ТМД елдерінің Орталық азия бөлігіндегі мемлекеттердің экономикалық дағдарыс ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 20:02, курсовая работа

Краткое описание

Бірінші бөлім «Экономикалық даму кезеңділігі, дағдарыс түрлері» деп аталады, мұнда нарықтық экономика дамуының кезеңділігі, кезеңдік өзгерістердің сыртқы және ішкі себептері мен экономикада кездесетін дағдарыс түрлері, яғни аграрлы дағдарыс, құрылымдық дағдарыс туралы кеңінен баяндалады.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
І Бөлім. Экономикалық даму кезеңділігі, дағдарыс түрлері
1.1. Нарықтық экономика дамуының кезеңділігі. Кезеңдік өзгерістердің сыртқы және ішкі себептері...................................................................................4
1.2. Экономикалық кезеңдер және оның түрлері.................................................4
1.3. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс..................................................6
ІІ Бөлім. ТМД елдеріндегі экономикалық дағдарыс, оның ерекшеліктері
2.1. Ресейдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, қаржы жүйесі және ерекшеліктері..................................................................................................7
2.2. Ресейдің экономикалық дағдарыс кезіндегі бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы...............................................................................................................11
2.3.Украинаның экономикасы және оның дағдарысы мен
ерекшеліктері........................................................................................................14
2.4. Беларусь Республикасының экономикалық жағдайы, дағдарыс ерекшеліктері.........................................................................................................18
ІІІ Бөлім. ТМД елдерінің Орталық азия бөлігіндегі мемлекеттердің экономикалық дағдарыс ерекшеліктері
3.1. Қырғызстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі
Кезеңдері................................................................................................................23
3.2. Өзбекстан Республикасының қаржы-экономикалық жағдайына қысқаша сипаттама................................................................................................................30
3.3. Тәжікстан Республикасының нарық экономикасы жағдайындағы қаржы жүйесі......................................................................................................................33
3.4. Түрікменстан Республикасының экономикалық қаржылық жүйесіне
қысқаша шолу........................................................................................................36
Қорытынды .........................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

курсовик.doc

— 274.50 Кб (Скачать файл)

Жоспар

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................39

Кіріспе

      Нарықтық экономикаға тән қайшылық — тұрақсыз дамулар. Бірақ бұл қайшылықтардың ерекшеліктері қаншалықты маңызды 6олуына қарамастан, экономикалық қозғалыстарды не хаосқа,  не хронологиялық тұрактылыққа әкелмейді, алайда ол белгілі бір заңдылықтармен өрнектеледі, атап айтқанда кезеңдік қозғалыстарда, яғни өндірістің жылдам өсуі баяу өсу кезеңдеріне және өндірістің абсолютті құлдырауына ұласады.

   Менің курстық жұмысым  «ТМД елдеріндегі экономикалық  дағдарыс және оның ерекшеліктері»  деп аталды. Курстық жұмыс үш  бөлімнен бірнеше бөлімдерден  тұрады.

   Бірінші бөлім «Экономикалық даму кезеңділігі, дағдарыс түрлері» деп аталады, мұнда  нарықтық экономика дамуының кезеңділігі, кезеңдік өзгерістердің сыртқы және ішкі себептері мен экономикада кездесетін дағдарыс түрлері, яғни аграрлы дағдарыс, құрылымдық дағдарыс туралы кеңінен баяндалады.

   Екінші бөлім «ТМД елдеріндегі экономикалық дағдарыс, оның ерекшеліктері» деп аталады. Мұнда  Ресейдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, қаржы жүйесі және ерекшеліктері, экономикалық дағдарыс кезіндегі бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы және Украинаның экономикасы және оның дағдарысы мен ерекшеліктері мен Беларусь Республикасының экономикалық жағдайы, дағдарыс ерекшеліктері баянладалады.

   Ал үшінші бөлім «ТМД елдерінің Орталық азия бөлігіндегі мемлекеттердің экономикалық дағдарыс ерекшеліктері» деп аталып, оған Қырғызстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі кезеңдері, Өзбекстан Республикасының қаржы-экономикалық жағдайына қысқаша сипаттама,

Тәжікстан Республикасының нарық экономикасы жағдайындағы қаржы жүйесі,   Түрікменстан Республикасының экономикалық қаржылық жүйесіне қысқаша шолу берілген.

   Курстық жұмысты жазу барысында А.Б. Темірбекованың «Экономикалық теория» оқулығын, Я.Әубәкіров, М.Есқалиевтардың «Экономикалық теория негіздері» оқылығын, «Микроэкономика» оқулықтарын, сондай-ақ экономика саласы бойынша мерзімді басылымдарды пайдаландым.

І Бөлім. Экономикалық даму кезеңділігі, дағдарыс түрлері

1.1. Нарықтық экономика  дамуының кезеңділігі. Кезеңдік өзгерістердің сыртқы және ішкі себептері

       Экономикалық  құбылыстардың обьективті сыртқы себептеріне және субьективті жағдайларға кезеңді қайталануын калыптастыратын және экономикалық жүйеден тыс жатқан құбылыстарды жатқызуға болады. Олар:

1. Соғыстар, революциялар және саяси  т.б. думпулер.

