Инвестициялық саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 18:01, реферат

Краткое описание

Жеке инвестициялар .Біздің экономикамыздағы жеке сектордың рөлі барған сайын арта беруге тиіс. Бүгінгі таңда зейнетақы жинақтау жүйесінің жиынтық капиталы 300 миллиард теңгеге жуықтап отыр. Банк жүйесіндегі депозиттер 600 миллиард теңгеден асып түсті.Банктердің жиынтық меншік капиталы бір жылдың ішінде үштің біріне ұлғайып, миллиард доллардан асып түсті, ал экономикаға берілген кредиттер соңғы үш жылда 4.5 есе көбейді.Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді және демеп отырады.

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Инвестицияның мәні, қызметі.
2.2 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар.
2.3 Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың дамуы
3.Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 34.27 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

2.1   Инвестицияның  мәні, қызметі.

2.2   Экономиканы  мемлекеттік реттеудегі негізгі  инвестициялық бағыттар.

2.3   Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың дамуы

3.Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бұл тақырыпты алғандағы мақсат  еліміздің инвестициялық саясаттың ролін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету .Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның ішкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп  айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз  табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс. Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы «Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды.«Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады.» -деп атап өтілуі инвестициялардың  еліміздің экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді.2003 жылдың 9-сәуірдің Президенттік Қазақстан Жолдауында үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық — инновациялық даму бағдарламасын әзірлеген:Инвестициялық сипаттағы тікелей мемлекеттік шығасылардың жылына орта есеппен 38 миллиард теңге (250 миллион доллар) болатынын жоспарлап отырмыз. Бұл қаражаттың едәуір бөлегі өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды жасақтау мен жаңартуға жұмсалатын болады.

Индустриалық — инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында даму институттарының жүйесі құрылады әрі капиталданатын болады.Соның ішінде, қазірдің өзінде жинақтаушы, сондай-ақ тұрақтандырушы уәзипалар атқарып жатқан Ұлттық қор бар.Қазақстанның инвестициялық қоры құрылатын болады. Ол капиталына үлестік қатысу арқылы қосылған құны жоғары тауарлар өндіретін қазақстандық компаниялардың құрылуына жәрдемдесуге тиіс.

Ғылыми — техникалық және кәсіпкерлік салалардың тұрақты өзара іс — қимылын қамтамасыз ету мақсатында Инновациялық қор құрылып, оған инновациялар мен венчурлық кәсіпкерлікті дамыту мен енгізу жөнінде неғұрлым кең өкілеттіктер жүктеледі.

Инвестициялық саясат. Он жылдықта  әлеуметтік – экономикалық салада жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтуды, сөйтіп, негізінен алғанда, кедейшілік мен жұмыссыздық проблемасын шешуді міндетімізге алған.

Мемлекеттік инвестициялар . Индустриалық- инновациялық даму бағдарламаның  іске асырылуын қамтамасыз ететін қаржы  институттарын құру мен капиталдандыру мақсатында :

- Даму банкінің жарғылық  капиталын ұлғайтуда және оның  кредиттік жадығатын молықтыруға – 12 миллиард теңге;

- құрылатын Қазақстан инвестициялыққорының жарғылық  капиталына – 23 миллиард теңге ;

-  құрылатын Инновациялық  қорға – 36 миллиард теңге;

- Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация құру үшін -7.7 миллиард теңге жіберуді ұсынамын.

Жеке инвестициялар .Біздің экономикамыздағы жеке сектордың рөлі барған сайын арта беруге тиіс. Бүгінгі таңда зейнетақы жинақтау жүйесінің жиынтық капиталы 300 миллиард теңгеге жуықтап отыр. Банк жүйесіндегі депозиттер 600 миллиард теңгеден асып түсті.Банктердің жиынтық меншік капиталы бір жылдың ішінде үштің біріне ұлғайып, миллиард доллардан асып түсті, ал экономикаға берілген кредиттер соңғы үш жылда 4.5 есе көбейді.Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді және демеп отырады.

