Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігін құру және қайта құру тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 18:37, реферат

Краткое описание

Қазақстанның тәуелсіздік алуы, қоғамдық қатнастардың барлық негізінің түбегейлі қайта құрылуы мемлекеттің халықты және өлкені табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жүйесін және Азаматтық қорғаныс жүйесін қайта құру қажеттілігін туғызды. Бұл хронологияда қайта құрылулардың негізгі кезеңдері, ТЖ алдын алу және жою мемлекеттік жүйесі, Төтенше жағдайлар агенттігінің мемлекеттік басқару органдары және Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси құрылымындағы рөлі мен алатын орыны. Осыған сәйкес баяндама бөлімдерінде төмендегідей баяндалған:

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігін құру және қайта құру тарихы1.docx

— 604.10 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар  министрлігін құру және қайта құру тарихы

                                                1. Кіріспе. Қысқаша түсініктеме     

Қазақстанның тәуелсіздік  алуы, қоғамдық қатнастардың барлық негізінің  түбегейлі қайта құрылуы мемлекеттің  халықты және өлкені табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жүйесін және Азаматтық қорғаныс жүйесін қайта құру қажеттілігін туғызды. Бұл хронологияда қайта  құрылулардың негізгі кезеңдері, ТЖ алдын алу және жою мемлекеттік  жүйесі, Төтенше жағдайлар агенттігінің мемлекеттік басқару органдары  және Қазақстан Республикасының  қоғамдық-саяси құрылымындағы рөлі мен алатын орыны. Осыған сәйкес баяндама бөлімдерінде төмендегідей баяндалған:

2-ші бөлімде.  Мәселелер мен жетістіктер:     

- совет кезеңінде төтенше  жағдайлар мәселелерін шешу әдістері;  
     - әкімшілік-командалық жүйе жағдайында ТЖ алдын алу және жою бойынша арнайы мемлекеттік органға қажеттіліктің болмауы;  
     - апаттарды және табиғи апаттарды жоюмен айналысатын күштер мен қызметтердің ыдырап жатуы, халыққа қызмет көрсететін мамандандырылған авариялық-құтқару отрядтардың болмауы;  
     - төтенше жағдайлардың алдын алу және жою кезінде қоғамдық қатнастарды реттеу бойынша заңи, нормативтік құқықтық базаның болмауы;  
     - уақытша және тұрақты әрекет етуші комиссия құру жолымен ТЖ мәселелерін шешу талпыныстары.

3-ші бөлімде.  Саланы реформалаудың мақсаты  мен міндеттері:     

- саланы реформалаудың  мақсаты – ТЖ-дан қорғану жүйесін  және Азаматтық қорғаныс жүйесін  қоғамның жаңа әлеуметтік-экономикалық  құрылымына сәйкес жетілдіру;  
     - бірінші кезектегі міндеттер: құқықтық база құру, ТЖ және АҚ саласында жаңа мемлекеттік басқару құрылымдарын құру, оның бұрынғы КСРО құрылымдарынан тәуелсіздігін құру, авариялық-құтқару жүйелерін құру және оны материалдық-техникалық қамтамасыз ету.   

4. Саланы дамытудың  және реформалаудың негізгі бағыттары.

 
     Аралық қорытындылар. Жүзеге асырылған  реформалық мазмұны:     

- бірінші кезеңде ТЖ  комиссиялық басқару принципін  сақтау;  
     - дамыған заңдылық базаның болмауы шарттарында Үкіметтің шешім қабылдау жолдарымен жаңа ТЖ және АҚ жүйесін құру;   
     - онымен бірге заңдылық базаны жобалау;  
     - ТЖ және АҚ саласында өкілетті арнайы мемлекеттік орган (ТЖМК) құру;  
     - Мемқалтехбақылау , Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілеттіктерін және міндеттерін ТЖМК беру;  
     - республиканың авариялық-құтқару күштерінің бірыңғай жүйесін құру;  
     - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар бойынша агенттігі құрылымын нығайту, ТЖА басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдармен әрекеттестігі сипатын нығайту;  
     - ТЖ және азаматтық қорғау саласында республиканың халықаралық ынтымақтастығын нығайту.

5.  Қол жеткізген нәтижелер. ТМД және басқа да бұрынғы кеңестік мемлекеттердегі реформалардың сапасы мен тереңдігін салыстыру:       

- қорытындылар: Негізігі  элементі Қазақстан Республикасының  Төтенше жағдайлар Агенттігі  түріндегі жаңа заман талабына  сай  ТЖ алдын алу және жою мемлекеттік жүйе құру, оның толық құқықтық және жариялық негізде қызмет атқаруы, республиканың авариялық-құтқару күштерін басқаруды орталықтандыру, ТЖ келген материалдық зиян мен өлім санының азайуы;   
     - басқа да кеңестік мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстандағы ТЖ және АҚ жүйесін реформалауда үлкен жүйелілік және ілгерілік (Сандық құрамы және материялдық-техникалық базасы жағынан ұқсас Ресей Федерациясының мемлекеттік жүйесіне және Ресей ТЖМ жол береді, Қазақстан осы салады бұрынғы КСРО басқа  мемлекеттеріне алдынғы орынды бермей келеді.).

6. Қорытынды.     

- «2001-2005 жылдарға ҚР ТЖА  Мемлекеттік өртке қарсы қызметін  дамыту және жетілдіру салалық  бағдарламаларды» орындау;   
     - қауіпті өндірістік объектілерде өзінің қызметі қауіпсіздігін мәлімдеу процедурасын жүргізу;  
     - республиканың авариялық-құтқару күштерін, ТЖ ақпараттарын жинау және басқару жүйелерін нығайту;  
     - алдын алу және ықтимал апаттардан мен табиғи апаттардан зиянды азайту бойынша іс шаралар;  
     - мемлекеттің Азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту, оны басқару әдістерін жетілдіру;  
     - ТЖ алдын алу және жою бойынша іс шаралар жүргізу кезінде құқықтық механизімдерді нығайту;  
     - қоғаммен байланысты күшейту, ТЖ саласында ерікті қозғалыс күштерін дамыту, мемлекеттік басқару органдарының имиджін ТЖ алдын алу және жою бойынша олардың қызметтін баспасөз құралдарында кеңінен насихаттау арқылы көтеру.  
     - 2004 жылы Министрлік мәртебесіне ие болуы;    
     -  қорытынды.

2. Мәселелер мен  жетістіктер.     

