Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 19:13, реферат
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп,
туған-туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
Отбасы – шағын мемлекет,
Мен – президент, сен – премьер,
дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.
Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.
«Жас отбасы» мәртебесі
Білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбековтің айтуынша, соңғы жылдары 19-23 жастағылар арасында некеге отырушылар саны көбейген. «Он үште отау иесі» десек те, оң-солын танып болмаған жастар баспана, жұмысқа орналасу секілді мәселелер туындағанда қиындыққа төтеп беруге дәрменсіздік танытуда. Ажырасушылар санының 24-28 жас аралығындағы жастар арасында артуы да соның дәлелі болса керек. «Үйлену оңай, үй болу қиын» екенін кеш бағамдаған жастар бар мәселені шешудің жалғыз жолы ажырасу деп білетін сияқты. Махметғали Сарыбеков жас отбасылардың жағдайын жасау үшін мемлекет тарапынан іске қосылған тетіктің бәрін санамалап шықты. Жөн-ақ. Алайда… әлі де болса шешімін күткен мәселе жетерлік екен.
Жас отбасы деп мәселе көтергенімізбен, бұл топтың мәртебесі көп жерде ескерусіз қалған көрінеді. Білім және ғылым вице-министрі «жас отбасыларды зерттеуге статистикалық көрсеткіштердің белгіленген жүйесінің болмауы қиындық тудыруда» дейді. Ал мемлекеттік органдардың нормативтік құжаттарында – мемлекеттік, салалық бағдарламаларында, тіпті стратегиялық жоспарларында да «жас отбасы» санатына орын берілмеген. «Жастар» деген ұғыммен жаба тоқыла салған. Дәл осы үрдіс жас отбасылардың жанын ауыртар мәселелерді шешуге кедергі болуы мүмкін.
Егер осы олқылықтың орнын толтыра алсақ, онда мемлекеттік мекемелерде, ұлттық компанияларда жұмыс істейтін жас отбасы мүшелерінің мүддесі қорғалар ма еді, дейді ұлттық комиссияның отырысына қатысқандар. Бұл жиында Батыс Қазақстан облысында оң нәтиже беріп отырған «Жас отау» жобасын еліміздің өзге өңірлерінде де жүзеге асыруға ұсыныс жасалды. Сонымен қатар Ақтөбе облысында үйде отырған әйелдерді жұмыспен қамтудың жаңа тәсілі туралы да сөз болды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша, бұл жоба балалы әйелдердің үйде отырып компьютермен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Мәселен, Ақтөбедегі 10 мемлекеттік мекемеге енгізілген пилотты жобаға 25 пен 45 жас аралығындағы 3 айлық баладан 7 жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік қызметтегі әйелдер қатысыпты. Әйелдерді қашықтан жұмыспен қамту жүйесі олардың жауапкершілігі мен еңбек өнімділігін арттырған, әйелдердің жұмыстан сұрануы мен «ауруханалық парақ» санын да азайтқан. Дүниежүзінде қалыптасқан бұл жүйені жаппай қолдану үшін енді заңдарымызға өзгертулер енгізілуі керек.
Жетім балалар баспанадан қалай қағылады?
Жыл басындағы жағдай бойынша елімізде жетім бала мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар саны 42 мыңнан асыпты. Бір айта кетерлігі, бұл балалардың 16,7 пайызы ғана тұл жетім санатында. Ал қалғандарының ата-анасы бар. Ендеше олар баласынан неге безінді?
Бұған жастар арасындағы бір шаңырақ астында некесіз тұратындардың көбеюі, әлгінде айтқанымыздай ажырасудың артуы, кәмелетке толмаған аналардың көбеюі себеп болып отыр екен. Баласын мемлекет меншігіндегі мекемеге тапсырғандар ізім-ғайым «жоқ болады». Ата-анасына керек болмаған бала байғұсты басқалар қайтсін? Ұлттық комиссия отырысында Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьеваның айтуынша, жетім балалар үйінен шыққандар тиісті баспанасын ала алмай жүр. Үй кезегінде ұзақ тұратындықтан, 29 жасқа толып қояды. Сөйтіп, баспанасыз қалып жатыр.
Бұл мәселеге – жетім балаларды баспанамен қамтуға міндетті жергілікті әкімдердің арасында өз міндетін орындамай отырғандар да бар. Мәселен, соңғы бес жылда Алматы қаласында бірде-бір жетім балаға баспана берілмеген! Бұл деректі Білім және ғылым вице-министрі айтып отыр. Тағдыр тәлкегімен жетімдер үйіне түскен балалардың тиісті баспанасынан қағылуына қандай себеп айтылар екен? 29 жасқа толып қойды дейтін шығар…
Жас отбасылар жалдамалы үйді жеңілдікпен алады
АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жас отбасыларға тұрғын үй жеңілдікпен беріледі, деп хабарлады "Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің" баспасөз қызметі pm.kz сайтына.
