Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 18:11, реферат
Тақырыптың мақсаты: Қазақтардағы уақыт санау жүйесінің негізгі ұғымдарын анықтау;
Тақырыптың міндеті:
- жалпы уақыт түсінігіне анықтама беру;
-уақыт санау жүйесіндегі уақытты анықтаудың жолдарын түсіндіру;
- қазақтың уақыт санау жүйесінің пайда болу себептерін айқындау;
І КІРІСПЕ…………………………………………………………….………….2
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ………………………………………………………........…4
2.1 ҚАЗАҚТАРДАҒЫ УАҚЫТ САНАУ ЖҮЙЕСI…...……………………..4
2.2 УАҚЫТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР.....………………….…10
III ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………...16
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМI…………….……….……17
ЖОСПАР
І КІРІСПЕ……………………………………………………………
ІІ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ……………………………………………
2.1 ҚАЗАҚТАРДАҒЫ УАҚЫТ САНАУ ЖҮЙЕСI…...……………………..4
2.2 УАҚЫТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР.....………………….…10
III ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМI…………….……….……17
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектелігі: Бұл рефераттың тақырыбы өзекті болып табылады. «Уақыт» ұғымы табиғи және тарихи құбылыстардың ауысып өткендігін білдіреді. Уақытты түсіну адамның өзінің жеке өмірі мен жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстармен өлшенетін ұғым болар. Жан-жағымыздағы табиғи құбылыстар, молекулалар мен атомдардың қозғалысы, жүректің соғуы тағы да басқалары. Алайда, уақыттың өлшемін анықтау қоғамдағы, адамның өміріндегі даму процестеріне де тікелей байланысты. Уақыт бір орында тұрмайды. Ол ешнәрсеге қарамастан жылжуын жалғастыра береді. Олар жердің жаратылысы табиғатына, Айдың, Күннің, Жұлдыздардың ықпалына тығыз байланысты. Ол жөнінде ғалымдардың зерттеуі, жұлдызнамашылардың болжамдары, данагөйлердің айтқан маржан ойлары көп. Уақыт көші арнайы күнтізбелермен белгіленеді. Жердегі уақытты өлшеудің кілті аспанда. Ай, Күн, Жұлдыздар болмаса, Жердегі жыл мөлшерін анықтау мүмкін болмас еді. Ғалымдардың пайымдауынша, Жерді 400 мың шақырым қашықтықта Айдың айналып жүруіне байланысты Ай күнтізбесі пайда болды. Ислам әлемі қолданатын бұл уақыт жүйесінде 354-355 күннің бар екені мәлім. Ал енді 149 миллион шақырым қашықтықтағы Күнді Жердің айналып жүруіне байланысты Күн күнтізбесі пайда болса, онда 365-366 күн бар. Ай мен Күнге негізделген күнтізбелерден басқа да уақытты жұлдыздар бойынша есептеу болған. Оны біздің ата-бабаларымыз бен ежелгі үнділер қолданғанды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бұл рефератты жазарда көптеген дерек көздерін пайдаландық. Әсіресе, Кобрин В.Б. Шорин П.А. «Вспомогательные исторические дисциплины», Пронштейн А.П., Кияшко В.Я. «Қосалқы тарихи пәндер», «Введение в специальные исторические дисциплины», Каменцева Е.И. «Хронология» атты еңбектерді сонымен қатар қосымша деректерді пайдаландық. Бұл еңбектерде негізінен уақыт санау жүйесінің қалай пайда болғандығы, сонымен қатар сол уақыт жүйесінің қарапайым халықтың өмірінде алған орны туралы құнды деректерді кездестіруге болады. Мысалы «Введение в специальные исторические дисциплины» атты еңбекте уақыт санау жүйесі туралы мынадай жолдар келтіреді: «Aлғашқы қауымда мекен еткен халықтарда уақытқа деген қажеттілік туындады. Олар математика жән астрономия салаларында уақытқа байланысты ұғымдарды ойлап тапты. Әсіресе, Ежелгі Шығыста уақыт санау жүйесінде күнтізбелер пайда болды.Бұл күнтізбелер кейіннен Ежелгі Грекияда, Р имде дүниеге келді. Сөйтіп уақыт санау жүйесінде жаңа ұғымдар пайда бола бастады және олар уақыт ағымымен қалыптасып дамыды» деп келтіреді. Сонымен қатар реферат жазуда қосымша деректер қолдандық. Яғни көптеген ғалымдардың уақыт санау жүйесі туралы берген анықтамалары. Олар уақыт санау жүйесіндегі жыл санау туралы ондағы жыл мүшелері туралы мәліметтер келтіреді. Мысалы: Ресей академигі А.Н.Самайлович 1913 және 1927 жылдары «Түркі тілдес халықтардағы 12 жылдық хайуанаттар айналымы жайындағы мәселеге» деген тақырыпта мақала жазды. Ал орыс профессоры Г.П.Сердюченко тұңғыш рет «Мүшел түркі халықтарынан шыққан» деп кесіп айтты. 1960 жылы Қазақ КСР ҒА тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері И.В.Захарова осы институт еңбектерінің 8 томында «Орта Азия халықтарының он екі жылдық хайуанаттар мүшелі» деген мақала жазып, онда өз ойын былайша қортындылады: «Он екі жылдық мүшел есебі бұдан 2000 жылдай бұрын (б.з.д.1 ғасырда) Орта Азияда пайда болған» деп келтіреді. Біз осылай рефератымыздың зерттелу деңгейін осындай дерек көздерімен толықтырдық.
