Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы, оның мазмұны мен атқаратын қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 18:43, реферат

Краткое описание

Халықаралық бағалау стандарты қазіргі уақытта барлық елде бар және оның құрамына көп елдердің ұлттық стандарты кіреді. Қазіргі стандарттар мен жетекшіліктер қолдану және атқару бойынша коллективтік ойды өсіреді, бағалаушылардың тәжірибелер мен профессионалдық талқылаулары 40-тан астам мемлекеттерде бар.
Стандарттау дегеніміз тұтынушыға ең жақсы өнімді жеткілікті мөлшерде және анағұрлым қолайлы бағамен ұсыну үшін өнімнің ең жақсы сапасы мен өндірістің ең жақсы тәсілінің үйлесуі болып табылады. Сонымен қатар стандарттау барлық сұраныс жасайтын жақтарына пайда келтіретін белгілі саладағы іс-әрекеттерді ретке келтіру мақсатында белгіленіп қолданылатын ережелер жинағы болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Standart-1.docx

— 33.34 Кб (Скачать файл)

Техникалық  реттеудін  негізгі мақсаттары:

  1. Өнім, қызмет, үрдістің, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
  3. Саудадағы техникалық кедергіні жою.
  4. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату.

Техникалық реттеу келесі қағидаларға негізделген:

  1. Мемлекеттік техникалық реттеу заңының ортақтығы, біртұтастығы.
  2. Үрдіске, қызметке, өнімге қойылатын талаптар, бірдей терминдерді қолдану.
  3. Мемлекет пен қызығушы жақтардың қызығушылығына байланысты техникалық мақсатқа жету үшін техникалық реттеу үрдісін қатысып тең мүмкіндікті екі жаққа беру.
  4. Отандық импортталған тауарларға, үрдістеріне, қызметтеріне бірдей талап қойып белгіленген талаптар бойынша сәйкестігін растау.
  5. Техникалық реттеу және стандарттау саласындағы нормативтік құқықтық актілер дайындау барысында (қолдану) ғылыми техникалық жетістіктерді, халықаралық және аймақтық ұйымның стандарттарын ескеру.
  6. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттің экономикалық, материалдық техникалық даму деңгейіне сай болуы.
  7. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер, стандарттар, басылымдар, оларды дайындау реті.
  8. Қолдану мақсатында стандарттауды ерікті түрде таңдау.
  9. Сәйкестікті растау жүйесімен ережелерінің бірдейлігі.
  10. Бір ұйымның аккредиттеу және сәйкестік құжатын беру функциясын атқаруға мүмкіндік бермеу.
  11. Тұтынушы мен өндірушілерден сәйкестікті растаудағы ұйымның тәуелсіздігі.
  12. Сәйкестікті растау жұмыстарындағы бәсекелестікті шектеулерді болдырмау.

Қазақстан Республикасының  техникалық реттеу  жүйесін  реформалау жолдары. Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және өнеркәсіптер өнімдерін экспортқа бейімдеу саясаты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін унификациялауды талап етеді. Бұл Қазақстан Республикасының жуырда Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне де жол ашады. Осы талапты орындау тікелей Қазақстан Республикасындағы жүріп жатқан техникалық реттеу саласында қолданылатын стандарттау, сертификаттау жүйелерін және мемлекеттік қадағалау мен бақылау жүйелерін реформалап, саясатты толығымен өзгертуге байланысты.

Жалпы алғанда техникалық реттеу міндетті және ерікті талаптарды орнату, ережелерді, жалпы принциптерді, өнімдердің мінездемесін, үрдістерді (өндіру түрлерін) немесе қызметтерді, сәйкестікті бағалауды және міндетті талаптардың орындалуын бақылау  мен қадағалауға бағытталған  әрекеттерді көрсетеді.

Басқа да республикалардағыдай біздің елімізде де міндетті талаптарды айқындайтын көптеген құжаттар бар, олар қиындықтар туғызады. Мысалы: қызмет пен тауар өндірудегі отандық  өндірушілердің сыртқы сауда байланыстары. Солардың қатарында стандарттар, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыс нормалары  мен ережелері, фармакопеялық баптар, экологиялық, өрт сөндірушілік, мал  дәрігерлік, энергетикалық, транспорттық және т.б ережелер бар.

