Жоспар
- Кіріспе
- Кәсіпкерлік саласындағы міндеттемелік құқық: түсінігі, пайда болу негіздері және орындалу қағидалары
- Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету әдістері
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстанда
экономикалық жаңғыртулардың, жекешелендірулерің,
монополизациядан шығу үрдістерінің
жүзеге асырылуы экономика және
оны басқару аумағындағы қатынастарды
реттеуші заңнамалардың жаңартылуына
ғана әкеліп койған жоқ, сонымен
қатар, айналымға кәсіпкер, кәсіпкерлік
қызмет, тауарлар нарғы және т.б.
түсініктерді енгізді.
Нарықтық қатынастарға
көшу, экономиканы мемлекеттік реттеудің
түбегейлі өзгеруі, құқықтық реттеуде
заңның рөлін күшейтуді, кәсіпкерліктің
әртүрлі ұйымдық құқықтық нысандарының
теңдігіне негізделетін, кәсіпкерлік
қызметтің жаңа құқықтық негізін
қалыптастыруды қажет етті.
Экономикада мүліктік
қатынастарды реттеуде негізгі
маңызға азаматтық құқық ие
болды. Нарықтық экономика саласының
мәндері бойынша бір тектес
емес, алайда, бір-бірімен тығыз байланыстағы
катынастардың: тауар-ақша (мүліктік)
және басқару жөніндегі манызды
екі түрі ажыратылады.
Кәсіпкерлік құрылымдар
арасындағы тауар-ақша қатынастарын
негізінде тараптардың заңды
теңдігі жатқаны мәлім. Олардың
құқықтары мен міндеттері негізінен
азаматтық-құқықтық шарттардан туындайды.
Кәсіпкерлер үшін
маңызға, сондай-ақ басқару жөніндегі
қатынастар ие, олар кәсіпкерлік
қызметті реттеу бойынша басқару
органдарымен қатынастарды білдіреді.
Олар үшін кәсіпкерлерге бағытталған
басқару актілерінің міндеттілігі
сипаттаушы белгі болып табылады.
Бұл қатынастар азаматтық құқық
нормаларының реттеу аясынан
шығып кетеді. Мәні бойынша әкімшілік-құқықтық
болғанымен, олар кәсіпкерлік қатынастарды
айырықша түрде мүліктік, азаматтық-құқықтық
байланысының ретттеу аумағында
қолданылады.
Құқық нормаларымен
реттелген, жоғарыда көрсетілген
қоғамдық қатынастар кәсіпкерлік
құқықтық қатынастар деп аталады.
Кәсіпкерліктегі
көпшілік және жеке мүдделердің
сәйкестенуі экономика саласындағы
барлық қатынастарды біртұтас
реттеуді қажет етеді. Осы орайда,
ол тікелей кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыруға жатама немесе
осы қызметті мемлекеттік реттеуге
жатама, ол маңызды емес.
Экономика саласындағы
құқықтық катынастарды зерттеуді кәсіпкерлік құқық
атты ғылым саласы жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік құқық
мемлекет пен қоғамның мүддесін
қамтамасыз ету сияқты бір
мақсатқа қол жеткізуге бағытталған
шаралар мен әдістердің кешенінен
тұрады. Тәртіп бойынша қоғамдық
мүдде әлеуметтік аумақ реттінде:
тұрғындардың тұрмыс жағдайының
жақсартылуы, адамдардың күнделікті
қажеттіліктерінің мейлінше, көбірек
қанағаттандырылуы болып табылады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметтің
жан-жақты құқықтық реттелуі және
кәсіпкерлік құқықты кеңінен
зерттеу мемлекеттегі жүргізіліп
жатқан реформалардың жетістікке
жетуінің маңызды түрткісі саналады.
Кәсіпкерлік саласындағы
міндеттемелік құқық: түсінігі, пайда
болу негіздері және орындалу қағидалары
Экономикалық айналымдағы
қатынастарды құқықтық реттеу
нәтижесінде олар құқықтық нысанға
иеленді және міндеттемелік құқықтық
қатынастарға айналады. Азаматтық
құқықты міндеттемелік құқықтық
қатынастарды міндеттемелі деп
атау қалыптасқан.
Міндеттеме –
бұл салыстырмалы құқықтық қатынас, оған
сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның
(несие берушінің) пайдасына мүлік беру,
жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты
белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі
бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті,
ал несие беруші борышкерден өз мідеттерін
орындауын талап етуге құқылы.
