Қазақстанның көмір өнеркәсібі (Приозерный қоңыр көмір кен орны мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 19:50, научная работа

Краткое описание

Белгілі-бір өнім шығаруды біріктіретін, әр түрлі салалар кәсіпорындарының жүйесі – салааралық кешен делінеді.
Маңызды салааралық кешендерге: машина жасау, отын-энергетикалық, конструкциялық материалдар, агроөнеркәсіп және тұтыну заттары кешендері жатады. Елбасымыз алдағы он жылда алға жылжудың басты-басты отыз бағытын белгілей отырып, eндiгi кезекте «Қазақстанды жеделдете жан-жақты жанғырта жаңарту жолы" таңдап алынғандығын атап көрсетті. "Біз алдымызға қойып отырған биік мақсаттарға жету биліктің барлық органдары мен институттары, әскер, ғылыми және сарапшы топтар тарапынан көп жігер-қайрат жұмылдыруды, керек десеңіз, көп ретте іске жаңаша қараулы, мүлдем тосын тұрғыдан келуді талап етеді.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................3
1. Қазақстанның көмір өнеркәсібінің бүгінгісі мен келешігі
1.1. Көмір өнеркәсібі............................................................................................5
1.2. Көмір өнеркәсібін дамытудың 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасы ..................................................................................................11
2. «Приозерный» қоңыр көмір кен орны мысалында
2.1 «Приозерный» қоңыр көмірін пайдалану негізі.........................................13
2.2. «Приозерный» қоңыр көмір кен орынның салааралық маңызы........16
Қорытынды..........................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................23
Қосымша.......................................................................................................24

Вложенные файлы: 1 файл

Қамысты ауданның білім бөлімінің.docx

— 74.04 Кб (Скачать файл)

Екібастұз көмір алабы  маңызды жағынан еліміз көмір  бассейндерінің ішінде бірінші орынды алады. Бұл республика бойынша өндірілетін  көмірдің жартысын береді. Көмірді 1867 жылы Қасым Пішенбаев ашқан. Көмірдің геологиялық қоры мол 12 млрд т. Көмір  қабатының қалыңдығы 100-120м.

