Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2014 в 20:50, реферат
Радиоактивті сәулелерді адам ағзасының сезім мүшелері қабылдамайды. Бұл иондаушы сәулелерді – арнайы приборлардың және жұмыс істеу принципі сәуленің затпен әрекеттесуі кезінде пайда болатын физико-химиялық эффектілерге негізделген детекторлардың көмегімен анықтауға болады. Белгілі бір материалдармен иондаушы сәлелер энергиясының жұтылуын және шашырауын өлшеу – Дозиметрия (грек тілінен аударғанда dosis – доза, порция + metro - өлшеу) деп аталады. Сәулелену дозасы түскен сәуленің энергиясына және түріне, сол сияқты сіңіруші материалдың табиғатына қатаң түрде тәуелді болады.