  1. Ірі алтын, уран. мұнай және т.б кен орындарының ашылуы.

3. Жаңа   территориялардың  игерілуі  және  осыған  байланысты   миграциялық   көшіп-қонулар,   жер   шарының   сандық көрсеткіштерінің өзгерістері;

4. Қоғамдық өндіріс құрылымының дамуына мүмкіндік беретін псхиологияның жаңа қарқынмен дамуы, өнертапқыштықтар мен инновациялар.

Экономикалық кезеңді тудыратын ішкі себептер:

1) негізгі капиталдың айналым мерзімі;

2) жеке  қажеттіліктер,  өндірістің қарқынына  әсер ететін кысқартулар мен өсулер;

3) инвестициялау, яғни өндірісті  дамытуға салым салу, оны модернизациялау, жаңа жұмыс орындарының ашылуы;

4) мемлекеттің экономикалық саясаты, өндіріске тура және жанама әсер етуі, сұраныс және тұтыну.

1.2. Экономикалық кезеңдер және оның түрлері

      Өндірістің нақты  көлемінің оны қоршаған потенциалдық  шамадаи ауытқуы экономикалық өзгеріс немесе экономикалық кезең деп аталады. Кезеңдер қарқындау мен нарықтык коньюктураның құлдырауын сипаттай отырып, оның сәйкессіз түрдегі сұранысы мен ұсынысында әр түрлі көрініс табады.

      Кезеңдердің негізі сипаты оның  себептерімен, фазаларымен, созылу уақытымен, қайталануымен, динамикалық параметрлерімен, экономикалық белсенділіктің амплитудалық көрсеткішімен тығыз байланысты. Кезеңдердің басты қасиеті ұлттық өнім тербелісі ұғымына негізделген.

     Өзгерістердің қанша  түрі болса, сонша кезеңдер болуы мүмкін. Кезеңдердің: екпіндік, капитал салымдық, инновациялық және т.б түрлері болады. Бірақ өте маңызды экономикалық агрегаттарды да сипаттайтын кезеңдер бар. Бұл кезеңдер түрлерінің ішіндегі ерекшелері:

1) ғасырлық - олар қарқынды белгілі бір ретпен немесе бір ғасырмен сипаттайды;

2) ұзақ толқынды - бірнеше он  жылдыққа созылады (жаңа технологияның шығуымен байланысты Кондратьев толқыны шамамен 50 жыл);

3) жай және орташа - 8-10 жыл. Оған Жугляр айналымы кіреді, оның себебі ақша саласындағы айналыста, нақтырақ айтқанда несиеде және материалдық негізі жаңа капиталды жаңарту болатын өндірістік айналымда болады;

4) шағын айналым немесе Китчин айналымы - 2-3 жылдық. ол әлемдік алтын қорының өзгерістеріне байланысты;

5) маусымдық — жарты жылдық;

6) қысқа мерзімді коньюктурлық  өзгерістер (қорлар, тұрғын-үй құрылысы, пайызы, сатылуы және т.б), ол бір - екі күннен айға дейін немесе жарты жылға дейін созылуы мүмкін.

     Орта мерзімді айналымдарды  өнеркәсіптік деп те атайды. Өнеркәсіптік  айналымның материалдық негізіне негізгі капиталдың жаңаруы жатады. Басты себеп — тауарларды артық өндіру. Бұл айналымдардың ұзақтылығы негізгі капиталдың тозуына байланысты.

Өнеркәсіптік айналымның фазалары:

1. Күйзеліс: тауарларды артық өндіру, өндіріс көлемін кенеттен қысқарту. өндіргіш күштердін аракідік бұзылуы, мекемелердің жаппай банкротка ұшырауы, негізгі капиталдың құнсыздануы, жұмыссыздықтың көбірек өсуі. еңбекақының кемуі, несиенің оқыс қысқаруы, салымдарды жаппай қайтып алу, банктердің күйреуі, пайыз мөлшерлемесінің өте жоғары деңгейі.

  1. Депрессия немесе дағдарыс: өндіріс төмендеуінің қысқаруы, яғни дағдарыс жағдайы, тауар қорының өспеуі, бағаның құлдырауының тоқтауы, жаппай жұмыссыздық, төменгі еңбекақы.

3. Жандану: ақырындап күйзеліс алдындағы  өндіріс деңгейіне жету, негізгі капиталды жаппай жаңарту, бағаны аздап көтеру. жұмыссыздық көлемін қысқарту.

4. Көтерілу: өндірістің күйзеліс  алдындағы деңгейін көтеру. бағаның  біршама өсуі, жұмыссыздық көлемін  қысқарту, еңбекақыны көтеру, иесие  көлемін ұлғайту.

1.3. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс

    Ауыл шаруашылығының  дамуы табиғи-климаттық жағдайлармен, ауыл шаруашылық өндірісінің  техникалық қасиеттерімен ғана  емес, сонымен қатар өндірістің  төменгі деңіейі арқылы негізделетіи  оның қоғамдық жағдайларына да байланысты.

