Қазақстанның экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 13:37, реферат

Краткое описание

Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.

Вложенные файлы: 1 файл

экономика теория.docx

— 45.48 Кб (Скачать файл)

               ҚР Ғылым және Білім министрлігі

                Орталық Азия Университеті

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

                                             Оындаған:Шайхиева Ж

                                             Тексерген:Смағұлов А.М

 

 

 

 

 

                             

 

 

                               Алматы 2013

Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.

Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.

Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.

1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1% болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.

Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60% Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14,5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.

2006 жылы Қазақстанның халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда ағымдағы бағамен 29 764,8 млн. АҚШ долларын құрады.

Республика экономикасына 50 млрд. АҚШ долларына жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізуде. Мәселен, 2004 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 7 млрд. доллардан астам оң сальдомен 33 млрд. АҚШ долларына жақындап, 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті.

2005 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ұйымдастырылмаған сауданы қоспағанда 41016,4 млн. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады.

Тәуелсіздіктің алғашқы  жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.

Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.

Жылы

Жалпы ішкі өнім

АҚШ долларының айырбас бағамы

Инфляция индексі 
(2000=100)

Жан басына шаққандағы ЖІӨ 
(АҚШ деңгейінің % үлесі)

1995

78,014,200

61.11 тенге

64

3.81

2000

102,599,902

142.26 тенге

100

3.53

2005

147,453,000

132.88 тенге

140

9.01


Қазақстан бүгінгі таңда  ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Moody’s Investors Service, Standard & Poor’s и Fitch Rating’s Ltd сияқты жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің инвестициялық класс рейтингін алды.

2005 жылғы 20 желтоқсанда  Fitch Rating’s рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының инвестициялық рейтингін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ» деңгейіне дейін және ұлттық валютадағы ұзық мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ+» деңгейіне дейін жоғарылатты, сондай-ақ шетелдік валютадағы қысқа мерзімді облигациялар бойынша «Ғ3» деңгейін растады. Бұл ретте барлық берілген рейтингтер «тұрақты» екені болжанып отыр. Осы агенттіктің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстанда минералдық ресурстардың қомақты қорының болуы оның экономикалық келешегі зор екенін айқындайды.

Қазіргі уақытта Қазақстан  Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.

2006 жылғы мамырдағы жұмыссыздық  деңгейі 7,7% мөлшерінде қалыптасты (2005 жылғы мамырда – 8,2%). Мемлекеттің 2005 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне бөлінген шығыстары 2003 жылмен салыстырғанда 1,7 еседен астам өсті.

Тарихы

 Толық мақаласы: Қазақстан экономикасының тарихы

Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал ш-на негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 ж. Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi ш-тың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастады.