Қазақстанның тәуелсіздігін  алу жолы кезеңінде табиғи және техногендік  сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы  мәселелер жағдайы сол кездегі  басқарудың орталықтандырылған командалық-әкімшілік  жүйесімен анықталды.     
     Осы жүйе шеңберінде апаттардың және табиғи апаттардың алдын алу және оларды жою бойынша іс шараларды үйлестіретін және ұйымдастыратын мамандандырылған мемлекеттік органның болуына қажеттілік болмады. Әрбір министерства, ведомства өздеріне бағынышты өндіріс орындарына және ұйымдарға ықпалы жоғары болғандықтан ТЖ алдын алу және жою бойынша іс шараларды өздері ұйымдастырды және жүргізді. Көптеген министрліктерде және ведомстваларда өздерінің техногендік апаттарды және апаттарды жою бойынша салалық қызметтері бар болған. Көмір өнеркәсібі министрлігінде, Түрлі түсті металургия министрлігінде, Қара металургия министрлігінде өздерінің әскерилендірілген тауда құтқару бөлімдері болған.    
     Геология министрлігі, Мұнайгаз өнеркәсібі министрлігі құрамында фонтанға қарсы салалық отрядтар болған. Министрліктер, ведомствалар өздігінен ведомства ішіндегі өкімдер мен нұсқаулар негізінде әрбір өнеркәсіпте техникалық қауіпсіздік қызметтерін бақылап отырды.  Ведомства ішіндегі актілермен темір жол және әуе транспорттарының өрт сөндіру және авариялық қызметтерінің, химиялық, мұнай және газ өңдеу өнеркәсібі өндірістерінде газдан құтқару қызметтерінің әрекеттері реттеліп отырды.    
     Мемлекетті органдар ішінен сол кезде техногендік сипаттағы ТЖ алдын алумен тікелей айналысқан Өнеркәсіпте қауіпсіз жұмыстар жүргізуді қадағалау және таулы қадағалау мемлекеттік комитетін айтуға болады. Республика аймағындағы ғимараттардың және құрылыстардың қауіпсіздігін, беріктігін және сейсмикалық табандылығын Мемархқұрылысбақылау қызметтері және ҚазКСР Мемқұрылыстың ведомствадан тыс жоба сараптамалары қызметтері қамтамасыз етті. Сондай-ақ, басқа да министірліктер мен ведомствалар құрамында бірнеше басқа бақылау-қадағалау қызметтері болды.    
     Ол кездері Қазақстанда халыққа қызмет көрсететін кәсіби авариялық-құтқару ұйымдары болған жоқ. Ішінара олардың міндеттерін коммунальдық шаруашылық қызметтері, энергетиктердің, байланысшылардың, газ қызметкерлерінің авариялық бригадалары (әр қайсысы өз қызметі саласында) атқарып жүрді. Өрт сөндірушілер ІІМ жүйесінде болып, тек қана өрт сөндіруді жүзеге асырды, басқа жазатайым оқиға кезінде адамдарды құтқару олардың міндеттеріне кірмеді. Оның үстіне, әкімшілік-командалық жүйе шеңберінде, мысалы 1986 жылдың желтоқсанында болғандай,  өрт сөндірушілер митингтерді және демонстрацияларды қуып жіберу кезінде жазалаушы қызметтер атқарды.  
     Адамдарды құтқарумен тек қана ВЦСПС туристік бақылау-құтқару қызметтері және Қазспорткомитеттің альпинистік бақылау-құтқару постылары айналысты. Олар адамдарды тек таулы аймақтарда құтқарды және әуесқой-альпинисттерден құралды.  
     Басқа қауіпті жағдайлардан адамдарды құтқарумен көбіне, құтқару техникасы мен жабдықтары, арнайы оқытылған және қамтамасыз етілген кәсіби мамандары жоқ, милиция айналысты. Кәсіби атауына лайықты тек Суда адамдарды құтқару қоғамында болған және халықтың ерікті жарналары есебінде отырған судан-құтқару қызметі еді.   
     Ірі масштабтағы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезінде жұмыстар жүргізу үшін  
     мемлекеттің Азаматтық қорғанысының әскерилендірілмеген аймақтық және объектілік құрамаларын, құрылыс және көлік кәсіпорындарының техникаларын пайдалану жоспарланған. Бірақ, «қауіпті соғыс» жағдайында бұл құрамаларды дайындауда ерекше көңіл жаудың мүмкін жаппай қырып-жою қаруын қолдануы кезінде әрекет дағдыларын оқытуға бөлінді. Республиканың Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері толығымен тек соғыс уақытында әрекет етуге бағытталды. Азаматтық қорғаныстың Республикалық және облыстық штабтары бірінші кезекте халықты ядролық, химиялық және бактериологиялық қарудан қорғау бойынша, ерекше кезеңде өндіріс орындарының берік жұмыс атқаруы бойынша іс шаралар жоспарлады және орындады.    
     Жергілікті деңгейде төтенше жағдайлар салдарын жою үшін әкімшілік күшімен өндіріс орынында жұмыс атқарушы қызметшілер (ереже бойынша құрылыс және автокөлік профильдегі), әскери бөлімдегі қатардағы әскери қызметкерлер, оқу орындарында оқушылар тартылды. Бірақ, мемлекет тарапынан жоюшыларға олардың өлімі немесе денсаулығынан айырылуы жағдайына ешқандай кепілдік берілмеді. ТЖ алдын алу және жою саласында заңдар базасы болмады. ТЖ кезінде сол немесе басқа заңды және жеке тұлғалардың өкілеттілігін, олардың жауапкершілігін, әрекеттесу тәртібін белгілеу бойынша туындаған қақтығыстар атқарушы билік органдарының бір реттік өкімдерімен, партиялық органдар шешімдерімен шешіліп отырды.     
     ТЖ алдын алу және жою саласында жариялық болған жоқ. Апаттардан және табиғи апаттардан шығын саны, тіпті оның туындау фактісінің және халық үшін оның қауіпті деңгейі жұртшылықтан жасырылды. Оның соңғы мысалы Чернобыль АЭС болған апат еді.  
     Республикалық және жергілікті деңгейде апаттар, табиғи апаттар, сонымен қатар, індеттер және эпизоотиялар салдарын жою мақсатында құрамына министірліктер, ведомствалар, республикалық ұйымдар, атком, АҚ облыстық штабтары өкілдері, энергетика, байланыс, милиция, су-жылу-газбен жабдықтау қызметтері, медециналық мекемелер, шаруашылық, құрылыс және т.б. ұйымдар басшылары кіретін төтенше жағдайлар комиссиясы құрылып отырған.  
     Бұл комиссиялардың әрекеттері тұрақты сипатта болмады, оқиғадан оқиғаға дейін жүргізілді және орын алып үлгерген ТЖ жою кезіндегі әрекетті үйлестіру үшін ғана қызмет атқарды. Бұл ретте ең жақсы ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Селге қарсы комиссиясы және Республика облыстарындағы ұқсас селге қарсы комиссия жұмыстары болып табылды.  
     Осындай халықты апаттардан және табиғи апаттардан қорғау ыдыраңқы жүйенің құрылымы икемсіз және тиімсіз екендігі Спитак жер сілкінісі аймағында авариялық-құтқару жұмыстарында,  Чернобыль апаты, басқа да ірі масштабтағы ТЖ кезінде байқалды. Сонымен қатар, орталықтандырылған әкімшілік-командалық басқару жүйесінің мықты жақтары, ТЖ болған аймақта қалпына келтіру жұмыстарының үлкен майданын өрістету, зардап шекендерді баспанамен және басқа да әлеуметтік қажеттіліктермен қамтамасыз ету мүмкіншіліктерін мойындау керек. ҚазКСР Спитак жер сілкінісі аймағында тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды қалпына келтіру және Армян КСР Ленинакане қаласында тұрғын үйлер салу бойынша жұмыстарды табысты жүргізді және жедел жайыла білді.  Чернобыль апаты сабақ болғандай, 1988 жылы КСРО Министрлері Кеңесінде Апаттар және табиғи апаттар салдарын жою бойынша КСРО тұрақты төтенше комиссиясы құрылды.  Сондай-ақ, ҚазКСР Министрлері Кеңесінің 1988 жылғы 17 ақпандағы № 57-7 қаулысымен Апаттар және табиғи апаттар салдарын жою бойынша ҚазКСР Министрлері Кеңесінің тұрақты төтенше комиссиясы құрылды.  Оның құрамына министрліктер және ведомствалар, ірі республикалық ұйымдар басшылары кірді. Тұрақты төтенше комиссиясын лауазымы бойынша ҚазКСР Министрлері Кеңесі Төрағасы орынбасарларының бірі басқарды.  
     ҚазКСР Министрлері Кеңесінің 1989 жылғы 24 қазандағы № 331 қаулысымен Апаттар және табиғи апаттар салдарын жою бойынша ҚазКСР Министрлері Кеңесінің тұрақты төтенше комиссиясы Төтенше жағдайлар бойынша ҚазКСР Министрлері Кеңесінің комиссиясына өзгерді. Бұған қарамастан, төтенше жағдайлар бойынша комиссия жұмысы жүйелі және тұрақты әрекет етуші сипатқа ие болмады.  
     Сондықтан, халықты қорғаудың маңызды төркіндерінің бірі болып табылатын ТЖ алдын алу, нақтырақ айтсақ – ТЖ алдын алу және олардан келетін зиянды азайту бойынша іс шаралар жүргізу назардан тыс қалды.  
     Оның негізгі себептерінің бірі - комиссияда өзінің тұрақты әрекет етуші аппаратының болмауы және мәртебесінің бекітілмеуі.  
     Бұл кемшіліктерді жою мақсатында 1991 жылдың қаңтарында тұрақты әрекет етуші төтенше жағдайлар бойынша мемкомиссия аппараты құрыла бастады.   
     Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік комиссиясының тиімді жұмысына қажетті мәртебе ҚазКСР Президентінің 1991 жылғы 21 тамыздағы «ҚазКСР қауіпсіздік Кеңесін құру туралы» № 403 Жарлығымен берілді. Осыған орай, республика халқын және аймағын апаттардан және табиғи апаттардан қорғау ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бір факторы болды. ТЖМК төрағасы Қауіпсіздік Кеңесіне кіргізілді, оның лауазымы Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары лауазымымен теңестірілді.  
     Осы Жарлықпен ТЖМК туралы Ереже бекітілді. Комиссия шешімін барлық мемлекеттік билік органдары мен республика ұйымдары орындауға міндетті болды. Бұл ТЖ алдын алудың және жоюдың тиімді жүйесін құрудың қиын кезеңі болды, оның үстіне ол Қазақстанның тәуелсіздігін алу кезеңімен қатар келді. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезінде мемлекеттік органдардың әрекеттестігі тәртібін нормативтік-құқықтық бекіту, олардың жауапкершілігін және өкілеттілігін белгілеу үшін 1991 жылдың 25 маусымында ҚазКСР Министрліктері Кабинетінің «Төтенше жағдайлардың алдын алу және ТЖ кезінде әрекет бойынша Республикалық жүйе құру туралы» №395 Қаулы қабылданды. Бұл қаулымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және ТЖ кезінде әрекет бойынша Республикалық жүйе туралы Ереже бекітілді, ҚазКСР министрліктері мен ведомствалары, мемлекеттік бірлестіктердің, концерндер, қауымдастықтар және басқа да ұйымдық -өндірістік құрылымдар қызметтері белгіленді.

3. Саланы реформалаудың  мақсаты мен міндеттері.     

