Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 16:40, реферат
Қоғамның аумақтық ұйымдасуындағы басты буын - экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер (ЭӨАК). Олар аумақты игеру барысында қалыптасады. Әрқайсысы ландшафт, тұрғын халық және шаруашылыктың үштік бірлігін көрсетеді. ЭӨАК-нің мысалы ретінде қала, ауыл шаруашылық аудан, демалыс зонасы, т.б. қарастыруға болады. Ең ірі кешендерге облыстар және тұтас ел жатады. География оларды сипаттап жазып, жүріп жаткан процестерді түсіндіре отырып, болашаққа болжам жасайды. Бұл зерттеулердің мақсаты - қоғамның тиімді аумақтық ұйымдасуын қалыптастыру.
Экономикалық-әлеуметтік география
2. Қазақстанның шаруашылығы
2.1 Дәстүрлі экономика кезеңі
2.2 Нарықтық экономиканың пайда болу кезеңі
2.3 Жоспарлы экономика кезеңі
2.4 Нарықтық экономикаға өту кезеңі
3. Қазақстанның экономикалық әлуеті
3.1 Табиғи-ресурстық әлует
3.2 Экономикалық әлует
4. Дереккөздер
Экономикалық-әлеуметтік география - қоғамдык географиялық ғылым болып саналады. Ол халық пен шаруашылыктың орналасуын, яғни қоғам өмірінің аумақтық ұйымдасуын зерттейді.
Қоғамның аумақтық ұйымдасуындағы басты буын - экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер (ЭӨАК). Олар аумақты игеру барысында қалыптасады. Әрқайсысы ландшафт, тұрғын халық және шаруашылыктың үштік бірлігін көрсетеді. ЭӨАК-нің мысалы ретінде қала, ауыл шаруашылық аудан, демалыс зонасы, т.б. қарастыруға болады. Ең ірі кешендерге облыстар және тұтас ел жатады. География оларды сипаттап жазып, жүріп жаткан процестерді түсіндіре отырып, болашаққа болжам жасайды. Бұл зерттеулердің мақсаты - қоғамның тиімді аумақтық ұйымдасуын қалыптастыру. Мұндай ұйымдасуды жоғары дамыған экономика мен адам өмірінің жоғары сапасы ерекшелендіреді.
«Экономикалық-әлеуметтік географияның» мектеп пәні бұл ғылымның негізіне: түсініктерге, теориялар мен зерттеу әдістемелеріне тоқталады. Ол оқушыларды Қазақстан экономикасының әралуандығымен, оның жетістіктері және болашақ дамуымен таныстырады.
Әлеуметтік-экономикалық география бірнеше ғылымдар жиынтығы болып табылады. Оның экономикалык және әлеуметтік екі негізгі саласы бар. Олар бір-бірімен және басқа ғылымдармен - физикалық географиямен, тарихпен, экономикамен, әлеумет- танумен, статистикамен тығыз байланысты.
Қазақстанның қоғамдық географиясы 1920 жылы аяғында пайда болды. Қазіргі кездегі оның көрнекті өкілдері С.Р. Ердәулетов, Ш.М. Нәдіров, баска да ірі ғалым-географтар. Олар Қазақстанның табиғи ресурстарын, халқы мен шаруашылығын зерттеуге үлкен үлес қосуда.
Дәстүрлі экономика кезеңі (біздің эрамызға дейінгі I мың жылдықтың басы - XIX ғасырдың ортасы). Ол ұрпақтан ұрпаққа жүздеген жылдар бойы беріліп отырған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердің негізінде дамыды. Халықтың негізгі айналысқан кәсібі көшпенді және жартылай көшпенді мал шаруашылығы болды. Малдың жеке меншікте, ал жайылымның қауымдық меншікте болуы бұған өз ықпалын тигізді. Мал шаруашылығына қоса егін салу, жеке жөне қалалық кәсіптік қоленері де (киіз үй жасау, арба жасау, киім тігу, ұсталық, т.б.) дамыды.
Дәстүрлі шаруашылық өнім жеке пайдалану жағдайында болғандықтан, тұтыну сипатында ғана болды. Айырбас түріндегі сауда көбінесе қосымша рөл ғана атқарды.
Нарықтық экономиканыц пайда болу кезеңі (XIX ғасырдың ортасы - 1920 жылдың аяғы). Нарықтық экономиканың негізіне - жеке меншік, тауар шаруашылығы мен еркін (нарықтық) баға жатады. Оның қалыптасуындағы басты рөлді тауар-ақша қатынасының дамуы атқарды. Көптеген шаруашылықтар мал басын көбейтумен, сауда-саттық үшін астық өсірумен айналыса бастады. Жәрмеңкелер кеңінен ұйымдастырылды. Айырбас сауданы біртіндеп ақшалы сауда ығыстыра бастады.