Аграрлы дағдарыстың негізгі ерекшеліктері:

1) аграрлы дағдарыс — рентаға  және ауыл шаруашылығының өнеркәсіптерден  дәстүрлі түрде артта қалуына  байлаиысты ерекше қарама-қайшылықтардың  себебі (осындай артта қалушылық  экономикалық дамудың жоғары деңгейіне жеткен барлық елдерге тән):

2) аграрлы дағдарыс мерзімінің  ұзақтығы соншалықты, ол жалпы  қайта өндіру дағдарысының уақытымен  сәйкес келмейді. Соның нәтижесінде  жалпы экономикалык циклдің басқа  да фазаларында жалғаса береді;

3) аграрлы дағдарыстардың бір аграрлы дағдарысты екіншісінен ажырататын өздеріне тән меншікті қайталану мерзімдері болмайды, яғни мерзімі немесе белгілі бір уақыт аралығында нақты анықтылығы болмайды.

Бүл мынадай себептердің нәтижесінен шығады:

1) табиғи климаттық жағдай – мысалы, ұзақ жылғы құрғақшылық;

2) соғыс, өрт нәгижесінде жердің мыңдаған гектарларының айтарлықтай ұзақ мерзімге пайдаға аспай қалуы:

3)  ауыл шаруашылығы және өндірістік  өнімге деген бағаның қайшылығы:

4) ауыл   шаруашылығындағы   өнеркәсіптен   бөлек  еңек өнімділігінің, деңгейінің төмендігі;

5) мемлекеттің ауыл шаруашылығын, әсіресс бұрынғы социалистік  мемлекеттерде әлсіз қолдауы.

      Құрылымдық дағдарыстар  бөлек сфералар мен салалар  арасындағы дамудың диспропорциясынан  пайда болып, ұзаққа созылады. Әдетте олар кезеңдік дағдарыстардың бастапқы уақытымен әр кез сәйкес келе бермейді. Құрылымдық дағдарысқа мұнай, азық-түлік. энергетикалық шикізат, валюталық, экологиялық дағдарыстар жатады.

ІІ Бөлім. ТМД елдеріндегі экономикалық дағдарыс, оның ерекшеліктері

2.1. Ресейдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, қаржы жүйесі және ерекшеліктері

      Ресей Федерациясының  соңғы жылдарда макроэкономикалық  көрсеткіштеріне қысқаша шолу  жасайтын болсақ, нақты 2002 жылғы  қаржылық көрсеткіштері төмендегідей болды:

Халық саны — 145,2 млн адам

Жұмыссыздар саны - 6153 мың адам

Халықтың ақшалай табыстары (орташа жан басына шаққанда бір айға) - 3949,8 рубль.

   Халықтың ақшалай шығындары (орташа жан басына шаққанда бір айға) - 38,805 рубль.

Экономика саласында еңбекпен қамтылғандардың жылдық орташа саны - 65359 мың адам.

Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) - 10863,4 млрд рубль

Жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда - 75497,0 рубль

Өнеркәсіптік өнім көлемі - 6867,9 млрд рубль.

Негізгі капиталға күрделі салымдар - 1758,7 млн рубль

Бюджет табыстары - 3519,2 млрд рубль

Бюджет шығындары - 3422,3 млрд рубль

Экспорт- 106154,3 млн доллар

Импорт - 461530 млн доллар

     Қаржы өзінің экономикалық  табиғаты жағынан және жалпы  принципиалды бірлігі жағынан  біртұтас. Алайда, қоғамның сан-алуан қажеттеріне қызмет ететіндігіне байланысты қаржы бірқатар салалардан тұрады. Нәтижесінде өз ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастарының саласы мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесін құрады.

       Қаржы жүйесі - бүл мемлекет пен кәсіпорынның  орталықтандырылған және орталықтандырылмаған  ақша қорларын құру және пайдалану  процесіндегі қаржы қатынастарының оқшауланған, бірақ өзара байланысқан әртүрлі салалары мен буындарының, сондай-ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.

     Ресей Федерациясының  қаржы жүйесі қаржы қатынастарының  біршама дербес мына салаларынан  тұрады:

•   мемлекеттік бюджет;

•   сақтандыру қорлары;

•   қор нарығы;

•   мемлекеттік несие;

• шаруашылық жүргізушілердің субъектілерінің қаржыларына;

•  бюджеттен тыс қорлар.

        Жоғарыда келтірілген қаржы қатынастарын екі жүйеге бөледі. Шаруашылық жүргізу субъектілердің каржылары орталықтандырылмаған қаржыларға жатады жэне микродеңгейдегі экономикамен әлеуметтік қатынастарды реттеу мен көтермелеу үшін пайдаланылады, ал жалпы мемлекетікке орталықтандырылған каржылар жатады және макроденгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады.

Информация о работе ТМД елдерінің Орталық азия бөлігіндегі мемлекеттердің экономикалық дағдарыс ерекшеліктері