Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 15:30, курсовая работа
Қазақстан Республикасы Конституциясында адамның құқықтары ең жоғарғы құндылықтар деп жарияланған және Конституция мәтіні осы фактіні жариялаумен басталады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері
1.1 Адам мен азаматтың мәртебесі туралы түсінік және оның негізгі
қағидалары...............................................................................................................5
1.2 Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуші мемлекеттік институттар..........................................................................................15
2 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы
2.1 Адамның жеке бостандығы мен қадір-қасиетінің түсінігі мен түрлері.........................................................................................................................21
2.2 Азаматтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтары...........................................................................................................25
Адам мен азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтары.........................36
3 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың мемлекеттік тетіктері (механизмі)
3.1 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жетілдіру жолдары......................................................................................................................48
Қорытынды.................................................................................................................51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері
1.1 Адам мен азаматтың мәртебесі
туралы түсінік және оның
қағидалары...................
1.2 Адам мен азаматтың
құқығы мен бостандығын
2 Жеке тұлғаның құқықтары
мен бостандықтарының жалпы
2.1 Адамның жеке бостандығы
мен қадір-қасиетінің түсінігі
мен түрлері...................
2.2 Азаматтардың экономикалық
3 Жеке тұлғаның құқықтары
мен бостандықтарын қорғаудың
мемлекеттік тетіктері (
3.1 Жеке тұлғаның құқықтары мен
бостандықтарын қорғауды
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Конституциясында адамның құқықтары ең жоғарғы құндылықтар деп жарияланған және Конституция мәтіні осы фактіні жариялаумен басталады.
Жалпы, құқықтық мемлекет жөнінде азаматтардың санасын қалыптастырмай, олардың қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін жете түсіндірмей, оны түбегейлі орнату мүмкін емес.
Бір сөзбен айтқанда,
заңның дұрыс орындалуын
Ал құқықтық мемлекет
дегеніміз – жеке адам және қоғам
мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі
мен құқық принциптеріне
Құқықтық мемлекетті қалыптастыруда қабылданып жатқан заңдар жоғары талапқа сай болуы керек. Заңның үстемдік етілуі міндетті түрде. Құқықтық мемлекетте азаматтардың бірде - бір құқықтары мен бостандықтары бұзылмауы тиіс және заңдарда көрсетілген талаптардың, міндеттердің, құқықтардың жүзеге асырылуын мемлекет қамтамасыз етуі қажет.
Шынайы құқықтық
мемлекет құру үшін қоғамдық
өмірдегі әр салаға заңның
күші бірдей дәрежеде әрекет
етуі тиіс, әсіресе, ол ең алдымен
биліктің бөлінуі барысында
Адам құқықтарын қорғауды кез келген мемлекеттік орган өзінің міндеті деп жариялауда. Бірақ олардың адам құқықтарын қорғау механизміндегі ролі мен орнын анықтау кезінде бағдарламалары мен құзіреттіліктерінде көптеген қайталаулар, қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалады.
Құқықтық мемлекеттің дамуы биліктің адам құқықтары мен бостандықтарын тек мойындауын ғана емес, сонымен бірге оларды іске асыратын және қорғайтын шын мәнісінде әрекетті мемлекеттік механизмнің болуын қарастырады.
Бұл мәселеде құқық қорғаушы құрылымдарға, оның ішінде ішкі істер органдарына ерекше орын беріледі. Құқық қорғау органдары көп жағдайларда қоғамымызда орын алып отырған жағымсыз жағдайлармен бірінші болып бетпе-бет келеді, олардың міндеті азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау болып табылады. Бұл мәселелерді теориялық талдаудан нақтылай іске асыруға көшетін уақыт жетті. Бірақ бұл осы қызметті жүйелі талдаусыз мүмкін емес.
Мемлекеттік аппараттың адам құқықтарын қорғау жөніндегі қызметін жетілдіруге арналған.
Адам құқықтарын сипаттауға жаңа көзқарастың терең мағынасы олардың ерекше артықшылықты мәртебесі мен қорғанғандыктың жоғары дәрежесін мойындағандығында жатыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды. Заңдар мен өзге де нормативтік, құқыықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» [1, 3 б.], - деп жазылған.
«Адам құқықтары мен
бостандықтары әркімге
1 Адам мен
азаматтың құқықтық
1.1 Адам мен
азаматтың мәртебесі туралы
Мемлекет қызметінің бағыты адам құықығының басымдылығынан туындауы тиісті. Себебі мемлекет өкімет органдарының басты міндеті – адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, құқықтары мен бостандықтарын тануын, сақтау және қорғау болып табылады. Сондықтан адамға байланысты оның құқықтық жағдайын анықтайтын құқықтық нормалардың маңызы өте зор.