Қазақстанның тәуелсіздік  алуымен терең әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу басталды, нарықтық экономикасы дамыған светтік, демократиялық, құқықтық мемлекет құруға бағыт алынды. Сондықтан, халықты ТЖ-дан қорғау жүйесін реформалаудың негізгі  мақсаты оны қоғамның жаңа әлеуметтік-экономикалық құрылымына сәйкес жеткізу болды. Ол үшін бірінші кезектегі келесі мәселелерді  шешу қажет болды:  
     -  ТЖ алдын алу және жою саласында және АҚ саласында заңдылық, нормативтік құқықтық база құру. Осы салада жариялықты, заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын қорғалуын қамтамасыз ету;  
     - халықты апаттардан және табиғи апаттардан қорғау, Азаматтық қорғаныс саласында қоғамдық қатнастардың нарықтық моделіне сәйкес жаңа мемлекеттік басқару құрылымын құру, оның қызметінің автономдығын қамтамасыз ету;   
     - республика аймағында авариялық-құтқару жүйесін және оның материалдық-техникалық базасын құру;  
     Осы міндеттерді шешу барысында тағы бір маңызды міндет тұрды: ол барлық министрліктер мен ведомстваларды реформалау (олардың тікелей экономиканы басқару күшінен айырылуы), өндіріс орындары мен ұйымдарды жекешелендіру, республикалық және жергілікті деңгейде басқаруды децентрализациялау жағдайында және өтпелі кезеңнің әлеуметтік және экономикалық тұрақсыз кезеңде халықты мүмкін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан тұрақты қорғау және мемлекеттің Азаматтық қорғаныс жүйесін сақтап қалу еді. 

4. Саланы жетілдірудің  және реформалаудың негізгі кезеңдері.        

