Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 20:15, курсовая работа
Өндіріс – қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалды өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек заттарынан және белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайы анықтайды.
Кіріспе
Өндіріс – қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалды өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек заттарынан және белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайы анықтайды.
Қазіргі заманғы өндіріс,
ғылыми – техникалық процестің нәтижелерін
қолдану, соның ішінде автоматизацияландыру
арқылы дамиды. Әрбір өндірістік кәсіпорын
– цехтардан, учаскелерден, қосалқы
шаруашылықтардан, басқару және ұйымдастыру
шаруашылығы ұйымдарынан
Өнеркәсіптік кәсіпорындағы өндірістік құрылымның 3 түрі (типі) бар:
Өндірістік функция – өндірілетін өнімнің максималды көлемі мен берілген технология деңгейіндегі өндіріс факторларының физикалық көлемі арасындағы тәуелділікті сипаттайтын функционалдық өзара байланыс.
Негізгі қорлар дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық – заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи – заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнім мен көрсетілген қызметтерге көшіреді.
Негізгі қорлардың 2 түрі болады: өндірістік негізгі қорлар және бейөндірістік негізгі қорлар.
Негізгі қорларды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығында қайта өндірудің жағдайына байланысты бірнеше түрі болады. Олар – негізгі қорлардың бастапқы құны, өндіру кұны және қалдык құны.
Негізгі құралдар дегеніміз – өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп – бөліп есептелген амартизациялық материалдық активтерді айтады.
I. Өндіріс және өндірістік құрылым жайлы түсінік
1.1. Өндіріс құрылымының түрлері
Өндіріс – қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалды өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек заттарынан және белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайы анықтайды.
Қазіргі заманғы өндіріс, ғылыми – техникалық процестің нәтижелерін қолдану, соның ішінде автоматизацияландыру арқылы дамиды. Әрбір өндірістік кәсіпорын – цехтардан, учаскелерден, қосалқы шаруашылықтардан, басқару және ұйымдастыру шаруашылығы ұйымдарынан тұрады.
Өндірістік бөлімдердің жиынтығы, олардың саны мен өзара қарым – қатынастары және өндірістің көлемі мен жұмысшылардың саны кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның өндіріске байланысты бөлімдері: цех, участок, қызмет көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Өндірістік құрылым еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, табиғи байлық пен техниканы қолданудың экономикалық тиімділігін анықтауға ықпал жасайды.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік құрылымының бөлігі болып цех саналады. Цех – әкімшілік жағынан оқшауланған, жай өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын.
Цехтардың 3 түрі болады:
Негізгі цехтарда сатуға әзірленген дайын өнімдер шоғырланады. Көмекші цехтарға – құрал – жабдықтар, жөндеу жұмыстары, энергетикалық, көлік цехтары жатады. Қосалқы цехтарға – қайта өңдеу цехтары, шығарылған өнімді безендіретін қораптар мен басқа да жұмыстар жатады (орау, жүктеу, тасымалдау, түсіру).
Цехтар – учаскелерден тұрады. Учаскелер 3 түрге бөлінеді:
Өнеркәсіптік кәсіпорындағы өндірістік құрылымның 3 түрі (типі) бар:
Заттай құылымды қолданған кезде кәсіпорынның негізгі цехтары мен учаскелерінің әрқайсысы белгілі бір өнімді, не болмаса белгілі бір бөлшектерді өндіруге маманданады. Заттай құрылымның көптеген пайдалы көрсеткіштері болады. Өйткені ол цехтардың арасындағы байланысты дамытады, өндіріс циклын азайтады, жұмысшылардың өнім сапасын көтеруге деген көзқарасын жақсартады. Соның арқасында өнім өндіру ұлғаяды, өндіріс шығындары азаяды.
