Қазақстанның көмір өнеркәсібі (Приозерный қоңыр көмір кен орны мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 19:50, научная работа

Краткое описание

Белгілі-бір өнім шығаруды біріктіретін, әр түрлі салалар кәсіпорындарының жүйесі – салааралық кешен делінеді.
Маңызды салааралық кешендерге: машина жасау, отын-энергетикалық, конструкциялық материалдар, агроөнеркәсіп және тұтыну заттары кешендері жатады. Елбасымыз алдағы он жылда алға жылжудың басты-басты отыз бағытын белгілей отырып, eндiгi кезекте «Қазақстанды жеделдете жан-жақты жанғырта жаңарту жолы" таңдап алынғандығын атап көрсетті. "Біз алдымызға қойып отырған биік мақсаттарға жету биліктің барлық органдары мен институттары, әскер, ғылыми және сарапшы топтар тарапынан көп жігер-қайрат жұмылдыруды, керек десеңіз, көп ретте іске жаңаша қараулы, мүлдем тосын тұрғыдан келуді талап етеді.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................3
1. Қазақстанның көмір өнеркәсібінің бүгінгісі мен келешігі
1.1. Көмір өнеркәсібі............................................................................................5
1.2. Көмір өнеркәсібін дамытудың 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасы ..................................................................................................11
2. «Приозерный» қоңыр көмір кен орны мысалында
2.1 «Приозерный» қоңыр көмірін пайдалану негізі.........................................13
2.2. «Приозерный» қоңыр көмір кен орынның салааралық маңызы........16
Қорытынды..........................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................23
Қосымша.......................................................................................................24

Вложенные файлы: 1 файл

Қамысты ауданның білім бөлімінің.docx

— 74.04 Кб (Скачать файл)

 

  Қамысты ауданның  білім бөлімінің

«Алтынсарин орта мектебі» ММ

 

 

 

 

 

Куанышпаева Айдана 8 сынып

 

 

 «Қазақстанның  көмір өнеркәсібі 

(Приозерный қоңыр  көмір кен орны мысалында)»

 

 

Физикалық-география  және экономикалық-әлеуметтік география

тұрғысынан модельдеу.

 

Өлкетану

 

 

Ғылыми жетекшісі: Нуржанова Несвельды Каускановна

 

 

 

Алтынсарин ауылы, 2013ж.

 

 

 

 

 

 

 

 Жоспар:

 Кіріспе ................................................................................................................3

1.  Қазақстанның  көмір өнеркәсібінің бүгінгісі  мен келешігі

1.1. Көмір өнеркәсібі............................................................................................5

1.2. Көмір өнеркәсібін дамытудың 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасы ..................................................................................................11

2. «Приозерный»  қоңыр көмір кен орны мысалында

2.1 «Приозерный» қоңыр  көмірін пайдалану негізі.........................................13

2.2. «Приозерный» қоңыр  көмір кен орынның салааралық  маңызы........16

Қорытынды..........................................................................................................21

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................23

Қосымша.......................................................................................................24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Кіріспе

Белгілі-бір өнім шығаруды біріктіретін, әр түрлі салалар кәсіпорындарының жүйесі – салааралық кешен делінеді.

Маңызды салааралық кешендерге: машина жасау, отын-энергетикалық, конструкциялық материалдар, агроөнеркәсіп және тұтыну заттары кешендері жатады.

Елбасымыз алдағы он жылда  алға жылжудың басты-басты отыз бағытын  белгілей отырып, eндiгi кезекте «Қазақстанды жеделдете жан-жақты жанғырта жаңарту  жолы" таңдап алынғандығын атап көрсетті. "Біз алдымызға қойып отырған  биік мақсаттарға жету биліктің барлық органдары мен институттары, әскер, ғылыми және сарапшы топтар тарапынан  көп жігер-қайрат жұмылдыруды, керек  десеңіз, көп ретте іске жаңаша қараулы, мүлдем тосын тұрғыдан келуді талап  етеді. Ең бастысы, кешенді жаңарту  үдepici еліміздің күллі халқының, коғамының барлық институттарының  мүддесі үшін, әpi солардың тікелей  қатысуымен жүргізіледі»,- деді.