Аралық қортындылар. Жүзеге асырылған реформалар мазмұны.  
     Бұл мақсатқа жету және жоғарыда айтылған міндеттерді шешу үшін реформалаудың бірінші кезеңінде 1991-1993 ж.ж. ТЧ саласы мәселелерін комиссиялық басқару және шешу принципін сақтап қалу мақсатты болды. Бұл кезеңде министрліктер мен ведомствалар холдингтарда, мемлекеттік акционерлік компанияларда, концерндерде өздерінің үстемдік жағдайы арқасында қарасты өндіріс орындары мен ұйымдарға билік өкілеттілігін ұстап тұрған болатын. Облыс және жергілікті әкімшіліктер басшылары демократиялық азаматтық заңдылық болмаға соң, қарасты аймақтарда өздерінің заңға тәуелді актілерін шығару жолымен, барлық шаруашылық субъектілерін және ұйымдарды бағындыру қабілеттігін сақтап тұрды. Бұның барлығы біраз уақыт ТЖ және Азаматтық қорғаныспен байланысты іс шараларды орындауға өндіріс орындарын, ұйымдарды және азаматтарды мәжбүрлеу бойынша командалық-әкімшілік әдістерді қолдану мүмкіншілін туғызып тұрды. Бұған жергілікті халықтың менталитетінде сақталған, заңмен бекітілмеген әкімшілік қысымға бағыну дағдылары болысты. Осылайша мысалы, Төтенше жағдайлар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік комиссиясы қысымның әкімшілік әдісін пайдалана отырып, 1990-1993 ж.ж. Зайсан жер сілкінісі аймағында үлкен көлемді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді, ол кезде зардап шекендерге 6300 тұрғын үй, 16 мектеп, емхана салынды, электр және байланыс желілері, су құбырлары, коммуникациялар қалпына келтірілді және жаңадан салынды.  
     Сол кездегі қолданыстағы ТЖ саласындағы заңдар вакуумын ТЖ алдын алу және жою мәселелері бойынша Үкіметтің нормативтік Қаулылары шығарылымдарымен   
     айтарлықтай толықтыра бастады. Негізінен бұл қаулылар ТЖ алдын алу және жою мемлекеттік жүйесін дамыту мен жетілдірудің жеке бағыттарына арналды. Осылайша, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 2 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы туралы» № 733 Қаулысымен азаматтық қорғаныс штабы Қорғаныс министрлігі құрамынан алынды және тікелей  Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетіне бағынышты болды. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 16 наурыздағы № 275 Қаулысымен «Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы туралы» ереже бекітілді. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 наурыздағы № 222 Қаулысымен Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметтерін құру туралы бастау қойылды, негізгі мәселелері белгіленді.  
     Қазақстан Республикасының Министрліктер Кабинетінің 1993 жылғы 16 сәуірдегі № 315 Қаулысымен автокөлік құралдарымен қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу және төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету бойынша республикалық жүйе күштері мен құралдарын тасымалдауды ұйымдастыру тәртібі туралы Ереже бекітілді. Министрліктер мен ведомствлардың әрекеттерін үлестіру Төтенше жағдайлар бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комисиясына жүктелді.  
     Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 8 маусымдағы «Төтенше жағдайлардын алдын алу және салдарын жою бойынша қосымша іс шаралар туралы»  №1218 Қаулысымен, мемлекеттің тиімді саясаты арқасында төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарынан келетін зиянды азайту мәселелері белгіленді   
     Президенттің осы Қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрліктер кабинетінің 1994 жылғы 29 қыркүйектегі № 1081 Қаулысымен «Төтенше жағдайлардың алдын алу және Төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша ұзақ мерзімді бағдарлама» қабылданды.  
     Қазақстан Республикасының Министрліктер Кабинетінің 1993 жылғы 21 қыркүйектегі № 913 Қаулысымен «Республикалық эпидемияға қарсы комиссия» құрылды. Қазақстан Республикасының Министрліктер Кабинетінің 1993 жылғы 30 қыркүйектегі  «Төтенше жағдайлардың алдын алу және төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету бойынша халықты және мамандарды оқыту жүйесін құру іс шаралары туралы» № 969 Қаулысымен республиканың барлық оқу орындарында «Халықтың тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері» курсын енгізу және осы бойынша тұрақты оқытушыларды дайындауды жүргізу жүктелген.  
     Қазақстан Республикасының Министрліктер Кабинетінің 1993 жылғы 04 қазандағы № 981 Қаулысымен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мемлекеттік басқару органдарын байланыспен қамтамасыз ету тәртібі белгіленді.  
     Қазақстан Республикасының Министрліктер Кабинетінің 1993 жылғы 17 желтоқсандағы № 1265 Қаулысымен Қазақстан Республикасының Министрліктер Кабинетінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша комиссия құрылды. Кейін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 сәуірдегі №391 Қаулысымен Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ведомства аралық  комиссияға өзгертілді.  
     Төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының жедел дәрігерлік көмек қызметі Қазақстан Республикасының Министрліктер Кабинетінің 1994 жылғы 27 қыркүйектегі № 1068 Қаулысымен құрылды.  
     Қазақстан Республикасының Министрліктер Кабинетінің 1994 жылғы 11 қазандағы «Төтенше жағдайлар бойынша республикалық автоматтандырылған ақпараттық – басқару жүесін құру туралы» № 1159 Қаулысы саланы басқару  тәжірибесіне жаңа заман талабына сай ақпараттың компьютерлік технологияларды кеңінен енгізуге жол сілтеді.  
     Қазақстан Республикасының Министрліктер Кабинетінің 1995 жылғы 25 сәуірдегі № 547 Қаулысымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық  қызметі туралы Ереже бекітілді.  
     Қазақстан Республикасы Үкіметімен 1989 – 1998 жылдары республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында ірі жер сілкінісінен келген зиянды төмендету бойынша іс шаралар туралы бірқатар қаулылар қабылданды.  
     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүесі туралы» № 1298 Қаулысымен апаттардың және табиғи апаттардың алдын алу және жою бойынша іс шаралар жүргізу кезіндегі министрліктердің, ведомстволардың және ұйымдардың міндеттері белгіленді.  
     Қазақстан Республикасы халқына дәрігерлік-санитарлық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша кезек күттірмейтін іс шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1382 Қаулысымен белгіленді.   
     Сонымен қатар, нарықтық және демократиялық реформалардың тереңдей түсуі, халықтың құқықтық білімінің дами түсуі арықарай ТЖ алдын алу және жою бойынша  іс  шараларды, тек қана, командалық-әкімшілік әдістермен және Үкіметтің бір реттік Қаулыларын қабылдау арқылы басқару мүмкін емес екендігі байқалды. Сондықтан, саланы екінші рет реформалау кезеңінде ең маңызды ТЖ  және Азаматтың қорғаныс саласында заман талабына сай заңдылық , нормативтік база құру болды.  
     Осы саладағы ең алғашқы заңдардың бірі 1993 жылы қабылданған «Төтенше жағдайдың құқықтық режимі туралы» ҚР Заңы. Бұл Заңның 4 бабымен табиғи апат, эпидемия, эпизотия, ірі апаттар және апаттар болған кезде Қазақстан Республикасы Президентімен төтенше жағдайын енгізу қамтылған.  Осы Заңмен қарастырылған іс шаралар тиімді және толығымен  құқықтық негізде ТЖ салдарын жою бойынша қажетті жұмыста жүргізуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл заң бір реттікакция ретінде ірі масштабтағы табиғи апаттарды және техногендік апаттарды жоюға бағытталған кейбір көлемі бойынша апаттар мен апатты жағдайларға әрекет ету мәселелері, сонымен қатар ,ТЖ алдын алу мәселелері бұл заңан тыс қалды. Бұл заңың әлеуметтік-саяси сипаттағы төтенше жағдайларға басымырақ бағытталғандығы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ үшін нақты және тура өкілеттік құруға жол бермеді.  
     Осыған байланысты 1994-1995 ж.ж. әзірленіп, 1996 жылы Парламентпен «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды. Бұл заң осы саладағы қатнастарды реттейтін негізгі құқықтық акт болып қабылданды. Онда Үкіметтің, ТЖМК, министрліктердің және ведомствалардың, жергілікті атқарушы органдардың ТЖ саласындағы өкіметтігі, заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, белгіленді, ТЖ жою кезінде туындайтын құқықтық қатынастар, ТЖ келтірілген  зиянға жауаптылық және т.б. белгіленді. Негізінен ТЖ жою кезінде құтқарушылар қызметі мәселелері құқықтық реттеуді қажет еті. Олардың ерекше құқықтық мәртебесін бекіту, олардың кәсібилігі және  әлеуметтік қорғау мәселелерін қарастыру қажет еді. Осыған байланысты, реформалардың осы кезеңінде Парламентпен «Авариялық –құтқару қызметтері және құтқарушылар мәртебесі туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Көрсетілген мәселелермен бірге бұл заң авариялық – құтқару ұйымдарын құру және қызметі, олардың қызметін лицензиялау мәселелерін реттейді, төтенше жағдайларды жою басшысының құқықтық мәртебесін бекітеді, авариялық-құтқару құрамаларының жылжуына жағдай туғызу режимін  белгілейді, авариялық –құтқару жұмыстарына жұмылдырылған тұлғаларға және ерікті құтқарушыларға белгілі мөлшереде мемлекеттік кепілдік береді. Өртің алдын алу және жою бойынша іс шаралар  спецификасы есепке алына отырып, осындай  сипат «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңына да берілді.  
     Азаматтық қорғаныс саласындағы қоғамдық қатынастарды  құқықтық реттеу қажеттілігі туындады. Қазақстаның тәуелсіздік алғанына дейін Азаматтық қорғаныс түйесі қызметі КСРО Министрлері Одағы Қаулыларымен, КСРО Қорғаныс Министрі бұйрықтарымен.реттелді. Олардың орынына қабылданған жоғарыда айтылған Қазақстан Республикасының Министрліктер Кабинетінің Қаулылары Азаматтық қорғаныс іс шараларын жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастарың барлық құқықтық көлемін қамти алмады. Әсіресе, ол азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұрғалардың міндеттерін құқықтық бекітуде көрінді. Мемлекеттік мүлігін жекешелендіру жағдайында азаматтық қорғаныс мүлігіне және нысандарына иелік ету құқығын анықтау, АҚ іс шараларын қаржыландыру  мәселелері кідіріксіз шешуді қажет етті. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғанысы туралы» Заңы дайындалып қабылданды.  
     Сол уақыт кезеңінде Қазақстан Республикасында радиациялық және экологиялық қауіпсіздік, жол қозғалысы  қауіпсіздігі , халықтың санитарлық – эпидемиялық ырысы саласында бірақтар заңдар қабылданды.  
     «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңымен және ұлттық қауіпсіздік саласындағы ҚР заңдарымен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы ақпараттарды құпияландыруға болмайтыны белгіленді. Осылайша, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туралы мәліметтерді таратуға салынған тиымдар алынып тасталды. Оның барлығы, баспасөз қуралдарының еркін жетілуімен бірге, халыққа апаттар мен табиғи апаттар туралы ақпараттар жайлы толық және жедел білуге жол ашты. Сондай-ақ , ол ықтимал ТЖ туралы халыққа хабарлауды жақсартты, ТЖ алдын алу іс шараларын және ТЖ туындыған жағдайда дұрыс әрекеттерге халықты танымал нұсқада оқытуға мүмкіншілік туғызды.  
