптен ауыл шаруашылығына капиталдың еркін ауысуына кедергі жасайды. Жер иесі белгілі мөлшердегі төлемді төлемей ауыл шаруашылығы өндірісін игеру мақсатымен капиталдың ауыл шаруашылығына өтуіне болмайды.

120. Егер өнеркәсіптен  ауыл шаруашылығына капиталдың  еркін ауысуы орын алатын болса, ауыл шаруашылық жұмысшыларының  еңбегімен өндірілген қосымша  құн салааралық бәсеке арқылы  қайта бөлініп, «ортақ қазанға»  түскен болар еді, нәтижесінде  ауыл шаруашылығы тауарларының  құны төмендер еді де ал  өндіріс бағасы көтерілер еді.>Кестеден көрініп тұрғандай, капиталдың еркін ауысуымен байланысты өнеркәсіпте бәріне ортақ пайда нормасы 20% өнеркәсіптегі өндіріс бағасы 120. Алайда, ауыл шаруашылығында капиталдың органикалық құрылымы орташа өнеркәсіпппен салыстырғанда төмен, ең бастысы жерге жеке меншік капиталдың ауысуы — 140 
Сонымен, абсолюттік рента ауыл шаруашылығы өнімдерінің құны мен өндірістік бағасының айырмасы К: маркс «Құнның төмендеуіне жерге жеке меншіктің болуы жол бермейді» деп дәлелдейді.Осыдан жерді национализациялау қажет деген қорытынды жасалады. 
Егер жер иесі жерін жалға тапсырса,онда жалгер оған аренда ақысын төлейді, оның құрамына жер рентасы мен сол жерде орналасқан құрылыстар мен қора-қопсыларды пайдаланғаны үшін төленетін төлемдер кіреді. 
Жалгер болса, ол шаруашылыққа жұмсалған өзінің капиталынан түсетін орта пайданы иемденеді. 
Жаңа классикалық теориялар бұл мәселені басқаша көзқараспен, яғни шектеулі шығындар концепциясы арқылы түсіндіреді. 
Жер иесі –фермер болып, өзі шаруашылықты жүргізетін жағдайды қарастырайық. 
Осыған орай П. Самульсонның мысалын пайдаланайық. 
Суретте жер иесі фермердің ең соңғы жалдамалы жұмысының жалақысының шектеулі өніммен теңдескенше жұмысқа қабылдай беретіні көрінеді. Барлық жұмысшылардың жалақсы OW,EL. көлемімен анықталады. Басқа бөлігі W.DE., яғни бұл шама жер рентасының көлемін сипаттайды. 
П. Самульсон жер рентасының мөлшерін «қалдық әдісімен» яғни жалпы жасалған өнімнен жиынтық жалақының мөлшерін шегеру арқылы анықтайды. 
Енді фермердің жері жоқ оны арендаға алу жағдайындағы рента мөлшерін анықтайық. 
Жаңа классиктер кез-келген факторлардың, яғни жалақының процент пен рентаның бағасы сұраныс пен ұсыныстың теңгерілу деңгейінде белгіленеді деген принципті жақтайды. 
Жер Ұсынымының икемсіз екені баршаға мәлім. Сол себепті жер ұсынымының қисығы SQ вертикальды сызық болады. ДД –жерге сұранымның қисығы. Е. нүктесі -жер рентасының учаскелеріне сұраныс пен ұсыныстың теңдескен кездегі жер рентасының деңгейі. 
Егер де аренда ақысының (рентаның) деңгейі көтерілсе ( Е нүктесінен жоғары болса),онда жер сұранымы оның ұсынымынан басым болады. Мұндай жағдайда жер иелері аренда ақысын (рентаны) қымбаттады. 
Демек, тек Е нүктесінде жер сұранымы мен ұсынымының тепе-теңдігі орнайды. 
Жаңа классиктердің Маркстен ерекшелігі, оларды рентаны кім жасайтыны қызықтырмайды, керісінше олар белгіленген рентаның деңгейі қандай себептерге нәтижесінде екі тұжырым жасалады: 
1) рентаның деңгейі жер ұсынымының икемсіздігіне тәуелді; 
2) рента деңгейі түпкілікті өнімнің сұранысына тікелей байланысты. 
Мысалы, бидайға сұраныс азайса, онда бидай өсірілетін жерге де сұраным төмендейді. Демек, аренда ақысының ставкасы төмендейді. 
Осылайша, бірақ керісінше ситуация болуы мүмкін. 
Нарықтық экономика жағдайында жер тауарлары сипат алады, ол сатып алынады және сатылады. Жерге сұраныс өндірістің басқа факторлары еңбек пен капиталға сұранысындай. Осымен байланысты жер бағасының қалай анықталатыны маңызды. 
Дәстүрлі маркстік түсінікте бұл категорияның мәні жер бағасын иррационалды категория ретінде сипаттауымен байланысты. Жердің құны жоқ (оған адам еңбегі жұмсалған жоқ, адам еңбегінің жемісі емес, ол табиғаттың сыйы) сондықтан, жер бағасы құнның ақшалай көрінісі бола алмайды. Олай болса, жер учаскесінің сатып алу немесе сату бағасы қалай анықталады екен ? 
Осыған орай, жер бағасы екі шамаға, яғни: 
1) жер иемденетін жер рентасының көлеміне 
2) Қарыз процентінің ставкасына тікелей байланысты болады. 
Сонымен, жер бағасын мына формуламен анықтауға болады. 
рента мөлшері 
Жер бағасы _____________________________ 100 % 
қарыз процентінің мөлшері

Информация о работе Пайда теориясы және оның эволюциясы