Шет елдердегі жергілікті өзін өзі басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 20:05, курсовая работа

Краткое описание

Жергілікті өзін-өзі басқарудың обьектілері мен субьектілері. Жергілікті өзін-өзі басқару обьектісіне: муниципалдық меншік обьектілері және муниципалдық басқаруға берілген мемлекеттік меншік обьектілері жатады. Мұндай обьектілерге муниципалдық органдар тікелей басқару жүргізуге құқылы, ал муниципалдық құрылым территорияларында әрекет ететін кәсіпорындар, ұйымдар экономикалық ынталандыру, моральдік әдістер арқылы жанама басқарылады. Жергілікті өзін-өзі басқару субьектілеріне: жергілікті өзін-өзі басқару органдары жатады. Муниципалдық органдар мемлекеттік басқару органдарына жатпайды, олар мемлекеттік органдардан тәуелсіз, тек заң және нормативтік актілерге сай қызмет жасайды.

Вложенные файлы: 1 файл

шет елдердегі басқару курсовая.doc

— 147.00 Кб (Скачать файл)

9. Аумақтық сайлау кoмиссиясы үш күн ішіндe кандидаттың Кoнституцияда жәнe oсы Кoнституциялық заңда қoйылған талаптарға сәйкeстігін анықтайды.

3.2. Семей қаласының тәжірибесі .

  Семей өте ерекше муниципалдық құрылым, оның территориясына Жаңасемей және Абралы аудандарына тиесілі 33 ауылдық округтер кіреді. Олардың басқару құрылымына, әлеуметтік-экономикалық жағдайының әлсіз немесе күшті болуымен ерекшеленеді. Он жылдар бойы облыс орталығы болған Семей, 1993 жылы 8 желтоқсанда күшңне енген ҚР Президентінің «ҚР әкімшілік-территориялық құрылымын әрі қарай дамыту шаралары қолдану жөніндегі» жарғысымен, ол жергілікті өзін-өзі басқаруға негізделген, дүниежүзінде ең үлкен территоиялы құрылым болуға үміткер болып саналады. Семейдің территориясы ұлңайған сайын оның халқы да өсті, мысалы, 1910 жылы оның халқы 39959 адам болса, 1998 оның территориясы 26247 кв. км болып, халқы 324600 адамға өсті.

  Семей қаласының  өкілетті билік органы, Семей  қаласының маслихаты болып есептеледі, ол 1994 жылы сайланды. Маслихат мынадай  өкілеттіктерге ие:

- Қаланың әкімшілік-территориялық  бөлінуін, ауыл әкімшілігін бекітуге;

- Салық, төлем салығын,  баж салығын жинауға, оларды  жинау тәртібін бекітуге;

- Қалалық бюджетті  бекітуге олардың орындалуын  қадағалауға;

- Бюджеттен тыс валюталық  қор құру туралы шешім қабылдауға, оны іске асыру шараларын туралы есеп алуға;

- Табиғи ресурстарды  пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, тарихи ескерткіштерді қорғауды  бақылайды .

- Семей қаласының ттерриториясындағы  заңдық актілерінің орындалуын  қадағалап, заң бұзушыларға санкция белгілеу.

  Маслихат құрамында  34 депутат бар. Маслихаттың жұмыс  істеуін қамтамасыз ету үшін  екі түрлі құрылым ұйымдастырылған:  жұмысшы топтар мен комиссиялар.

  Семей қаласының  атқарушы органдарына қала әкімшілігі  және салалық, территориялық басқару органдары кіреді. Олрадың қызметтері территориядағы әлеуметтік-эконномикалық процесстерді басқару болып есептеледі.   

1997 жылғы Семей қаласының  жергілікті бюджетінің құрамы  және құрылымы.

 

Кірістер

Сомасы млн. теңге

Пайыздық көрсеткіштер

Салық түсімдері:

3377,9

 

Заңды тұлғалардың табыс салығы

397,2

9,5

Физикалық тұлғалардың табыс салығы

761,1

18,2

Заңды тұлғалардың иеліктеріне  салынған салық

218,5

5,3

Физикалық тұлғалардың иеліктеріне  салынған салық

15,9

0,4

Жер салығы

137,9

3,3

Көлік қатынастарының салығы

75,4

1,8

Қосымша құн салығы

1416,1

34,0

Акциздер

242,0

5,8

Суды пайдалағаны үшін төлем

4,3

0,1

Орманды пайдалағаны үшін төлем

1,1

0,03

Кәсіпкерлік және мамандық қызметерді лицензия берудегі төлем

107,9

2,6

Тағы басқа салық түрлері

0,5

0,01

Салықтық емес түсімдер

272,6

6,5

Арнайы трансферттік түсімдер

517,9

12,4

Барлығы

4168,4

100

Қалалық бюджетке

2590,5

62,1

Мемлекеттік бюджетке

1577,9

37,9


 

 

3.3. ҚР жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру.

