Құқық және экономика негіздерінің сабақтарында оқытудың интерактивті және проблемалық әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 18:20, курсовая работа

Краткое описание

Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Казақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі — білім беру бағдарламаларын менгеру үшін жағдайлар жасау керек» - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ...........................................................................................4
1 Құқық және экономика негіздерінің сабақтарын оқыту үрдісінде интерактивті экранды қолдану әдістемесі.................................4
2 "Экономикалық білім негіздері" курсының ерекшеліктері.......10
3 Құқық негіздерінің сабақтарында қазіргі замандағы құқықтың мазмұның анықтау.............................................................................19
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................22

Вложенные файлы: 1 файл

құқық және экономика.doc

— 308.00 Кб (Скачать файл)

Мектепте экономикалық білім негіздерін оқытудың басты мақсаты — оқушыларды экономикалық мәдениет пен қоғамдық экономикалық даму заңдылықтарымен таныстыру, еңбек ете білуге және рухани материалдық құндылықтармен қамтамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға тәрбиелеу.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында білім мазмұнының жаңа жүйесі жасалуда. Жүргізіліп жатқан реформалардың ерекшелігі сол, онда мектептегі білім беру тарихындағы мол мұралар қолданылып, білім берудің әдістемесіне, құқықтық негізіне қатысты базистік қондырмалар қайта қаралуда.

Қазіргі мектептің дәстүрлі мектептерден айырмашылығы — оқушылардың бейімділіктеріне қарай бағдарлы, сатылы білім алуына мүмкіндік тудыру үшін жүйелі курсты оқытудың 9-сыныпта аяқталуы.

Мектептің жаңа моделі мен жаңа білім  мазмұнын өмірге ендірудің алғашқы жұмыстары жалпы институт қабырғасында дайындалған, министрлік алқасында бекітілген концептуальды-нормалық құжаттар болып табылады.

Олар „Жалпы білім беретін мектептер  дамуының тұжырымдамасы", жалпыға бірдей орта білім беру мазмұнының тұжырымдамасы, 1996 жылы бекітілген „Жалпы білім беретін мектептердің базистік оқу жоспары", „Бастауыштағы білім берудің мемлекеттік стандарты", „Қазақстан Республикасындағы орта білім беру стандарты" және 1998 жылғы тамызда бекітілген "Бастауыш пен негізгі мектептегі барлық пәндердің оқу бағдарламаларың болып табылады. Жалпы білім беруді реформалаудағы негізгі мақсаттардың бірі — өскелең ұрпаққа мектеп реформасының концептуальды-нормалық негізіне   сәйкес келетін төл оқулықтар шығару.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасы үкіметінің 26.09.96 жылғы № 1173 қаулысымен „Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешенін дайындау және іске асырудың мақсатты бағдарламасы" қабылданды және Бағдарламаның іске асырылу Жоспары бекітілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен Бағдарлама жоспарындағы оқулықтар дайындау жұмысы Ы. Алтынсарин атындағы ҚБА ОБИ-ға жүктелді. Сол себептен институтта Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен 1996 жылы конкурстық негізде бастауыш сыныптың оқулықтары мен оқу әдістемелік кешендерін /ОӘК/ жазатын авторлар ұжымы   құрылды.

Бағдарламаны іске асыру жоспарына  сай 1997 оқу жылынан бастап бірнеше  сараптаудан өткізілді, оқу әдістемелік  кеңестің шешімінен соң Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алқасы бекіткен мемлекеттік стандарт пен жаңа білім мазмұнына сай бастауыш сыныптың барлық пәндері бойынша төл оқулық ОӘК-тен жалпы тиражбен жарық көре бастады.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің 2000 ж. 24 ақпандағы „Экономикалық білім негіздерін мектепте оқыту" атты №155 бұйрығына сәйкес „Экономикалық білім негіздерінен" оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі танда республика мектептерінің 1—7-сыныптары түгел жаңа буын оқулықтарымен оқып жатыр. 8—9-сынып оқулықтары мен ОӘК-інің қолжазбалары дайындалып, республикада сынақ мектептерде эксперименттік сынақтан өтуде. "Экономикалық білім негіздерінен" 5—11-сынып оқулықтары мен жұмыс дәптерлері дайындалып, сынақ мектептерінде эксперименттен өтті.

