Нұрсұлтан Назарбаев атында
Нұрсұлтан Назарбаев есімін әртүрлі
нысандарға беру туралы ұсыныстар қазақ
қоғамын жиі шулатып жатады. Алайда Елбасы
барлық ұсыныстарға келісімін берген
жоқ. Өз есімін білім және ғылыммен байланыстыруды
дұрыс санаған Н.Назарбаев өз атындағы
университеті пен зияткерлік мектептердің
ашылуына келісімін берді. Аталған білім
беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға
тырысады. Назарбаев атындағы білім беру
мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев
Орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылады.
Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Шанхай конференциясында.
Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев пенВладимир Путин
Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев және Лула
Да Силва
Шанхай ұйым басшылары
Ядролық қаруға қарсы саммиті
Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев жәнеДмитрий Медведев
Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев және Джордж Буш
Реформалары
Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан
Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық
атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік
басқару және биліктің бүкіл тармақтарының
өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық
мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев
есімімен тығыз байланысты. Назарбаев
басшылығымен конституциялық құрылыс
процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында
еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық
референдуммен аяқталды. Қазақстанда
демократиялық институттарды құру Назарбаевтың
аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен
баспасөз бостандығы,сайлау және сайлану құқығы, партиялар
мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық
қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның
тұсында ғана конституциялық нормаларға
айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік
өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан
және бірегей халық шаруашылық кешені
күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа
тап болған қазақстандық экономиканы
өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар
әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық
саясатты және демократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге
асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік
республика ретіндегі халық таңдаған
үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі
экономикалық ырықтандыру мен саяси реформалар
белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге
асыруға көмектесті.[5]
- 1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады.
- Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды,инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.
- Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.
- Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялықахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т.с.с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті.
2011 ж желтоқсан айында Маңғыстау
оқиғасы орын алды. ВВС-дің айтуы бойынша
бұл Назарбаевтің билікте болған уақытындағы
оппозицияның ең үлкен қозғалысы. 2011 жылдың
16 желтоқсан күні Жаңаөзен мұнай қаласында
мемлекеттің Тәуелсіздік Күніне орайы
демонстрацияғы шыққандар мен полиция
қызметкерлерінің арасында қақтығыс туды.
Қарулы күштер қару қолдану салдарынан
15 адам оққа ұшты, 100 астам адам жараланды.[6]
Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу
орындар
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
- Қазақстан менеджмент институты
- Экономика және болжау институты
- Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
- Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті
- Ұлттық Мемлекеттік заң университеті
- Назарбаев Университетi
- Назарбаев Зияткерлік Мектебі[5]
- бірқатар лицейлер мен колледждер
- Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.
- Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.
Басқа лауазымдары мен мансаптары
- Экономика ғылымдарының докторы (1993)
- ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі
- Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы
- Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы
- Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы
- Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
- Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы
- Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы
- ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы
- Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясының, Халықаралық инженерлік
академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік
ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік
ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус
ғылым академиясының құрметті мүшесі.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті
профессоры.
Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары
ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің
көптеген елдерінің, халықаралық және
қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен
марапатталған.
Әлемдік сарапшылардың мойындауынша,
Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері
жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ.
соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер
тарихындағы ең табыстылардың бірі болып
есептеледі.[5]
Дереккөздер
Отбасылық жағдайы
Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар
қайырымдылық қорын басқарады.
Президенттің үш қызы бар:
- Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
- Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша
2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.[3]
- Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және
екі шөбересі бар.
Ғылыми еңбектері
Кітаптары
Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің
және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері
мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың
авторы:
- «Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),
- «Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),
- «Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),
- «Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),
- «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),
- «Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),
- «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),
- «Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),
- «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),
- «Тарих толқынында» (А., 1997),
- «О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),
- «Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),
- «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),
- «Сындарлы он жыл» (А., 2002),
- «Еуразия жүрегінде» (А., 2005).
Өлеңдері
Дәйексөздері
- “Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”
- “Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.”
- “Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.”
- “Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”
- “Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек.”[4]