Көбеюдың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 19:16, реферат

Краткое описание

Алаш қозғалысы -20 ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының орталық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт -азаттық қозғалыс. Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі , қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі етіп жариялануы , осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қ

Вложенные файлы: 1 файл

рефетар.docx

— 15.53 Кб (Скачать файл)

 

        

         Алаш қозғалысы -20 ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының орталық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт -азаттық қозғалыс. Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі , қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі етіп жариялануы , осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтерілікске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әділ-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіпоны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдеп жаңа саяси-әлеуметтік күшке сұраны үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптпсып келе жатқанын 1905-1907 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш - сан жағынан аз болғанымен , бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.

          Осы  бірінші орыс революциясы жылдар  ұлттық зиялылар,кейін Алаш қозғалысы  атанған қағамдық негізін қалады. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде  дүниеге келген Қарқаралы құзырхаты  (петициясы) оның бағдарламалық  құжаты болатын. Осы мезгілден бастап Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысанаылы сипат беру үшін газет шығару , азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемлекеттік Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін  игере бастады. Ал 1911 жылдан шыға бастаған "Айқап" журналы, 1913 жылдан жарық көріп , жалпыхалықтық басылымға айналған "Қазақ" , оның артын ала өмірге "Бірлік туы" ,"Сарыарқа", "Ақжол" газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті . Алаш қозғалысының  басты мақсаты - қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метропоияға мойындату , түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою , әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып , дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету,  сонымен  қатар  егіншіліктің , өнеркәсіптің  дамуын  қамтамасыз  ету , рыноктық қатынастарға жол  ашу,  жеке  адам   құқығын  және  басқа  демократияық  принциптерді қадір тұту,  ұлттық  мәдениеттті  өркендету, оқу жүйесінің, тілдің  дамуына  қажет  шарттар  түзу болды.  Бірінші  орыс  революциясы жылдарынан бастау алатын  Алаш  ұлт-азаттық  қозғаысы  1917 жылы  ақпан  және  желтоқсан  айлары  аралығында  өзінің  шарықтау  шегіне   жетті. Осы жылдың   жазы мен көктемінде Қазақ мемлекетінің  пайда болуы,  күзіне  қарай Алаш партиясының,  ал  соңына  қарай Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) және  Алашорда  үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері  болатын. 1917 жылы  пайда болған  бұл саяси күрес сахасынан бірден  кете қойған жоқ. Мемлекеттік тәуелсіздік,  жер және  кезінде алаш  зиялылары күн тәртібіне қойған  қоғамдық-саяси басқа да  мәселелерді басты  талабы  етіп, ұлт-азаттық қозғалыс  жаңа  сипатта  Т. Рысқұов, С. Асфендияров, С. Қожанов, С. Садуақасов, Ж. Мыңбаев қызметінде  одан әрі өрши  түсті. Негізгі  мақсаты - ұлттық  бостандық  болған  Алаш  қозғалысы  көрші  түркі ,  мұсылман  халықтарымен  күш  біріктіруге  тырысты.  Сөйтіп,  20 ғасырдың  алғашқы  жылдарынан  бастау   алатын  Алаш ұлт-азаттық  қозғалысы  30  жылдарға  дейінгі  тарихи  кезеңді  қамтиды.Кеңестік  тоталитарлық  билік  алаштық  атанған  аға   буын  зиялылардың  ең  белсенді  бөлігін,   сондай-ақ  олардың  кеңестік - партиялық қызметтегі  ізбасарларын  қуғын-сүргінге  ұшыратып ,  жауыздықпен  жазалады.

           Бізге   жақсы  таныс, 1917 жылы  шілде  - тамыз  айларының өліарасында   Жалпықазақтық  І  құрылтай  шақырылып,  "Алаш"  партиясы  тарих   сахнасына  шықты. "Алаш " партиясының  ұлттық   ұстанымы  бес  түрлі  тұжырымғ а негізделді.

           Бірінші   ұстаным:  жер. Жерсіз  Отан  жоқ. Әлихан  Бөкейхановтың   ұйғарымы бойынша :  "Қазақтың  байырғы  жерін қашан  қазақтар  өз  ғылым  мен  техникаға   сүйеніп  толық  игерілмейінше  , жер  жекеменшікке де , қоныстанушыларға  да берілмейді". Яғни, жер- Отан,  ал  Отанды  сатуға да , жекеменшікке  айналдыруға да  болмайды . Сол   жер  үшін  әр қазақтың  намысы  жыртылып , ол  жерге  әр  қазақтың  қаны  мен  тері  төгілген  деген  тұжырым  саяды.

              Екінші  ұстаным :  жердің  астындағы  , үстіндегі , аспанындағы  барлық  игілік  қазақ  мемлекетіне   қызмет  етуі  керек.  Ә. Бөкейхановтың  айтуы  бойынша : " Оның  әрбір  түйір  тасы  әр  қазақтың  өңіріне  түйме  болып  қадалу  керек" болатын. Яғни,  бұл  "өз  жерінің  игілігін  әуелі  өз  елі  игілігіне айналдырсын , одан  асса  ғана  жатқа  салауат"  деген  емеурінді  танытады.

             Абай  данышпанның:  " Өздеріңді   түзелер  дей  алмаймын,

                                                          өз  қолыңнан  кеткен  соң   енді  өз  ырқың"-,

дегеніндегі  "ырық"  - осы  ырық.  Өз  жеріңнің  астына, үстіне,  аспанына  иелік ете  алмасаң,  ырықтың  кеткені  сол  емес  пе?!.

              Үшінші  ұстаным : Ә. Бөкейхановтың   жобасы  бойынша , Қазақтың  жерінде   өндірілген  " бір  уыс   жүн  со  мемлекеттің  азаматтарының   үстіне  тоқыма  болып киілуі  керек, яғни  толықтай  экономикалық  тәуелсіздік  пен  бірлікке  қол  жеткізуге  ұмтылуы   тиіс".

            Тағыда  сол  Абайдың : "Бірлік - ақылға  бірлік ,  малға бірлік  емес . Малыңды беріп отырсаң : атасы басқа , діні  басқа , күні басқалар  да  жалданып  тірлік  қылады.  Бірлік  сатылса - антұрғандықтың  басы осы.  Ағайын  алмай бірлік  қылса керек"  дегендегі бірлік - осы экономикалық  бірлік. Ал  біздегі  сатылмайтын  құндылық - тек  жалданып  тірлік  құру"  ғана  болып  қалды.

            Төртінші  нысана : қазақ  мемлекетінде  мемлекет  құрушы  ұлттың  тіл,  дін , тіл  үстемдігі  болуы  керек , яғни , Х. Досмұхамедовтың   пайымдануына  жүгінсек , "ұлттық  мәдениет  үстемдігі  сақталуы  тиіс "  болатын . Қазір  елбасының   ұстанып  отырған  ұлтжанды  саясаты  да  осы  Алаш  тарландарының  идеясына  үндес  келіп  отыр .

             Бесінші  түпкі  мақсат , тәуелсіз  ғылымға , ұлттық  салт - дәстүрге  негізделген заңға  сүйене  отырып , Жапонияның  үлгісіндегі  ұлттық-  

   

  

 

 

 

 

 


Информация о работе Көбеюдың түрлері