Технологиялық құрылым қолданылғанда технологиялық процестің ретіне байланысты жұмыс орындалады. Өндірістік құрылымның бұл типі цехты не болмаса учаскені басқаруды оңайлатады және өндірістің бір номенклатуралы өнім шығарудан келесі номенклатуралы өнім шығаруына ықпал жасайды. Кемшіліктері: цехтардың арасындағы өндірістік қарым – қатынастардың күрделенуі, жоғары өнімді құрал – жабдықтар мен құралдар қолданудың мүмкіншілігінің жоқтығы жатады. Бұлардың бәрі еңбек өнімділігінің төмендеуіне, шығындар көлемінің өсуіне әсерін тигізеді.
Ал өндірістік құрылымның аралас түрі болса, заттай құрылымның да, технологиялық құрылымның да элементтерінен тұрады және бұл тип цехаралық тасымалдардың көлемінің азаюына, өнім өндірудің өндірістік циклының қысқаруына, еңбек жағдайын жақсартуға еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын азайтуға әсерін тигізеді.
1.2. Өндірістік функция
Өндірістік функция – өндірілетін өнімнің максималды көлемі мен берілген технология деңгейіндегі өндіріс факторларының физикалық көлемі арасындағы тәуелділікті сипаттайтын функционалдық өзара байланыс. Өндіріс көлемі қолданылатын ресурстардың көлеміне байланысты болғандықтан, олардың өзара тәуелділігін мына функционалдық байланыста жазуға болады:
Q = f (L, K, N, M),
мұндағы Q – берілген өндіріс факторларымен өндірілген өнімнің максималды көлемі; L – еңбек; K – капитал; N – жер; M – басқа да ресурстар; f – функция.
Берілген технология бойынша өндірістік функцияның бірқатар қасиеттері болады, олар өндіріс көлемі мен қолданылатын факторлардың саны арасындағы арақатынасты анықтайды. Өндірістің әр түрі үшін өндірістік функция да әртүрлі болып табылады, бірақ оларға тән ортақ жалпы қасиеттері бар. Сонымен, өндірістік функцияның негізгі қасиеттері мыналар болып табылады:
Өндірістік функцияны өндірістік кесте арқылы сипаттауға болады. Ал өндірістік кесте дегеніміз – бұл факторлардың әрбір үйлесімінде жүзеге асырылуы мүмкін өндірілетін өнімнің барынша үлкен көлемін анықтау үшін өндірістік функцияны сипаттайтын өндірістік тор.
1.3. Өндірісті ұйымдастыру түрі
Өндірісті ұйымдастыру түрі дегеніміз – өнеркәсіптік кәсіпорынды ұйымдастыру ерекшеліктері мен техникалық жағдайының жалпы сипаттамасын беру. Өндірісті ұйымдастырудың түріне көптеген фокторлар әсер етеді:
Өндірістің негізгі үш түрі болады:
Жеке – дара өндіріс – алуан түрлі және тұрақты емес номенклатуралы өнімдерді жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі. Мысалы: ірі турбиналар, кемелер, металлургиялық, кен жабдығы және т.б. Сондай – ақ, жеке тапсырыстар бойынша жеке тұтыну заттарын шығаратын тәжірибелік заводтар, кәсіпорындар жеке дара өндіріске жатады.
Ерекшеліктері:
Сериялық өндіріс түрі
кең номенклатуралы, біртектес өнімдерді
бір уақытта сериялармен
Негізгі ерекшеліктері:
Түрлері – ұсақ сериалы, орташа сериялы, жаппай сериялы өндірістер. Мысалы: самолет шығаратын, мотор шығаратын заводтар.
Жаппай өндіріс – өндірісті мамандандырудың ең жоғарғы сатысы. Мысалы: автомобиль, трактор заводтары. Бұл түрі бойынша әртүрлі өнімдер бір уақытта үзіліссіз шығарылып отырады.
Ерекшеліктері:
1.4. Өндірістік құрылымның даму жолдары
Өндіріс құрылымына мынадай факторлар әсер етеді:
Информация о работе Өндірісті басқару және кәсіпорын экономикасы