Кәсіпкерлік тәуекелді төмендетудің негізгі механизмдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2014 в 22:40, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың басты мақсаты кәсіпкерлік тәуекелді нарықтық қатынастар жағдайындағы шешуші элементі ретінде қарастырып, кәсіпорын қызметін реттеудегі роліне көңіл бөлу, кәсіпкерлік тәуекелді басқаруды кәсіпорын қызметінің басты тетігі ретінде қарастыру.Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер алға қойылады:

• кәсіпкерлік тәуекел мен оны басқарудың теориялық аспектілерін ашып көрсету;

• кәсіпкерлік тәуекелді кәсіпорын қызметінің басты тетігі ретінде қарастыру;

• кәсіпкерлік тәуекелдің деңгейіне әсер етуші факторларды анықтау;

• кәсіпкерлік тәуекелдерді бағалау қажеттілігін анықтау;

Содержание

Кіріспе


І-ТАРАУ. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері

1.1.Кәсіпкерлік тәуекелдің классификациясы

1.2.Кәсіпкерлік тәуекелдің деңгейіне әсер етуші факторлар


ІІ-ТАРАУ. "Алматы №1 Сыра өндіру зауытының" қызметін талдау

2.1. Кәсіпорынның өндірістік- шаруашылық сипаттамасы

2.2. Кәсіпкерлік тәуекелділікті бағалау

2.3. Кәсіпкерлік тәуекелділікті басқару


ІІІ-ТАРАУ. Кәсіпкерлік тәуекелді төмендетудің негізгі механизмдері


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Уйым жане кас!пкерл!к.docx

— 69.43 Кб (Скачать файл)
  1. тәуекелділіктің бір түрінен бас тарту біркелкі немесе үлкен деңгейдегі тәуекелдердің пайда болуына әкелмейді;
  2. тәуекелділік деңгейі кәсіпкерлік мәміле немесе жалпы қызметтің табыстылығынан анағұрлым жоғары болады;
  3. кәсіпкерлік фирма берілген тәуекелден болатын қаржылық жоғалтуларды өзінің жеке ақша қаражаттары есебінен жаба алмайды, себебі мұндай жағдайда жоғалтулар тым жоғары.

Әрине, фирма кәсіпкерлік тәуекелділіктердің барлық түрлерінен бас тарта алмайды, олардың көп бөлігін «өзіне қабылдайды», яғни тәуекелдер салдары орны толмайтын жоғалтуларға әкеліп ,шығындарға ұшырағанша кәсіпкер саналы түрде тәуекелге барады және бизнесін жалғастырады. Кейбір тәуекелдер мүмкін болатын табыс әлеуеті болғанда қабылданады, ал кейбіреулері құтылуға болмайтындықтан қабылданады.

Ресей мемлекетінде фирманың кәсікерлік қызметін жүзеге асыруда  кездесетін тәуекелдерді бейтараптандырудың келесі тәсілі қолданылады – бұл  тәуекелділікті партнерларға жеке мәмілелер бойынша немесе келісімшарт жасасу арқылы шаруашылық операцияларға трансферттеу немесе өткізу. Мұндай жағдайда шаруашылық партнерларға кәсіпкерлік тәуекелдердің салдарын бейтараптандыру мүмкіндігі бар ғана бөлігі өткізіледі яғни ішкі сақтандыру қорғанысы жүргізілетін тиімді мүмкіндіктері бар. Тәуекелдерді басқарудың қазіргі кездегі тәжірибесінде қаржылық тәуекелдерді өткізудің кең таралған келесі бағыттары қолдануда :

  1. Факторинг келісімін жасасу арқылы тәуекелдерді өткізу. Берілген жағдайдағы өткізудің негізі болып кәсіпкерлік фирманың несиелік тәуекелі болып табылады, яғни оның артықшылық бөлігі коммерциялық банкке немесе мамандандырылған факторингтік компанияға өткізіледі. Бұл фирмаға несиелік тәуекелдің негативті қаржылық салдарын кең деңгейде бейтараптандыруға мүмкіндік береді .
  2. Өкілеттіліктің келісім жасасуы арқылы тәуекелдерді өткізу.Өкілеттіліктің келісім жасасуы ГК РФ 361- бабында бекітілген Ресей заңнамасында қарастырылған. Келісім күшінде өкілеті адам үшінші жақтағы кредитор алдында соңғысының міндетері толық немесе бөлшекті орындалуына жауап береді. Кәсіпкерлік фирма өкілеттілікті қарыз капиталын алу үшін қолданады және өкілетті адам алдында келісімшарттың орындалуына толық жауапты болады.Осылайша , фирма – кредитор кредитті қайтармау және осымен байланысты болатын жоғалтуларды өкілетті адамға өткізеді.
  3. Шикізат және материалдарын тәуекелдерді өткізу.Берілген жағдайда тиеу және түсіру жұмыстары кезінде мүлікті бүлдіру немесе жоғалтумен байланысты болатын тәуекелдер негіз болады. Бірақ тауардың нарықтық бағасының түсуімен байланысты жоғалтулар үшін жеткізудің кешіктірілуімен болған жағдайда да кәсіпкерлік фирма жауапты болады.
  4. Биржалық мәмілелер жасасу арқылы тәуекелдерді өткізу . Бұл тәуекелді өткізу тәсілі хеджиралау жолымен жүзеге асырылады.Жалпы алғанда, екі жақ жасасқан келісімшартта контрагентке нақты немесе барлық тәуекелдерді өткізу спецификалық жағдай туралы айтылса ғана жүзеге асырылады. Тәуекелді өзіне қабылдаған жақ жауапкершілігін сақтандырғаннан кейін екінші рет өткізе алады.