Тақырыптың мақсаты: Қазақтардағы уақыт санау жүйесінің негізгі ұғымдарын анықтау;
Тақырыптың міндеті:
- жалпы уақыт түсінігіне анықтама беру;
-уақыт санау жүйесіндегі уақытты анықтаудың жолдарын түсіндіру;
- қазақтың уақыт санау жүйесінің пайда болу себептерін айқындау;
2.1 ҚАЗАҚТАРДАҒЫ УАҚЫТ САНАУ ЖҮЙЕСІ
Уақыт көші сағат, күн, апта, ай, жылдан тұрады. Бұл - өмір өлшемі. Оның таңғажайып сырға толылығы сол, әрбір мезгіл, кезеңінің өз атауы, ерекшелігі, адамға, жануарлар әлеміне, қоршаған ортаға өз әсері бар. Ол Жердің жаратылысы табиғатына, Айдың, Күннің, Жұлдыздардың ықпалына тығыз байланысты. Уақыт көші – бір орында тұрмайтын, қайтып оралмайтын табиғаттың таңғажайып құбылысы. Ол жөнінде ғалымдардың зерттеуі, жұлдызнамашылардың болжамдары, данагөйлердің айтқан маржан ойлары көп. Уақыт көші арнайы күнтізбелермен белгіленеді.Жердегі уақытты өлшеу-дің кілті аспанда. Ай, Күн, Жұлдыздар болмаса, Жердегі жыл мөлшерін анықтау мүмкін болмас еді. Ғалымдардың пайымдауынша, Жерді 400 мың шақырым қашықтықта Айдың айналып жүруіне байланысты Ай күнтізбесі пайда болды. Ислам әлемі қолданатын бұл уақыт жүйесінде 354-355 күннің бар екені мәлім. Ал енді 149 миллион шақырым қашықтықтағы Күнді Жердің айналып жүруіне байланысты Күн күнтізбесі пайда болса, онда 365-366 күн бар. Ай мен Күнге негізделген күнтізбелерден басқа да уақытты жұлдыздар бойынша есептеу болған. Оны біздің ата-бабаларымыз бен ежелгі үнділер қолданғанды. Қазақтар бұл уақыт есебін Тоғыс есебі деп атайды. Ол - әлемнің бірде-бір елінде кездеспейтін өте күрделі уақыт жүйесі. Мұнда жыл өлшемі – Күн қозғалысы бойынша, айлар есебі – Ай мен Үркер жұлдыз шоғырының әрбір 27-28 күнде бір «тоғысып» отыруы бойынша анықталады. Тоғысқа Тоғысқа Үркердің таңдап алынуы Ата-бабаларымыздың Тоғыс есебіне Үркер шоқжұлдызын таңдап алуының себептері: 1. Үркер жұлдыз шоғыры түнгі аспанда шоқтай жанып, көзге айқын көрініп тұрады. 2. 14 мамыр мен 21 маусым аралығынан басқа уақыттарда Үркер жұлдыз шоғыры (Торпақ шоқжұлдызының құрамында) түнгі аспанда көрініп тұрады.3. Ай батыстан туып, шығысқа қарай қозғалғанында Үркер шығыстан туып, батысқа қарай қозғалады. «Осынау бір-біріне қарсы қозғалған екі аспан денесінің кездескен уақыты, яғни, «тоғысқан» мезгілі – уақытты дәл белгілеу үшін таптырмас белгі», - дейді ғарышты, уақыт көшіп зерттеушілер. Қазіргі ғылымда бұл уақыт мөлшері – Жұлдыздық (сидерлік) ай есебі. 27 күн, 7 сағат 43 минут – оның жуық мөлшері. Бұрындары бабаларымыз дәл есептейтін сағаттың жоқтығынан, Жұлдыздық ай мөлшерін 28 күн етіп, сағат, минутсыз бөлшектемей, бүтіндей белгілеген. Өздеріңізге белгілі, бір жыл ішінде Ай мен Үркер 13 рет қана «тоғыса» алады. Мұны 28 күнге көбейтсек, Тоғыс есебінде 364 күн болады. Ертеде өркениетті деген елдердің өзі жыл есебін 360 күн деп белгілеген. Ал біздің ата-бабаларымыз болса, оны 364 күн деп дәл есеп-теп көрсеткен. Осыдан-ақ қазақтардың астрономиялық білімінің ерте заманда- ақ басқа халықтарға қарағанда өте жоғары болғанын аңғаруға болады. Тоғысудың 3 күні Ай мен Үркердің тоғысуы 3 күнге бөлінеді:1. «Ауыл – үй қонды». Бұл – Ай мен Үркердің бір-бірімен жақын келген күні.2. «Тоғандасты». Бұл – Үркердің Ай орағының немесе табағының тасасында көрінбей қалуы. 