«Жаңа бағдарламаның тұрғын үй құрылысының
бұрынғы бағдарламасынан
Азаматтардың барлық санаттарына берілетін жалгерлік тұрғын үй құрылысының шарты бойынша, тұрғын үй құрылыс жинағы жинақталу мерзімі ішінде бағдарлама қатысушысы жалгерлік үйде тұрып, ең төменгі жалгерлік ақы - шаршы метріне 100 теңгеден төлеп отырады.
Жалгерлік тұрғын үй құнының 50 пайызы жинақталғаннан кейін, бағдарлама қатысушысы пәтерді жинақталған тұрғын үй құрылысы жинағы есебінен, 15 жыл мерзімге жылдық ставкасы 4-5 пайыз болатын тұрғын үй займымен сатып алады. ТҚЖБ ақпарына қарағанда, азаматтардың барлық санаттары үшін тұрғын үй құрылысы 2013 жылы басталады.
Жас отбасыларға арналған жалгерлік тұрғын үйге келетін болсақ, отбасылар пәтерде жалдау ақысын төлемей тұратын болады. Жас отбасыларды іріктеп, есепке қоюды әкімдіктер жүзеге асырады.
Бағдарламаға қатысу шарттары бойынша, жас отбасы деп, 2 жылдан артық некеде тұрған, өтініш берген кезде жастары 29-дан аспаған ерлі-зайыптылар есептеледі әрі, жас отбасылардың бағдарламаға қатысуға өтініш берген елді мекенде жекеменшік тұрғын үйлері болмауы керек.
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының қабылдануы тұрғын үй құрылысы жинағына қызығушылықты одан әрі арттырып, банктік клиенттері көбейе түседі деп ойлаймыз. Бұл мемлекеттің халықтың тұрғын үй мәселесін кешенді шешу тәсілімен байланысты», - делінген ТҚЖБ ақпаратында.
Бұрын да хабарланғандай, үстіміздегі жылы банк тұрғын үй құрылысы жинағына қатысушылардың үлесін 3,4 пайызға дейін арттырып, ұзақ мерзімді теңгелік салымдар нарығындағы үлесін және тұрғын үйді салу мен сатып алуды несиелендіруді 10,4 пайызға ұлғайтуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы жинағы жүйесіне 80 мыңнан астам жаңа қатысушыларды тартып, халыққа 32 млрд теңгеден астам тұрғын үй займын беру жоспарлануда.
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты - пайдалануға берілетін жаңа тұрғын үй көлемін 2020 жылға қарай 6 млн-нан 10 млн шаршы метрге дейін ұлғайту және тұрғын үйдің қалың бұқара халық үшін қолжетімді болуы.
«Жас үммет» айдары жастар арасындағы өзекті мәселелердің оңтайлы шешілуі үшін өзіндік ой-пікірін айтуды одан әрі жалғастырады. Бүгінгі тақырып – жастардың отбасын құруға, бала сүйіп, әке немесе ана атануға асықпауы, яғни сүрбойдақтық мәселесі. Өйткені қазіргі кезде орда бұзар шаққа келсе де, отағасы болуды ерте санап, салт басымен сауық құрып жүрген жігіттердің қатары көбейіп келеді. Қыздарымыз да дәл сондай. Отызға келгенше орнын таппай, омалып жүр. Біреулер бұны заманнан көрсе, енді біреулер адамның өзімен байланыстырады. Не десе де, бұл түйткіл қазіргі жас буынның басты мәселесіне айналып отырғаны ақиқат.
Үйленудің осыншалықты мәселеге айналуына әртүрлі себеп бар. Оған жастар арасында жүргізген сауалнама нәтижесінде көз жеткіздік. Солардың ішінде ең басты себеп – баспана мәселесі. Бүгінгі буын осы келеңсіздіктің кесірінен үйленуді кешіктіреді екен. Басқа да әлеуметтік мәселелерді себеп қылып, отбасылы болуға асықпайтын жастар бірінші дүние жиып, бақуатты болуды қалайды. Өкінішке орай, «байып, дүйім жұрттан озам» деп жүріп, дүние-дүрмектің көшіне ілесе алмай қалатындар да кездеседі. Көп жағдайда бұндай келеңсіздік қыздар арасында орын алып жатады. Бұл жайтқа да сауалнама қорытындысы бойынша қанықтық..