Міндеттеме меншіктік
құқықтық қатынастармен (заттық
құқықтық қатынастармен) тағыз
байланысты және шынайы өмірге
олардың өзара қатынасы әрқашанда
байқалады. Меншік иесінің билік
ету құқығын жүзеге асыруы
міндеттемілік құқытық қатынастың
пайда болуына әкеледі, ал міндеттемерді
орындау өмірде көбінесе, меншіктік
құқықтық қатынастарды туындатады.
Мысалы, меншік иесі билік ету
құқығын жүзеге асыра отырып,
сатып алу-сату шартын жасасады,
одан меншік иесі (сатушы) мен
сатып алушының арасында міндеттеме
пайда болады. Сатып алушы міндеттеме
бойынша сатушыдан затты ала отырып,
оның меншік иесі болады және меншіктік
құқықтық қатынас қатысушысы және т.б.
болады. Соынмен қоса меншіктік құқықтық
қатынас (заттық құқықтық қатынас) пен
міндеттеменің арасында айтарлықтай
маңызды айырмашылықтар бар. Меншіктік
құқықтық қатынастар (заттық құқықтық
қатынастар) материалдық құндылықтарға
ие болу үрдісін дәріптейді және соның
арқасында шексіз сипатқа ие болады. Ал
міндеттеме материалдық құндылықтардың
бір тұлғадан екінші тұлғаға өту үрдісін
дәріптейді және сондықтан әр қашанда
қатаң анықталған тұлғалардың арасында
орнайды, яғни салыстырмалы сипатқа ие
болады. Міндеттеме онда тарап ретінде
қатыспайтын тұлғалар (үшінші тұлғалар)
үшін міндеттер туғызбайды. Мысалы, сатып
алу-сату міндеттемесі нақты сатып алушы
мен сатушының арасында туындайды. Тек
заңмен, өзге де құқытық актілермен және
тараптардың келісімімен көзделген жағдайда
ғана міндеттеменің бәр немесе екі тарабынан
қатысты үшінші тұлғадан міндеттеме туындауы
мүмкін.
Кез-келген құқытық
қатынастағыдай, міндеттемеде екі
тарап қатысады: құқығы және міндетті
тарап. Материалдық құндылықтардың
жүруі белсенді әрекеттерсіз
мүмкін болмағандықтан, міндеттемелік
құқықтық қатынастағы құқылы тарап
міндетті тараптан қандай да бір әрекетті
жасауды талап ету құқығына иеленген.
Өз кезегінде, міндеттемелік құқықтық
қатынаста міндетті тарапқа осы әрекеттерді
жүзеге асыру міндеті жүктелген. Мысалы,
жалға алу міндеттемесінде жалға беруші
жалға беру мерзімі аяқталғаннан кейін
жалға берілген мүлікті қайтаруды талап
етуге құқылы, ал жалға алушы осы мерзімде
жалға алған мүлікті қайтаруға міндетті.
Міндеттемеде құқылы тұлғаға тиесілі
субъективті құқықты талап ету құқығы
деп атау қабылданған, ал құқығы тұлға
несие беруші деп аталады. Міндеттемеде
міндетті тарап борышкер деп аталады,
ал оған жүктелген міндет-борыш декп аталады.
Егер міндеттемеде әрбір тарап екінші
тарапқа қатысты міндет атқарса, оның
пайдасына атқару міндетіне қарай борышкер
болады және бір мезетте одан талап ету
құқығына орай несие беруші де болады.
Мысалы, сатып алу-сату міндеттемесінде
сатушы сатып алушының алдында борышкер
болып табылады, себебі оған сатылған
мүлікті беруге міндетті және сол уақытта
ол сатып алушының несие беруші ретінде
түседі, себебі ол сатып алушыдан сатылған
мүліктің сатып алу құнын төлеуді талап
етуге құқылы.
Несие берушінің
талап ету құқығы және борышкердің
берешегі міндеттемелік құқықтық
қатынастың заңдық мазмұнын қалыптастырады.
Міндеттеменің объектісі ретінде
борышкердің әрекеті түседі. Мысалы,
мердігерлік жұмыстарды атқару және оларды
тапсырыс берушіге өткізу барысындағы
мердігердің әрекеттері мердігерлік міндеттеменің
объектісін қалыптастырады.
