Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 14:45, реферат
Ісік (грекше blastoma) - тканьдердің патологиялық ұлғаюын айтады. Ісік өскіні клетканың шексіз ұлғаюынан, организмдегі басқа тканьдердің өсуімен үйлеспеуімен, соның салдарынан маңайындағы тканьдердің семуімен немесе бүлінуге ұшырауымен сипатталады.
Үй және ауыл шаруашылық малдарынан ісікке жиірек шалдығатыны - ит, жылқы, ірі қара, мысық, шошқа, тауық, қой мен ешкі.
Ісік кез келген органдар мен тканьдердегі клеткаларда пайда болады. Ісік түсі ісік тканьдерінің түріне және тамырлардың даму дәрежесіне байланысты.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ісік туралы жалпы түсінік
Ісік түрлері және оларға сипаттама
Ісіктің химиялық құрамы
Ісіктегі зат алмасу
Ісіктің этологиясы
Патогенез
Организмнің реактивтілігі және ісік процесі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қатерлі ісік – бұл ісік өмірге қауіпті қасиеттерімен бағаланады. Сол себептен оны «қатерлі» деп атайды. Қатерлі ісік - қатерлі ісік жасушаларынан тұрады. Малдың қатерлі ісігі — жануарлардың жұқпалы ауруы. Ол өте жедел таралады, дер кезінде ем қолданбаса, ауырған мал 12 — 72 сағатта өледі.
Қатерсіз ісік - баяу өседі. Ол маңайындағы сау тканьдерді қыса және ығыстыра отырып өседі (экспансивтік өсу).
Сау тканьдерге қарағанда ісік тканьдерінде су, калий, холестерин көп, бірақ кальций мен темір аз болады. Ісікте бос амин қышқылының құрамы тұрақты болады. Ісік қауырт өскен кездегі ондағы глутамин мөлшері кемиді. Ісіктің өсуіне глутаминмен қоса аспарагиннің болуы да едәуір ықпал етеді. Ісікте метионин, цистин және тирозин деңгейі біршама кеміп, аргинин, гистидин және лизин деңгейі артады.
Ісіктің пайда болуына әр түрлі факторлар (биологиялық, химиялық, вирустар) әсер етуі мүмкін. Ісік өскіні организм ерекшелігіне де байланысты. Ісік көбінесе ересек жастағыларда, қарын және өкпе рагы - еркектерге, жыныс органдарының рагы - әйелдерде көбірек болады.Ісіктің пайда болуына және өтуіне регуляторлық функцияның бұзылуы (нерв жүйесі мен эндокринді без) ықпал ететіндігі анықталды. Ісік өскінінде тұқым қуалағыштықтың да әсері болуы мүмкін, оның қаншалықты дәрежеде екендігі анықталған жоқ.
Ісіктің организмге әсері ісік түріне байланысты болады:
1) Қатерсіз ісік тканьдерді
сығып, ығыстыра отырып өседі,
яғни көбіне пайда болған
2) Қатерлі ісік организмді,
әсіресе зат алмасуды едәуір
бұзады. Ісіктен қан арқылы организмге
зат алмасудың тотықпаған
Қатерлі ісіктің дамуы туралы қазіргі ұғым үш теорияға негізделген.
Бірінші теория - канцерегендік заттар (латынша cancer - рак). Бұл теория бойынша кез келген тірі организмде қатерлі ісіктің дамуы тканьдерге химиялық заттардың әсер етуінен болады.
Екінші теория - вирустық. Бұл көзқарас бойынша қатерлі ісіктер клеткалардағы вирустардың ықпалынан дамиды.
Дисонтогенетикалық теория - ісіктің пайда болуы эмбриогенездің бұзылуынан.
Постэтиологиялық теория - ісіктің пайда болуының бірыңғай себептері болмайды, алайда кез келген факторлар (физикалық, химиялық, биологиялық, вирустық және т.б.) клетканың генетикалық аппаратына әсер етіп, мутация тудырады - қалыпты клетка элементін ісікке айналдырады.
Ісіктің дамуы мал жасына, тұқымына, жынысына, тіпті түсіне де байланысты екендігі анықталған. Ісік көбіне малдарда ересек пен қартайған кезеңінде пайда болады, ал вирустық этиологияда жас төлдерде.
Қалыпты тканьнің ісікке ауысуы негізінен үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) латентті ісік тканьдерінің
немесе ісік алдындағы
2) ісік алдындағы клеткалардың
пайда болуы және түйіндерінің
дамуы немесе ісік
3) жаңа өскіндердің қауырт
көбеюі немесе оқшауланған
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Организмнің реактивтілігі және ісік процесі