3. «Өріп шықты». Бұл Айдың Үркерді басып өткен үшінші күні.Бұл тоғыстың атауы – «Бес тоғыс». Осы тоғыстан соң қазақ даласында жер көктеп, ағаштар бүршік жара бастайды. Осыған дейінгі тоғыстың атауы «Жеті тоғыс» немесе «Жаңа тоғыс». Негізінен, «Жаңа тоғыс» көктемнің келгенін, басталғанын білдіреді.Ұмыт қалған уақыт жүйелері Халқымызда Тоғыс есебінен басқа да уақыт жүйелері болған. Солардың кейбірі мынан-дай: 1. «Тоғыз шілде»: 40 күн х 9 шілде = 360 күн. 2. «Төрт тоқсан»: 90 күн х 4 маусым = 360 күн. 3. «Азаматтық ай»: 30 күн х 12 ай = 360 күн.Қазіргі біздің күнтізбеміздегі қазақша ай атаулары - «Азаматтық ай» есімдері.Киіз үйдегі күнтізбе 1. Киіз үйдің 1 қанат керегесі – 12 қанатты киіз үйде жылдың бір айын, 6 қанатты киіз үйде жылдың екі айын білдіреді. Яғни, киіз үйдің жарты шеңбері 6 ай жазды, екінші жарты шеңбері 6 ай қысты бейнелеп тұр. 2. 12 айды керегенің 30 тор көзіне көбейтсек (оны 30 күн санап), 360 күн шығады. Жыл санына жетпейтін 5 немесе 6 «қонақ» күндер – киіз үйдің есігіне тиесілі. Өйткені қонақтар киіз үйдің есігінен кіреді ғой. 3. Шеңбер түріндегі шаңырақтың қақ ортасы қосу белгісі (+) тәрізді бір-бірімен айқасып тұр. Ол төрткүл дүниені 4 бөлікке теңдей бөлген көне түркі ұғымын білдіреді. Түнде шаңырақтың түндігін ашсаң, Темірқазықты айналып қозғалған жұлдыздар көрінеді. Сол арқылы түнгі уақытты анықтауға болады. Күндіз шаңырақтан ішке икс (х) белгісі тәрізді түскен көлеңкесі бойынша күндізгі уақытты ажырата аласың. Яғни, шаңырақ күн сағаты тәрізді. 4. Алты қанат керегеге әрқайсысы он-оннан барлығы 60 уық байланады. Қай жағынан алып қарағанда да 60 саны 6 ай жаз немесе 6 ай қысқа, 1 сағаттың ішіндегі 60 минутке, 360 күндік жылға, немесе 360 градустық шеңберге өте ыңғайлы, ол қалдықсыз бөлінеді.5. Астыңғы ұшы керегеге байланатын, жоғарғы ұшы ша-ңырақтың арнайы тесіктеріне шаншылатын уықтардың әрқайсының арасы күнтізбелік көзбен қарағанда 6 күнге, астрономиялық шеңберлік көзбен қарағанда тең болып шығады: 60 уық х 6 күн немесе градус =360 күн немесе осыншама градус. 6. Киіз үйдің сыртқы пошымы – жарты шарға ұқсас. Жер шарының қай нүктесінде де адамдардың тас төбесінен тұтас шар емес, соның тең жартысы болып саналатын жарты шар төніп тұрады, дейді зерттеушілер. Қазақтардың ежелден-ақ соны біліп, оны киіз үй пішімінде бейнелеуі өте таң қаларлық іс. 7. Киіз үйде үш аяқты мосы дәл ортада тұрады. Бұл жарты шар болып көрінетін жерге сәулесін шашып, жылуын беріп тұрған жарық Күнді, шаңырақтан төмен салбырап тұрған Айды бейнелеп тұр.Түркілердің «Мүшел есебі» Мүшел – 12 жылдық айналым.