Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2014 в 18:09, реферат
Арал теңізі маңындағы қазақтарға қарсы шабуылды күшейте түскен мемлекеттердің бірі Қоқан хандығы болды. 1808 жылы қоқандықтар Ташкентті, 1814 жылы Түркістанды басып алды. 1818 жылы қоқандықтардың Ақмешітбекінісі Сырдарияның оң жағалауына көшірілді. Ақмешіт бірте-бірте сауда керуен жолдары үстіндегі аса ірі әскери бекіністердің біріне айналды. Ол Ташкент, Бұхара және Хиуадан Троицк, Атбасарға, Батыс Сібір қалаларына өтетін көпестердің керуендерін бақылап отырды.