     1995 жылы өндіріс орындары мен ұйымдардың меммлекет меншігінен алынуына байланысты салалық министрліктер мен ведомствалар шаруашылық субъектілерін тікелей басқару күшінен айырылды. Сонымен қатар, кәсіпкерлер мен жекешелендірілген кәсіпорындардың қызметіне жергілікті әкімшіліктер басшылары да араласу құқықығына шек қойылды. Оның барі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік комиссиясының министрліктер, ведомствалар және жергілікті әкімшіліктер арқылы шешімдер шығаруына шек қойды. Апаттардан және табиғи апаттардан халықты қорғау мәселесін тиімді шешуге өкілеттігі жеткілікті құқықпен белгіленген, арнайы мемлекеттік басқару органы қажет екендігі анық көріне бастады. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 қазандағы «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдар құрылымдарын жетілдіру туралы» № 2541 Жарлығына сәйкес барлық мемлекеттік басқару жүйесін құру кезінде, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және мемлекеттің Азаматтық қорғанысы саласында өкілетті, орталық атқарушы орган ретінде - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік комитеті құрылды   
     (Аяғында, орталық атқарушы органдар құрылымдарын жетілдіру шеңберінде, ТЖМК Төтенше жағдайлар Комитетіне, кейін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар агенттігіне өзгерді).  
     ТЖМК өзінің құрылуы кезеңінде Қазақстан Республикасының Мемлекетті комиссиясы аппараты және Азаматтық қорғаныстың республикалық штабы базасында құрылды. Бұл саланы үшінші рет реформалау кезеңі болды.  
     Үкіметтің Қаулыларымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар мемлекеттік комитеті туралы Ереже бекітілді, оның құрылымы мен штаттық саны бекітілді, ведомстваға қарасты ұйымдар белгіленді.  Осылайша, ТЖМК құрамына Республикалық азаматтық қорғаныс курстары, Қазселденқорғау, Республикалық ұжымдық қолданыстың есептеуші орталығы, Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері кірді. Азаматтық қорғаныстың облыстық және қалалық штабтары базасында ТЖМК аймақтық басқармалары құрылды. ТЖМК орталық аппараты құрамында Азаматтық қорғау бас басқармасы және Төтенше жағдайлардың алдын алу бас басқармасы ашылды.  
     Жедел-кезекшілік қызметтерін басқару және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру үшін Бас жедел басқарма құрылды. Өте күрделі іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін  саны 66 адамнан тұратын, Алматы қаласында орналасқан Республикалық жедел-құтқару отряды құрылды (РЖҚО).  
     Осы кезеңде Қазақстан Республикасы Президентінің игі саясатының, оны Парламенттің қолдауы және Үкіметтің жұмысы арқасында Қазақстандағы ерекше қолайлы ішкі саяси жағдай орнады. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне басқа мемлекеттер тарапынан төнетін қатер деңгейі саяси әдістермен ең төменге түсірілді. Бұл, Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік комитетіне мемлекеттің Азаматтық қорғаныс жүйесінің кадрлық, ұйымдастыру және материалдық-техникалық мүмкіншіліктерін, халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге пайдалана бастауына мүмкіншілік берді. Осылайша, бұрынғы Азаматтық қорғаныс штабтары қызметкерлері апаттар мен табиғи апаттардың алдын алу және жою бойынша іс шаралар ұйымдастыруға және орындалуына бақылауға қайта бағытталды. Азаматтық қорғаныс бөлімдерінде жедел қызметтегі қатардағы жауынгер қатарынан жалпы профильді құтқарушылар дайындау және оларды келісті жабдықтармен, киім-кешекпен жабдықтау ұйымдастырылды. Жүйені реформалаудың бұл кезеңінде төтенше жағдайлар мәселелерін  комиссиялық шешудің үлгілі тәжірибелерін сақтап қалу шешілді. Бұл тәжірибеде ең бастысы, әр түрлі министрліктер, ведомствалар және ұйымдар өкілдерінің бірлескен отырысы ТЖ алдын алу және жою бойынша мәмілелі, жан-жақты зерттелген шешім шығару мүмкіншілігін береді. Осыған байланысты, Үкімет Қаулысымен ТЖ алдын алу және жою бойынша ведомствоаралық комиссия, Автокөлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша  ведомствоаралық комиссия және Республикалық төтенше эпидемияға қарсы комиссия құрылды. Бұл комиссиялармен шығарылған шешімдер ұсынылатын сипатта және орталық пен жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың басшыларына табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жою және зиянды болдырмау, азайту бойынша іс шаралар жүргізу кезінде бағдаршы ретінде қызмет атқарады. Бұл комиссиялардың төрағасы лауазымы бойынша төтенше жағдайлар бойынша орталық атқарушы орган басшысы болып табылады, өз кезегінде ол бұл органның үйлестіруші міндеттеріне тиімді әсер етеді және төтенше жағдайдың алдын алу бойынша іс шараларды тиімді жүргізуге жол ашады.   
     Республиканың облыстары мен қалаларында аймақтық Агенттік органдарының барына қарамастан, төтенше жағдайлар бойынша облыстық, қалалық және аудандық комиссиялар сақталынған болатын. Бұл комиссиялар әкімнің бірінші орынбасарымен басқарылғандықтан,  төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларына жергілікті қызметтер мен мекемелердің, басқа министрліктер мен ведомствалардың аймақтық органдарының күштері мен құралдарын жедел және тиімді жұмылдыра алады.  Агенттіктің облыстық және қалалық төтенше жағдайлар басқармалары, осы комиссиялардың жұмыс органдары болып табылатындықтан, жергілікті орындарда ТЖА саясатын жүргізуге және аймақтарда ортақ мемлекеттік мүдделерді сақтауға мүмкіндігі бар.  
     Президенттің 1996 жылғы 29 қазандағы №3168 Жарлығымен бұрынғы Тау-кен және өнеркәсіпте қауіпсіз жұмыс жүргізуді қадағалау комитетінің міндеттері мен құзыреті Техногендік ТЖ алдын алу бойынша ТЖ МК  берілгеннен кейін оның қызметі дем арада  өсе түсті. Үкіметтің 1997 жылғы 7 шілдедегі №1068  қаулысына сәйкес ТЖМК-да Тау-кен және өнеркәсіпте қауіпсіз жұмыс жүргізуді қадағалау бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басты мемлекеттік инспекциясы құрылды. Бұрынғы аумақтық Мемлекеттік таутехникалық бақылау инспекциалары негізінде республикаға бағынышты әрбір облыста және қалада облыстық және қалалық Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік инспекциалары құрылды. Осы инспекциалардың ТЖМК аймақтық басқармалары құрамына енгізілуі, төтенше жағдайлардын алдын алу және жою бойынша іс шараларды  тиімді атқаруға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта, инспекция өкілдері әртүрлі түрдегі техногенді төтенше жағдайлардың пайда болуына байланысты тергеу жүргізуге және алдын алу бойынша шешімдерді әзірлеуге қатысады. Агенттік құрамында Атомды-энергетикалық кешенінде қауіпсіз жұмыстар жүргізуді қадағалау облысаралық мемлекеттік инспекция және Теңіздік мұнайы кәсіпшілігінде қауіпсіз жұмыстар жүргізуді қадағалау бойынша мамандандырылған теңіздегі инспекция құрылды.   Бұрынғы Мемлекеттік таутехникалық бақылаудың міндеттерінің және құзретінің ТЖ МК берілуі және осыдан барып ТЖ МК құрамына Республикалық судан-құтқару орталығы қызметінің кіруі, саланың реформалаудың келесі кезеңінің – ТЖ МК міндеттерінің көбейуі және оның құрылымының  күшеюі кезеңінің бастамасының белгісі болды. Төтенше жағдайлар саласындағы мамандандырылған орталық атқарушы органын құру кезеңінде оған бағынышты авариялық-құтқару күштерінің жетіспеуі қатты сезілді. Қазақстан Республикасының үлкен аумағына (2,716 млн. м²) және қалалар мен елді мекендердің  бір бірінен алыс орналасуына байланысты ТЖМК бір Республикалық жедел-құтқару жасағы және бірнеше ғана Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері болғандықтан мемлекет аймағының сол немесе басқа жерінде ТЖ туындаған жағдайда авариялық-құтқару жұмыстарының уақытылы жүргізілуі келелі мәселе болып табылады. Жарым-жарты бұл мәселе облыс орталықтарында жедел әрекет ету жасақтарының (қажетті инженерлік техникасы тіркелген, құрамында жергілікті мекемелердің 100-150 жұмысшы бар) құрылуымен шешліп келді. Бірақ, бұл жасақтар кәсіби болмады және олар әкімге бағынышты болды, ТЖ МК билігіне кірмеді. Осы жағдайларда Президенттің 1997 жылғы 22 сәуірдегі  №3465 Жарлығымен ТЖ Мемкомитеті құрамына  Ішкі істер министрлігі құрамынан Мемлекеттік өртке қарсы қызметін беруі саналы қадам болды. Бұл Жарлықпен құқық қорғау органдары оған тән емес міндеттерден босатылып және өзінің тікелей мәселелерін шешуге бағытталған болды; біржолы табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ жою жүйесі айтарлықтай нығайды – ТЖ мемлекеттік бақылау авариялық-құтқару күштерінің саны лезде 15 мың адамнан артық өсті.  Өртке қарсы қызмет бөлімшелері түріндегі, ТЖ мемлекеттік бақылаудың осы күштері, елдің әрбір аудан орталығында, қалалық тұрпаттағы кенттерде және ірі елді мекендерде орын тепті. Сонымен қатар, осы бөлімшелердің техникасы мен жабдықтарының едәуір бөлігі ескіргенін (60 % көбі) және ауыстырылуы қажеттілігін атап өту қажет, іс-жүзінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы техникасы толығымен жоқ, 30 % өртке қарсы қызмет нысандары күрделі жөндеуді қажет етеді.  Қазақстанның өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің бар саны өрттердің алдын алу және өшіру жұмыстарын нәтижелі қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Болатын өрттердің  60 % құрайтын ауылдық жерлерде жауынгерлік Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ деп айтуға болады. Осыған байланысты Агенттікпен, жергілікті атқарушы органдармен жаңа өрт сөндіру техникасы, жабдықтар және қызметтік киім-кешек сатып алынды, өрт сөндірушілердің саны көбейтілді және аулды жерлерде өртке қарсы қызметтері құрылды.  Қазір, халықаралық тәжірибеге сәйкес, олардың қызметі тек өрттерді өшіруге ғана бағытталмай, сонымен қатар, басқа да авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге және халыққа қызмет көрсетуге бағытталады. Осыған байланысты, бөлімшелерде өрт сөндірушілердің жарақат алғандарына дәрігерге дейінгі көмек көрсету, суда адамдарды құтқару, альпенистік дайындығы енгізілді. Өрт сөндірумен қатар кәсіби деңгейде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізе алатын 21 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері құрылды. Осы үшін олар қосымша құтқару техникасымен, қызметтік киім-кешекпен және жабдықпен жабдықталады.  
     Республикалық және жергілікті бюджетке артылған міндеттерді төмендету мақсатында, негізгі қызмет нысаны - шаруашылық нысандарында өрттерді жою болып табылатын,  шарттасқан негізде қызмет көрсететін, Агенттік құрылымында «Өрт сөндіруші» РМК  құрылды. Барлығы жалпы саны 2,5 мың адамды құрайтын 101 РМК бөлімшелері құрылды, олармен 140 кәсіпорын және мекемелер күзетіледі.  
     Кәсіпорындарды мемлекеттік иелігінен алуға және жекешелендіруге байланысты республиканың әскерилендірілген таулықұтқару және фонтанға қарсы бөлімшелері банкрот болу шегінде еді. Олардың негізінде 1999-2000 жылдар аралығында Үкіметпен Агенттік жүйесінде:     