Білім мазмұнын жаңарту барысында оқу-тәрбие барысының теориялық және практикалық жағынан көптеген өзгерістер, мінез-құлық пен қатынастардағы өзгеріс, яғни білім мазмұны парадигмасының ауысуы жүзеге асырылады.

Білім мазмұнының жүйесін реформалау барлық оқу пәндері бойынша Қазақстанның педагог-ғалымдары мен мүғалімдері, әдіскерлері жасаған жаңа оқу-әдістемелік кешені арқылы жүргізілуде.

Мектеп оқушыларына экономиканы оқытудың жалпы және жеке мақсаты мен міндеттері, мазмұны құрылымын жасау мен іріктеу принциптері, зерттеу объектілерінің сипаты, яғни экономикалық ұғымдар мен оқытуды ұйымдастыру түрлері мен құралдары, әдістерінің ерекшеліктері, оқытудың нәтижелеріне қойылатын талаптар ресми құжаттар болып табылатын мемлекеттік стандарт, типтік бағдарламалар сияқты құжатгарға сәйкес келеді.

Дәстүрлі оқулықтардан „жаңа буын" оқулықтарының айырмашылығы неде?

Біріншіден, дәстүрлі оқулықтар мен әдістемелік құралдар алты жастан оқытуға байланысты балалардың психологиялық, физиологиялық, биологиялық және жас ерекшеліктеріне қарай жасалған. Жаңа буын оқулықтары жеті жастан бастап оқытылатын балалардың ерекшеліктеріне сәйкес келеді.

Екіншіден, білім берудегі барлық пәндердің өзара пәнаралық байланыстары жүзеге асырылады.

Үшіншіден, дамыта оқытудың мүмкін варианттарының бірі берілген.

Төртіншіден, ұлттық және аймақтық ерекшеліктер ескерілген.

Жаңа буын оқулықтарын  жасауға кезеңдеп жүргізілген нақты экспериментальды жұмыстардың ықпалы болды. Экономика курсының мазмұны еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәдени, тарихи, аймақтық және басқа да ерекшеліктерін бейнелеу тиіс екендігі, ал экономикаға окыту әдістемесінде этнопедагогика элементтері болу қажеттілігі туралы қорытындысы осы эқсперименттің нәтижесі болып табылады. Бастауыш сынып оқулықтары мектеп тәжірибесіне енгізілді. Бастауыш сынып оқулықтары мазмұнына экономикалық түсініктер қажетті және жеткілікті түрде енгізілген. Бұл оқулықтар негізгі оқулық ретінде қазақ, орыс және ұйғыр тіліндегі мектептердің 1—5-сыныптарында қазір де қолданылуда.

Мұндай жүргізілген эксперимент негізінде курстың мазмұнын және оны оқыту технологиясын жетілдірудің негізгі бағыттары аныкталды.                                        

Негізінен бұл оқулықтар дамыта оқытуды жүзеге асыру мақсатында жасалды.

Ең алдымен мектепте білім берудегі экономика пәні бойынша дайындалған 5—11-сынып оқулықтарында берілген білім мазмұнында шығармашылық міндеттерді шешуді, қабілет дамытуды кең түрде қарастырғандығын атап көрсету керек.

Оқулықтың міндеттерімен  қатар курс мазмұны мұғалімнің оқушы мен жеке адамның іс-әрекетін, мәдени бағдарланған өзара әрекеттестігін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары дәстүрлі оқыту технологиясынан дамыта оқыту технологиясына ауысуға мүмкіндік береді. Авторлар жаңа буын оқулықтарды даярлауда дүниежүзілік, ТМД елдерінің, әсіресе Ресей тәжірибесін басшылыққа алып отыр.

Педагогика ғылымының  оқулықтану саласы бойынша басқа  елдердің озық іс-тәжірибелерін басшылықка алу қажеттілігін жоққа шығармаймыз.