Сауалнамаға қатысқандар арасында ең көп айтылған уәждердің тағы бірі – «дұрыс адам жолықпай жүр»… «Дұрыс» адамды іздеп жүргенде жасы келгенін аңғармай, санын соғып қалғандар да кездесті. Мұндайда халқымыздың «таңдаған тазға жолығады» дегені еріксіз еске түседі.
Соңғы кезде елімізде осы мәселені шешу үшін әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Солардың ішінде белгілі демограф Мақаш Тәтімовтің «бойдақ салығын» енгізу ұсынысы қилы пікірталас тудырып, көпшіліктің қызығушылығын оятты. Оның айтуынша, 25-тен асқан қыздар мен 30-дан асқан жігіттер өздерінің өмірлік серіктерін таппағаны үшін мемлекетке салық төлеу керек.
Бір қызығы бұндай салық сонау кеңес үкіметі кезінде болған екен. 1941 жылдың 21 қарашасында күшіне енген «бойдақ салығы» бойынша отбасын құрмаған және балалы болмаған 20-45 жас аралығындағы қыз-келіншектер мен 20-50 жас аралығындағы жігіттер жалақысының 6 пайызын мемлекет қазынасына аударып отырған. Соғыстан кейінгі халық санын көбейту мақсатында енгізілген аталмыш салық 90-жылдарға дейін заңды күшін жоймаған. Алайда бұл мәселе көп жағдайда жасырын жүргізілген және денсаулығына, басқа да келеңсіздіктерге байланысты жеңілдіктер қарастырылған.
Тағы бір айта кетер жайт, қазіргі қазақ жастары ғана емес, мәселен, малайзиялықтар да отау тігіп, шаңырақ көтеруге соншалықты асықпайды екен. Бірақ олардың себептері бізге мүлдем ұқсамайды. Бейресми деректерде Малай елінің жастары қажылыққа бармай үйленбейді деген қызықты мәлімет бар. Әрине, рас-өтірігін бір Алла ғана біледі. Бірақ жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайтынын ескерсек, бұл сөздің шындыққа жанасатынына сенуге болады. Ал қытайлықтар көбіне барыс жылы отбасын құрудан бас тартады екен. Бұл өздерінің наным-сенімдеріне байланысты. Яғни олар барыс жылы қиылған некенің бақыты баянсыз болады деп есептейді. Бұл орыстардың мамыр айында үйленбейтін ырымдарына өте ұқсас. Өкінішке орай, орыстың осы нанымы бүгінде қазақ халқына да сіңісіп бара жатыр. Оған мамыр айында қиылатын некелердің саны өзге айларға қарағанда айтарлықтай аз болатыны дәлел. Сондай-ақ, швед жастары да үйленуге көп асыға бермейді екен. Әсіресе, жігіттер. Өйткені бұл елде жігіт қызды емес, керісінше, қыз жігітті таңдайтын көрінеді. Сондықтан қашан бір сұлу келіп өзін таңдамайынша швед жігіттері жалғыз жүруге мәжбүр.
«Әр елдің салты басқа» демекші, өзге елдің жастарына өз наным-сенімдері кедергі болса, біздің жастарға тұрмыс тосқауыл болуда. Он үшінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қазақ едік. Қазір отызға келсек те отау тігуге асықпайтын болдық. Ең өкініштісі, бұл қалыпты жайтқа айналып барады. Бұл – індет. Оның алдын алмасақ, ертең немере сүйер жасқа келіп баламыздың жөргегін жуып отыруымыз әбден мүмкін.
Сонымен қатар «бас екеу болмай мал екеу болмайды» деген бар. Ендеше осы сөзден тәлім алып, Аллаға тәуекел еткеніміз дұрыс шығар. Әйтеуір байлық деп жүріп, шын бақыттың бағытынан адасып қалмасақ болғаны. Қалқаман Сарин, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің оқытушы, ақын:
– Қазіргі жастар бірінші кезекке үй болуды емес, үй алуды, яғни материалдық жағдайды қойғаны белгілі. Бірақ бұл үшін оларды кінәлаудың еш қажеті жоқ. Өйткені олар осы қадамға жетіскеннен барып отырған жоқ. Себебі қазір бұрынғыдай үйленгеннен кейін екі қолға бір күрек табылатын заман емес. Сондықтан жастардың карьера қуып, тұрмыстарын түзеу үшін жасаған әрекеттеріне түсіністікпен қарағанымыз абзал.