1955 жылдан бастап Қазақстанда  К. ө-нің дамуы елеулі кезеңге  аяқ басты. Осы жылы Екібастұз  алабында 3 разрез пайдалануға берілді.  Солардың бірі – жылына 50 млн.  тонна  көмір өндіретін дүние  жүзіндегі ең ірі “Богатырь” разрезі. Екібастұз алабындағы көмір қоры (10 млрд. т) жер бетіне таяу жатыр әрі көмір қабаты 200 м-ге дейін жетеді. Осыған орай мұнда көмір ең тиімді ашық әдіспен қазылып алынады. Қазақстанда көмір өнеркәсібі орындары 1980 жылы  115 млн. тонна, 1985 жылы. 131 млн. тонна көмір өндірді. Көмір өндіру көлемінің ең жоғары деңгейіне 1988 жылы. қол жеткізілді (143 млн. т). Экономикалық реформалар жағдайында жүргізілген құрылымдық өзгерістерге байланысты көмір өндіру көлемі республикада 1989 жылдан бастап (138 млн. т көмір өндірілген) азая бастады. 1990 жылы. республикада 131 млн. т көмір өндірілген болса, 1997 жылы өндірілген көмірдің көл. 72,6 млн. т болды. 1990 – 97 жылдары. елде көмір өндіру көлемі. 44,6%-ға құлдырады. Нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңіндегі қайта құру барысында Көмір өнеркәсібі саласындағы мұндай дағдарыстың өзіндік объективті себептері болды: 1) отын-энергетика кешенінің жұмыс істеудегі мақсаты өзгерді. Бұрын сандық көрсеткіштер көмір кәсіпорындарының әрқашан басты сипаттамалары болып есептелді, өйткені көмір стратегиялық шикізат қоры болып саналатын еді. Өнімнің сапасына назар аударылмады. Көптеген жылдар бойына бұрын іске қосылған шахталарды сақтай отырып, жаңа шахталар кең ауқымда салынып келді; 2) отын-энергетикалық кешен жаппай мемлекет меншіктен (олардың қорларын, мүлкін, өнімін қоса) меншіктің түрлі нысандары мен қатынастарына (жекеше, ұжымдық, мемл., аралас) көшіріле бастады. Нарықтық экономика талаптарына орай, көмір өндіретін кәсіпорындардың санын қысқарта отырып, басқару қайта ұйымдастырылды, көптеген тиімсіз, залалды шахталар жабылды; 3) кәсіпорындар мен саланың қысқа және орта мерзімді саясатын әзірлеу кезінде сұраным мен оның ауытқуы негізгі нысанға айналды, яғни өндіріс көлемін анықтау үшін төлеуге қабілетті сұранымның ықпалы күшейді; 4) отын-энергетикалық кешен өнімінің сапасы, оның экологияға тигізетін әсері бірінші орынға қойыла бастады; 5) саланы мемлекет тарапынан қаржыландырудың тоқтатылуына, төлемнің төленбеу дағдарысына байланысты салаға жекеше және сыртқы инвестициялар тартуда қиындықтар туды; 6) энергететикалық. саясатта және тиісінше елдің отын-энергет. балансының құрылымында да өзгерістер болды, көмірдің бұрынғысынша отын-энергетикалық  баланста жетекші орын алатынына және оның экономикада стратегиялық маңызы зор екеніне қарамастан, экономиканы дамытудың жаңа басым бағыттарын белгілеуде және экспортқа бағдарланған салаларды басым дамытуда көмір өнеркәсібіне  жете назар аударылмады. Саланың жағдайы 1999 жылдың 2-жартысынан бастап жақсара бастады. Көмір өндіру көлемінің өсу қарқыны 1999 жылмен (58,2 млн. т) салыстырғанда 2000 ж. (74,8 млн. т-дай) 28,5%-ға өсті. 1995 – 2000 жылдары кезеңінде Қарағанды көмір алабында көмірді ашық және жерасты тәсілдерімен өндірудің арақатынасы айтарлықтай өзгерді. Бұл кезеңде Екібастұз көмір алабының рөлі артты. Қазір республикада өндірілген көмірдің жалпы көлемінің үштен екі бөлігін Екібастұз кеншілері өндіруде. Нарықтық экономика жағдайында “Богатырь Аксес Көмір” Қазақстан-Американ компаниясы құрылып, “Богатырь” разрезі соның қарамағына берілді. Екібастұз көмір алабының елдің отын-энергетика балансындағы рөлі арта түсті, осыны ескере отырып, Үкімет “Екібастұз көмірі” бағдарламасын бекітті, ал, Энергетика және минералдық қорлар мин. “Екібастұз тас көмір алабын игерудің кешенді жобасын” әзірледі. Бұл бағдарламалық құжаттар жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге, көмір өндіру көлемін Қазақстан тұтынушылары мен экспорттың қажеттері деңгейіне дейін жеткізуге, өткізу рыноктарын сақтауға бағытталған. 2001 ж. көмір экспортының жалпы көл. 27 млн. т-дан асып түсті. Көмір өнімін шетелге шығару географиясы кеңейтілді, Қазақстан көмірін Румыния, Польша, Эстония тұтына бастады. Көмір өнеркәсібі саласының өндірістік әлуеті республиканың қазіргі кезде шет елге шығарылатын көмір көлемін 30 – 35 млн. тоннаға жеткізуіне мүмкіндік береді. Соңғы жылдары Шұбаркөл, Шөптікөл және Қаражыра кеніштеріндегі сапалы көмірдің үлесін молайту есебінен өндірілетін көмірдің құрылымын жақсартуға мүмкіндік туды. Қазіргі кезде Қазақстанда 100-ден астам көмір кеніштері орналасқан, олардың геологиялық қоры 176,7 млрд. т. Олардың ішінде барланған қор – 38,63 млрд. т және қазіргі кезде өндіруге жарамды көмір қоры 34,1 млрд. т. Республика бойынша тас көмірдің қоры 14,33 млрд. т, соның ішінде 12,39 млрд. т – А+В–С1 санатына, 1,94 млрд. тонна – С2 санатына жатады. Тас көмірдің негізгі кеніштері – Қарағанды, Екібастұз алаптары, Қошеке кеніші. Кокстелетін көмір Қарағанды алабында өндіріледі және көмір өндіру көлемінің 50%-ын құрайды. Кокстелетін көмірдің жалпы қоры 6,12 млрд. т-ға тең, олар, негізінен, А+В+С1 (5,82 млрд. т) және С2 (0,31 млрд. т) санатына жатады. Қоңыр көмір қорлары – 24,3 млрд. тонна, олардың 21,55 млрд т-сы – А+В+С1 және 2,55 млрд. тоннасы С2 санатын құрайды және Торғай, Төменгі Іле алаптарында, Майкүбі кенішінде шоғырланған. Республика аумағы бойынша көмір қорлары мынадай тәртіппен орналасқан: Шығыс Қазақстанда 4,5 млрд. тонна жалпы геологиялық қор және 3,04 млрд. тонна барланған қор; Батыс Қазақстанда тиісінше – 2,9 млрд. тонна және 1,79 млрд. тонна; Солтүстік Қазақстанда 81,8 млрд. тонна және 18,52 тонна; Оңтүстік Қазақстанда – 33,0 млрд. тонна және 0,48 млрд. тонна. Салада 62 өнеркәсіп орны мен өндірістік бірлестік жұмыс істейді (1998), олардың өндіріс көлемі. 2698,5 млн. теңге болды.

