Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 08:21, дипломная работа
Кәсіпорын дұрыс жұмыс жасап, ары қарай дамуы үшін ол табыс тауып, ақшалай қаражыттарын өсіруі қажет.
Кәсіпорынның қызметіне байланысты табысты өсірудің негізгі факторы болып, өндірілетін өнім көлемінің өсуі, оның өзіндік құнының төмендеуі, сапаның жоғарлауы, ассортименттің жақсаруы, өндірістік қорларды тиімді пайдалануды көтеруі және өнімділігінің өсуі болып табылады.
КІРІСПЕ 3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономикалық тиімділіктің мәні, түрлері және факторлары 5
1.2 Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі 11
2 «ФЛАМИНГО 19» ЖШС-НІҢ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІНЕБАҒА БЕРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы құрылыс саласының даму тенденцияларын талдау 22
2.2 «Фламинго-19» ЖШС-нің экономикалық тиімділігін талдау 30
3 ҚР ҚҰРЫЛЫС КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Құрылыс кәсіпорындарының тиімділігін арттырудың шет елдік тәжиребесі 38
3.2 Құрылыс кәсіпорындарының экономикалық тиімділігін арттыру 47
ҚОРЫТЫНДЫ 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61
3.3 Кәсіпорынның рентабельдігін арттыру және өнімнің өзіндік құнын төмендету
Кәсіпорынның жалпы рентабельділігі оның барлық активтерінің (сандық тұрғыдан баланс валютасының) табыстылығымен сипатталады. Ал кәсіпорын рентабельділігін арттыру жолдарын табу үшін оған әсер ететін факторлық көрсеткіштерді қарастыру қажет. Кәсіпорын рентабельділігінің деңгейі таза табыс көлемімен тікелей байланысты. Дегенмен оны алынған таза табыстың абсолютті шамасымен теңестіруге болмайды, себебі таза табыстан басқа оған әсер ететін факторлар жетерлік.
Кез келген кәсіпорынның қалыпты қызмет етуі таза табысқа байланысты. Себебі таза табыс кәсіпорынға келесідей шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
Сонымен қатар,
кәсіпорын табысы мемлекет
Тәжірибеде табыстың екі функциясын бөліп көрсетеді – қоғамдық өндіріс тиімділігінің өлшеуіші және ынталандырушы функция.
Қоғамдық өндіріс тиімділігінің өлшеуіші ретінде таза табыс пен рентабельділік кәсіпорынның оңтайлы қызмет етуінің негізгі көрсеткіштері болып табылады және де кәсіпорынның жаңа нарықтарға шығу, капиталды бір саладан басқасына құю, тағы сол сияқты маңызды мәселелердің шешілуін анықтайды.
Кәсіпорын рентабельділігінің деңгейіне өткізілген өнімнің толық өзіндік құнының бір теңгесіне келетін табыс, материалдардың айналымдылық коэффициенті және материалдар құнының қысқа мерзімді активтер құнындағы үлесі көрсеткіштерінің әсері айтарлықтай. Демек, кәсіпорын өнімді өткізуден түскен табыс, өндірілген өнімнің өзіндік құны, кезең шығыстары, қысқа мерзімді активтер көлемі, тауар өндірісіне қажетті материал құны сияқты көрсеткіштерге баса назар аударуы қажет.
Өнімді өткізуден түскен табыс өткізілген өнім көлеміне тікелей байланысты, ал өткізу көлемі көбінесе кәсіпорын өндіретін тауарға деген тұтынушылар сұранысына байланысты., яғни бұл көрсеткіш негізінен сыртқы факторлар әсерінен көп өзгереді. Дегенмен кәсіпорын оған мүлдем ешқалай әсер ете алмайды деген түсінік қате, себебі егер кәсіпорын өз өнімінің сапасын жоғарылатса, тұтынушыларға белгілі бір жеңілдіктер қарастырса, өткізу көлемін өсіру әбден мүмкін. Бірақ біздің жағдайда «Фламинго 19» ЖШС-нің өніміне сұраныстың соңғы жылы төмендеуі белгілі объективті себептермен байланысты.