Жыл басы қазақша көктемде күн мен түннің теңелуінен (22 наурыз) бастап есептеледі. Халықтық осынау жыл санау есебінде 12 жыл аты бар. Олардың бәрі де жан-жануарлардың атауы. Айналым Тышқан жылынан басталып, доңызбен аяқталады да қайта жалғасады. Жыл санау мен жыл қайырудың алғашқы деректері VIII ғасырдағы «Күл-тегін» ескерткіштері мен ХІ ғасыр ғұламасы Махмұт Қашқаридың еңбектерінде кездеседі. Он екі жыл бір айналғанда мүшел болады. Алайда адамның алғашқы мүшелі – 13 жас. Содан бастап оған он екі жылды қосып отыру арқылы кейінгі мүшелдерін анықтап отырады. Яғни, бір мүшел 13, екі мүшел 25, үш мүшел 37, төрт мүшел 49, бес мүшел 61, алты мүшел 73, жеті мүшел 85 жас. Әркім өзінің қай жылы туғанын білгісі келсе, туған жылын он екіге бөлуі қажет. Қалдықсыз бөлінсе, ол мешін жылы болғаны, қалдық біреу болса – тауық, екеу болса – ит, үшеу болса – доңыз, төртеу болса – тышқан жылы болады. Мұнан кейін қалдықтардың санына байланысты сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой жылы келеді. Мүшел есебі қазақтарда ғана емес, Жапониядан Болгарияға, Сібірден Бирмаға дейін тарап, Қытай арқылы әлемге кеңінен танылып отыр. Қазір болжамнамада (гороскопта) да мүшел есебі жан-жақты пайдаланылады. Жалпы, әлемдік ғылымда ХХ ғасырдың ортасынан асқанша, мүшел есебін кім ойлап тапты деген сұрақ көп ғалымдарды қатты толғандырды. Бұл салада француз лингвисі. Жозеф Галеви (1827-1917), неміс ғалымы Герман Хирт (1865-1939), Финляндия ғалымы И.А.Миколла (1866-1946), венгр зерттеушісі Армений Вамберн (1832-1913), орыс ғалымы, түрколог П.М.Мелиоранский (1868-1906) көп зерттеу жұмыстарын жүргізді.Ресей академигі А.Н.Самайлович 1913 және 1927 жылдары «Түркі тілдес халықтардағы 12 жылдық хайуанаттар айналымы жайындағы мәселеге» деген тақырыпта мақала жазды. Ал орыс профессоры Г.П.Сердюченко тұңғыш рет «Мүшел түркі халықтарынан шыққан» деп кесіп айтты. 1960 жылы Қазақ КСР ҒА тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері И.В.Захарова осы институт еңбектерінің 8 томында «Орта Азия халықтарының он екі жылдық хайуанаттар мүшелі» деген мақала жазып, онда өз ойын былайша қортындылады: «Он екі жылдық мүшел есебі бұдан 2000 жылдай бұрын (б.з.д.1 ғасырда) Орта Азияда пайда болған». Ғалымдардың пайымдауынша, астрономиялық және математикалық теория тұрғысында 12 жылдық хайуанаттар мүшелі – басқа уақыт айналымдарынан әлдеқайда ұтымды.«Ұзын сары» - «Бес қонақ» Қыстың басы желтоқсанда 31 күн, қаңтарда 31 күн, ақпанда 28 күн, барлығы: 31+31+28=90 күн бар. Төрт маусымдағы күн саны: 90 х 4 = 360. Бір жылда – 365 күн. 365-360 = 5 күн артық қалады. Ол ақпанның соңынан бастап 18 күн өткенде келеді: 90+18= 108. Бұл күні «Ұзын сары», қазақ есепші-лерінің айтуынша, «Бес қонақ» келеді. Ол күндер наурыздың 18, 19, 20, 21, 22 – і. Осы бес күнде аса абай болып, мал соймайды, көшпейді, маңызды шаруаларды атқармайды. Тәулік күн ұясына кіргенде ауысады да наурыздың 23-і күні «бес қонақ» шығып кетеді. «Ұзын сары» күннің ұзарғанын да білдіреді.Мезгіл өлшемдері, атауы, сипаты Аймен өлшенетін уақыт Ай – уақыт өлшемі, бөлігі. Ол үш түрге ажыратылады: 1. Синодтық Ай. Ол – Айдың бірдей екі фазасы аралығындағы шамамен 23, 53 күн тәулігіне тең уақыт; 2. Сидерлік (жұлдыздық) Ай. Ол – Айдың жұлдызға қатысты Жерді толық бір рет айналып шығатын, шамамен 29, 53 күн тәулігіне тең уақыт; 3. Айдаһар айы. Ол – орбитаның белгілі бір нүктесінен үзіліссіз екі рет өткен 27, 21 күн тәулігіне тең уақыт. Мұның үшеуі де тұрмысқа қолдануға қолайсыз. Өйткені олар бөлшек сандармен өрнектелген. Сол себепті жыл қазіргі күнтізбеде 28, 29, 30, 31 күн тәулігімен бітетін 12 Айға бөлінген. «Ай көрдім, аман көрдім».