Адам мен адамзаттың құқықтық жағдайы (құқықтық мәртебесі) дегеніміз, әдеттегінше оның құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Шын мәнінде, бұл адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің басты мазмұны болып табылады. Бірақ та оған өзгеше құқықтық факторлар әсер ететінін әрдайым естен шығармауымыз керек. Олар – азаматтық қағидалар, құқық пен бостандық кепілдіктері. Адамның құқықтары мен міндеттері көптеген құқық салаларында тұжырымдалған. Солардың ішінде адамның қоғамдық жағдайын дәріптеуде мемлекеттік құқық саласының атқаратын рөлі ерекше. Әсіресе, адамның, азаматтың құқықтық мәртебесінің негізгі Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген. Оған мыналар кіреді: азаматтылық, адам мен азаматтың құқықтық жағдайының конституциялық принциптері, олардың негізгі құқықтары мен бостандақтары (азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени), конституциялық міндеттер. Бұл адамның құқықтық жағдайныңы басты элементі, ядросы. Құқықтық мәртебесінің негіздері адамның қоғамдағы жағдайын анықтауда басты шешуші рөл атқарады, өмірлік маңызы бар, мазмұны Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-тарауында берілген (10-39-баптар).
Адамның құқықтық жағдайы мұнымен шектелінбейді. Азаматтардың өзге құқықтары мен міндеттері көптеген әр түрлі құқық салаларында тұжырымдалады, бірақта бұлар негізгі құқықтарға бостандықтар мен міндеттерге бағынышты, оларды одан әрі дамытуға және нақтылана түсуіне бағытталған. Адам мен азаматтық құқықтық жағдайына мінездеме беру үшін, алдымене, адам, тұлға, азамат ұғымдарының арақатынасын ажыратуымыз, олардың конституциядағы құқықтық мәртебесінің принциптерін және негізгі белгілерін анықтауымыз қажет. Осы сұраққа жауап берместен бұрын «адам», «тұлға» және «азамат» ұғымдарын айқындап алу керек. Әдеби шығармаларда, ауызекі әңгімелерде адам, тұлға, азамат ұғымдары олардың арасында белгілі бір айырмашылық бар болса да, бірқатар жағдайда бір мәндес сөздер ретінде қолданылады. «Адам» ұғымы жеке адамның биологиялықәлеуметтік табиғатын білдіреді. Оны тірі жәндіктің өкілі ретінде қарауға тиіспіз. Биологиялық жаратылыс ретінде «саналы адам» (homo sapiens) деңгейіне жеткен адам дамуы өте баяу өтеді. Мындағы жылдар бойы адам денесінің анатомиялық құрылысы, оның ағзалары өзгерген жоқ десе де болады. Ал әлеуметтік яки тұлға сипатындағы тұрғыдан алғанда адам дамуының орасан зор өрлеу жолынан өтті. Кез келген нақтылы адам тұлға болып саналады, және ол табиғи және әлеуметтік ерекшеліктерге ие бола алады.
Тұлға дегеніміз – нақтылы қоғамдық-экономикалық құрылымның мүшесі ретінде адамды сипаттайтын ерекшеліктердің жиынтығын білдіреді. Тұлғаның қайталанбас даралығы адамдардың белгілі бір әлеуметтік тобының өкілі ретінде адамға тән кейбір ортақ белгілерді де қамтиды: оларға ұлты, кәсібі, әлеуметтік жағдайы және оның қоғамда алатын орны, жауаптылығы тағысын тағы жатады. Тұлғаның осындай жалпы сипаттарының жиынтығы оның әлеуметтік бейнесін айқындайды. Дәлірек айтсақ, жұмысшының, ғалымның, саясаткердің, зейнеткердің, қылмыскердің тұлғасы туралы айтуға болады.
Қазақстан Республикасында тұлға нарықтық қатынастарға өту жағдайында материалдық игіліктер өндірісі саласында, оны бөлу мен айырбастау жоғары деңгейдегі еркіндікті иеленеді. Қазіргі уақытта әрбір азамат өнеркәсіп кәсіпорнының, сауда мен өзге қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындардың жеке немесе ұжымдық меншік иесі яки орташа немесе ірі бизнесмен бола алады. Бірақ өмірде кездесетін белгілі бір объективтік, не субъективтік жағдайларға байланысты адам өзін тұлға ретінде сезінбеуі де мүмкін. Оған мысал ретінде адамның жүйке жүйесінің ауруына байланысты оны сот іс-әрекетке қабілетсіз деп тануын алсақ та жеткілікті [5, 55б].
Азамат ұғымы публистикалық мағынасында жиі қолданылады, ол адам - өз Отанының ұлы немесе қызы деген ұғымды білдіреді. Басқаша мағынасында бұл ұғымы адамның кез-келген мемелекетпен емес, тек өз елімен ғана құқықтық байланыста екендігін аңғартады. (мәселен адамның монархиялық мемелекетпен құқықтық байланысы «бодан» ұғымымен сипатталады). Оның тығыз байланыстылығын мынадан көруге болады: мемлекет азаматтарға толық құқықтар мен бостандықтарын белгілеп берсе, ал азаматтар заңды түрде белгіленген сыйлықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу, т.с.с. жүзеге асырады.
Жаңа Конституцияда
«азамат» термині қолданылған
кезде Қазақстан