Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 18:20, курсовая работа
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Казақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі — білім беру бағдарламаларын менгеру үшін жағдайлар жасау керек» - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады.
КІРІСПЕ.........................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ...........................................................................................4
1 Құқық және экономика негіздерінің сабақтарын оқыту үрдісінде интерактивті экранды қолдану әдістемесі.................................4
2 "Экономикалық білім негіздері" курсының ерекшеліктері.......10
3 Құқық негіздерінің сабақтарында қазіргі замандағы құқықтың мазмұның анықтау.............................................................................19
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................22
Өзіндік жұмыстар тек оқыту сипатында, жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге берілді. Сондай-ақ, бұл дидактикалық материалдарға енген жаттығулар мен мысалдарды жеке оқушылармен жұмыс барысында, үй тапсырмасын беруде, сыныптан тыс жұмыс жүргізгенде пайдалануға болады жөне бұл тапсырмалар оқушылардың практикалық біліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Бақылау, тестік жұмыстар және пысықтау сұрақтары оқушылардың білімін тексеруге арналды. Олар белгілі бір теориялық материалдарды оқып үйренген соң, яғни әрбір тараудан соң жүргізілгені жөн. Бақылау және тестік жұмыстарды жүргізуде өзіндік жұмысқа қарағанда уақыт көлемі қатаң реттеледі. Енді дидактикалық материалдардың ішіндегі өзіндік жұмыстар мен теориялық материалдарды пысықтауға арналған сұрақтар, бақылау жұмыстары жөнінде жеке-жеке тоқталайық.
3 Құқық негіздерінің сабақтарында қазіргі замандағы құқықтың мазмұның анықтау
Қүқықтың заңды типологиясы, оның түсінігі мемлекет және құкық теориясының аса күрделі категорияларына жатады. Құқықтың заңды типологиясының ерекшеліктері қоғамның экономикалық формациясының сипатымен, мазмұнымен анықталады. Заңды типология қоғаммен бірге үзіліссіз объективтік даму процесінде болады. Бұл процесте коғамның мазмұны өзгерсе соған сэйкес қүқықтың заңды типологиясы да өзгереді. Құқықтың түрлерін анықтау, типке жіктеу оның тарихи даму процесін дұрыс түсіну үшін қажет.
Қазіргі заманда құкықтың мазмұнын анықтап, түрге жіктеудің екі жолы бар: формациялық және цивилизациялық. Кеңестік дәуірде елімізде формациялық бағытты қолданып, құқық пен мемлекеттің типологиясын марксистік теорияның пікіріне сәйкес түсініп келдік. Бұл теорияның пікірі бойьшша қүқық пен мемлекеттің мазмұны, нысаны, түрі қоғамның эко-номикалық базисына байланысты. Қоғамның диалектикалық даму процестер формациясында әртүрлі экономикалық базис болады.Соған сәйкес мемлекет пен құқықтың мазмұны да өзгеріп отырады - деп түсіндіреді марксизм.
Сонымен, қазіргі замандағы құқық пен мемлекет мазмұны да, типо-логиясы да көп өзгеріске ұшырады. Олардың қанаушылық, таптық маз-мұндары бірте-бірте азаюда, жойылуда. Таптардың, топтардың ара қаты-насындагы кайшылықтар бейбітшілік жолмен тіл табысып, шешімін табуда. Таптық, қанаушылык, құқық пен мемлекет әлеуметтік қүқық пен мемлекетке айналуда.
Адам қоғамының даму процесінде бір-бірімен байланысты миллиондаған қарым-қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективтік диалектикалық процесс. Осы процесті реттеп-басқару барысында қоғамдағы құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де ескіріп, жаңарып, дамып отырады.
Сондықтан, құқық қогамдағы нормативтік актілердің тек жиынтығы ғана емес. Ол қоғамның, әр саласына сәйкес объективтік, диалектикалық даму процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі кұқық процесі сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге қоғамның салалық-жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын реттеп-басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін жаңартып, кемшіліктерін толықтырып құқықтық нормаларды қоғамның, объективтік процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылыққа құқықтың құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс.
Құқық жүйелерінің өзіне тән белгілері:
Бірінші - құқық, қоғамның объективтік - диалектикалық даму процесіне сәйкес қалыптасқан нормативтік актілердің бірлігі және құқықтың, қоғамның даму процесін реттеп, басқаруы. Құқық жүйелері субьективтік жолмен қалыптаспайды, сондықтан бұл жүйелер бір-бірімен объективтік тығыз байланыста, қатынаста болады. Қоғамның дамуына жақсы әсер етеді. Егерде қоғам мен құқықтың объективтік байланысы, қатынасы дұрыс дамымаса қоғам дағдарысқа ұшырайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетіндегі болып жатқан саяси және құқықтық өзгерістерді көбірек қамтып зерттеп отырған жөн. Республиканың жаңа Конституциясына (1995 ж.) сәйкес мемлекет пен құқығымыздың мазмұнына, нысанына, қағидаларына, ерекшеліктеріне, функцияларына ғылыми сипаттама беріліп тұру керек. Қазір құқықтық өмірді қайта түлету, дүниежүзілік ғылыммен бірлесу процесіне молырақ көңіл бөлініп тұрады
Бүгін өз ана тілімізде оқып, жоғары білім алатын күн туды. Мемлекет және құқық теориясының күрделі тақырыптары бойынша қазақ тілінде рефераттар, курстық жұмыстар, баяндамалар дайындау, ғылыми конференциялар ұйымдастыру, сынақ, емтихан тапсыру студенттердің басты жұмыстары.
Экономика пәнінің оқулығы оқу-әдістемелік кешенінің өзегін құрайды. Оқулық оқыту процесінде оқушылардың саралау тәсілін қамтамасыз етеді, экономикаға қызығушылығы мен экономикалық қабілетін дамытуды, мұғалім және оқушы қызметін тиімділендіруді жүзеге асырады.
Қазіргі кезеңде ТМД елдерінде заң ғылымы бір идеологияның құрсауында болудан бостандық алып, дүниежүзілік ғылыммен қауышып, мемлекет және құқық теориясын жан-жақты дамытуға мүмкіншілік қалыптасып, бұрынғы жіберілген қателіктерді, кемшіліктерді түзетуде, Біз тоталитарлық, әкімшілік - әміршілік басқару жүйесінің бұғауындағы мемлекеттік және құқықтық теориядан қазіргі дәуірде толық түрде арылуды ескере отырып, шындық теорияны жазуды мақсат еттік. Кеңестік заң ғылымында болған жетістікті және кемшілікті бүркелемей, әділ жазуға тырысылады.
Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеудің жақсы дамуы мемлекеттің, бірлестіктердің, саяси ұйымдардың, дұрыс әділетті жұмыс жасауының сипаттамасы; халықтың бостандығы, тетігі дамып, жеке адамның, қоғамның мүдде-мақсаттары бірігіп қалыптасуының сипаттамасы.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