Халқымызда жылдың әр айы аяқталып, жаңа ай туғанында: «Ай көрдім, аман көрдім, ескі айда есіркедің, жаңа айда жарылқа» деп өткен айдан аман шыққанына тәубе қылатын, жаңа айдан үміт күтетін ырым қалыптасқан. Айдың алғашқы жеті тәулігін «бір жаңасы – жеті жаңасы» деп санамалап, сегізінші тәулігінен бастап алғашқы ширегі дейді. Ол жеті – тоғыз тәуліктік уақыт. Мұнан кейін толған Ай толық көрінеді, бұлтсыз түндер сүттей аппақ жарық болады. Бір жетіден соң ай кеми бастайды, бұл айдың соңғы ширегі. Айдың кеми туатын осы шағы – «Айдың қорғалуы». Айдың өліарасы – ескі айдың бітіп, жаңа айдың әлі көріне қоймаған кезі. Жаңа туған Ай шалқасынан жатса, қазақтар: «Өзіне жайлы, халыққа жайсыз», тіке тұрса «халыққа жайлы, өзіне жайсыз» деп ырымдаған. Айдың үш жаңасында Ай толығырақ, өңі ақ, екі ұшы доғалдау, тік көрінсе сол айда жауын-шашын, желборасын аз болады деген халық болжамы бар. Егерде Айдың екі ұшы үшкілдеу, сүйір, өзі ашық, шалқақ туса, онда сол айда жауын-шашын, желборасын болады.Жылмен өлшенетін уақыт Жердің Күнді бір айналып шығатын уақыт аралығы – Жыл деп аталады. Астрономияда мынандай Жыл есептері қабылданған: 1. Жұлдыздық жыл. Ол – Күннің зодиактағы бір белгілі жұлдыздың тұсынан өтіп, осы жұлдыздың тұсына қайта келгенше кететін уақыт аралығы, 365, 2564 орташа күн тәулігіне тең. 2. Тропиктік жыл. Ол – Күн центрінің күн мен түннің жазғытұрғы теңелу нүктесінен өтіп, сол нүктеге екінші рет келгеніне дейін өтетін уақыт аралығы (365, 2422 тәулік).3.Аномалистикалық жыл.Ол – Күн центрінің оның көрінерлік геоцентрлік орбитасы-ның перигейі арқылы өтіп, соған қайта оралғанша кететін уақыт аралығы (365, 2596 тәулік).4.Күнтізбелік жыл. Ол 365 тәуліктен тұратын – жай жылдар мен 366 тәуліктен тұратын кібісе жылдардан құралады. Күнтізбе осы жылдарға негізделген. Себебі күнделікті өмірде бөлшек 0,2422 күнді пайдалану қолайсыз, сондықтан оны жуық түрде 0,25 күн деп есептейді. Төрт жылда 0,25 күннен бүтін (1) күн құралады. Соған сәйкес әрбір тетелес келетін 4 жыл- дың алдыңғы үшеуі 365 күн-нен, төртіншісі 364 күннен есептеледі. 5. Ай жылы. Оның ұзақ-тығы 12 Айдың 12 синодтық айналымына тең (орташа ұзақтығы 354, 367 тәулік). Астрономияда жыл мезгілінің ұзақтығы бірдей емес. Көктем 92,8 күн, жаз 93,6 күн, күз 89,8 күн, қыс 89 күн (кібісе жылдары 90). 21 наурыз – күн мен түннің Солтүстік жарты шарда жазғытұрғы теңелу күні (Ол Оңтүстік жарты шарда күзгі теңелу күні), 23 қыркүйек – күн мен түннің Солтүстік жарты шарда күзгі (Оңт. Жарты шарда- жазғытұрғы) теңелу күні, Солтүстік жарты шар үшін 22 маусым – жазғы тоқырау күні, 22 желтоқсан – қысқы тоқырау күні.