Бүгінгі күні осы отыз бағыт  бойынша алға жылжудың тактикалық қырлары  да айқындалу үстінде. Мәселен,  Елбасылық  Үкімет мүшелері және ұлттық компаниялар, холдингтер басшыларымен өткізген кеңесінде  бұл отыз бағытты жүзеге асыру  үшін алдағы уақытта әр сала бойынша  отыз көшбасшы компанияны іріктеп шығарудың, олардың тартымдылығын арттыра  отырып, жаңа инвестицияларға жол  ашудың, перспективасы туралы сөз  болды. Бұл саясат еліміздің отын-энергетикалық  ресурстарын нығайту және оларды үнемдеп жұмсау мәселесіне де үлкен  ықпал етеді, саланың  болашағын  нығайтады деп ойлаймын.

Өнеркәсіптің көптеген салаларының  орналасуы электр энергетиканың  дамуына тәуелді болып келеді. Энергияның ірі көздерінде қуатты өнеркәсіп  орталықтары мен аудандары қалыптасады. Қазақстанның шаруашылығы негізінде  өзінің отын-энергетикалық ресурстарына бағдарланады. Мұндай артықшылықтарды  сақтау үшін бұларды үнемдеп және ұқыпты пайдалану керек.

Еліміздегі пайдаланатын отынның 1/2 бөлігі-көмірдің үлесіне  тиеді. Елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі  базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу (байыту мен брикеттеу) шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады.

Қазақстан егемен ел ретінде даму барысында экономикалық өзгерістердің әр түрлі сатыларынан өтіп келеді. Басты мақсат — нарықтық қатынастарды қалыптастыру. Осы қиын жолда едәуір жетістіктер де бар. Ұлттық валюта тұрақтанды, өркениетті сауда жөнделуде, ол бастапқы кезде орын алған жабайы баспа-бас тауар алмасуды ығыстыруда. Республика дүниежүзілік нарыққа шықты және дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа интеграциялануда.

Отын-энергетикасы кешені саласындағы  мемлекеттік реттеудің  мынадай  мақсаттарда жүзеге асырылатындығы анықталады:

- отын-энергия қуатын  тұтынушылардың сұранысын жоғары  деңгейде қанағаттандыру және  тұтынушылардың ішкі нарықта  электр мен жылу энергиясын  жеткізушілерді таңдау құқығына  кепілдік беретін бәсекелестік  жағдай тудыру жолымен электр  және жылу энергиясы қатысушыларының  құқықтарын қорғау;

- Қазақстан Республикасы  отын-энергетикасы кешенінің сенімді  де тұрақты жұмысын қамтамасыз  ету; 

- еліміздің шаруашылық-экономикалық  және әлеуметтік кешенінде тіршілікті  қамтамасыз етудің маңызды құралы  саналатын Қазақстан Республикасы  отын-энергетикасы кешенін басқарудың  тұтастығы.

Кәсіпорынды басқаруды жетілдірудің жаңа  жаңа экологиялық менеджмент жүйесі  ұсынылады.

Қазақстанның табиғи қорлары, ең алдымен, оның отын-энергетикалық қорлары және техникалық, интеллектуалдық мүмкіндігі — ұлттық дәулеті болып табылады.

Бұл ғылыми жұмыста  Казақстанның көмір өнеркәсібі сипатталған. Отын ресурстары мүмкіншілігі жене оның даму үрдісі ел экономикасының болашағын анықтайды. Сондықтан ОЭК туралы ақпарат жеткілікті нақты және дәл болса еліміздің дүние жүзіндегі орны мен келешегін болжауға көмектеседі.

ғылыми жұмыстың мақсаты: Қазақстанның көмір өнеркәсібін сипаттау және «Приозерный» қоңыр көмір кен орнының тұрақтануы мен дамуына тигізетін факторларды анықтау.

ғылыми жұмыстың міндеті:

  • Көмір өндіру кешенін анықтау;
  • Көмір ресурстарының таралу заңдылықтарын қарастыру;
  • Көмір өнеркәсібі  кешенінің бүгінгісі мен ертеңгісін жоспарлау;
  • Отын- энергетикалық кешенінің даму алғышарттарын тізімдеу.
  • Көмір өнеркәсібін «Приозерный» қоңыр көмір кен орны мысалында қарастыру

Тақырыптың өзектілі:

Материалдарды пайдалана  отырып,  көмір өнеркәсібінің  ел экономикасында алатын рөлін белгілеу және «Приозерный» қоңыр көмір кен  орнының маңыздылығы мен нарықтық қатынастар жағдайында іске асыру механизмдерін  салааралық кешен негізінде терең  және жан-жақты қарастыру.

