Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 09:52, реферат
Əдістер түрі сан-алуан да шексіз көп. Ал оның нақты көрінуі өз шəкірттерінің білімдік күш-қуаты мен жалпы мүмкіндіктерін жете танып, оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып жəне басқа да көп оқу жағдаяттарын зерделі саралай білген педагог əрекетіне тəуелді. Қай тұлға, қанша тұлға араласса, əдіс формасы да сондай əрі сонша – бұл заңдылық. Əлбетте, əдістердің бəрі бірдей тиімді деп айту қиын. Ол үшін сол əдістің түзілу, қолдану жағдайларын білу қажет.
1. Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік
2. Сана қалыптастыру əдістері
3. Іс-əрекет ұйымдастыру əдістері
4. Ынталандыру əдістері
5. Педагогикалық қолдау, оның мəні жəне ұйымдастыру жолдары
6. Тәрбие әдістерін таңдау
Гуманистік педагогика жазалауды да жоққа шығармайды, бірақ оның шегін, сипатын, орындалу жолдарын өзгертуді талап етеді.
Жазалау –келеңсіз қылықтарды шектеп, тежеу үшін, басқалар алдында, өз тұрғысынан айыбын мойындау сезімін ояту мақсатында қолданылатын педагогикалық ықпал əдісі. Басқа тəрбие əдістері секілді жазалау да қылық-əрекеттердің сырттай себептерінің тұлғалық ішкі ықылас-ниеттерге ауысуына негізделген. Мектеп тəжірибесінде жазалаудың келесідей түрлері қолданылуда; 1) қосымша міндеттер таңу; 2) кей құқықтардан айыру не шектеу; 3) моральдық сөгіс, не айып тағу. Тəрбие барысында жазалаудың келесі формалары қабылданған: жақтырмау, ескерту, сөгіс жариялау, алдын ала сақтандыру, айыпқа сай талап қою.
Жазалау əдісінің тиімділігін анықтаушы шарттар төмендегідей:
1. Оқушы «пір» тұтқан абыройлы адам тарапынан болған жаза əсерлі келеді. Келеңсіз қылығы тек тəрбиеші емес, дос, жолдастарының да жақтырмауына, ескертуіне ұшыраса, айып сезімі күштілеу болады. Сондықтан тəрбиеші ұжымдық пікірге көбірек жүгінгені жөн.
2. Бүкіл сыныпқа жаза қолдануға болмайды.
3. Жаза шешімі қабылданса, ол орындалуы шарт.
4. Жаза тиімділігі оның оқушыға түсінімді болып, оны əділ деп қабылдауынан. Өтелген жаза қайтып еске алынбайды, оқушымен қалыпты қатынас жалғасын табады.
5. Жазала, бірақ оқушының намысына тиюші болма. Тəрбиеші жазаны өз жек көргендігінен емес, педагогикалық қажеттіктен қолданады. «Келеңсіз қылық - жаза» формуласы мүлтіксіз орындалуы шарт.
6. Жазалау мəселесін шешуде
7. Жазалау əдісін қолдануға
8. Жазалау - өте ауыр да əсерлі əдіс. Жаза таңдаудағы педагог қателігін түзету өте қиын. Сондықтан, жүз берген жағдай жөнінде толық та анық түсінім болмағанша, асығыстықпен жаза қолдануға болмайды. Кері жағдайда жаза өз əділдігі мен пайдасын жоғалтады.
9. Педагогикалық процестегі жаза – кек алу құралы емес. Балада жазаның оның өз пайдасы үшін қолданылып жатқанына сенім тудырыңыз. əрқандай жаза əр баланың жеке ерекшеліктеріне орай қолданылғаны дұрыс.
10. Жазаның жеке балаға,оны
11. Əрқандай жаза педагогикалық
əдептілікті, жас кезеңдері
Субъектив – прагматикалық əдіс негізі – тəрбиесіздік пен білімсіздіктің, тəртіп пен қоғамдық талаптарды өрескел бұзудың пайдасыз екенін түсінуде. Қоғамдық жəне экономикалық қатынастар баланы ерте жастан қатаң конкуренттік тайталасқа қосып, өмірге тыңғылықты дайындық көруге мəжбүрлейді. Осыдан да нарықтық экономикаға ертерек көшіп, дамыған елдердегі мектептік білім мен тəрбие қарапайым тұрмыс-тіршілік қажетіне (утилитарное) бағытталып, басты мақсат – шəкірттерді оқу орнын бітірген соң жұмыс табу, тіршілік қамын жасауға тəрбиелейді. Біздің өткен кеңестік дəуірдегі тəрбиеміз, керісінше, оқушыға бəрін білдірді, бірақ субъектив – прагматикалық тəрбиені буржуазиялық деп жоққа шығарғандықтан, мектеп түлегі білгенін тұрмыста қолдана алмай, жеке де, қоғамдық та пайдаға жарата алмады.