  1. Атырау қаласында «Ақ-Берен» РМКК – 229 адам (келісім бойынша республиканың мұнай және газ өндіру кәсіпорындарда авариялық-құтұару қызмет көрсетуін жүзеге асырады);     
  2. Қарағанды қаласында «Көмір» РМКК – 648 адам (келісім бойынша көмір қазатын өнеркәсіп орындарында әскерилендірілген авариялық-құтқару қызмет көрсетуін жүзеге асырады);     
  3. Лениногорск қаласындағы «Кен» РМКК – 1003 адам (келісім бойынша тау-кен кәсіпорындарда авариялық-құтқару қызмет көрсетуін жүзеге асырады) құрылған.

 

     Республиканың оңтүстігіндегі өнеркәсіп  кәсіпорындарына авариялық-құтқару  қызмет көрсету үшін Тараз қаласында  орналасқан «Құтқарушы» РМКК (174 адам) құрылды. Агенттікпен осы құтқарушы  мекемелердің басқарылуын орталықтандыру, олар қызмет көрсететін кәсіпорындарында ықтимал авариялар болған жағдайда операцияларды жүргізу дайындығына  оңды әсер етті. Жоғарыда аталған авариялық-құтқару  мекемелері келісім бойынша кәсіпорындарға қызмет көрсету есебінен өзін өзі  өтеушілік негізінде жұмыс атқарады. Агенттікітің авариялық-құтқару күштері  құрамына республиканың өрт сөндіру  бөлімдерін және салалық әскерилендірілген  құтқару бөлімдерін қосу, республиканың  бүкіл аумағында аса ірі іздеу-құтқару  жұмыстарын жүргізу мәселесін шешпеді. Осыған байланысты, 2000 жылы Қазақстан  Республикасы Үкіметінің шешімімен  республика аумағында:  
     - 32 адамнан тұратын Атырау қаласында Батыстағы аймақтық жергілікті аэромобильді жедел-құтқару жасағын (БАЖАЖҚЖ);  
     -  40 адамнан тұратын Астана қаласында Орталық аймақтық жергілікті аэромобильді жедел-құтқару жасағын (ОАЖАЖҚЖ);  
     - 32 адамнан тұратын Қостанай қаласында Солтүстік аймақтық жергілікті аэромобильді жедел-құтқару жасағын (САЖАЖҚЖ);  
     - 32 адамнан тұратын Қызылорда қаласында Оңтүстік аймақтық жергілікті аэромобильді жедел-құтқару жасағын (ОАЖАЖҚЖ);  
- 32 адамнан тұратын Өскемен қаласында Шығыс аймақтық жергілікті аэромобильді жедел-құтқару жасағын (ШАЖАЖҚЖ) құру шешімі қабылданды.  
     Қазіргі уақытта, Республика Үкіметінің 2001 жылғы 13 қаңтардағы №45 Қаулысына сәйкес Агенттікке Қорғаныс министрлігінен 12 дана МИ-8 тікұшағы берілді. Бұл тікұшақтар жоғарыда аталған аэромобильдік жасақтарды тасмалдау, өрттерді сөндіру және аса ірі арнайы іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады.  
     Республиканың авариялық-құтқару күштерін нығайту үшін белгіленген үлесті жергілікті атқарушы органдар енгізуде. Мысалы, Шығыс-Қазақстан және Оңтүстік-Қазақстан облыстарында әрбіреуі 24 адамнан тұратын облыстық кәсіби жедел-құтқару жасақтары құрылған. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарымен облыстық судан-құтқару қызметтері қамтамасыз етіледі, бірақ олардың қызметшілерінің жабдықталуын және жасақталуын қанағаттанарлықтай деп  мойындай алмайсын.  Агенттік жергілікті құтқарушылардың оқытылуын жүргізеді, олармен әдістемелік және тікелей басшылықты жүзеге асырады.   
     Соңғы жылдарда республиканың авариялық-құтқару күштерін нығайтуға байланысты қабылданған шаралар белгілі нәтижелі қортындылар берді. Жылдан жылға төтенше жағдайларда құтқарылған адамдар саны өсуде, осыған сәйкес, олардағы қаза болған адамдар саны кемуде.  
     Республиканың авариялық-құтқару күштерінің сандық және сапалық нығаюы Агенттікке «Байқоныр» космодромынан жеткізуші-ракеталар жіберілуінің авариялық-құтқарылуын қамтамасыз ету сияқты өзіндік мәселелерді орындауға мүмкіндік берді. Ғарыштық объектілерін жіберу кезінде  республика аумағындағы бүкіл ұшу траекториясында туындайтын жағдайларға байланысты алдын-ала сақтандыру және жедел әрекет ету жүйелері іске қосылды. Жіберілуге дайындық кезеңінде мың адамнан асатын авариялық-құтқару қызметтерінің және құрлымдарының күштері мен құралдары жоғарғы даярлыққа тұрады. Авариялық-құтқару жүйелерін және құралдарын басқаруды жетілдіру, сонымен қатар, ақпараттарды қабылдау және өңдеу аймақтық қызметтер жұмысын үйлестірілу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 қаңтардағы №40 Қаулысымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар агенттігі құрылымында ТЖА Республикалық дағдарыс орталығы құрылды.  
     Табиғи төтенше жағдайлардын алдын алу саласында үлкен мәселелер топтамасы шешілуде. Республикада жер сілкінісін болжау бойынша қауыртты жұмыстар жүргізілуде.  
     Жер сілкінісін болжау бойынша Ведомства аралық комиссия құрылды, Агенттікте сейсмикалық  қауіптілікті бағалау бойынша Республикалық  сарапшылық кеңес құрамы бекітілді. МоиН сейсмологиялық Институты қатарында қысқа мерзімді болжау (жер сілкінісіне дейін бірнеше күн және сағат қалғанда) мәселелерімен айналысатын «Қазселқорғау» ММ құрылымында «Прогноз» НПК құрылды. Сарапшылық кеңесімен әрбір тұлғаның  және мекеменің мүмкін жер сілкінісі болжауы туралы мәлімдемелері қаралады, осы туралы сәйкес қортынды жасалады.  Құрлыстың сейсмикалық беріктілігінің сапалығына, мектептердің, өмір қамсыздандыру нысандарының сейсмикалыққа қарсы күшейтілуіне бақылау жүргізеді.  «Қазселқорғау» мемлекеттік мекемесімен Талғар селбөгелту бөгетінің құрлысы, бар селге қарсы құрлыстарды жөндеу және қалпына келтіру  бойынша жұмыстар жүргізілуде. Селқауіпті кезеңінде хабарлау және селдерді алдын алу қызметі жұмыс атқарады. «Қазгидрометпен» дауылды ескертулер берілген кезде Агенттіктің сәйкес қызметтер мен мекемелерімен тығыс әрекеттестігі қалыпты орнатылды. Бұл әрекеттестікті өзінің қатты аяздары және борандарымен  осы  қыс жақсы тексерді.  
     ТЖ алдын алу және жою жүйесінің жетілдірілуі, ТЖ саласында міндеттердің  кеңейюі және уәкілетті органдардың  құрылуы кезеңінде 28 кәсіпорын Агенттік құрылымына кірді немесе құрылды. Жоғарыда аталған авариялық-құтқару жасақтарынан, әскери бөлімдерінен, «Өрт сөндіруші» РМКК, «Қазселқорғау» РМКК, «ТЖА Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесінен басқа келесідей қайта құрылды және ведомствалық бағынысты мекемелер құрылды:   
     - ТЖ және азаматтық қорғаныс саласы басшыларының және мамандарының, халықтың  оқытылуын ұйымдастыру үшін – «ТЖ және азаматтық қорғаныс саласындағы басшы құрамының кәсіби біліктілігін арттыру  республикалық курстары» РМКК;   
     - Төтенше жағдайлар агенттігі жүйесіне өрт сөндіруші және мамандар кадрларын дайындау үшін – «Көкшетаулық техникалық институт» ММ (Алматыдағы ІІМ жоғарғы техникалық училищесінің Көкшетаудағы филиалы негізінде құрылды);   
     - салалық ғылыми зерттеулер жүргізу үшін – «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныстың арнайы ғылыми зерттеу орталығы»;  
     -  Қазақстанның базалық өнеркәсіп салаларында техногенді апаттарды болдырмау мақсатында Агенттікте техника қауіпсіздігі бойынша ғылыми-инженерлік орталықтар және одақтас институттар филиалдары негізінде өнеркәсіп пен тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді қадағалау саласында ғылыми-зерттеу орталықтарының бірыңғай жүйесі құрылды, оған кіретін РМКК: «Тау-кен өнеркәсібі қауіпсіздігінің  ҚазҒЗИ» (Қарағанды қаласы), «Химия өнеркәсібіндегі техника қауіпсіздігін ғылыми-зерттеу орталығы» (Шымкент қаласы), «Мұнай өнеркәсібіндегі техника қауіпсіздігін ғылыми зерттеу орталығы» (Атырау қаласы), «Түрлі түсті металлургия өнеркәсібінде техника қауіпсіздігін ғылыми зерттеу орталығы» (Өскемен қаласы), «Қара металлургия өнеркәсібіндегі техника қауіпсіздігін ғылыми зерттеу орталығы» (Қарағанды қаласы), «Қазақстан Республикасының тауда құтқару ғылыми зерттеу орталығы» (Қарағанды қаласы).  
     - ТЖА қызметін техникалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету үшін, жаңа технологияларды енгізу үшін «Есептеу техникасы, телекоммуникация, информатика және ахуалдық талдау орталығы» РМК құрылды. Онымен, 85 жиын міндеттер қосылған және басқару шешімдерін автоматтандыруды қамтамасыз ететін 10 міндеттік ішкі жүйе арқылы мақсаттардың  әзірленуі, алып жүрілуі, түзетілуі және пайдаланылуы жүргізіледі. Осы кәсіпорынмен ТЖА орталық апаратының, оның аумақтық бөлімшелерінің және  ведомстволық бағынысты мекемелердің компьютерлері біртұтас ақпараттық кеңістікті құрайтын 42 есептеуіш жүйеге біріктірілді. Нәтижесінде халықаралық мәліметтер банкілеріне шығатын жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге нақты түрде мүмкін болды.  Қағаз түріндегі емес құжат алмасу жүйесі, АТЖ орталық апаратының  Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесі, орталық және жергілікті атқарушы органдары, бұқаралық ақпарат құралдары, ТЖА аумақтық басқармалар мен ведомстваға қарасты мекемелері арасындағы нормативтік-құқықтық және жедел ақпараттар алмасуы электронды почта арқылы жасалды және енгізілді. ТЖА көшпелі басқару пунктімен ақпараттарды жинақтау және өңдеу, жаттығуларды компьютерлермен және бейнетехникалармен техникалық жабдықтау, ТЖА алқаларының дайындығын және өткізілуін компьютерлік ілестіру,  республикадағы жағдай туралы жедел ақпараттарды қабылдау  ұйымдастырылды.  