Ғылыми жұмыстың құрылымы: Ғылыми жұмыс кіріспеден, бірінші тарау, екінші тарау , қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  Қазақстанның  көмір өнеркәсібінің бүгінгісі  мен келешігі

1.1 Көмір өнеркәсібі

Қазақстан өнеркәсібінің  маманданған негізгі саласының  бірі. Көмір энергетикалық ресурстардың ішінде жетекші орынды алады.

Қазақстан бүкіл құрлықтың 1,8% ала отырып, оның аумағында әлемдік  көмір қорының 3,3%, ТМД қорының 15% шоғырланып, оны өңдіру көлемінен  дүние жүзінде сегізінші, ал ТМД-де Ресей мен Украинадан кейінгі  үшінші орында. Көмірдің еліміз аумағындағы  жалпы қоры 176,6 млрд т, оның 100-ден  астам кен орындары ашылып, соның 40-тан астамы жан-жақты зерттелінген. Көмірдің негізгі қоры Қазақстанның солтүстік, орталық бөлігінде шоғырланған. Елімізде тас және қоңыр көмір  де кездесіп, екеуінің мөлшерлі қоры шамалас  болуда.

Көмірдің отын және химиялық шикізат ретіндегі маңызы зор. Көмірдің сапасы жоғары түрлері кокс алуда  пайдаланып, ол қара металлургияда  металл балқытуда қолданылады. Кокс-тас  көмірді жоғары температурада ауа  жібермей қыздырудың нәтижесінде  алынатын отын түрі.

Көмір жылу электр станцияларында электр энергиясын алуда энергетикалық  көмір ретінде пайданылады. Сонымен  бірге зауыттарда, көліктерде, тұрмыста қолданылады. Химиялық жолмен өңдеу  арқылы көмірден азот тыңайтқышы, синтетикалық смола және синтетикалық каучук, талшық т.б. өнімдер алуға болады.

Солтүстік жөне Орталық Қазақстанда Қарағанды (9.3 млрд.т), Торғай (5,3 млрд.т) және Екібастұз (12,5 млрд.т) ірі көмір алабтары (бассейндері) орналасқан. [Қосымша А]

Казақстанның  барлық көмірін екі түрге болуге болады: тас және қоңыр көмір. Тас көмірлерге жататын көмірлердің ылғалды күлсіз массасының жоғары жану жылулығы 24000 қаж/кг-нан көп және ұшпа заттардың шығымы 9%-тен артық болады. Қоңыр көмір ылғалды күлсіз массасының 24000 қаж/кг-нан аз жоғары жану жылулығымен және жұмыстық ылғалдың 30-40% мөлшерімен сипатталады. Жалпы теңестік қордың негізгі бөлігі — 24,3 млрд.ттас көмірге келеді (1.2.2-кесте), оның 6,1 млрд.т (25%) — кокстауға жарайтын көмірлер. ТМД-да жалпы көмір шығарудың 20%-ін, ал кокстенетін көмір шығарудың 16%-ін Қазақстан қамтамасыз етеді.

Тас көмір Қарағанды, Екібастұз, Қүшекі кен орындарында  шығарылады. Кокстенетін көмір тек Қарағанды кен орнында ғана шығарылады және оның үлесі, алап бойынша өндірілген көмірдің 55%-ін құрайды.

Қоңыр көмірлер көбінесе Солтүстік Қазақстанда  негізінде Торғай және Майкүбі алаптарында  шоғырланған.

Қазақстанда 01.01.1996 жылы 24 көмір шахтасы жоне 11 көмір  карьері жұмыс істеді, олардың жалпы жобалық қуаты 162 млн.т болған. Бұл кәсіпорындарда 1992 жылы 126,8 млн.т. көмір шыгарылды, оның ішінде 93,5 млн.т ашық тәсілмен, ал 1995 жылы көмір шығару 83,2 млн.т, оның ішінде ашық тәсілмен шығару 68,8 млн.т болды. Көмір өндіру деңгейінің төмендеуі экономиканың тұрақсыздануына байланысты.

Ашық тәсілмен жылына 400 млн.т көмір шығаруға жарайтын жалпы болжаулық қор Республикада бар, ал ашық тәсілмен шығаруға жарайтын өнеркәсіптік қор 21 млрд.т және Екібастұз (51%), Торғай (26,4%), Майкүбі (8,8%) және Шұбаркөл (7%) көмір алаптарында шоғырланған. Қазіргі ашық тәсілмен шығарылатын көмір деңгейіне есептесе бұл қор Қазақстанға 200 жылдан артық уақытқа жетеді. [9;10.]