Міндетті құжаттардың  көптігі мен мемлекетаралық сәйкестікті  растау фирмаларының көп қолданылмауы отандық өндірушілерге тауар  өндіру кезінде көптеген қиындықтар туғызады және Қазақстанның сауда жөніндегі  шетелдік әріптестері жағынан түсінбеушілік  пайда болып, олардың сататын  тауарларының сапасы мен қауіпсіздігіне күмәндануына себеп болады. Мұндай техникалық реттеу жүйесі мемлекетаралық тәжірибеге де, ДСҰ келісімдеріне  де сәйкес келмейді. Олар: саудадағы  техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі  келісімдер, ТМД елдерінің бос  саудалау аймақтарындағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімдер. Ол елдерде  стандарттау ерікті пайдалануға  негізделген, ал міндетті талаптар бір  құжатта шоғырланған. Бұл құжаттар құқықтық деңгейіне қарамастан “Техникалық  регламент” деген жалпы атқа ие. Техникалық регламент, мысалы ретінде, Европалық одақтастықтың заңды  құрылымы: ЕС заңдары, ЕN директивалары немесе ЕС мемлекеттері үкіметтерінің жазбаларын айтуға болады.

Техникалық регламенттер өнімге қатысатын техникалық талаптардың  кешенді түрін не толық түрін  белгілейді. Дәл нормаларды, көрсеткіштерді, терминологияның түрлерін, бақылау  түрлерін жалпы түрде көрсетеді (тең сипатталған мінездемелерді көрсету арқылы және стандарттарға  сілтемелер жасаумен). Негізгі стандарттар  ерікті болып табылады, тек оларға сілтемелер жасалынған кезде ғана олар міндетті түрге ие болады. Сонымен  қатар дәлелдеуші база қызметін атқарып, өнім мен қызметтің техникалық регламентін  көрсетілген нормалар мен талаптарға сәйкестігін растайды.

Мемлекетаралық Техникалық реттеу жүйесіне техникалық нормаларды белгілеу, оларды бағалау мен растау жұмыстары кіреді. Осындай техникалық регламенттеудің жеңілдетілген  сызбасы бойынша баяғы кеңес  елдерінен басқаларының барлығы  дерлік жұмыс істейді.

Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен ішкі сауданы кеңейту үшін сәйкесінше жағдай жасау керек. Мемлекетаралық стандарттарға көшу өнімге сол деңгейдегі көрсеткіштер мен қасиеттер береді. Соның арқасында ол сыртқы нарыққа  шығуға мүмкіндік алады.

Өнім қауіпсіздігі мен  сапасын қамтамасыздандырудың құралы ретінде Қазақстан Республикасында  техникалық реттеу жүйесі пайдаланылуы тиіс. Қазақстан Республикасында  мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін  құру мен дамыту келесі негізгі бағыттарда іске асырылады:

  • жүйенің мақсаттары мен қағидаларын анықтау;
  • жүйенің құрылымдық элементтері мен ұйымдастырушылық құрылымын анықтау;
  • құқықтық және техникалық заңнамаларды құру;
  • техникалық регламенттерді әзірлеу мен қолдану саласындағы жалпы ережелерді анықтау;
  • мемлекеттік стандарттау жүйесінің жетілдіру бағыттарын анықтау;
  • сертификаттау жүйесін реформалау;
  • сертификаттаудан сәйкестікті растау механизміне өту;
  • мемлекеттік бақылау және қадағалау ұйымдарының жұмысын реформалау;
  • мемлекетаралық әріптестікті дамыту.

Техникалық реттеу жүйесін  дамыту келесі қағидаларға негізделеді:

    • стандарттау жөніндегі техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттар түрлері мен категорияларының бірлігі;
    • өнімге қойылатын талаптарды белгілеу ережелерінің бірлігі;
    • ДСҰ қойған талаптар мен халықаралық нормалармен үйлестіру;
    • ұлттық экономикаға, материалды–техникалық базаға және ғылыми–техникалық даму деңгейіне сәйкестік;
    • аккредитация мен сертификаттау ұйымдарының тәуелсіздігі;
    • бір ұйымға аккредитациялау және сертификаттау жұмыстарын қатар жүргізуге, аккредитациялау және сертификаттау саласындағы консалтингтік қызмет пен сертификаттау жұмыстарын бір ұйымның жүргізуіне тыйым салу.

Қазақстандық техникалық реттеу жүйесінің өндірісі дамыған  елдерінің аналогтық жүйелерімен  Еуропа стандарттарының деңгейіне  жетуге жасалған бірінші қадам –  Қазақстан Республикасының “Техникалық  реттеу туралы ” Заңы. Ол заң шектелген  сипатқа ие. Аталған заң отандық  нарықтағы мемлекеттің алатын орнын  анықтайды. Оның негізгі қызметі  – еліміздегі техникалық реттеу тәжірибесін  өзгертуге бағытталған қажетті  нормативтік – құқықтық актілерді  қабылдау кезінде құқықтық база рөлін  атқару.

Қазақстан Республикасының  “Техникалық реттеу туралы ” Заңында  өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуден басқа өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мәселесі қарастырылған.