Күнтізбелер тарихынан Күнтізбе, календарь (лат. сalendarivm – қарыз кітабы) – ұзақ уақыт мезгілін есептеудің аспан денелерінің көрінерлік қозғалысының ауық-ауық қайталану ерекшелігіне негізделген жүйесі, анықтамалық басылым (ҚҰЭ, 5 том, 132 бет, 2003 ж.) Ежелгі Римде әрбір айдың бірі күні календы деп аталыпты. Сол күні қарыз алғандар несиеқорларға өтем төлеп отырыпты. Соған сәйкес календылары көрсетілген «Қарыз кітабы» болған көрінеді. Әр дәуірде әр халықтың күнтізбелері әрқилы болған. Қазақ даласындағы халықтар жыл есебін құстардың көктемде келіп, күзде қайтуы бойынша жүргізіп, уақыт көшін анықтаған. Жыл құстары атауының осы ертедегі күнтізбелер негізінде шыққаны анық. Аспан құбылыс-тарына негізделген күнтізбе ең алғаш рет Ежелгі Шығыс елдерінде шықты. Аспан денелерінің қозғалысына негізделген күнтізбелер 3 топқа бөлінеді олар: 1. Күн күнтізбелері. 2. Ай күнтізбелері. 3. Аралас күнтізбелер. Күн күнтізбесінің шыққан Отаны – Ежелгі Мысыр. Мысырлықтар жыл ұзақтығын дәл 365 тәулікке тең деп ойлап, оны әр қайсысы 30 күндік 12 айға бөлді, артық қалған 5 күнді еш бір айға қоспай, құдайға құл-шылық ететін күндерге жақызды. Бұл күнтізбеде 5 сағат 48 минут 46 секунд, жуықтап алғанда 6 сағат, яғни, 0,24 күн есепке алынбай қалғандықтан, мысыр жылының ұзақтығы тропиктік жылдан кем болды. Мұнан кейін Мысырда Эверит күнтізбесі пайда болып, б.з.б. 45 жыл бұрын Рим императоры Юлий Цезарь астроном Созигеннің жобасы бойынша ескі рим күнтізбесін өзгертті, жаңа күнтізбені жариялады. Ол Юлий күнтізбесі деп аталды. Рим папасы Григорий ХІІІ 1582 жылы теңелу күнін әрдәйім 21 науырзға келетін етіп тұрақтандыру үшін уақыт есебін 10 күнге ілгері жылжытып, 5 қазанды 15 қазан деп есептеуге және әрбір 400 жылда 3 кібісе жылды жай жыл есебіне алуға жарлық шығарды. Осы күні көп елде Григорий күнтізбесі қолданылады. Ол Ресейде Қазан төңкерісінен кейін ғана пайдаланыла бастады.
Бұрындары бабаларымыз дәл есептейтін
сағаттың жоқтығынан, Жұлдыздық ай мөлшерін
28 күн етіп, сағат, минутсыз бөлшектемей,
бүтіндей белгілеген. Өздеріңізге белгілі,
бір жыл ішінде Ай мен Үркер 13 рет қана
«тоғыса» алады. Мұны 28 күнге көбейтсек,
Тоғыс есебінде 364 күн болады. Ертеде өркениетті
деген елдердің өзі жыл есебін 360 күн деп
белгілеген. Ал біздің ата-бабаларымыз
болса, оны 364 күн деп дәл есептеп көрсеткен.
Осыдан-ақ қазақтардың астрономиялық
білімінің ерте заманда-ақ басқа халықтарға
қарағанда жоғары болғанын байқауға болады.
2.2 УАҚЫТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР
Уақыт жүйесіндегі негізгі ұғымдарға қазақ қоғамында әсіресе дәстүрлі ортада кең таралған күн қайыру ұғымын жатқызуға болады.Күн қайыру уақыт санаудағы халықтық астрономияға негізделген бірлік атауы. Қазақ есепшілерінің үш түрлі төлтума күнқайыруы болған: оның екеуі - ай есебіне негізделген күнқайыру - Қамбар тоғысы мен Үркер тоғысы. Ал, үшіншісін жұлдыз есебіне негізделген күнқайыру немесе Үркер есебі деп аталады. Үркер есебіне негізделген күнқайыру күллі қазақ жұртшылығына ортақ ай есебі қалыптастырды. «Ай-айдың оты басқа» деген қазақ әр айдағы табиғат құбылыстары мен шаруашылық қарекетіне қарай туындайтын сипатына байланысты және уақыт өлшеудегі басты объект. Ай мен Күннің шығуы, батуы, Күн аясындағы уақыттың (жарықтың) ұзынды-қысқалы болуына қарай атаулар қалыптасты. Бір жылдағы ай есебі отамалы, сарша, тамыз, қыркүйек, желді (қазан), қараша, тоқсан (желтоқсан), қаңтар, ақпан, тоқпан (екі ағайынды), көкек, мамыр (құралай) деп аталды.