 
Өзінің салдары қатысты ең қауіпті  деп есептелінетін тәуекелдерді бейтараптандыру сақтандыру жолдары арқылы жүзеге асырылады. Жалпы бұл тәуекелді өткізу болып саналады. Кәсіпкерлік тәуекелділікті өзіне сақтандыру компаниясы қабылдайды. Ресей заңнамасында келесі жағдайларды сақтандыру мүмкіндігі көзделеді : келісімшартта талқыланған жағдайлар нәтижесінде болатын өнім көлемінің қысқаруы немесе өндірістің тоқтауы, банкроттық, көзделмеген шығындар,контрагенттің мәміле бойынша кредитор болып саналатын сақтандырылған жаққа келісім міндеттемелерін орындамауы, сақтандырылған жақтың соттық шығындарға ұшырауы,басқа да жағдайлар. Осылайша , қаржылық зиян келтіретін жағдайлар тізімі өте кең .  
 
Ресейдің сақтандыру нарығы толық дамыған көріністе.Қазіргі жағдайда нарықта 3000 – астам сақтандыру компаниялары қызмет етеді. Көбінесе, олар бастауыш компаниялар ,тек олардың 20 % - ы ғана 2 жылдан сақтандыру операцияларын жүзеге асырады.  
 
Тәуекелдерді бейтараптандырудың тиімді тәсілдерінің бірі – диверсификация. Фирманың кәсіпкерлік тәуекелдердің диверсификациялаудың негізгі нысаны ретінде келесілер қолданылады:

  •  
    Ұйымның кәсіпкерлік қызметін диверсификациялау бір - бірімен байланысы жоқ альтернативті мүмкін болатын қызметтен түскен табысты пайдалану көзделеді. Мұндайда , егер көзделмеген жағдайлар нәтижесінде қызметтің бір түрі шығынды болса, екіншісі табысты болады.
  •  
    Тұтынушылардың дайын өнімді сатып алуының

 
диверсификациясы;

  •  
    Кредиттік портфельді диверсиффикациялау;

 
 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
 
Қорыта келгенде,нарықтық қатынастар жағдайында тәуекелділік кәсіпкерліктің шешуші элементі болып табылады. Тәуекелділіктің келесі ерекшеліктері бар: кәсіпкерлік істегі белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік, 
 
болжамдық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. Тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер қолдану керек: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді ,мамандарды тарту , жобалау алдында мүмкін болатын қиындықтарды жете білу, өндірілетін өнімге сұранысты болжау, тәуекелділікті жобаға қатысушылардың өзара бөлісуі, сақтандыру, болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау. 
 
Тәуекелдің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық және нарықтық.Ойлаған жобаны жүзеге асыру , потенциалды инвесторларды неғұрлым көп тарту үшін тәуекелді талдаудың блок- нобайын қолдану. Сонымен бірге тәуекелден келетін зиян түрлерін айқындай білу керек. 
 
Нарықтық қатынастарда өндіріс, тұтыну, кооперациялау, өнімнің айналымы сияқты үрдістер барысында кәсіпкерлерді белгісіздік және тәуекел көп толғантады.Қолайлы қабылданған шешім кәсіпкерге жақсы пайда әкеледі,ал қолайсыз негізделмеген шешімдер– банкроттыққа бастайды. 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер :

  1.  
    Бусыгин А.В. Предпринимательство.М.,ЮНИТИ,1998.
  2.  
    Окаев К.О.Предпринимательство в Республике Казахстан. Алматы: –Экономика, 1999.
  3.  
    Горфинкель Е.В. Основы предпринимательства.М., Вестник,1996.
  4.  
    Дүйсенбаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.Алматы:Экономика , 2001.
  5.  
    Лапуста В.Л. Предпринимательство.М., Инфра, 2005.
  6.  
    Мамыров Н.К., Смагулова Н.Т. Основы предпринимательства. Алматы:Экономика,2001.
  7.  
    Радостовец В.К. Финансовый и управленческий учет на предприятии.Алматы : НАК « Центраудит »,1997.
  8.  
    Геммерлинг Г.А. Ваше дело: практический курс предпринимательства.М., Бином,1997.
  9.  
    Глушенко Е.В. Основы предпринимательства .М.,Вестник ,1996.
  10.  
    Основы предпринимательского дела . / Под редакцией Осипова М.Ю.М.,ВЕК, 1996.
  11.  
    “ Егемен Қазақстан ” , Тәуекелділік және жетістік. 11.02.2006.
  12.  
    Бисенғазиев Н.Қ. Кәсіпкерлік негіздері .Алматы: Экономика, 2001.
  13.  
    Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет, анализ хозяйственной деятельности и аудит. –М.: Перспектива,1994.
  14.  
    Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория анализа хозяйственной деятельности .–2-е издание .М.: Финансы и статистика, 1999.
  15.  
    Мейіржанов М.Р. Кәсіпорын экономикасы. Алматы : Экономика, 2002.
  16.  
    Радостовец В.В. Заңды тұлғаның банкрот болуы және соған байланысты рәсімдер. // Бух – бюллетень // – 2000. –№35.
  17.  
    Мұқашев Ғ. Сауықтыру шарасы – өміршеңдікке бастайды. Банроттық іс – тәжірибе. // Қаржы– қаражат// . 1998.–№ 35.

 


Информация о работе Кәсіпкерлік тәуекелді төмендетудің негізгі механизмдері