Педагогтар қоғамдық-
Субъектив – прагматикалық əдістің нақты іске асыру жолдары төмендегідей:
- тараптар міндеттері анық
- тəрбиешілер жəне ата-аналар ортасында келісіммен түзілген жеке өзіндік жетілу бағдарламасы (өзіндік тəрбие мазмұны);
- жеке қызығушылықты арттыру
үшін оқушылар қалаулары
- құқық бұзуға бейімді
- ең соңғы техникалық құралдар
жəне электронды – есептеу
машиналары жəрдемімен
- техникалық құралдармен
- ұдайы өткізіліп тұратын ойын,
жарыс, курстарға байланысты
- тəртіп бұзушыларды жазалау
мақсатында қолданылатын
Бұл əдіс, əзірше еліміз мектептерінде кең өріс ала алмай отыр. Дегенмен, тұрмысымызға қарқындай еніп жатқан əлеуметтік жəне экономикалық өзгерістер уақыт оздырмай, тəрбие процесінің маңызды шарттарының бірі ретінде субъектив-прагматикалық əдістің алғы шепке шығуы – заңды күтілетін құбылыс.
5. Педагогикалық қолдау, оның мəні жəне ұйымдастыру жолдары
Тəрбие процесінің нəтижелілігі көбіне оған болған педагогикалық қолдаудың дұрыс ұйымдастырылуына тəуелді. Мұндай қолдау бүгінгі таңда төмендегідей қарастырылады:
- нақты адамға оның денсаулығы
мен психикалық қалпына,
- адамның жеке басы
- ауытқуға бейім қылық-əрекет
қиыншылықтарын жеңуге
- келеңсіз мінез əрекеттеріне бейім жас өспірімге нақты жекеленген жəрдем беру;
- баланы басшылықты жетекке алу;
- тəлім-тəрбие мекемесінің
- балалардың өзін-өзі тану
Педагогикалық қолдау – бұл: а) тəрбиеленуші сенімінен шығу; б) көбіне педагогикалық қолдау қажеттігін өзі сезбейді, бірақ оған мұқтаж болған тəрбиеленушілерге қол ұшы жəрдемін беріп, қолдап-қуаттау.
Педагогикалық қолдау мəні: жайма-шуақ психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар түзу; өз қадір-қасиеті мен ар-намысын сақтап қалуға жəне ұтымды нəтижеге жету жолындағы кедергілерді бірлікті жеңіп бару; «жəрдем бер» деп алақанын ашық жайып отырғанға ғана емес, достық ықылас-ниетке мұқтаж болғанның бəріне көмек көрсету; əрқандай тəрбиешінің өмірдегі өз орнын табуға құштарлық білдірген тəрбиеленуші проблемаларын өз назарында ұстай білуі; тəрбиешінің кəсіби деңгейінің жоғары болуы.
Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары – жылы лебіз; құлақ сала білу, қажет болса – кеңес беру; тəрбиеленушіге сенім; оның құқығын қорғау; тəрбиешінің балаға болған қамқорлық қатынасы; шəкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруден жалықпау жəне т.б.
Педагогикалық
қолдау 1) тəрбиеленушілердің баршасына
бағытталып, оларға деген қамқорлық
пен сенім қатынасында
Жеке тұлғаға арналған педагогикалық қолдаудың мазмұны – адамды алда көздеген нəтижелерден алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын қамтиды. Мұндай кедергілердің түрі:
- субъектив (тұлғалық) «Мен» - кедергілер:
өз бетінше дербес шешім
- материалдық кедергілер (отбасының қаржылық жағдайы жəне т.б.).
6. Тəрбие əдістерін таңдау
Тəрбие əдістерін таңдау – күрделі проблемалардың бірі.
Тəрбиешінің
кəсіби қызметтерін орындау
Тəрбие əдісін таңдау негізінде тəрбиеші мен тəрбиеленуші арасындағы гуманистік қатынас болуы шарт. Қолданылатын əдістердің тиімділігі келесі жағдайларға байланысты: таңдалған əдістің шынайы əрі нақты шарттарға сəйкестенуі; əдісті қолдану мезетіндегі тəрбиеленушілердің психологиялық қалпын кəсіби көрегендікпен сезе білу; əрқилы тəрбие əдістерін өзара үйлестіре пайдалану; таңдалған əдісті тəрбие шараларымен толықтыра түсу; əрбір əдісті қисынды нəтижеге жеткенше орынды пайдалану.
Тəрбие əдісін таңдай отырып, тəрбиеші əрбір тəрбиеленушіге өз жасампаздық іскерлігін жүзеге асыруға, даралық шығармашылығын танытуға, табыс көздерін іздестіре білуге, нəтижелерді болжастыруға, көзделген мақсатты іске асыруға толық мүмкіндік беретіндерін пайдалануға ұмтылуы қажет.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Тəрбие əдіс, тəсілдері мəнін қалай түсіндірер едіңіз?
2. Тəрбие əдістері қалай топтастырылады?
3. Əміршіл-əкімшіл жəне гуманистік педагогикадағы тəрбие əдістері жүйелерінің айырмашылығы неде?
4. Үлгі-өнеге əдісінің мəні қандай?
5. Тəрбие
əдісін таңдауда қандай