Кәсіпорын рентабельдігіне әсер ететін келесі көрсеткіш – кезең шығыстары. Кезең шығыстары өнім өндіру процесіне тікелей қатысы жоқ өндірісті басқарумен, ұйымдастырумен байланысты пайда болады. Олар үш топқа бөлінеді:
Талдауға алынып отырған соңғы үш жылда кәсіпорынның кезең шығыстары төмендеуде.
Қысқа мерзімді активтер кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуінде маңызды орын алады. Қысқа мерзімді активтердің жалпы активтердегі үлесі 0,5-тен кем болмауы кәсіпорын үшін маңызды, яғни бұл оның міндеттемелері бойынша тез арада есеп айырысу мүмкіндегін көрсетеді. Талданып отырған кәсіпорында соңғы жылдары қысқа мерзімді активтер көлемінің қысқаруы байқалуда. Бұл, бір жағынан, өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты қорлар көлемінің қысқаруымен, екінші жағынан, дағдарыс салдарынан негізгі ірі сатып алушыларда ақша қаражаттарының жетіспеушілігінен аталмыш кәсіпорында да ақша қаражаттарының қысқаруымен түсіндіріледі.
Соңғы көрсеткіш – материал құны. Ол өндірілген өнімнің өзіндік құны құрамында есепке алынады.
Сонымен, құрылыс матеиалдары нарығында қазіргі кезде орын алып отырған жағдайды ескере отырып қорытындылайтын болсақ, кәсіпорын рентабельділігін арттырудың келесідей жолдарын ұсынуға болады:
Жалпы өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесінде өнімнің өзіндік құны алдыңғы қатарлы орынды алады. Экономикалық категория ретінде өнімнің өзіндік құны бірқатар маңызды функцияларды атқарады:
Өнімнің өзіндік құнының келесідей түрлерін ажыратады: цехтық, өндірістік және толық. Цехтық өзіндік құн өнім өндірісімен тікелей байланысты цехтағы шығындарды сипаттайды. Ал өндірістік өзіндік құнға цехтық шығындармен қатар, жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындар кіреді. Толық өзіндік құн өндірістік өзіндік құн, өндірілген өнімді өткізуге кеткен шығындар және кезең шығыстарының қосындысымен анықталады.
Бұл шығындардың көлемі тауар өндірісіне қажет ресурстар бағасына, сонымен қатар, оларды өндіріс үрдісінде пайдалану технологиясына байланысты.
Өндірістік ресурстар бағасы кәсіпорын қызметіне байланысты емес. Ол сол ресурстарға деген нарықтағы сұраныс пен ұсыныс әсерінен қалыптасады. Сондықтан кәсіпорын үшін шығындар қалыптасуының технологиялық аспектісі аса маңызды, себебі ол бір жағынан өндіріс үрдісінде жұмсалатын ресурстардың көлемін, екінші жағынан сол ресурстарды пайдалану сапасын анықтайды. Кәсіпорын технологиялық тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да тиімді болатын өндіріс әдісін таңдауы қажет.
Әрбір кәсіпорын өндірістің ең аз шығындарын қажет ететін техникалық тиімді өндіріс үрдісін таңдауға тырысады. Өндірістік шығындар тікелей кәсіпорынның өзінде пайда болатындықтан кәсіпорында қалыптасқанөндіріс жағдайларын сипаттайды. Сондықтан бір салады жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік шығындары немесе өндірілетін өнімдерінің өзіндік құндары әртүрлі. Өндірілген өнімнің нарықтық бағасы қоғамдық және орташа салалық шығындар негізінде қалыптасатындықтан әрбір кәсіпорын пайда алу мақсатымен өз шығындарын қоғамдық және орташа салалық шығындар деңгейінен төмен етуге ұмтылады.
Өндірістік шығындарды азайту өндірісте қолданылатын еңбек және материалды ресурстарды үнемдеуге сайып келеді.
Өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендету мен еңбек өнімділігін өсірудің әртүрлі жолдары бар. Олардың ең тиімдісі - өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру, прогрессивті, өнімділігі жоғары технологияларды жасап шығару мен өндіріске енгізу, ескірген құрал-жабдықтарды ауыстыру және модернизациялау. Дегенмен қолданылатын техника мен технологияны жетілдіру бойынша шаралар өндіріс пен еңбек жағдайларын жақсартусыз қажетті оңды нәтиже бермейді. Еңбек өнімділігін өсіруде жұмыс орнын дұрыс дайындау, құралдардың өндірістік қуатын толық пайдалану, жалпылай айтқанда, еңбекті дұрыс ұйымдастыру маңызды орын алады.