Жылдың бас айы - отамалы болып саналған. Мерзімі жағынан қазіргі май айына сәйкес келеді. Бұл атаудың төркіні түркі тілдерінің барлығында дерлік кездесетін «от», яғни шөп деген мағынаны білдіреді. Әдетте, отамалы айында көк қаулай шығып, әжептәуір көтеріліп қалады. Ал, одан кейінгі ай - саршада көкорай шалғын өсіп, толады да, айдың аяғына қарай шөп басы сарғыш тартып пice бастайды. Ал, тамыз сөзі «күйдіру» деген мағынаны аңғартады. Б.А.Куфтиннің тамыз сөзін «жағу», «тұтату» мағынасындағы етістік, одан тамызық сөзі туындаған дейді. Бұл айда күн аптап болып, шөптің басы қурай ба¬стайды. Тамыздан кейінгі ай қыркүйек, әуелде қошқарға, текеге күйек байлана бастайтын кез дегенді білдірген. Желді немесе қазан — алғаш өсік жүріп, күннің суыта бастайтын шағы (қазан парсы тілінде күз дегенді білдіреді). Қарашада жердің оты кетіп, бет-бедері қоңырқай тарта бастайды, атауы да соны меңзейді. Желтоқсан, кейде тоқсан деп те аталады. О баста күз айлары желдіден басталып, тоқсанмен аяқталған. Кейінірек осы екі сөз біріге келіп, күздің соңғы айының атауы болып қалыптасты.
«Күннің қақтарылып байланатын, одан әрі тұқырып, қысқара алмайтын айы» болғандықтан айдың аты да осылай аталған. Татар тілінде күзе кантар («күзгі қаңтар») октябрь-ноябрь, язгы кантар («жазғы қаңтар») март-апрель, башқұрт тілінде буре кантары (бөрі қаңтары) «март айының басқы кезі», ал қырғыз тілінде аю кан¬тары «қыстың бір мезгілі» дегенді білдіреді. Осындай салыстыруға қарағанда, аңшылық күнқайыруда қаңтар сөзі «аңшылықтың тоқтайтын шағы, яғни аңдардың көй ойнаққа төсетін кезі» дегенді білдірсе керек. Мұндағы отамалы, сарша, тамыз, қазан, қараша және т.б. деген мерзімдеу – ай есебінің мән-мағынасы да көк атаулының өсіп, өнгенінен бастап, солып қурағанға дейінгі мерзімді білдіреді. Халқымыздың ұғымында көкек жағымсыз құс емес, керісінше, «Көкек - киелі құс. Май мол болады деп, көкек қонған бұтақты алып, сүт құйған сабаға салып қояды», - деп жазады Ш.Уәлиханов. Кей өлкеде көкек март айына сәйкес келеді. Бұл кезде көкектің жылы жақтан келе қоймайтыны белгілі. Сондықтан болу керек, Б.А. Куфтин өзінің мақаласында бұл айдың атын көк-көк («едва зеленый») деген сөзбен ұштастыра қараған. Олай болса, көкек сөзі «көк әлі көк», «өсіп жетілмеген» деген мағынаны білдіретін сөз тіркесі болып шығады. Мұндай жорамалдың да негізі бар (Мәселен, алтайлықтар апрельді көк ай, шұлым татарлары майды көк ай деп атайды. Бұл тілдерде ай есебі көктің қаулай шығатын мезгіліне орай айтылғаны айқын байқалып тұр.) Көкектен кейінгі айдың аты - мамыр. Бұл жыл құстарының мамығын төгіп, көл жағасына ұя сала бастайтын кезі. «Көл ет, көп ет, көлді мамыр ет; не тілегенін әзір ет» делінеді байырғы баталарда. Б.А. Куфтин: «Апрельдің 20-на дейінгі (қазіргіше майдың 3-і) 27-28 күнді мамыр деп атайды, мал оңала бастайды, шүкіржапырақ жеп, қыстайғы жеген жемінің қалдығынан іші-қарнын тазартады», - десе, Л.Будагов: мамыр ат «аяғы ауру ат», мамыр «семіздіктен немесе күзгі шыққан қауырсыны әлі қатаймағандықтан ұша алмайтын құс, сондықтан, айдың да аты осылай аталған», - дейді. Ай аттарын саралай келе қазақтардың дәстүрлі күнқайыруында ай аттары басқа халықтардағыдай бір қиялдағы бейнелердің немесе патшалардың есімімен аталмағаны байқалады.