XIX және XX ғасырлардың аралығында алғашқы темір жолдар салынды. Олар Қазақстан шаруашылығын жалпыресейлік және әлемдік нарықпен байланыстыруға қол жеткізді. Тау-кен жәнө фабрика-зауыт өндірісі пайда болды. Алғашқы электр стансалары іске қосылды. Дегенмен, экономиканың негізін ауыл шаруашылығы (аграрлық құрылым) құрады. Ол техника жағынан артта қалумен және шикізаттық бағытта болумен сипатталды.
Жоспарлы. экономика кезеңі (1920 жылдың аяғы - 1990 жылдың басы). Жоспарлы экономиканың іргетасын мемлекеттік меншік пен шаруашылық кызметті жоспарлау кұрады. Оның дамуы орталықтан түсетін мемлекеттік жоспарларға байланысты болды. Олар нені, қай жерде және қанша мөлшерде өндіру қажет екендігін анықтап беріп отырды. Баға қоюды, өнімді таратып бөлуді үкімет жүзеге асырды. Сол себепті жоспарлы экономиканы әміршілдік-таратушы экономика деп те атайды.
Жоспарлы экономика кезеңінде ел экономикалық артта қалушылық қыспағынан құтылды. Дамыған индустриалды-аграрлық экономика құрылды. Мұнда шешуші рөл атқарған индустрияландыру мен тың игеру болды. Қазақстаң өнімнің көптеген түрлері бойынша КСРО-да алдыңғы орындардан көрінді. Бидайдың әрбір жетінші тоннасын Қазақстан егістіктері өндірді.
Бірақ жоспарлы экономиканың айтарлықтай кемшіліктері де болды.
Экономика дамуының негізгі бөлігін кәсіпорындарды көптеп салу құрады. Көбінесе пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеуге күш салынды. Осының нәтижесінде шикізаттық бағыт ұлғайып, экологиялық мөселелер пайда болды. Экономикаға қажетті отын, металл орасан көп мөлшерде өндірілді. Ал халық тұтынатын тауар шығару төмен деңгейде қалды. Шаруашылық адамдардан гөрі өзіне көбірек жұмыс істеді. Өндірісті қайта кұру кәсіпорындардың жоспарды орындауына кедергісін тигізді. Бұның өзі тозығы жеткен құрал-жабдықтарды ауыстырып, ғылыми-техникалық революция нәтижелерін меңгеруді баяулатты. Жоспарлы экономиканың нарыктық экономикадан артта қалуы анық байқалды.
1980 жылы екінші жартысында оның қарқыны одан әрі нашарлай түсті. Кеңестер Одағы үлкен тоқырауға ұшырады, бұл оның тарауына әкелді. 1991 жылы 16 желтоқсанында Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігін жариялады. Шаруашылық қалыптасуының жаңа кезеңі басталды.
Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі, Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азайлады, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істеген. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ыкпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т.б.). Бұл дегеніміз -әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады.
Туризм индустриясының мемлекеттік бюджетке түсіретін валюталық түсімі, орта және шағын бизнеске көмегі, тауар мен қызмет көрсету нарығы арқылы аймақтардың экономикасының дамуына ықпалы өте зор. Сонымен қатар, туризмнің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуы келесі көрсеткіштермен сипатталады. Ішкі және халықаралық туризмнің жалпы шығыны әлемдік ұлттық ішкі өнімнің 12%-ін құрайды, жыл сайын 1,5млрд. Ішкі және халықаралық саяхаттау тіркелді.
Халықаралық туризмнің үлесіне жыл сайын әлемдік экспорттың 7% және қызмет көрсетудің 25-30% келеді. Халықаралық туризмнің жылдық өсуі 4,0%, ал болашақта бұл көрсеткіш көтерілмек. Туризм саласының дамуына ықпал ететін факторлар:
— кез-келген елде, Қазақстанда да туристік рекреациялық ресурстың болуы;
-туризмге тура немесе жанама салалардың және кәсіпорындардың дамуы;
— сыртқа шығу туризмнің елге шетелдік валютаны тартуы;
— аз мөлшерде шығын шығарып табыс табу;
— алғашқы өндіріс факторын қамтамасыз етудегі шығынның болмауы; -халықты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін орта және шағын
бизнестің дамуы;
— қызмет көрсету секторының өсуі;
— елдің әлемдік қауымдастыққа белгілі болуы және бет-бейнесінің қалыптасуы.
Қазақстанда 400-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді, 80 елдің туристік фирмаларымен келісім жасаған. Туризмнің дамыған аймақтары -Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және Астана қалалары. Осы облыстардың және қалалардың туристік фирмалары қызмет көрсетудің 88%-ін құрайды. Қазақстаннан туристердің мейлінше көп баратын елдері: Ресей, Қытай, Германия, Корея, Польша, Турция, БАЭ. Ал біздің елге келетін туристердің елдері: Ресей, Қытай, Германия, Пакистан, Полыпа және Турция. Туристерді тасымалдауда авиакомпаниялардың ролі зор. Көптеген туристер шетелдік авиакомпанияларға қызығушылығы артық болып тұр, ал ұлттық компаниялардың ролі төмен. «Эйр-Казахстан»-ның акциясы мемлекеттік меншікке өтуі болашақта ұлттық авиатасымалдаудың маңызы артады деген үміт бар.