9 ғасырың аяғы мен 20 ғ-дың басында көшпелi ш-ты дағдарыс шарпыды. Бұқараның кедей топтары қайыршылыққа ұшырап, мал басы кемiп кеттi. Көшпелiлердiң кедейленген бөлiгi отырықшыға айналды. Дағдарыстың тереңдей түсуiне патша өкiметiнiң ең шұрайлы жерлердi тартып алып, қоныс аударушыларға берген отаршылдық саясаты қатты әсерiн тигiздi. Шын мәнiнде бұл байырғы халықты ата мекендерiнен күшпен ығыстырып, құнарсыз жерлерге қуу болды. 1917 жылға дейiн патша үкiметi қазақтардан 45 млн. гектардан астам жердi тартып алып, iшкi Ресейден келген жаңа қоныс тебушiлерге алып бердi. Патша үкiметiнiң қоныс аудару саясаты жергiлiктi халықтың экон. мүдделерiне нұқсан келтiрдi. Ол қазақтардың ата-бабаларының құнарлы қоныстарын қоныс аудару қорына күшпен алып қосу арқылы жартылай отырықшы мал ш-на және егiншiлiкке бейiмделмеген қазақ көшпелiлерiнiң табиғи дамуын тежедi. Көшпелi ш. дағдарысы құнары аз аймақтарға ығысқан жұрттан мал ш-н анағұрлым тиiмдi жүргiзудi, сондай-ақ, егiншiлiк пен отырықшылыққа көшу мәселесiн шұғыл күн тәртiбiне шығарды. Қазақ халқының жерге қоныстану, оны пайдалану жолындағы күресi, атап айтқанда, жердi әдiл бөлу, орталықтан көшiрiп келген шаруаларға кепiлдi жер телiмдерiн қазақтардан тартып алып берудi доғартуға ұмтылу аса маңызды мәселелердiң бiрiне айналды. Қазақтардың Мемл. Думаға, басқа да мекемелерге жазған көптеген арыздарында жер иелену құқықтарының нақты еместiгi салдарынан көшпелi ш-тар жағдайының тиянақсыз болып отырғандығы атап көрсетiлдi. Мұның өзi олардың еңсесiн түсiрдi, ертеден орныққан үй-жай, қора-қопсыларынан айрылып, шөл және шөлейт, басқа да қолайсыз аймаққа қайта орнығуға, шаруашылықты жетiлдiруге деген ықыласын кемiттi. Отырықшылыққа көшу қазақ шаруалары үшiн қиын үдерiс болды. Жер иелену құқығымен қоса бұған белгiлi бiр мөлшерде қаржы-қаражат та қажет едi. Ал патша үкiметi қандай да бiр көмек көрсетуден бас тартты. Осындай себептерге байланысты қазақ жерiнде отырықшылыққа көшу кең таралмады. Бұл үдерiс егiншiлiктi дамытуға анағұрлым қолайлы жағдайлары бар солт.-шығыс облыстарда, қоныс аударған орыс шаруаларымен тығыз араласқан жерлерде өрiс алды. Сөйтiп, Қазақстанда әрқилы табиғи-геогр. және тарихи жағдайларға байланысты шаруашылықтың көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшы сияқты үш түрi қалыптасты. Соңғы екеуiнде шөп шабу мен егiншiлiктi дамыту нәтижесiнде а. ш. машиналары пайдаланыла бастады. Қазақ ауылдарында бұл машиналарды алдымен бiрлесiп, кейiнiрек жекелеген адамдар несиеге сатып алды. 1908 ж. тек Ақмола облысының қазақтарында 6160 шөп шабатын машина болды.

Тауар-ақша қатынастары қазақ  ауылына дендеп енiп, бiр жағынан, шаруалардың шаруашылық қызметiнiң ауқымын кеңейттi, екiншi жағынан, өсiмқорлық сауда-саттықтың дамуына жол ашты. Дәулеттiлер бүкiл малды, қауымдық жерлердi өз қолдарына шоғырландырып, барлық су көздерiн, қыстақтар мен жайлауларды иемденiп алды. Қазақ қоғамының көпшiлiгi iс жүзiнде өндiрiс құрал-жабдығы жоқ кедейлер едi. Сауда-саттықты кәсiп етушiлер мен өз шаруашылығында жалдама еңбектi пайдаланушылардың қатары молайып, саудагерлiк-кәсiпкерлiк өрiс алды. Сөйтiп, қазақ жерiндегi нарықтық қатынастардың алғашқы нышандарының шаруашылыққа, шаруаның жеке тұтыну қажетiне ықпалы күшейдi.

Тауар-ақша қатынастарының дамуына, қазақ ауылының экономикасындағы басқа да өзгерiстерге байланысты, жер жекелеген адамдардың жеке меншiгiне айнала бастады. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Қазақстан экономикасында әр түрлi экон. ұстындардың астасуы байқалды.[1]

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үрдісі басталды. Алдымен экономиқалық реформалар жүргізілді. Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлін, орны мен функциясын түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды. Министрліктердің ендігі міндеттері-басқару емес, өнеркәсіптердің техниқалық дамуына, салааралық өркендеуіне дұрыс бағдар таңдау жұмыстарымен айналысу.

Экономикалық  реформаны дамыту жағдайында 35 станционерліқ қоғам, 75 салааралық сыртқы, экономикалық ассоцияциялар, 30-ға жуық концерндер мен консорциумдер, 30-дан астам коммерциялық банктер құрылды.

Жекешелендіру. Нарықтық құрылымының дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. Ең бірінші кезекте нәтижесіздік танытқан мемлекеттік секторларды жекешелендіру қажет болды. Қазақстандығы жекешелендіру салық салу реформасы, бағаны қалыптастыру, еңбекті өтеу және бөлектену саясатымен қатар жүзеге асырыла бастады.

Жекешелендірудің мақсаты : 
1. Кәсіпкерлікті дамыту. 
2. Кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу. 
3. Еркін баға орнату. 
4. Жеке меншік секторлар құру. 
5. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру.