Дегенмен барлық кезенде  бірдей кез келген мәселеде өзге жұртгың үлгісі кәдеге жарай бермейтіні кімге де болса аян. Олай дейтініміз: оқулықтану саласындағы ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, әлі күнге дейін авторларымыз жалтақтай қарайтын ресейліктердің өздері соңғы 20-30 жылда жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу үлгілерінің төмендеуінің басты себебі мектеп оқулықтарының сапасыздығынан дейтін көрінеді.

Әрине, оқулық жазу —  бұл аса күрделі мәселе, Ондай іспен заман талабын, қоғам қажеттілігін дәл сезінетін теоретик, педагог, тәжірибелі әдіскер айналысқаны жөн. Өйткені оқулық авторы тек қана сол пән ғылымын терең меңгеріп қана қоймай, оқулыққа қойылатын дидактикалық-әдістемелік талаптарды, оқушылардың дербес және жас ерекшеліктеріне сай бағдарламаға қойылатын міндеттерді тұжырымдап жүйелей алатын ұстаз болуы да шарт. Оқырмандардың көбі оқулықты ғылым негіздерімен таныстыратын құрал деп ұғып, үстірт қарайды. XXI ғасырдың басындағы корнекті педагог К. Д. Ушинскийдің пайымдауынша, оқулық дегеніміз ғылыми категорияларды педагогикалық категорияларға айналдыру арқылы өңделген құрал екен. Оқулықтанудың өзекті мәселелерімен айналысып жүрген белгілі педагог ғалымдарымыз Ә. Қ. Құсайнов  пен Ү. Ә. Асылов: „Оқулық оқу материалына онымен жұмыс істеу әдістемесін қоса ұсынады; яғни мүғалімге оку материалын қалай оқытып, меңгертудің, оқушыға ол материалды оқып, меңгерудің тәсілін береді. Басқаша айтқанда оқулықта білім беру мақсаттары мазмұн мен әдістер түрінде нақтыланады",— деп тұжырымдайды.

1996 жылы Қазақстан  Республикасы „Жалпы білім беретін  мектептерге арналған оқу-әдістемелік кешенді дайындау мен басып шығарудың мақсатгы бағдарламасы туралы" қаулысы жарияланғаннан кейін жаңа буын оқулықтарын шығарудың концепциясы жасалды. Содан бері төл оқулықтардың дүниеге келуі жедел қарқынмен дамуда. Солардың бірі - "Экономикалық білім негіздерінен" мектеп оқушыларына арнап дайындалған оқулықтар.

Білім берудің жаңа технологиялары кеңінен тарап отырған қазіргі заманда „Экономикалық білім негіздері" курсы оқулықтарының рөлі мен оған деген сұраныс күннен-күнге арта түсуде.

Қазақстанда жалпы оқулықтар  жасауды ғылыми тұрғыдан зерттеген еңбектер жоқтың қасы деуге болады.

Ал бұл мәселе Ю. К. Бабанский, В. В. Краевский, И. Я. Лернер, Н. Ф. Толызина, В. П. Беспалько, С. Г. Шоповаленко, Л. В. Занков, Д. Д. Зуев, т. б. көрнекті ғалымдардың қомақты еңбектерінде молынан көрініс тапқан. Осы еңбектерге сүйене отырып еліміздің әлеуметтік-экономикалық, ұлттық-аймақтық ерекшеліктерін ескеріп дайындалған "Экономикалық білім негіздері" оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарына тоқталайық.

Экономикалық білім  беруді нақты қолға алып жетілдіру  процесінде оқу-әдістемелік кешендері (ОӘК) маңызды рол атқарады. Мұғалім мен оқушыға экономика пәнінен оқулықтарды, әдістемеліктерді және оқу-көрнекілік құралдарды, дидактикалық материалдарды, түрлі анықтамалық құралдарды, сөздіктерді және тағы басқа оқу кітаптарын даярлап беру оқу тәрбиелік процестерді ұйымдастырудың қажетті шарттарының бірі болып табылатыны белгілі.