 Көмірдің жер бетінде  жақын орналасуы оны арзан,  ашық әдіспен өндіруге мүмкіндік  береді. Екібастұз көмір алабында  қуатты көмір кесінділері салынады. Соның ішінде жылына 50 млн тонна.  Көмір шығаратын дүние жүзіндегі  ең ірі ашық карьер «Богатырь»  разрезі жұмыс істеуде. Мұнда  сағатына әрқайсысы 5 мың тонна  көмір шығаратын бірнеше роторлы  экскаваторлар қолданылуда. Сонымен  бірге мұнда «Центральный», «Восточный»,  «Северный» ашық өндіру разрездері  бар. Көмірді ашық түрде қазу  оның өзіндік құнын арзантады.  Ол Қарағанды көміріне қарағанда  6-8 есе арзан. Екібастұз көмірінің  құрамында күлі мол (38 -43%), сондықтан  оны алысқа тасығаннан гөрі  жергілікті жерде жылу электр  станцияларында пайдаланып, өндірілген  электр энергиясын тұтыну аудандарына  жоғары кернеулі электр жүйелерімен  жіберген тиімді.

Экономикалық талдаулар  Екібастұз көмір бассейнінде  жалпы қуатты 20-25 млн. кВт жылу электр станцияларын салудың тиімді екендігін  растады. Жеке электр станцияларының қуаты 3-4 млн .квт және одан да жоғары болуы  мүмкін. Оларға 500-800мың, ал болашақта 1,5 млн. кВт агрегаттар орнатылмақ. Бұл  жерде бірнеше ірі мемлекеттік  аудандық ЖЭС-ы (Екібастұз МАЭС-1,2 жұмыс  істеп, 3 МАЭС-тің басталған құрылысы әзірше тоқтауда) бар.

Екібастұз көмірі арзан, энергетикалық  көмір болғандықтан Солтүстік Қазақстан, Батыс Сбір және Оралдың 20-дан астам  ЖЭС-ы жұмыс істеуде. Екібастұз  маңындағы Майкүбі қоңыр көмір  кен орны игеріліп, көмірді ашық өндіретін разрез салынған. Екібастұз  көмір бассейнін Америка, Германия және Ресей фирмалары инвестициялап, жұмыс істеуде.

