Қазақстанның экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 13:37, реферат

Краткое описание

Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.

Вложенные файлы: 1 файл

экономика теория.docx

— 45.48 Кб (Скачать файл)

Бірқатар ірі кәсіпорындар өте төмен бағамен шетелдық компанияларға сатылды. Шетелдік фирмалар нелігіне берелген маңызды объектілер: 
1. Қарағынды металлургия және Соколов-Сарыбай комбинаттары. 
2. Жезқазған, Балқаш мыс қорыту комбинаттары. 
3. Павлодар алюминий заводы. 
4. Павлодар атом-энергетиқалық кешені кәсіпорны т.б.

1998 жылдың көктеміне қарай төленбеген  қарыздар көлемі шексіз өсіп, 18 млрд. долларға жетті. Осыған байланысты әлеуметтік жағдай әбден нашарлады.

1997-1998 жылдары Кентау (Оңтустік Қазақстан облысы) және Жаңатас (Жамбыл облысы) тау-кен өнеркәсібі жұмысшылары ереуілдерге шығып, аштық жариялады.

Экономиканың құлдырауы.

Экономиканы реформалау процесінде халықты еңбекпен қамту саласындағы проблемалар одан әрі шиеленісіп кетті. Өндіріс жаппай құлдырады. Өкімет тарапынан жүргізіліп отырған қаржы, несие, баға және салық саясаты жетілдірілмеді. Жұмысшылардың жалпы саны қысқарды. Жұмыссыздар саны жылдан-жылға көбейді. Мысалы 1995 жылы еңбекпен қамту қызметтерінде ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың саны- 153 мың болды. Өндірістің толық тоқтауы салдарынан ақысыз демалысқа шыққандар -192 мың, ал өндірістің жартылай тоқтау себебінен жұмыс уақыты толық емес режимде істейтіндер- 451мың, 90-жылдардың соңындағы жұмыстардың жалпы саны- 643 мың.

1997 жылы экономика саласында істеп жүрген адамдар саны 1996 жылмен салыстырғанда 11,8% кеміді. Республика еңбек рыногының өзіне тән ерекшелігі-жасырын жұмыссыздық деңгейінің жоғары болыу (9-11%). Еңбекпен қамту проблемасы ерекше ауыр болды (жұмыссыздар 54,8). Жұмыс сыздықтың жергілікті шоғырланған аймақтары-шағын қалалар болды.

Соңғы жылдары Қазақстаның өнеркәсібін жандандыруда біраз шаралар іске асырылды. 1999 жылдың соңында жалпы өнім өндіру- 1-ға, өндіріс көлемін арттыру- 1,8-ға өсті. Республиканң алтын қоры 2млн. долларға жетті.

Инвестиция мен өндіріс деңгейінің төмендеуі экономиканың құлдырауға түскенін, реформаның тиімсіздігін көрсетті.

Қорытынды: XXI ғасырдың басына қарай Қазақстан қол жеткізген басты жетістік - экономикалық жағдайдың түбірімен жақсаруы болды. Белгіленген бағдарламаларды дәйекті түрде жүзеге асыру экономиканың жан-жақты құрылымдық өзгерістеріне жеткізді. Нарықтық қайта құруларға бейімделмеген совхоз-колхоздар жүйесі жойылды, жеке меншік енгізілді, шағын және орта бизнестің әр түрлі нысандары қалыптасты, оларда 2001 жылға қарай 1 млн 600 мың адам жұмыс істеді. Мыңдаған кәсіпорындар жеке адам қолына өтті. «Шеврон», «Самсунг» т. б. ірі компаниялар Қазақстан экономикасына берік орнықты. Ескі жүйе догмасынан арылған адамдар билік пен бизнеске келді. Қазақстан экономикасының көркеюіне мұнай бағасының кетерілуі де жағымды әсер етті. Ел экономикасына шетелдік аса ірі компаниялар тартылды. 1993-2000 жылдары Қазақстан 14,7 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция алды. Дегенмен, ең басты ғаламдық өзгеріс адамдар санасында жүрді: олар нарықтың артықшылығын сезінді, мемлекет мәжбүрлемей-ақ жа997 жылы 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды, онда Қазақстан дамуының алдағы бағдары нақты көрсетілді. 1998 жылдан Қазақстан зейнеткерлік жүйені, мемлекеттік қызметті, сот, білім беру, денсаулық сақтау жүйесін ұзақ мерзімді реформалауға кірісті. Ауылда да күрделі өзгерістер жүрді. Өте аз уақытта қираған колхоздар мен совхоздар орнына серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, фермер шаруашылықтары пайда болды. Бірақ ауылдағылардың совхоздардың өте тез қиратылуынан алғашында екі ұдай жағдайда қалғаны рас еді. Олардың жеке шаруашылық жүргізу дәстүрінен ажырауының, нарықтық шаруашылыктың қыр-сырын білмеуі де кері әсер етті. Кептеген ауыл тұрғындары өздерінің жер үлестерін өте арзанға сатты, ауыл шаруашылық құралдарын ойланбай бөліске салды.

Нәтижесінде ауылдықтар жаңа алыпсатарлардың, әр түрлі делдал фирмалардың алдауына түсті. Нарыққа өту ауылдық жерлерде өте қиын жүрді. Адамдар деревнялар мен ауылдарды тастап, қалаларға, аудан орталықтарына көше бастады. Алқаптар өнделмеген күйі қалды.

Ауыл шаруашылығы несие беру мәселесі реттеліп, ауылда нағыз қожайын пайда болғанда дами бастады. 2004 жылы күрделі ауа райы жағдайына қарамастан Қазақстан мол астық жинады.

Шешімін таппаған проблемалардың бірі-қазақ тілін одан әрі дамыту мәселесі еді. Республикадағы қазақ тілінің жағдайы сын көтермейтін жағдайға ұшыраған-ды. Егеменді елімізде соңғы жылдары қазақ тілін қайта түлету және дамыта түсу жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылды.

Мемлекетіміздің одан әрі дамуы барысын, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын Президентіміз Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында анықтап беріп отырады. 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан - дамуға» атты Жолдауында Н.Ә.Назарбаев еліміздің жасампаздық жолын жалғастырудың өзекті тұстарын нақты айқындап берді: «Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады».


Информация о работе Қазақстанның экономикасы