Үркердің белгілі бір жылдағы батуынан келесі жылғы батуына дейін 365 астрономиялық күн бір астрономиялық жылды құрайды. Ал, шындығында, Үркердің батуынан келесі жылдағы батуына дейінгі уақыт 365 күнге және 6 сағатқа, яғни соңғы уақыт тәуліктің төрттен біріне тең келеді. Сөйтіп, осы алты сағат немесе тәуліктің төрттен бірі жинала келіп, төрт жылда 1 күн, қырық жылда 10 күн, сексен жылда 20 күн, жүз жиырма жылда 30 күн болады. Әуелде отамалы май айына сәйкес болған, бірақ, әр жылдағы алты сағат айырма жинала келіп, жүз жиыр¬ма жыл өткен соң, отамалы апрельге, екі жүз қырық жыл өткен соң мартқа, төрт жүз сексен жылдан соң ақпан айына ауысып отырған. Сонымен, отамалының кейбір деректерде «май», қайсыбір мағлұматтарда «февраль» болып жүруінің осындай себебі бар. Көкек айының да бірде «май», бірде «апрель», бірде «мартқа» сәйкес болуы да осы тәрізді. Міне, ай есебінің осындай «қыдырысына» қарағанда есепшілердің Үркер күнқайыруын қолдана бастағанына бес-алты ғасыр шамасындай уақыт өткен деп жорамалдауға болады
Наурыз күнқайыруын кезінде қазақ есепшілері де қолданып, айлардың өз «тұғырынан» жылжып кетуі тәрізді кемшілікті ендігі жерде кібісе жыл әдісімен ретке келтіре бастады. Наурыз күнқайыруы бойынша кібісе жыл есебін негізге ала отырып, есепшілер өз стилін жасауға тырысты. Мұндай әрекет, әлбетте, күнқайыруды халықтың тұрмыс-тіршілігіне, бұрыннан келе жатқан салт-дәстүріне бейімдеу ниетінен туса керек. Кейбір есепшілер, біздің байқауымызша, шілденің шығуы мен кіруін астрономиялық жылдың межесі етіп алған. Шіллә, шілде парсы тілінде қырық деген мағынаны білдіреді. Алайда, наурыз күнқайыруының парсы стилі бойынша шілде жазғы және қысқы шілде болып екіге бөлінеді. Ал, жазғы шілденің өзі кіші шілде (5 июнь - 25 июнь) және үлкен шілде (25 июнь - 5 август) болып тағы екіге жіктеледі. Қысқы шілде де тап осы тәрізді: кіші шілде (5 декабрь - 25 декабрь), үлкен шілде (25 декабрь - 5 февраль) деп аталады. Ал қазақ есепшілерінің шығарған шілдесінің парсы күнқайыруындағы шілдеден едәуір айырмасы бар.
«Қысқы шілде де қу сақта, жазғы шілдеде су сақта» дейді халық мәтелі. Жаз тоқсандағы шілде кіші шілде және ұлы шілде деп екіге бөлінеді. Кіші шілде майдың 24-25- інде кіріп, июльдің 7-8-інде шығады. Ал, ұлы шілде немесе кәдімгі шілде июльдің 8-9-ында кіріп, августың 17-18-інде шығады. Қыс тоқсанындағы шілде де осы тәрізді: кіші шілде 24-25-інде кіріп, январьдың 6-7-інде шығады, ал, ұлы шілде январьдың 7-8-інде кіріп, февральдың 17-18-інде шығады. Бұл кезді шілде тоқсан айы деп атайды. Шілде тоқсан айы деген тұрақты сөз орамы байырғы мұралар тілінде де кездеседі: Ақ тайлаққа жүк арттым қатар-қатар, Шудасы шөгіп жатса, шаңға батар. Қауыста қарашамен қаймақшиды, Шілде тоқсан айында дария қатар. («Ұлбике мен Күдері қожаның айтысы»), Қысқы ұлы шілденің шығуымен қыстың соңғы зәрі кетеді де, табиғат көктемгі тіршілікке қарай бет бұрады. Осы кезде, февральдың 17-18-інде, Жетісу өлкесінде наурыздама өткізіледі. Сөйтіп, есепшілер уақыт жағынан бұл мейрамның байырғы кездегі Қызыр Ата немесе Қарт Наурыз мейрамына сәйкес болуына ерекше көңіл бөлген тәрізді. Кейбір деректерде Наурыздың февраль айына тура келуі күнқайырудың осы аталған шілде стиліне байланысты екенін байқатады. Мұндай өзгерістердің себебінен отамалы тәрізді дәстүрлі ай атының орнына наурыз сөзі қолданылды. Сөз мағынасындағы іргелестік пен қызметіндегі ұқсастық деп аталатын заңдылық бой¬ынша наурыз, шілде сөздері өздерінің негізгі мағынасына қосымша ай есебі болып та жұмсалды. Сөйтіп, кейбір дәстүрлі ай есебі санаттан шығып қалса, қайсыбірі өз «тұғырынан» ығысып, басқа айдың атауына айналды. Шындығында, наурыз — айдың аты емес, жыл басы мейрамының атауы. Әдетте, жазғы шілде сарша мен тамыз айларында өтеді. Бұл екі айдың атын қосарлап, саршатамыз деп те атаған. Бертін келе, кей жерлерде шілде сөзі июнь айының атына көшті де, июль айын тамыз немесе саршатамыз деп те атады. Бір есептен, шілде атауын ай санатына қосудан гөрі «жазғы және қысқы қырық күндік мезгіл» мағынасында қалдырған жөн тәрізді.