Қазақстан Республикасының «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының талдау маңыздылығын анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 16:40, реферат

Краткое описание

«Бизнестің жол – 2020» бағдарламасы ( одан әрі - Бағдарлама ) Қазақстан Республикасы Президентінің « Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген . Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы
1.1. Бағдарлама түсінігі, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары мен қаржыландыру көздері
2. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасының іске асырылуы
2.1. Бағдарлама бағыттары бойынша жасалынған жұмыстар және олрдың нәтижелері
3. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docx

— 33.96 Кб (Скачать файл)

Бағдарламаға қатысушылар:

  • Тұрақтандыру және Дағдарысқа қарсы бағдарламалар аясында екінші деңгейдегі банктер арқылы мемлекеттен қаржылық қолдау алған борышкер-Кәсіпкерлер ;
  • экономиканың сектор ларында жұмыс істеп жүрген (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес ( одан әрі – Э ҚЖС ) борышкер-Кәсіпкерлер Бағдарламаның қатысушылары бола алады.

       Минералдық шикізат өңдеуші металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары, сонымен қатар қаржы –экономикалық ахуалдары және кредиттері бойынша толық ақпарат беруге келіспейтін кәсіпорындар , сондай-ақ қаржы-экономикалық сауықтыру жоспарын өз кредито рларымен келіспеген кәсіпкерлер жобаға қатыса алмайды . Екінші бағыттың басты шарты қарыз алушы өзі кредит алған банкпен немесе бірнеше банктермен тіл табысуы тиіс . Қазақстан қаржыгерлер Қауымдастығы жанынан орын алған берешек туралы толық ақпаратты және қаржы - экономикалық сауықтыру жоспарын тапсыратын К редитор лар комитет і құрылады. Жоспарды кредитор лармен келіскеннен кейін борышкер - Кәсіпкердің құжаттары «Даму» Қорына жіберіледі , оның негізінде Қор ЭДСМ - ге ұсынылатын ұсыныс әзірлейді , олар өз кезегінде ұсыныстар негізінде құжаттарды екінші бағыт бойынша «Бизнестің жол картасына» кіретін борышкер - Кәсіпкерлердің жобасын іріктеуді жүзеге асырушы Экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комисси яның қарауына жібереді . Мемлекеттік қолдау көрсету шараларын қабылдау жөніндегі ақырғы шешімді Экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссия қабылдайды .

       «Қазақстанда «Бизнестің жол картасы-2020» табысты жүзеге асырылуда. Қазірдің өзінде көптеген қазақстандықтар оның тиімділігіне көз жеткізіп үлгерді. Бағдарламаны іске асыруға бөлінген қаржы кәсіпкерлік несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға, шағын және орта бизнес несиелерін кепілдендіруге, бизнесті жүргізуде сервистік қолдауға, өз істерін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді оқытуға және қолдауға жұмсалуда.

2012 жылдың 30 қаңтарындағы жағдай  бойынша, бағдарламаның үш бағыты  бойынша екінші деңгейдегі банк  несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін  субсидиялау бойынша жалпы сомасы 300 млрд.теңге құрайтын 958 жоба мақұлданды. Нақты жобалар бойынша төленген субсидиялар 10 млрд.теңгені құрады. Сонымен қатар, жалпы несиенің сомасы 4,9 млрд,теңге құрайтын кепілдендіру бойынша 25 жоба мақұлданды. Сомасы 45,3 млрд.теңге болатын 243 кәсіпорынға инженерлік инфрақұрылым жүргізілді.

«Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» бағыты шеңберінде 15,5 мыңнан астам тыңдаушылар оқытылды, 14 мыңнан астам сервистік қызметтер көрсетілді, ШОБ-тің 210 кәсіпорын басшылары «Назарбаев Университетінде» білім алды.

«Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша 500-ге жуық кәсіпкер білім алса, оның ішінде 21-і Германияның жүргізуші кәсіпорындарында ұқсас бейіндегі тағылымдамадан өтті. Тағылымдама нәтижесінде неміс компанияларымен жалпы сомасы 400000 еуроны құрайтын келісім-шарттарға қол қойылды.

Қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламаға шарттар мен механизмді жетілдіру жөніндегі өзгерістер енгізілді.

 
«2013 жылдың 6 айында шағын және орта бизнестің белсенді субъектілер саны 3 %-ға артып, 784 мың  бірлікті құрады. ШОБ секторында жұмыспен қамтылғандар саны 4,9%-ға артып, 2 591 мыңнан астам адамды құрады»,- деді Қ.Өскенбаев.

 

Оған қоса, ол ШОБ  субъектілерімен өнімдер шығару  0,9%-ға артып, 4,2 млрд теңгені құрағанын атап өтті.

 

Айта кету керек, қазіргі уақытта «Бизнестің жол  картасы - 2020» бағдарламасы бойынша қолдау көрсету шараларымен 36 мыңнан астам кәсіпкер қамтылған. 

 

Жалпы алғанда, бағдарламаны жүзеге асыру барысында үш бағыт  бойынша 2013 жылдың 1 шілдесіне жағдай бойынша субсидиялауға 147,6 млрд. теңге  сомаға 677 жоба мақұлданған. Төленген субсидиялар  көлемі 35,1 млрд теңгені құрады.

 

Бұдан өзге, несиелер бойынша кепілдік ұсынуға қатысты несиелердің жалпы сомасы 2,57 млрд теңге болатын 136 жоба мақұлданған, гранттар ұсыну бойынша жалпы сомасы 186,7 млн теңге болатын 63 өтінім мақұлданған. 

 

Елбасы Жолдауымен жүктелген міндеттер  бойынша, инновациялар енгізуді қолға  алған жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету шаралары әзірленді. Атап айтқанда, start-up жобаларға грант беру және кепілдендірілген тетіктерді қолдану мүмкіндігін қолдау бойынша шаралар қарастыру ұсынылды.

Оған қоса, шағын және орта бизнес үшін несиелерді кепілдендірудің жаңа жүйесі, «Бизнестің жол картасы-2020»  бағдарламасы шеңберінде бір салалы шағын қалалардағы шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жаңа бағыт әзірлеу мәселесі қарастырылды.

         Атап айтқанда, бір салалы шағын қалаларда өз қызметтерін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау бойынша салалық шектеулер алып тасталынды.

         Кәсіпкерлердің «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында бөлініп отырған кредиттік ресурстарға қолжетімділігін жақсартуға бағытталған басқа да өзгертулер енгізілді.

         Ел Үкіметі іске асырып отырған «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы экономиканың басым секторлары бойынша өңірлік бизнесті дамытуға бағытталған және Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың құралы болып табылады.

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының талдау маңыздылығын анықтау