Нарықтық  экономиканың дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. «Монополиялық қызметтің шектелуі тұралы» заң қабылданды.

Мақсаты:

- Нарықты басқару механизмін еңгізу.

- Ерікті бақталастық пен кәсіпкерлікті, сұранымдылықты қорғауды қатамсыз ету.

- Тұтынушылардың мүддесін қорғау. Бұл заңда Монополиялық бақару құрылымын тарату, товар нарқында сапасыз бақталастықты жою шаралары белгіленген.

Іскерлік белсенділіктің өсуі жаңа банктік құрылымның жасалуына әсер етті, бірақ құрылымдық өзгерістер республикада материалдық әл-ауқатты жақсартпады. Өндірістік тұтыну товарлары мен қызмет көрсету қысқартылды.

1992 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен республика бағаны босатты. Баға алғашқы кезеңде –186,4 есіге өссе, 1992 жылы сәуірде 554,5 есеге өсті. Нәтижесінде ақшаның құны түсті. Халықтың тапқан айлық жалакысы тамағынан аспады. Ауыл мен ауыл арасындағы қатынас мүлдем қиындап кетті. Қаңтар айыннан тамызға дейін өндірістік товарлардың бағасы бірнеше есе өсті. Нарыққа көшу саясатының бұрмалауынан өз жағдайын алыпсатарлық, делдалдық, пара алумен түзеген адамдар тобы пайда болды. Қалаларда қайыр сұраған адамдар көбейді.

Нарықтық экономика саясатының негізгі белгілері: 
1. Экономиканы мемлекет иелігінен алу. 
2. Жекешелендіру. 
3. Кәсіпкерлікті дамыту. 
4. Монополияны жою. 
5. Бағаны босату. 
6. Қатал ақша –несие және қаржы саясатын жүзге шыру.

1991жылы жекешелендіру процессі басталды.

Жекешелекдіру процесі үш кезенге бөлінді. Бірінші кезең 199-1992 жылдар аралығын қамтыды. Оның міндеті: 
1. Мемлекеттік меншіктің көлемі мен құрылымын белгелеу. 
2. Меншіктік құқық беруді дайындау. 
3. Шағын жекешелендіру объектілерінің 50%-н жекешелендіру. Бұл кезде негізі көңіл кіші бизнестің дамуына аударылды.

Жекешелендірудің екінші кезеңі 1992-1993 жылдар аралығын қамтыды. Міндеті: орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру.

Көптеген  шағын жекешелендіру объектілері жергілікті мемлекеттік мүлік комитеттерінің шешімімен байқау (конкурс) немесе аукцион өткізілмей, өте төмен бағаға берілді. Қазақстан парламенті бұл стихиялық процесті реттеуге күш салды.

Жекешелендірудің үшінші кезеңі 1993-1995жылдар аралығын қамтыды.

Міндеті: 
1. Мемлекет иелігінен алудың ұлттық бағдармаласын қабылдау. 
2. Меншікті мүлікті басқару жөніндегі комитеттің қолына көшіру. 
3. Инвестициялық купондар енгізу.

1993 жылғы наурызда мемлекет иелігенен алу және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы қабылданды. Барлық меншік Мемлекеттік мүлікті бақару комитетінің қолына көшірілді. Бұл комитеттің міндеті: 
1. Меншік республика азаматырына тегін таратылып берілуге тиіс. 
2. Арнайы төлем құрылдары-жекелендіру инвестициялық купондарын енгізу.

Инвестициялық купон иесі оны әр түрлі инвестициялық қорларға салуға мүмкіндік алды. Купондарды өнеркәсіптік кәсіпорындар акцияларына аустыруға және сатуға рұқсат берілмеді.

200-ге  жуық инвестициялық қорлар қурылды.  Мақсаттары купондары жинастарын, аукционға шығарылатын өнеркәсіптік кәсіпорындардың акцияларын иелену.

Бірақ 1995 жылдың басында жекешелендіру бағдарламасының жүзге аспайтындағы белгілі болды. Жекешелендірудің мына негізгі мақсаттары орындалмады:

1.Тиімді  жұмыс жасайтын жеке меншік секторды қуру. 
2. Қалыпты бәсекелестік ортаны қалыптастыру. 
3. Экономикалық-әлеуметтік жағдайың төмендеуін тоқтату.

Информация о работе Қазақстанның экономикасы