Міндетті талаптардың  унификациялануы мен нормативтік  базалық жетілуі отандық өндірушілері мен олардың шетелдік әріптестеріне  ішкі бәсекелестікті көтере отырып, нарықта  белсенді жұмыс істеуге мүмкіндік  береді. Тұтынушының көңілінен шығу үшін өндірушілер амалсыздан өз өнімдерінің  сапасын көтереді. Сонымен қатар  міндетті талаптардың азаю есебінен болған нормативті базаның унификациясы іскер адамға ең керекті міндетті талаптар тізімін ғана көрсетеді. Сол  себептен ол өз құқықтарын әртүрлі  деңгейде қорғай алады, ал мемлекеттік  бақылаушыға іскерге қойылатын  міндетті талаптарды анықтауда жеңілірек  болады.

Міндетті талаптарды белгілеу өнімнің тұтынушымен қоршаған ортаға қауіп тигізуі мүмкіндігін зерттеп  бағалау негізінде жүргізіледі. Қауіптілікті бағалау салалық және фундаментальды ғылымды дамыта түседі. Нәтижесінде бәсекелестік көбейіп, өндірушілер жаңа өнім түрлерін шығарады, өнімдерінің сапасын көтереді, сату бағаларын біршама түсіреді, бұл  қарапайым тұтынушыға жақсы әсерін тигізеді.

Реформалаудың мәні міндетті техникалық регламенттер қауіпсіздік  деңгейін регламенттеп, ал стандарттар  нормалар мен көрсеткіштерді сынау  әдістемесін қамтуында. Қауіпсіз тауар  өндіру мен сапа саласына мемлекет пен іскерліктің араласу деңгейін қалыпқа келтіру мүмкіндігі туады.

Қолданыстағы нормалау жүйесін  реформалау, алдымен қарапайым тұтынушылар  үшін қолайлы. Оның себебі қауіпсіздік  нормаларынан тұратын нормативтік  құжаттар заң шығарушы базамен бір  құқықтың аумақта жұмыс атқаруы  тиіс. Сондықтан Қазақстан Республикасының сауда және өнеркәсіп министрлігінің метрология мен техникалық реттеу комитеті республика үкіметіне техникалық регламенттер кешенін құру туралы ұсыныс жасап, техникалық реттеу жүйесінің даму концепциясын жасады. Жасалған сараптаудың нәтижесінде техникалық регламент статусындағы бес заң шығару ұйғарылды. «Азық – түлік тағамдарының қауіпсіздігі туралы», «Көлік құрал-жабдықтардың қауіпсіздігі туралы»,  «Электромагниттік сәйкес келу туралы», «Ойыншықтың қауіпсіздігі туралы», «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы»”.

                               Қорытынды

 

   Нормативтік құжаттар мен заңдар мемлекетаралық техникалық реттеу жөніндегі және европалық аналогтарына, отандық және мемлекетаралық ғылым даму деңгейіне, техника мен технологиядағы жаңартуларға сай болуы керек.

Стандарттар техникалық реттеудің  негіздерінің бірі болып саналады. Оларда техникалық нормалардың ең жаңалары бекітілген, ал іскерлік – қауымдастық  сол мақсатқа жетуін көздейді. Дәл  осы сызба бойынша өндіріске  инновационды үрдістер енеді. Қолданыстағы стандарттарды мемлекетаралық стандарттармен үйлестіру дүние жүзілік нарықтағы сапа саласындағы потенциалды қажеттіліктерді ескеруге мүмкіндік береді. Осы және басқа да факторларды ескере отырып, стандарттарды мақсатты үйлестіру және жаңартуды техникалық нормаларда қарастырылған нормативтік құқықтық актілерді ескере отырып жасап және Қазақстан Республикасындағы стандарттау, сертификаттау, аккредиттеу жүйелерін дамыту жөніндегі бағдарламалар қабылдау керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Жоспары:

 

1) Кіріспе

 

2) Негізгі бөлім

  a) Нормативтік-құқықтық құжаттар

  б) Қазақстанда стандарттау жөніндегі норматитік құжат

  в)ҚР-ның «Техникалық реттеу туралы» Заңы

 

3) Қорытынды

4) Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер 
1. Шәбікова Г.Х., Оспанов Х.Қ., Сыздықов Р.Р., Сыздықова Л.И. Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері. - Алматы, 2002. 
2. Сергеев А.Г., Латышев М.В., Терегея В.В. Метрология, стандартизация и сертификация. – М., 2003 
3. Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" Заңы. - Астана, 1999. 
4. www.google.kz 
5. www.nur.kz 
6. www.egemen.kz


Информация о работе Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы, оның мазмұны мен атқаратын қызметі