     Агенттіктің дамыған құрылымы, министірліктермен, ведомствалармен және жергілікті атқарушы органдарымен тығыз көлденең байланысы оған толық масштабта жыл сайын қатты аяздар, борандар, бұрқасындар, су басулар, табиғи өрттер жағдайында тиімді әрекеттестікті және басқарма органдарының, облыстардың, қалалардың және аудандардың ТЖ комиссияларының,  авариялық-құтқару күштері қызметтерінің дайындығын тексеру үшін «Қыс», «Көктем», «От», «Жер» командалық-штабтық жаттығуларды өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Терроризмге қарсы», «Сұнқар», «Көмір», «Мұнай» сияқты министірліктермен бірлескен жаттығуларға қатысты. Олармен  Мемлекеттік төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесінің басқарылу тәжірибесі жетілдіре түсуде.  Жыл сайынғы «Қазқұтқару» және «Нептун» құтқарушылар жиынында қиын жағдайларда және суда құтқару операцияларын орындау бойынша тәжірибе алмасу жүргізіліп отырады (басқа елдің құтқарушыларын шақырып).   
     Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы ретіндегі Агенттіктің мәртебесі, оған табиғи және техногенді төтенше жағдайлардан қорғау және азаматтық қорғаныс саласы бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңінен қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 қаңтардағы «Халықаралық Азаматтық Қорғаныс Мекемелерінің  Жарғысына  қосу туралы» Заңымен Қазақстанның халықаралық деңгейдегі азаматтық қорғаныстың дамуын және үйлестірілуін жүзеге асыратын осы мекемеге енуі ратифицирленді. 1997-2000 жылдары аралығында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар агенттігінің 10 қызметкері МОГО медальдарымен марапатталды, олардың ішінде құтқарушы- мамандар, өрт сөндірушілер, водолаздар, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің офицерлері бар.  
     Қазақстан тұрғындарды табиғи және техногенді апаттардан қорғау саласында халықаралық ынтымақтастыққа жауапты БҰҰ құрлымдарының жұмыстарына белсенді  қатысады, оларға: Гуманитарлық сұрақтардың үйлестiрулерiне арналған кеңсеме (ГСҮАК), БҰҰ даму бағдарламасы (БҰҰДБ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемесі (ДДСМ), Дүниежүзілік метеорологиялық мекемесі (ДММ), Босқындар жұмыстары бойынша жоғарғы Комиссар басқармасы (БЖБЖКБ) жатады.  Осылайша,  Біріккен ұлттар ұйымымен аталған, Апаттардың әсерін азайту бойынша халықаралық он жылдық шеңберінде БҰҰ даму бағдарламасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының  Үкіметімен «Қазақстанның табиғи апаттарға дайндығының жоспары» жобасы әзірленген болатын.  
     Сонымен қатар, ҚР ТЖА қызметкерлері БҰҰ Гуманитарлық сұрақтардың үйлестiрулерiне арналған кеңсеме, БҰҰ Дүлей апаттардан қауіпті азайту халықаралық стратегия (ДАҚАХС), АЭХА және   Австрия, Швейцария, Германия, Швеция, Канада, АҚШ, Ресей, Армения, Грузия, Тәжікістан, Өзбекістан, Украина және т.б. қалалардағы сияқты басқа халықаралық  мекемелер қамқорлығымен өткізілген бірқатар халықаралық шараларға қатысқан.   
     Төтенше жағдайлар агенттігі НАТО «Бибітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы шараларына белсене қатысады.  
     Агенттік қызметкерлері НАТО-ның осы бағдарламасы шеңберінде өткізілген әртүрлі халықаралық конференцияларға, семинарларға, жаттығулар және тренингтер курстарына қатысқан. Агенттік мамандары «Бибітшілік үшін серіктестік» бағдарламасының барлық шараларына шығып төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, өрттермен күрес, азаматтық қорғаныс және азаматтық қорғану, босқындармен жұмыс, апат болған жағдайда басқа елдермен  жедел әрекеттестікті ұйымдастыру салаларында батыс елдері тәжірибелерін жіті меңгеріп тұрады.   
     Осы бағдарлама арқылы Агенттік НАТО мүшелері-елдерінің төтенше жағдайлар қызметтеріне тікелей қатнасқа шығады және олармен нәтижелі қарым қатнасты қалыптастырады. Мысал ретінде, Төтенше жағдайда басқару бойынша АҚШ Федералды Агенттігімен (FEMA), АҚШ Орталық  басқармасымен және Аризона штатының ұлттық гвардиясымен әрекеттестігі дәлел бола алады. Олармен «IWER» жаттығулары өткізілді. Осы жаттығуда қатысушыларға және бақылаушыларға Агенттіктің құтқарушылары мен мамандарының жоғарғы деңгейдегі дайындығы көрсетілген болатын, сонымен қатар, қазіргі заманғы компьютерлік және ақпараттық технологияларды қолдану саласы бойынша. Қазақстан Республикасы және Америка Құрама Штаттары  тектес азаматтық қорғаныс қызметтері арасындағы байланысты нығайтудың нәтижесі болып ҚР ТЖА қызметін нығайту үшін АҚШ қорғаныс министірлігі және армиясымен техникалық гуманитарлы көмек жеткізу түріндегі өткізілген акциясы болып табылады. 138 бірлік дөңгелекті және шынжыр табанды техника, жабдықтар және қосалқы бөлшектер, қорғаныш киімдер берілген болатын.  
     2000 жылы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министірлігі мен Төтенше жағдайларда басқару бойынша АҚШ Федералды агенттігі (FEMA)  арасында «Төтенше жағдайларға дайындық және апаттар кезінде басқару саласында қазақстан-америкалық қатнас бойынша бірлескен мәлімдемесі» мен «Табиғи және техногенді төтенше жағдайлардын алдын алу және әрекет ету саласында қазақстан-америкалық істестік жұмыс жоспарына» қол қойылды.    
     ҚР Мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің Финикс қаласындағы өрт сөндіру академиясында ұзақ мерзімді тағлымдамадан өтуі, Агенттіктің басшы және техникалық қызметшілер құрамының ағылшын тілінде оқытыла отырып FEMA-да оқытылуы, Қазақстанға 20-30 қазіргі заманғы модификацияланған өрт сөндіру машиналарын жеткізілуі, Агенттікке АҚШ Орталық Басқармасымен  Швейцариядағы азаматтық қорғаныс жүйесіндегі босатылған жабдықтарды тасмалдау бойынша көмек көрсетілу келісімдеріне қол жеткізілді.   
     Агенттік мамандары үшінші деңгейлі елдерге көмек көрсету бойынша НАТО міндеттері жұмыстарына жұмылдырылады.   
     Сұрапыл апаттардың қауіпін азайту бойынша Азиялық орталығымен (Жапония, Кобе қаласы) Агенттіктің ынтымақтастық деңгейіне келтірілді. Осы Орталық арқылы Қазақстанның ТЖ саласы бойынша (әсіресе жер сілкінісінен қорғау саласы бойынша)  шетел мамандарын қатыстыруға, оның ақпараттық базасын қолдануға, жедел ізгілік көмекті қатыстыруға мүмкіндігі бар.  
     ТЖ жағдайында Қазақстанның Халықаралық қызыл крест және қызыл ай федерациясы қоғамынан  Агенттікпен өзінің жарғылық міндеттерін орындау бойынша тығыс ынтымақтастығы ОККиКП ұлттық қоғамы арқылы көмек алу мүмкіндігі бар.  
     Қазақстан  Армениямен, Белоруссиямен, Грузиямен, Қырғызстанмен, Молдовамен, Ресей Федерациясымен, Тажікстанмен, Түркменстанмен, Өзбекістанмен, Украинамен екі жақты және көп тарапты ТЖ салдарының алдын алу және жою саласы бойынша әрекеттестік және ынтымақтастық келісімдерін бекітті. Сейсмо қауіпті аудандарда орналасқан ТМД елдерімен, жер сілкінісін зерттеу және сейсмикалық қауіпті болжау саласында істестік келісімдері бекітілді. ҚР МОиН сейсмология институты мен ҚХР және Жапон сейсмологтарымен бірлесіп сейсмикалық қауіп бойынша бірлескен зерттеулер жүргізілуде.  
     Қазіргі уақытта ТМД күштер корпусының мемлекетаралық ғылыми-технологиялық даму жобасының біріккен орындалуы жүргізілуде. Ол үлкен ауқымды төтенше жағдайда ТМД елдерінің бірталай авариялық-құтқару күштерін, жеке айтқанда Ресей Федерациясының ТЖМ үлкен авариялық-құтқару күштерін қатыстыруға мүмкіндік береді.  Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ салдарын жою ТМД күштер Корпусы Мәскеу қаласында 1994 жылы 9  желтоқсанда Үкімет басшылары Кеңесі шешімімен құрылған, осы шешіммен ТМД елдері аумақтарындағы сейсмологиялық мониторинг жүйесі құрылған болатын.  «Байқоңыр» кешенін  қолдануда айқын және үйлестірілген жұмыс жүргізу үшін Ресей Үкіметімен  «Байқоңыр» космодромынан ракета жіберу кезінде авария туындаған жағдайда әрекеттестік тәртібі келісіміне қол қойылды.  
     Халықаралық ынтымақтастықтың қол жеткізілген деңгейі және тереңдігі Қазақстанға оның аумағында ауыр табиғи және техногенді апаттар туындаған кезде шетелдік елдермен кең көлемде ізгілік көмек көрсетілетіндігіне үміттенуге мүмкіндік береді.  Сонымен қатар, Қазақстан басқа елдерге халықаралық көмек көрсету кезінде шетте қалмайды. Мысалға, 1999 жылғы 17 тамыздағы қиратылған жер сілкінісінен кейін Қазақстанмен Түрік Республикасына  200 дала шатыры және 13 млн. 660 мың тенге соммасына дәрігерлік құралдар түріндегі ізгілік көмегі ұшақ арқылы жеткізілген болатын.  Сонымен шұғыл түрде Түркияға республиканың құтқару жасағы жіберілген болатын. Олармен Дигирмендере қаласында үйінділерден 55 мәйіт шығарылды, жарақат алғандарға дәрігерлік көмек ұйымдастырылды. Осындай немесе басқа түрде Қазақстан Республикасымен Төтенше жағдайлар агенттігі арқылы Тажікістанға (көшкін және әлеуметтік-саяси қақтығыс уақытында), Қырғыстанға (жер сілкінісі, су басу және көшкін кезінде), Өзбекістанға (су басу), Арменияға (әлеуметтік-саяси қақтығыс кезіндеа), Монғолия (боран, күрт суу), Афганистанға (әлеуметтік-саяси қақтығыс кезінде), Ресей Федерациясына (Сахалинде жер сілкінісі, Чечняда әлеуметтік-саяси қақтығыс кезінде), Қытайға (жер сілкінісі кезінде), Әзірбайжанға (әлеуметтік-саяси қақтығыс кезінде), польшаға (су басу кезінде), Чехияға (су басу кезінде), Иранға (жер сілкінісі кезінде) ізгілік көмектер көрсетілді.      