Торғай қоңыр көмір  алабындағы Приозерный, Обаған және Құсмұрын кен орындарынанда көмір өндіріледе. Оңтүстік Қазақстандағы Леңгір кен  орнының қоры аяқталу сатысында, оның тек жергілікті ғана маңызы бар. Алматы облысындағы іле өзенінің төменгі ағысында оның Балқаш көліне құяр сағасына таяу жерде Төменгі  Іле қоңыр көмір бассейні, ал жоғарғы  ағысында Қалжат (Ұйғыр ауданы), ал райымбек ауданында ойқарағай көмір кен  орындары орналасқан. Алдағы мерзімде төменгі Іле бассейні игерілетін болады. Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар Біршоғыр, Жайсан кен  орындарынан көмір өндіріледі. Бұрынғы  Семей полигоны аумағында Қаражыра тас көмір кен орны ашылған. 1995 жылдан бастап геологиялық барлау жұмыстары  жүргізіліп, сапасы мен қоры анықталды. Көмірдің қоры 1 млрд т, оның орташа күлділігі 16,7%. Мұнда жылдық көмір өндіру мөлшері 12 млн. т ашық разрез жасалынуда. Қаражыра көмірінің қоры 100жыл көлемінде  өндіруге жетіп, толық игерілген  жағдайда Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының қажетін қамтамасыз ететін болады.

Қазір нарықтың қиындығымен  байланысты республикада көмір өндіру көлемі екі есе азайып, жылдық өндіру мөлшері  80 млн.т көмірді құрайды. Көмір өндіру көлемінен Қазақстан  ТМД-да Ресей, Украинадан кейін үшінші орынды алады.

Бұлардың ішінен ең ірілері  және жақсы барланып зерттелгені  алғашқы жеті орны болып табылады.2011 жылы 104,9 млн. тонна көмір өндірілді, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 11,2 млн. тоннаға  көп. Алғашқы рет соңғы 10 жылда  көмір өндірудің 100 - миллиондық межесі еңсерілді. Көмір өндіруші компаниялар  экспортқа 33,0 млн. тонна, өсуі 2007 жылға  қарағанда 128 %, Қазақстанның энергетикалық  кәсіпорындары - 47,3 млн. тонна, өсуі - 106 %, коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар  мен халыққа - 11,2 млн. тонна көмір  жеткізді. Тұтас алғанда, көмір саласы 2008 жылы экспорттық мүмкіндіктер сияқты өскелең ішкі қажеттілікті де қамтамасыз етті. 
   Жекелеген көмір өндіруші кәсіпорындарда өндіріс пен басқаруды шоғырландырудың жоғары дәрежесіне қол жеткізілді. Тұрақты даму мен көмірдің баланстық қорларын тиімді алуды көздейтін өнеркәсіптік-технологиялық саясат жүзеге асырылуда.Сонымен бірге, 2009 жылы экономикалық дағдарыс жағдайында көмір өндіру көлемінің төмендеуі байқалды. 2011 жылы көмір өндірудің 93,6 млн. тоннаны құрайды, бұл 2008 жылғы деңгейден 11,3 млн. тоннаға немесе 10,9 %-ға төмен. [Қосымша Б] 
          Көмір өндіру көлемінің төмендеуінің негізгі себептері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тұтас электр станцияларының экономикалық дағдарыс салдарынан көмір өнімдерін тұтынуды азайтуы, сондай-ақ 2008 жылмен салыстырғанда қыстың жылы болуы болып табылады.  
       Қазақстанда орасан көп көмір қорлары бар, бұлар әзірше жеткілікті дәрежеде әлі де болса барланып зерттелмеген. Жергілікті маңызы бойынща болашағы бар, оның үстінде темір жол желілері жақын болып келетін кен орындарының қатарына мына төмендегілерді жатқызуға болады:

-Солтүстік және оңтүстік-батыс  Балқаш кен орындары тобы (Қарасай,  Кемелбек, Қасымтөбе кен орындары);

-Алакөлге жақын орналасқан  көмір және жанатын тақтатас  кен орындары;

-Талдықорған қаласына  жақын орналасқан кен орындар  тобы (Мұқыры, Қарасай және басқалар);

- Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті, Зайсан және Шар аудандарының  көмір және жанатын сланец  кен орындары  (кендірлік, Көкпекті, Букон, Маңырақ, Толағай кен  орындары).