  Қазақстанда Қарағанды,  Екібастұз, Торғай, Төменгі Іле  бассейндері мен көптеген жергілікті  кен орындары кездеседі. Революцияға  дейін Қарағанды, Екібастұз бассейндерінен  жылына 90 мың тонна көмір өндірілсе,  Кеңес Үкіметі жылдарында көмір  өндіру көлемі140 млн т жетіп,  еліміз шаруашылығының қажетін  қамтамасыз етіп, басқа республикалар  мен аудандарға шығарылады.

Қазақстанда 2011 жылғы қаңтар – ақпан айларындағы көмір  өндірісінің көлемі өткен жылғы  ұқсас мерзіммен салыстырғанда 17,2% өсті. Статистикалық агенттіктің  мәліметінше, Қазақстанда 2010 жылғы көмір өндірісінің көлемі 103,5 миллион тонна болған. Сонымен қатар - 10,7 миллион тонна өндірілген.

Көмір өндірісі елдегі маңызды  ең ірі өндіріс салаларының бірі болып табылады. Қазақстан көмір  қоры жағынан әлемде 8 орында болып, ел қойнауында а жалпы әлемдік  қордың 4% құрайды. Көмір өндірісі елдің 80% электр қуатын өндіруді қамтамасыз етуде.

Қарағанды көмір алабы  – бұрынғы Кеңес Одағындағы үшінші, тәуелсіз Қазақстанның негізгі көмір  базасы. Көмірді 1831 жылы қойшы бала Апақ Байжанов тапқан болатын. Еліміздегі аса мол ең жоғарғы сапалы кокстелінетін  және энергетикалық көмір беретін  Қарағанды бассейнінің жалпы  геологиялық қоры 51 млрд т. Бассейннің ауданы 3 мың шаршы километр, тереңдігі 50-300м. Көмірдің қалыңдығы 1,5-15 м, құрамында  күкірт пен фосфоры аз, республикадағы кокстелінетін көмірдің 100% береді. Қарағанды бассейнінде Жезді  мен Атасудың темір және марганец шығаратын кен  орындарының, Топар  әгі мен Байқоңырдың доломитінің  жақын болуы Орталық Қазақстанда  көмір өнеркәсібінің жедел дамуына  мүмкіндік туғызды. Қарағанды бассейніне Абай, Шахта, Шахан, Қушоқы, Бөрілі т.б. көмір кен орындары кіреді.

Отан соғысы жылдарында Донбасты уақытша жау басып алған кезде  Кеңес Одағының өнеркәсіп орындары мен көлік қажетін көмірмен қамтамасыз еткен негізгі бассейн. Көмір  негізінде шахталық, ал Михайлов кен  орнында ашық әдіспен өндіріледі.

1931 жылдан бастап Орал-Кузнецк  металлургиялық комбинатының жасалынуы  және үкіметтің «Елде көмір  және кокс байлықтарын арттыру»  қаулысына байланысты Қарағанды  бассейні Оңтүстік және Орталық  Оралдың металлургиялық зауыттарына  негізгі көмір беретін бассейн  ретінде қаралудан оның рөлі  арта түсті. Қарағанды көмір  алабы өте жоғары механикаландырылған.  Бұл бассейн еліміздегі көмір  өндіру көлемінінің қазір 45% беріп,  Екібастұз бассейніне жол беруде. Өндірілген көмірдің 50 % өзінде, яғни  Қарағанды металлургиялық комбинатында, көлік, коммуналдық шаруашылық, жылу  электр станцияларында пайдаланылуда.  Ал көмірдің қалғаны Ресейдің  Орал, Поволжье аудандарына және  Орталық Азия елдеріне шығарылады. Қарағанды көмір бассейні соңғы  жылдары нарықтың қиындығына  байланысты  ірілендіріп бес шахта  жабылып, оның құрал-жабдықтары  қосылған шахталарға, ал Қарағанды  көмір комбинатының әлеуметтік-мәдени  орындары Қарағанды қаласына  берілді. Қарағанды бассейнінің  бүгінгісі осылай десек, оның  болашағы одан  да зор. Қарағанды  шахтерлері жылына 50 млн.т. Көмір  өндіріп отырғанның өзінде бассейннің  қоры екі ғасырға жететін болады.

Информация о работе Қазақстанның көмір өнеркәсібі (Приозерный қоңыр көмір кен орны мысалында)