 

    Жергілікті өзін-өзі басқару органдары өзінің өкілеттілігіне байланысты жергілікті жерде тәтіп орнатады, ал осы территорияны мекендйтін халық азаматтар міндетті түрде осы тәртіпті сақтауы тиіс. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қабылдаған шешімі өздерінің тікелей қатысуымен немесе сот арқылы қайта қарастырылып, өзгеріс енгізілуі мүмкін. Ал жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өз лауазымына сай емес шешім қабылдауы, сол территориядағы әкім немесе басқада өкілетті органдармен қайта өзгертуге құқылы. Сондықтан жергілікті жерде біріншіден белгілі бір өкілеттілігі бар сайланатын органдар «кеңес» құрылады. Олар мыналарға құқылы:

  • Жергілікті жердегі Жарғыны қабылдауға және өзгертуге құқылы;
  • Жергілікті жердегі төрағаның меншіктіпайдалану жөніндегі есебін талап етуге құқылы;
  • Коммерциялық ұйымдар құруға өз келісімін беруге;
  • Жергілікті құрылымды басқару кестесін қабылдауға;
  • Жергілікті құрылымды жою немесе қайта құру жөніндегі шешім қабылдауға құқылы;

  Муниципалдық құрылымның  талаптарының бірі өз Жарғысын  қабылдау. Жергілікті құрылым типтік Жарңысын ҚР Үкметі бекітеді .   Жергілікті өзін-өзі басқару – бұл халықтық билікке негізделеді, жергілікті құрылым мәселелерін шешу үшін халықты ұйымдастырып, шешім қабылдауға мімкңндік береді. Жергілікті құрылымның заңдық негізін:

  • ҚР конститутциясы мен заңдары;
  • Жергілікті өзін-өзі басқару мәселерін реттеу туралы заң;
  • Жергілікті құрылымның Жарғысы құрайды;

  Жергілікті құрылым  өз шаруашылығын жүргізу үшін  оның эконномикалық негізі  болады, оларды:

  • Табиғи ресурстар (жер , қазба байлықтар , су , орман ,өсімдіктер мен жануарлар т.б.) құрайды .
  • Муниципалдық құрылым иелігіне кіретін жылжымалы және жылжымайтын меншіктер .
  • Мемлекеттің жергілікті өзін-өзі басқаруға басқада мелекеттік қызметті атқаруға берілген иеліктер құрайды .

  Атқарушы, өкілетті  және заң шығарушы қызметті рындау үшін халық сайланатын және тағы басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құрады , және оларды белгілі бір мәселелерді шешуге өкілеттілік береді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі, сол муниципалдық құрылымның жарғысымен бекітіледі.

  Қала, аудан және  ауылдарда жергілікті өзін-өзі  басқарудың сайланатын органдары  болып, сол қалалардағы, аудандардағы  және ауылдардағы кеңес болып  табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару  органдарын сайлау арқылы жүзеге  асыру соң заңды тұлға болып есептеледі .

   Жергілікті өзін-өзі  басқарудың атқарушы органы сол  муниципалдық құрылымның әкімшілігі  болып есептеледі. Жергілікті әкімшілік  заңды тұлға болып есептеледі. Сондықтан ол мынадай құқықтарға  ие:

- Жергілікті бюджеттен  қаржыландырылады, және өзіне тиесілі иелігі болады. 

- Өз атынан жылжымайтын  және жылжымалы иелік алуға,  оны іске асыруға құқығы бар  және міндетті .

- Сот кеңесінде айыптаушы  және айыпталушы болуына .

- Банктік мекемелерде есептік және есептеу шеттарын ашуға, өзінің елтаңбалық мөрі, және басқада мөрлері болуына, штамп, бланктер қолдануға құқылы.

   Муниципалдық  әкімшілікті осы әкімшіліктің  басшысы - әкім, өз өкілі арқылы  басқарады. Әкімшіліктің басшысы  (әкім) ең жоғары лауазымды тұлға,  ол муниципалдық территорияда жергілікті өзін-өзі басқару қызметін жүзеге асырады. Жергілікті әкімшілікке әкімді сайлау ҚР конститутциясына сәйкес жүзеге асырылады.

  Жергілікті өзін-өзі басқарудың басқару құрылымының кестесі: 

   Жергілікті өзін-өзі басқару құрылымының атқарушы органдарының ішінде коллегиялық әкімшілік үлкен рөл атқарады. Коллегиялық органдар – бұл консультатциялық кеңестік органдар, оларды жергілікті әкімшілік жанына орналастырады. Оның құрамына құрылымдық бөлімдердің басшылары және тағы басқа өкілдіктер кіреді. Олар ұзақ мерзімді және мақсатты жоспарларды, жергілікті жердегі мәселелерді талқылап шешуге араласады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды .

 

  ҚР тәуелсіздік  алғанына биыл міне 16 жыл болды.  Осы кезеңнің ішінде біз көптеген  қиыншылықтарға тап болдық, бірақ соған қарамастан көптеген жетістіктергеде жеттік. Заң жүйесіне, әлеуметтік-экономикалық жүйеге өзгерістер енгізе отырып, өз бағытымызды бағдарымызды айқындадық.   Енді біздің республикада басқару жүйесінеде өзгерістер енгізіп, жетілдіругеде кез келді.

  Қазақстанның жер көлемі жағынан дүниежүзінің он алып елдерінің ішіне кіреді және муниципалдық құрылымдарды дұрыс орналастыруға өте қолайлы. Әр аймақ түрлі салаларға маманданған және жер қазба байлығыда аз емес. Сондықтан шетел тәжірибесін пайдалана отырып ҚР жергіліктіөзін-өзі басқаруды енгізу өте дұрыс шешім болады.

  Шетелде әрбір  муниципалдық құрылым әр салаға  мамандаған. Мемлекет тек заңдық  нормалардың орындалуын, азаматтар  құқығының сақталуын ғана қадағалап  бақылап отырады. Ал қалған шешімін таппай жатқан мәселелерді сол жергілікті жердің әкімшілігі шешеді. Олар сол жердегі экономикалық қаржылық және материалдық ресурстарын пайдалана отырып мемлекеттің және өз бюджеттеріне қаржы құяды. Көптеген шетел мемлекетерінің тәжірибесі көрсеткендей жергілікті өзін-өзі басқаруды қолдану мемлекетке өте тиімді жағдай тудырады.           

  Басқару қызметі әрдайым жаңа дамуға кезеңдеріне ұшырады, енді ҚР жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу бұл заман талабы болып есептеледі. Қазіргі заманда басқару қызметі қоғамның дамуының ең маңызды факторы болып есептеледі. Ол өндіріс, қоғамдық процесстерді экономиканы және территорияның әлеуметтік салаларын басқаруда ыңғайлы. Жергілікті өзін-өзі басқару – халыққа жақын орналастырылған. Жергілікті мәселелерді сол жерде шеу өте ыңғайлы және жергілікті жердегі шешімін таппай жатқан әлеуметтік мәселелерді: ауыз су мәселесі, халықты жұмыспен қамту, жәрдем ақы төлеу және тағы басқа мәселелерді сол муниципалдық құрылымдағы лауазымды тұлғалар өте жете түсініп шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде Қазақстан Біріккен Сауда Ұйымына мүше болуға талпынуда. Мемлекет ішкі басқаруды жергілікті өзін-өзі басқару органдарына беріп, өзінің тек сыртқы мәселелермен толыққанды айналысуына мүмкіндік туады.

   Мен Қазақстанға бастапқы кезеңде англосаксондық моделге жете назар аудару қажеттеп ойлаймын. Бұл модельдің ерекшелігі: үкіметтің өкілетті органдары белгілі бір территорияда жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруды қадағалап отырады. Әртүрлі министрліктер жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүзеге асырып жатқан салалары бойынша әсер етеді. Мемлекет жергілікті бағдарламаларды орындау үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қаржылық нарық арқылыда әсер етеді. Оларға: субвенция , дотация тағы басқа жеңілдіктер жатады.

              

   

Қолданылған әдебиеттер:

 

1. С.К. Құрманбаев , Г.Н.  Гамарник , О.С. Сұлтанов «Муниципальный менеджмент» Алматы, 2000 ж.

2. ҚР конститутциясы 

3.Казахстанская правда  газетінің «Система модернизация самоуправление » 13 желтоқсан 2006 ж.

4.В.Б. Зотов , З.М. Мақашев «Муниципальное управление» Мәскеу , 2004 ж.

5. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков «Эконмиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Алматы, 2002ж.

6.«ҚР мемлекеттік қызмет туралы » заңы

7. Л.О. Демушкина «Государственное регулирование экономики» Астана, 2002ж.

8.Муниципальный менеджмент: Учебное пособие для вузов\Под  ред. Т.Г.Морозовой.- М.,1997.

9. www.аkorda.kz.

10.www.enbek.kz.

11.www.minfin.kz.

12.А.А. Таранов «ҚР әкімшілік құқығы» Алматы , 2003ж.

13.Т.В. Грицюк «Государственное регулирование экономики» Мәскеу, 2004ж

14. Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері» Алматы, 2005ж.

15. Н.О. Дулатбеков , Г.Х. Жұмабекова «Мемлекет және құық негіздері» Қарағанды , 1998ж.

1 - www.akorda.kz

2 - www.akorda.kz

3 - www.akorda.kz

4 - www.akorda.kz

5 - www.akorda.kz

6 Қазақстан Рeспубликасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі № 545-1І ҚРЗ Кoнституциялық заңымен енгізілген өзгерістер

7 Қазақстан Рeспубликасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі № 545-1І ҚРЗ Кoнституциялық заңымен енгізілген өзгерістер




Информация о работе Шет елдердегі жергілікті өзін өзі басқару