Бұлардың ішінен ең ірісі  тас көмір, қоңыр көмір мен  жанатын тақтатастардан Кендірлік  кен орны болып табылады. Бестөбе  және қоңыр көмірдің басқа да кен  орындары, Павлодар және Көкшетау облыстарының шекарасында орналасқан өзен мен  Селета көлі ауданында да бар. Бұл  кен орындары әзірге зерттелген жоқ. Бұлар тың және тыңайған жерлердің  территориясында орналасып отырғандықтан  таяудағы уақыттың ішінде зор маңызға  ие болады. Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында ірі кен орындары табылған жоқ, сондықтан  бұл облыстар үшін жергілікті маңызы бар кен орындары үлкен рөл  атқарады. Жергілікті маңызы бар кен  орындарында көмірді интенцивтік  жолмен барлап тауып, қазып шығарғанда бұл облыстардың өнеркәсібі мен  елді мекендер энергетикалық отынның  тұрақты көзіне ие бола алады. Мысалы, Қазақстанның оңтүстік бөлігі, бірқатар басқа неғұрлым кіші кен орындарын  есептемегенде, қоңыр көмірдің Ленгір және Келтемашат кен орындары (Шымкент  қаласының маңында) есебінен отынмен  қамтамасыз етіледі.

Тас көмірлердің Бершоғыр кен орны Ақтөбе өнеркәсіп ауданының  отын базасы болып табылады. Осы  облыстың өзінде Құланды қоңыр көмір  кен орындары және Арал ауданында  лигнит шығатын кен орны белгілі  болып отыр. Жезқазған мыс қорыту заводы ұзақ  жылдар бойы Байқоңыр қоңыр  көмірімен жабдықталып келген еді, ал таяудағы уақытта Жезқазғанға  жақын  Қияқты қоңыр көмір кен  орны жабдықтайтын болды. Мұнда Қияқты көмірінің күлділігі 10-11% болды, ал Байқоңыр көмірінің күлділігі 25-30%. Қияқты көмірінің  жылу шығаратын қасиеті 6,07 ккал болса, Байқоңыр көмірінікі 4,920 ккал басқа  кен орындарынан белгілі болып  отырғаны мыналар: Маңғыстау түбегіндегі  Орал-Ембі қоңыр көмір кен орындары, Солтүстік Қазақстан облысында  Яблоненовск тас көмірі және Бұрлық қоңыр көмір кен орындары. Ертіс  маңында тас көмір кен орындарының  тобы, Сарбұлақ қоңыр көмір кен  орны және Шығыс Қазақстан облысындағы  Шыңғыстау лигнит кен орны және басқалары. Солтүстік Қазақстанның бір өзінде ғана 60-қа жуық әртүрлі маркадағы  және түгелдей дерлік тас көмір, коктенетін көмір кен орындары белгілі болып  отыр. Батыс Қазақстанда өзінің сапасы жағынан Мәскеу түбі бассейнінің  көмірлеріне таяп келетін көптеген қоңыр көмір кен орындары бар. Мұндай көмірлердің орта және ұсақ кен орындары Маңғыстау түбегінен  бастап Орск ауданына дейінгі аралықтағы Атырау және Ақтөбе облыстарының шегінде  де кездеседі. Маңғыстаудың, Ақтөбе облысының  Орынбор темір жолына және Ақтөбе – Орск өнеркәсіп ауданына жапсарлас  жатқан солтүстік бөлігінің көмірі жер астында жату жағдайларына қарай  алғанда қазып алуға барынша  оңай келеді. Әсіресе, Жайсан қоңыр  көмір кен орны игеруге қолайлы  болып табылады.Бұл темір жол  магистралына тікелей жақын, халқы  егіншілік ауданда орналасқан, бұл  кен орны түгелдей барланып зерттелген. Өзінің қоры жағынан бұл кен орны бірқатар жылдар бойына жергілікті өнеркәсіпті  қанағаттандыра алады. Ал бұл жерлерге қазіргі кезде отын әзірге алыстан тасылып отыр. Отынды қажетсініп отырған Батыс Қазақстан облысында темір жолға жақын жерде жанатын тақтатастардың бірнеше кен орындары бар. Бұлар қазіргі заманғы жылулық электр станцияларының ірі механикаландырылған пештерінде жағуға толық жарай береді.  Новосеменовск кен орны – тақтатас кен орындарының ішіндегі ең ірісі. Оның барлану дәрежесі тақтатастарды қазып шығаруды ұйымдастыруға және электр энергиясын тұтынушыларға бере отырып, бұларды жергілікті жерде жағуға жетеді. Геологиялық алғы шарттарына қарағанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде басқа да тақтатас кен орындарын ашу үшін перспектива бар екені мәлім. Бұлардың ішінен ең перспективалы болып келетіндері – тұзды төбешік жерге бейімделе орналасқан және жер бетіне жақын жатады. [9]

