Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекет тарапынан қаржы- несиелік қолдау саясатын жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 14:23, лекция

Краткое описание

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ол – кез келген ел эко¬но¬микасының негізі. Дамыған ел¬дердің тәжірибелері көрсетіп отыр¬ғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту эконо¬миканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айт¬қанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады.

Вложенные файлы: 1 файл

бизнес дамуы.docx

— 26.33 Кб (Скачать файл)

 

  Осының өзі кәсіпкерлік секторды дамытуға оң әсер етіп  көпшілігін қолдауға, өз бизнесін кеңейтуге және жаңа бастаманы іске асыруға мүмкіндік береді.  
  Кәсіпкерлік секторды қаржылық қолдау үшін мыналар қажет:

-  аймақаралық банктер  (оның ішінде шағын бизнесті қолдау бойынша мамандандырылған) желілерін одан ары дамыту;

-  өндірісті қолдауға қарыздары бойынша коммерциялық банктермен кепілді қамтамасыз ету;

-  несиелік ресурстарды бюджеттен тыс жұмылдырудың басқа формаларын қолдану;

-  дәстүрлі емес қаржыландыру қызметін дамыту (лизинг, факторинг, венчурлық қаржыландыру, франчайзинг және басқалары);

-  шағын кәсіпкерлік несие ассоциациясының өзін-өзі басқаруы үшін жағдай жасау.

Осы көрсетілген қажеттіліктерді орындай отырып, шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін несиелеудің жаңа түрлерін қарастыру қажет.

Қорытындылай келгенде мемлекеттің шағын және орта бизнесті қаржы - несиелік және инвестициялық қолдау саясаты келесідей негізгі бағыттарда жүзеге асуы керек:

-  басым жобаларды конкурстық негізде және жеңіл жағдайда несиелеу;

-  екінші деңгейдегі банктердің шағын бизнес субьектілеріне ұсынатын несиеге кепілдік беру жүйесін енгізу және дамыту;

-  екінші деңгейдегі банктермен біріге отырып, жобаларды ортақ қаржыландыруды  жалғастыру;

-  венчурлық қаржыландыру жүйесін дамыту;

-  шағын кәсіпкерлікті қолдау процессі кезінде сақтандыру компанияларының белсенді қатысу.

 


Информация о работе Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекет тарапынан қаржы- несиелік қолдау саясатын жетілдіру