5. Жеткен нәтижелер.  ТМД және басқа бұрынғы кеңес  елдерімен реформалардың тереңдігін  және сапасын салыстыру.     

Тәуелсіздік алғаннан бергі  уақыттан кейін Қазақстан Республикасының  реформаларының нәтижесінде Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ алдын  алу және жою бойынша қазіргі  заманғы мемлекеттік жүйесі қалыптастырылған болатын. Оның өзегі болып мамандандырылған мемлекеттік орган – Қазақстан  Республикасының Төтенше жағдайлар  агенттігі болды. Бұл жүйенің  құрылымы Қазақстанда қол жеткізілген  нарықтық  қатынас даму денгейіне, мемлекеттік басқару қалыптасқан стиліне және халық менталитетіне сәйкес келеді. Агенттіке қарасты мекемелерінің айтарлықтай бөлігі  шаруашылық есептесуі қызметі негізінде   жұмыс атқарады және толығымен өзін-өзі өтейді. Агенттіктің бақылау астындағы өрт сөндіру бөлімдері, судан құтқару қызметтері және басқада аумақтық авариялық-құтқару күштері жергілікті бюджетпен қаржыландырылады (2005 жылдан бастап өрт сөндіру бөлімдері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады). Мемлекеттік бюджеттен Агенттіктің жалпы мемлекеттік маңызды шараларды орындайтындары ғана, яғни минималды мүмкін қызметтер және мекемелер саны қаржыландырылады. Төтенше жағдайлардын алдын алу және жою ведомствааралық  және аумақтық комиссиялар арқылы басқа министірліктермен, ведомствалармен және  жергілікті атқарушы органдармен  тығыс қарым қатнас сақталынды.     
     ТЖ саласында Қазақстан Республикасының заңнамасының жасалуы авариялардын, зілзалалардын және апаттардын алдын алу және жою шараларын Қазақстан Республикасы       
     Конституциясына, заңды және жеке тұлғалардың негізгі құқыларына қайшы келмейтіндей құқықтық өткізуге мүмкіндік береді. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар саласында толық жариялылық және халықты ақпараттандыру қамтамасыз етілген. Бұқаралық ақпарат құралдары, аумақтық органдар және оқыту мекемелері арқылы халықтын тек қана ТЖ туралы ақпараттандырылуы және ескертілуі жүргізіліп қана қоймай, сонымен қатар оның ТЖ алдын алу және жою шараларының, Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу дағдыларының оқытылуы жүргізіледі.  Әртүрлі министірліктерде және ведомстваларда құрылған бытыранқы авариялық-құтқару мекемелерінен Қазақстан Республикасының орталық авариялық-құтқару күштер жүйесін құру мүмкін болды. Олардың Агенттікке ұйымдық және жедел бағыныштығы осы күштерді үлкен көлемдегі төтенше жағдайларды жоюға жұмылдыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұндай орталықтандырылу ТЖ саласы жұмысына  қазіргі заманғы компьютерлік техниканы және байланыс құралдарын терең енгізуге мүмкіндік береді. Бұрынғы Мемлекеттік таутехникалық бақылаудың құзретін және міндеттерін Агенттікке беру техногенді апаттар мен авариялардын алдын алуға қосымша мүмкіндік берді.  Агенттіктің міндеттерін кеңейту және оның құрылымының нығаюы кезеңінде саланы реформалау шаралары бірталай оңды нәтижелер берді.   
     Саланы реформалау ысырапсыз болмады. Бұл ерекше Елдің азаматтық қорғанысы жүйесін тиіп өтті. Мемлекеттік мүлік нысандарын жекешелендіру, ғимарат пен құрылыстардын жеке тұлғалар қолдарына өтуі, қорғанатын жерлердің және радиацияға қарсы паналардың күйінің нашарлануына әкеп соқты. Мекемелерде сақталатын жеке қорғану құралдарының (противогаздардың, балаларды қорғау камераларының)  белгілі бір бөлігі жарамсыз қалыпқа келді.  Жеке қорғану құралдарының жартысынан көп бөлігінің сақталу мерзімдері және жарамдылығы біткен, оларды айырбастау көп жылдар бойы жүргізілмеген.  Көптеген кәсіпорындар  мен мекемелер  жұмыстарының тоқтатылуы, олардың иелерінің ауысуы Азаматтық қорғаныс саласының әскерилендірілмеген нысандарының жауынгерлік дайындығының айтарлықтай төмендеуіне әкеп соқты. Министірліктерден және ведомствалардан жергілікті атқарушы органдарға Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру бойынша негізгі құзреттерінің берілуі, осы шаралардың әсерін төмендетті. Өрт сөндіру және құтқару техникасының, қызметтік киім-кешектің және жабдықтардың моральді және физикалық ескіруі үлкен мәселелерді туғызады. Реформалар жүргізу кезеңінде оларды қазіргі заманғы үлгіде айырбастауға экономикалық мүмкіндік болмады.  
     Сонымен қатар, Қазақстанда жүргізілген реформалар басқа ТМД елдерімен салыстырғанда көбнесе бірізділікпен және тереңдігімен ерекшеленді. Мысалға, ТМД елдерінің біреусі ІІМ құрамындағы өртке қарсы қызметің ТЖ жүйесіне ауыстыруға қайраттанбады. ТМД елдерінің ешқай елінде Мемлекеттік таутехникалық бақылаудың міндеттері және құзреті ТЖ жүйесіне берілмеді. ТМД елдерінің көбінде әскерилендірілген фонтанға қарсы, тауқұтқару және газдықұтқару қызметтерінің басқармасы бөлшектелінген қалпында қалды.  
     Бұнда, осы елдердегі мемлекеттік органдардың тар ведомствалық мүдделерді жеңудегі батылсыздығы байқалды. Бұл қатнаста Қазақстан сондай-ақ  коммуналды, зейнетақылық және білім беру реформаларында бұрынғы кеңестік елдерді айтарлықтай озды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының ТЖ алдын алу және жою жүйесінің және Төтенше жағдайлар агенттігінің материалды-техникалық, кадрлық, құрлымдық және сапалық  мүмкіндігі Украинанның ұқсас жүйесінің мүмкіндігімен салыстырылады және бүкіл бұрынғы кеңестік кеңістігінде тек Ресей Федерациясының ТЖМ жүйесіне жол береді. Бұл тұрғыда Орталық Азияда Қазақстан сөзсіз лидер болып табылады. 

Информация о работе Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігін құру және қайта құру тарихы