Кендірлік тас және қоңыр  көмір, жанатын тақтатас кен орны. Кендірлік кен орны өзінің қоры және минерал отынының алуан түрлілігі  жағынан Шығыс Қазақстан облысының  шегінде басқа 14 белгілі кен орны мен көмір ашылған жерлердің  арасында бірінші орынды алады. Ол Қазақстанның қиыр шығысында, тау ішінде Сауыр  жотасының солтүстік беткейіндегі Зайсаннан оңтүстік-шығысқа қарай 40-50 шақырым жерде орналасқан.  Кендірлік кен орны Зайсан өлкесі Ресейге қосылған алғашқы жылдардың  өзінде-ақ ашылды. 1884 жылы жекеше өнеркәсіп  иелері Проскуряков пен Касаткин алғашқы шағын көмір кен орындарын  ашты. Бұл жерден олар шағын ашық разрездерден Кендірлік өзенінің  оң жағасында көмір және жанатын  тақтатас шығарып тұрды. Кендірлік  тақтатастар өзінің химиялық құрамы жағынан да, сондай-ақ тақтатас мұнайын  беруі жағынан да тіпті тіпті  бүкіл дүние жүзіне белгілі ең жақсы шотландиялық жанатын тақтатастардан кем соқпайды, ал өзінің қасиеттері жағынан алғанда жанатын тақтатастарға  қарағанда сапропельдерге жақындап келеді. Кендірлік тақтатастардың басты  артықшылығы – моторға қолданылатын отындағы ең зиянды қоспа күкірттің  ең аз (0,4-0,5%)  болып келуі.

Жанатын тақтатастарды пайдаланғандағы  өнімнің құны тек сұйық отын ретінде  ғана пайданылса онша жоғары болмайды. Ал тасымал сұйық отынның оны  тасып әкелумен қоса алғандағы құнынан  төмен болады, сондай-ақ барлық қалдықтарын  түгелдей алып пайдаланғанда және руда флотациясы үшін  жағу майына, гудронға және басқалар үшін жартылай фабрикатқа арнап өңдегенде, әртүрлі спирттерді және басқаларды алу үшін газдарды аулап ұстағанда өнімнің құны бұдан да төмен болады.

Кендірлік кен орны ашық жерде қазып алу тәсілімен  пайданылады, бұл өнімді арзандатады. Кендірлік тас көмірін және қоңыр  көмірін негізінен алғанда тұтынушылары Шығыс Қазақстанның полиметалл өнеркәсіптері.

 

Жанатын тақтатастарды пайдаланғандағы  өнімнің құны тек сұйық отын ретінде  ғана пайданылса онша жоғары болмайды. Ал тасымал сұйық отынның оны  тасып әкелумен қоса алғандағы құнынан  төмен болады, сондай-ақ барлық қалдықтарын  түгелдей алып пайдаланғанда және руда флотациясы үшін  жағу майына, гудронға және басқалар үшін жартылай фабрикатқа арнап өңдегенде, әртүрлі спирттерді және басқаларды алу үшін газдарды аулап ұстағанда өнімнің құны бұдан да төмен болады.

Кендірлік кен орны ашық жерде қазып алу тәсілімен  пайданылады, бұл өнімді арзандатады. Кендірлік тас көмірін және қоңыр  көмірін негізінен алғанда тұтынушылары Шығыс Қазақстанның полиметалл өнеркәсіптері.

Информация о работе Қазақстанның көмір өнеркәсібі (Приозерный қоңыр көмір кен орны мысалында)