 

 

 

 

Негізгі бөлім

2.1   Инвестицияның мәні, қызметі.

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы  шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция  экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.

Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.

Қаржылық  инвестициялар иелену мерзіміне  қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;

ә) ұзақ мерзімдік –  иелену мерзімі бір жылдан артық;

Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады.

Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы.

Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс.

 Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді:

- жеке инвесторлар (жеке адамдар).

- инстиуттандырылған инвесторлар  (банктер , инвестициялық қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары).

Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді.

Ал , капитал дегеніміз — тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді.

Капиталды әлем елдерінде  пайдаланудың негізгісі мыналар :

 * Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;

 *  Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс       арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;

 * Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;

 * Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;

  *Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал;

Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:

- өнеркәсіп, сауда т.б.  кәсіпорындарына тікелей инвестициялар ;

- портфельдік инвестициялар  (шетелдік облигацияларды, акцияларды  және басқа да құды қағаздарға алу үшін);

Ішкі инвестициялық  ресурстар өте тапшы бүгінгі  экономикалық жағдайда экономиканы  тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету  және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес.

2.2   Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар.

 Республиканың әлеуметтік  – экономикалық дамуын басқарудың  түпкілікті жаңа жүйесіне көшу  осы процестің басты мәселелерін  анықтауға себепші болады. Олардың  бірі болып инвестициялық қамсыздандыру  мәселесі табылады. Көшудің алғашқы  кезеңінде заң шығаратын негіздер  мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық  ресурстарын пайдалану мен шетел  инвестицияларын тарту жөніндегі  өзіндік саясатты құру қажет  болды.

Қазақстандағы мемлекеттік  инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары  құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның  ішінде, “Шетел инвестициялары туралы ”Заң  (1991ж.);

“Инвестициялық жекешелендіру  қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж.) ;”Қазақстан Республикасының шетел  инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы ” ҚР Президентінің  Жарлығы (маусым 1992ж.); “Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін  құру жөніндегі ” ҚР Президентінің  Жарлығы (қараша 1996ж.); “ Қазақстан  Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы ”ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды.Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту , елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін , олардың функциялары мен міндеттерін анықтады.2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнеркәсіптің , агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының , машина жасаудың , құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай , химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу.

Орталықтандырылған капитал  салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыру қарастырылады.

Мемлекеттік инвестицияларды  басқару  4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:

   1. Жоспарлау;

   2. Бағдарламалау;

   3. Бюджетті дайындау;

   4. Орындау;

Жоспарлау кезеңінде  әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ ,әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кзеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық- экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек.

Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет.

Қаражат бөлу жөніндегі  шешімдер мынандай факторларды ескеруі қажет:

- бюджет орындалатын , макроэкономикалық жағдай;

- инвестициялар бойынша  ұсыныстардың нақты аспектілері  , соның ішінде экономикалық аспектілер.

Егер инвестициялық  жобаларды (кеңес беру мен сатып  алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік  мекемелерінің міндеті болып  табылса, инвестициялық жобаларды  қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты  артық жұмсауда, мәселелерден аулақ  болу үшін сақтықтың қосымша шараларын қабылдау қажет.Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды тиісті инстиутуционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет.

Тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдау.

Қазақстанда “Тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдау туралы” Заң (28 ақпан 1997 ж.)қабылданған. Онда инвестицияның  қызметі- инвестицияларды жүзеге асыру  процесімен байланысты кәсіпкерлік  қызмет деп көрсетілген.

Тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:

- инвестициялық қызметті  қамтамасыз етудің заң шығарушы  кепілдері;

- жеңілдіктер мен артықшылықтар  жүйесін белгілеу (мемлекетті сол  немесе басқа кәсіпорындар мен  ұйымдарға олардың қызметіне  қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен  жеңілдіктер мен артықшылықтар  беруі).

Информация о работе Инвестициялық саясат