Пайда болу
негіздеріне қарай барлық міндеттемелер:
шарттық және шарттан тыс міндеттемелер
болып екі түрге бөлінеді. Шарттық міндеттемелер
шарт жасасу негізінде пайда болады, ал шарттан тыс міндеттемелер
өзінің пайда болу негіздеріне басқа заңды
деректерді салады. Барлық міндеттемелерді
екі түрге бөлудің маңызы мынада, яғни
шарттық міндеттемелердің мазмұны тек
қана заңмен емес, сонымен қатар міндеттемеге
қатысушы тұлғалардың келісімімен де
анықталады. Шарттан тыс міндеттемелердің
мазмұны тек қана заңға немесе заң және
міндеттеме тараптарының бірінің ғана
еркіне ғана байланысты болады. Шарттық
міндеттемелердің заңдық ортақтылығы
барлық көптеген және көп қырлы шарттарға
тең дәрежеде, ортақ құқықтық нормалардың
маңызда бөлігін белгілеуге мүмкіндік
береді. Осы құқықтық нормалардың жиынтығы
шарттық құқық институтының жалпы бөлімін
қалыптастырады.
Жекеленген топтарға
кіретін міндеттемелер оларды
біріктіретің ортақ белгілермен
қатар әртүрлі айырмашықтарымен
сипаттталады. Экономикалық мазмұнына
байланысты бір топтың ішінде
міндеттеменің жекелеген түрлері
ажыратылады. Мысалы, жұмыстарды
орындау бойынша міндеттемелер
тобына мердігерлік міндеттемесі,
тұрмыстық мердігерлік, құрылыс
мердігерлігі, жобалау және іздестіру
жұмыстарына мердігерлік және
т.б. кіреді.
Міндеттемелердің
жекелеген түрлері өз кезегінде
әртүрлі нысандарды түсуі немесе
әртүрлі түр тармақтарға бөлінуі
мүмкін. Міндеттемелерді жекелеген
нысандар бойынша жіктеу міндетттемелік
құқықтық қатынастың бір түрінің
шегінде, олардың көрініс табуы
ерекше арнайы нысанға ие болғанда
орын алады.
Мысалы, бөлшектеп сатып
алу-сату: несиеге сатып алу-сату,
үлгілері бойынша, алдын ала тапсырыс
бойынша, өз-өзіне қызмет көрсету
тәртібі негізінде сатып алу-сату,
сәлемдеме арқылы сатып алу-сату
және т.б. нысандарда болуы мүмкін. Міндеттеменің
нақты түрі, сондай-ақ, әртүрлі түр
тармақтар ретінде көрсетілуі мүмкін,
егер осы түр аясында арнайы ерекшеліктер
міндеттемелік құқықтық қатынастың
мазмұнына айналса. Міндеттеменің
сол бір түрінің ішінде, мысалы,
-көлік құралдарын жалдау міндеттемесі
– оның екі түр: көлік құралы экипажымен
жалдау және көлік құралын экипажынсыз
жалдау тармағын ажыратады.
Кез келген
азаматтық құқықтық катынастар
сиякты, міндеттемелерде міндеттемелердің
пайда болу негіздері деп аталатын
белгілі бір заңды деректердің
негізінде пайда болады. Міндеттемелік
құқықтық қатынастардың негізінде ең
әртүрлі заңды деректер жатуы мүмкін.
Сонымен бірге міндеттемелердің мүмкін
болатын пайда болу негіздері ішінде заңнама
шартты айырықша ерекшелейді. Бұл кездейсоқ
емес. Міндеттеме қатаң анықталған тұлғалардың
арасында орнайды. Сондықтан да көбінесе
міндеттемелік құқықтық қатынастар шартта
көрініс тапқан, оған қатысушы тұлғаларды
еркі бойынша орнатылатындығы толығымен
орынды жайт. Міндеттемелердің осылай
қалыптасу әдісі экономикалық айналымның
даму қажеттіліктеріне әбден сәйкес келеді.
Осының арқасында біздің қоғамда әрекет
ететін көптеген міндеттемелер шарттық
типке жаткызылады.