Экономикадан оқу-әдістемелік  кешенін біз төмендегіше ұсынып отырмыз:

1.  Оқулық

2.  Мүғалімдерге арналған  әдістемелік құрал

3. Дидактикалық материалдар

4.  Экономикалық  мазмұнды  есептер мен жаттығулар жинағы

5.  Сыныптан тыс  оқу кітабы (хрестоматия)

6.  Көрнекі құрал

7.  Жұмыс дәптері

8.  Тестік тапсырмалар  жинағы

9. Экономикалық олимпиада  есептері

10. Экономикадан анықтамалық

11.  Қызықты экономика

Бүл үсынылған оқулық пен ОӘК-інің әрқайсысы белгілі бір функцияларды атқарады. Оларға мыналар жатады: информациялық, жүйелендіру, пәнаралық және курсаралық байланысты ұйымдастыру, бекіту және тексеру, өздігінен білім алуды процессуалдық-ұйымдастыру, жетілдіру және тәрбиелеу. Бұл аталған функциялар әр түрлі көлемде, әр түрлі дәрежеде ерекше байланыста, сәйкестікте әрбір оқу басылымдарында  өздігінше іске асады.

Енді аталған ОӘК-інің кейбіріне  жеке тоқталайық.

Мұғалімдерге арналған әдістемелік көмекші құрал — әрбір сынып бойынша экономиканы оқып-үйретуге арналған оқу-әдістеме кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Оқу-әдістемелік кешендерді құрайтын басқа құралдарды үйлесімді пайдалануды жүзеге асыру тұрғысынан мұғалімдерге нақты көмек көрсетуді көздейді.

Әрбір сыныпқа арналған әдістемелікте сол сыныптағы экономикалық білім мазмұны және оны оқытып-үйретудің өзіндік ерекшеліктері, сондай-ақ сабақ барысында сол ерекшеліктерді жүзеге асыру жолдары қарастырылды. Мемлекеттік стандартта көрсетілгендей, әр сыныпта экономиканы оқытуға бөлінген апталық жүктемедегі уақытты ескере отырып дайындалған бағдарлама негізінде жазылған оқулықпен ОӘК-ін сабақ барысында тиімді қолдану, экономикалық білім мазмұнының сипаттамасы, экономикалық білім игерудегі білік, біліктілік және дағды қалыптастыру, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру, теориялық материалдарды қайталауға берілген сұрақтарға тиімді жауап беру тәсілдерін көрсету және т. б. жайында әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі. Сабақ өткізудің үлгілері ұсынылады.

Құралда мұғалімнің шеберлігін жетілдіру мақсатында экономикалық білімнің мазмұны және оны оқытып-үйретудің өзіндік ерекшеліктері сипатталады.

Оқыту мазмұны, оқыту әдістері және оларды балалардың жас ерекшеліктеріне орай қолдану жолдары да әдістемеде беріледі.

Кейбір күрделірек мәселелерді оқытудың әдістемесі, оқыту құраддарын пайдаланып ұйымдастырылатын жұмыс, оқу материалын тоқсандарға бөлу т. б. мәселелер қаралады.

Сонымен қатар, мұғалімге арналған әдістемелік құрал оқу-әдістемелік кешені ерекшеліктерін мұғалімнің жете түсінуіне, жан-жақты игеруіне көмектеседі, оқу нәтижесінің сапасын арттырады.

Дидактикалық материалдар —  экономикалық білім негіздері оқулығының негізінде алынған өзіндік, бақылау  және тестік жұмыстардың пысықтау сұрақтарының, қызықты есептердің жиынтығы болып табылады.

Мұндағы жұмыстар әр сыныптағы экономиканы оқьпудың жалпы тақырыптық жоспарына сәйкес жазылады. Оқу құралының мақсаты — мұғалімдерге жазба жұмыстарын жүргізуде әдістемелік көмек көрсету және оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптардың бағдарын анықтау. Өзіндік бақылау және тестік жұмыстардың мазмұны оқулықтағы теориялық материалдар мен жаттығулардың мазмұнымен  тығыз байланысты.

Оқу құүралының мазмұүнына енген жұүмыстарды толығымен орындау міндетті емес, яғни сыныптағы оқушылардың дайындығына қарай, өзіндік бақылау, тестік жұүмыстардың мазмұүнын күрделендіруге немесе жеңілдетуге (бірақ міндетті деңгейден төмен болмауы тиіс) болады.

Информация о работе Құқық және экономика негіздерінің сабақтарында оқытудың интерактивті және проблемалық әдісі