Кәсіпорын сатып алатын шикізаттар мен материалдар партиясы неғұрлым үлкен болса қорлардың орташа жылдық көлемі мен оларды сақтау шығындары да соғұрлым көп болады. Дегенмен, шикізаттар мен материалдарды үлкен партиямен алудың өз артықшылықтары бар, мәселен, алынатын тауарларға тапсырыс берумен, оларды жеткізумен байланысты шығындар азаяды. Осыған байланысты сатып алынатын шикізаттардың оптималды көлемін анықтау қажеттігі туады. Оны анықтау үшін кәсіпорын өндіру жоспарланатын өнім көлемін негізге алады. Ал өндірістің оптималды көлемі өткізу көлемімен анықталады. Өткізу көлемі, өз кезегінде, өнімге деген нарықтағы сұранысқа байланысты.
Өнімнің өзіндік құны үнемі өзгерісте болады, оған төмендегідей факторлар әсер етуі мүмкін:
Талданып отырған жылдары «Строительная Инициатива» ЖШС-де өндірілген тауарлы өнімнің өзіндік құны төмендеп келеді, себебі өндіріс көлемі сұраныстың қысқаруынан азайтылуда. Кәсіпорын өндіретін негізгі тауар, жоғарыда айталғындай, силикатты кірпіш болып табылады. Өндірілетін өнімдің өзіндік құнының құрылымын анықтау үшін силикатты кірпіштің дайындалу технологиясы жайлы қысқаша айтып өту қажет. Силикатты кірпіш 90%-ға кварц құмынан, 10%-ға әктен және судан тұрады, сонымен қатар оның құрамына әртүрлі атмосфера мен сілтіге төзімді пигменттер қосылуы мүмкін. Пигменттер қосылған кірпіш түсті кірпіш болып табылады. Алдымен бастапқы шикізаттарды арнайы силостарға салады, онда ылғалдың әсерімен әк қайнайды және біртекті силикатты мәсса пайда болады. 7−8 сағаттан кейін силикатты масса арнайы пішіндерге салынып пресстеледі.
Қорытындылайтын болсақ, кәсіпорын өндірілетін өнімнің өзіндің құнын төмендету үшін келесідей шараларды жүзеге асыру қажет:
ҚОРЫТЫНДЫ
Нарықтық қатынастарға ауысу экономикада терең өзгерістер жасауды талап етеді, себебі экономика адамзат қызметінің шешуші саласы болып табылады. Атап айтқанда, өндірісті интенсификациялау, әрбір кәсіпорын қызметін экономикалық өсудің сапалық факторларын пайдалануға бағыттау қажет. Себебі нарық жағдайында өндірістік күштері мен қатынастары жан−жақты дамыған, шаруашылық механизмі жақсы қалыптасқан, ұйымдастырушылық деңгейі мен қызметінің экономикалық тиімділігі жоғары субъектілер ғана өз қызметін оңтайлы жүзеге асыра алады.
Кәсіпорынның экономикалық тиімділігі оның қызметінің табыстылығымен анықталады. Әлемдік тәжірибеде экономикалық тиімділікті жан−жақты сипаттайтын бірегей көрсеткіш жоқ. Кәсіпорынның экономикалық тиімділігі оның шаруашылық қызметін әр қырынан сипаттайтын көрсеткіштер жүйесімен бағаланады. Дипломдық жұмыста кәсіпорынның экономикалық тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің бес тобы қарастырылды:
Дүниежүзілік қаржы дағдарысы салдарынан соңғы жылдары құрылыс материалдары нарығында сұраныс күрт төмендеп кетті. Сол себепті кәсіпорынның табысы кемуде. Сәйкесінше рентабельділік көрсеткіштері де жылдан-жылға азаюда. Кәсіпорын рентабельділігі мәселесі жұмыстың үшінші бөлімінде талданды.
Дипломдық жұмыс бойынша мынандай ғылыми нәтижелер анықталды:
Информация о работе Құрылыс кәсіпорынының экономикалық тиімділігін арттыру