Міндеттеменің
пайда болуына негіз ретінде әртүрлі
шарттар қарастырылуы мүмкін. Мысалы,
ҚР АК сатып алу-сату, айырбас, рента, мүлік
жалдау тұрғын үйді жалдау, мердігерлік,
тасымалдау, сақтандыру, тапсырма, комиссия,
сақтау және т.б. шарттардың жасалу мүмкіндігін
қарастырады. Шарттың көптеген түрлері,
сондай-ақ заңға бағынышты нормативті
актілермен де қарастырылған.
Шарттармен қатар
міндеттемелердің болу негізі ретінде
бір жақты мәмілелер қарастырылуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда азаматтық құқық субъектісі
бір жақты ерік білдіру жолымен өзінің
субъективті құқығына билік жүргізеді
немесе өзіне субъективті міндет жүктейді,
осы орайда міндеттемелік құқықтық қатынастарға
басқа тарапқа сәйкес субъективті құқық
береді. Осындай бір жақты мәмілелердің
қатарына заңмен қарастырылған, сонымен
қатар заңмен қарастырылмаған, бірақ оған
қайшы келмейтін мәмілелер жатқызылады.
Міндеттемелердің
пайда болу негіздерінің қатарына шарттармен
қатар бір жақты мәмілелерді кірістіру
азаматтық заңнаманың негізгі бастамаларына
қайшы келмейді. Шарттармен қатар олар
тауар-ақша қатынастарының қатысушыларын
қажетті тәуелсіздік пен дербестікті
заңдық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Міндеттемелердің
пайда болуына сонымен қатар,
әкімшілік актілерде негіз болуы
мүмкін. Осы орайда әкімшілік актіден
туындаған міндеттеменің мазмұны осы
актімен анықталады. Әкімшілік актілерді
азаматтық құқықтың үлкен қоймасына енгізу
көп жағдай да біздің экономикамызға ұзақ
уақыт кезеңі аралығында енгізілген басқарудың
әкімшілік әдістерімен негізделеді. Дегенмен,
тіпті, командалық – әкімшілік жүйенің
билігі жүрген кезеңде де міндеттемелердің
тікелей әкімшілік актілерден туындау
жағдайлары өте сирек кездескен болатын.
Осы кезеңге тектес көп кездескен әкімшілік
актіден туындаған міндеттемеге мысал,
тауар жеткізушілердің экспорттық бірлестігімен
берілетін, тапсырыс – наряд негізінде
пайда болатын, экспортқа тауар жеткізілім
міндеттемесі болып табылады.
Әрекет етуші
азаматтық заңнама міндеттемелердің
орындалуының екі: тиісінше, орындалу
қағидасы және нақты орындалу
қағидасын қарастырады.
ҚР АК 272-бапта
көзделген, азаматтық – құқықтық
міндеттемені тиісінше орындау
– бұл сәйкес міндеттеменің
мазмұнын анықтайтын заң мен шарт ережелерінің
талаптарын толық сақтай отырып, борышкердің
іс-әрекет жасауы. Міндеттемені тиісінше,
орындау қағидасы міндеттеме тиісті субъектілерімен,
тиісті жерде, тиісті белгіленген мерзімде,
тиісті пәнде және тиісті түрде орындалуы
дегенді білдіреді.
Нақты орындау
қағидасы АК 396-бапта бекітілген
және жалпы тәртіп ретінде
міндеттемені табиғи түрінде орындау
міндеті жүктеледі, яғни борышкер міндеттеменің
мазмұнын қалыптастыратын іс-әрекетті
зиянның орнын толтыру және айып төлеу
түріндегі ақшалай эквивалентке ауыстырмай
нақты сол әрекетті жүзеге асыруы.
Міндеттемені орындау
бойынша борышкердің іс-әрекеті жасау
тәртібі оны орындау тәсілі деп аталады.
Егер міндеттеме шарттарында, заңдарда
өзгеше белгіленбесе немесе іскерлік
қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан
немесе міндеттеме мәнінен өзгеше туындамаса,
несие беруші міндеттемені бөлшектеп
орындауды қабылдамауға құқылы.
Борышкердің міндеттемені
орындау міндеті жүзеге асырылатын географиялық
мекен, міндеттеме орындалатын жер деп
аталады.
Жалпы тәртіп
бойынша міндеттеменің орындалу жері
заңмен немесе тараптардың келісімімен
анықталады, бұл міндеттеменің орындалуы
жүзеге асырылуы мүмкін жер, ол қолданылуға
тиісті жеткізім бойынша шығындарды бөлуге
және әсер етеді.