Контрольная работа по "Биологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 07:38, контрольная работа

Краткое описание

Микрооргонизмдер көне заманнан бері тіршілік етіп келе жатқан жер бетіндегі тірі организмдер өкілі.Олар үш миллиард жыл бұрын пайда болған деген болжамдар бар.Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер.Жалпы клетка құрылымына қатысты организмдерді екі үлкен топқа бөлуге болады.Олар эукариоттар және прокариоттар.Нағыз ядросы бар организмдерді эукариоттар (эу – гректің – нағыз, ал карло –ядро деген сөз), ал клеткасында қарапайым ядросы бар организмдерді прокариоттар деп атайды.

Содержание

1. Кіріспе
2. Прокариот организмдер жүйелері (систематикасы)
3. Саңырауқұлақтар систематикасы
4. Қортынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

микробиология.docx

— 50.04 Кб (Скачать файл)

Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Прокариот организмдер жүйелері (систематикасы)
  3. Саңырауқұлақтар систематикасы
  4. Қортынды
  5. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Микрооргонизмдер көне заманнан бері тіршілік етіп келе жатқан жер  бетіндегі тірі организмдер өкілі.Олар үш миллиард жыл бұрын пайда болған деген болжамдар бар.Микроорганизмдердің  басым көпшілігі бір клеткалы организмдер.Жалпы клетка құрылымына қатысты организмдерді екі үлкен  топқа бөлуге болады.Олар эукариоттар  және прокариоттар.Нағыз ядросы бар  организмдерді эукариоттар (эу –  гректің – нағыз, ал карло –ядро  деген сөз), ал клеткасында қарапайым  ядросы бар организмдерді прокариоттар деп атайды.

Микроорганизмдер жасушаға дейінгі (вирустар –Vira патшалығы) және жасушалық (бактериялар, архибактериялар, саңырауқұлақтар, саңырауқұлақтар  мен қарапайымдылар) пішіндермен  берілген.Жаңаша жоғарғы деңгей бойынша жасушалық тіршілік иелерін жіктеуде 3 доменді (немесе «империялар») ажыратылады.Олар:

    1. «Bacteria» домені – прокариоттар, нағыз бактериялар (эубактериялар);
    2. «Archaea» домені – прокариоттар, археабактериялар;
    3. «Eucarya» домені – эукариоттар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, өсімдіктер, жануарлар;

Домендер патшалықтан, бөлімнен, кластан, қатардан, туыстан, тұқымдастан, түрден тұрады.Микроорганизмдерді белгілі бір таксондық топқа жатқызбас бұрын олардың негізгі сипаттамасын білу қажет.Айталық, олардың сыртқы түрін, пішінін, қозғалуын, капсуласының болуын, эндоспоралар түзу қабілетін, Грам бойынша боялын, зат алмасы ерекшеліктері және энергия көзін, ақыр аяғында, өздері тіршілік етін тұрған сыртқы ортаны олар қалайша озгерте алады.Бұған, керісінше, қоршаған орта микроорганизмдерге әсерете ала ма? Міне осы жайларды анықтау керек.

Жүйе дегеніміз көп  түрлі организм топтарының (таксондар) өзара қарым – қатынасын зерттейтін ілім; ал классификация- сан түрлі  организмдердің топтарға бөлінуін, ал таксономия – организм топтарының аттары мен олардың өзара шектесуін  және тәуелділік қарым – қатынасын анықтайды.Таксондар – белгілі дәрежеде біртекті қасиеті бар организмдер тобы.

 

 

Прокариот организмдер жүйелері (систематикасы)

Д.Х.Бергидің «Бактериялар анықтамасының  » соңғы тоғызыншы басылымына (1984) сәйкес микроорганизмдердің  ең мңызды топтарына сипаттама берілген.Мұнда барлық прокариоттық микроорганизмдер Procaryotae дүниесіне біріктірілген. Ол төрт  бөлімнен тұрады.Ол бөлімдер тиісінше кластарға, қатарларға, тұқымдастарға және түрлерге бөлінеді.Енді осы бөлімдерге сипаттама берелік.

I-Бөлім.Грациликутес (Gracilicutes)


 

I Класс.Скотобактерия      II Класс.Апохипотобактерия        III Класс.Оксифотобактерия

        (Scotobacteria)                   (Anoxyphotobacteria)                      (Oxyphotobacteria).


 

I Класс.Скотобактерия (Scotobacteria)

Қатар:Спирохеталар(Spirochaetales)

(10 топқа бөліп қарастырамыз)

1-топ.

Тұқымдасы:Spirochaetaceae,

                      Leptospiraceae

Туыстары:Spirochaeta, Cristispira,Leptospira, Treponema, Borrelis

Түрлері:  Treponema pollidum, Borrelia recurrents.

 

Ерекшеліктері: Клеткалары иректелген, ширақтану арқылы қозғалады.Жекеленген ядросы жоқ.Спора түзбейді. Көлденең бөлінуі арқылы көбейеді.

2-топ.

Тұқымдасы: Spirillaceae

Туыстары:Spirillum

Түрлері:Bdellovibrio bacteriovorus 

 

Ерекшеліктері: Грам теріс, аэробты спираль және вибрион тәрізді бактериялар.Клетка қабығы қатты сондықтан ол өз пішінін өзгертпейді.Клетка ұшына орналасқан бір және бірнеше жіпшелер арқылы қозғалады.

3-топ.

Тұқымдасы: Pseudomonodaceae,Azotobacteriaceae,

Туыстары:Pseudomanas, Azotobacter, Azomonas, Derxia.

Түрлері: Pseudomanas, және т.б

 

Ерекшеліктері: Аэробты, Грам теріс таяқшалар және коккалар.Олар топырақ құнарлығын арттырады.Жіпшелері клетканың екі ұшында немесе бір шетіне орналасқан.

4-топ.

Тұқымдасы: Enterobactriceae,Vibrionaceae

Туыстары:Vibrio, Aeromonas, Plesimonas

Түрлері:Salmonella,Shigella.

 

Ерекшеліктері: Грам теріс, Факультативті анаэроб таяқшалар.Кейбір түрлері капсулалар түзеді.Энергияны тыныс алу немесе ашу процесінен алады.Олардың ішінде патоген және сапрофит түрлері бар.

5-топ.

Тұқымдасы: Bacteroidaceae

Туыстары:Bacteroides, Pusobacterium,Leptotrichia

Түрлері:Desulfovibrio

 

Ерекшеліктері: Грам теріс, түзу кейде иректелген және спираль тәріздітаяқшалар.Спора түзбейді, қозғалмайды немесе қозғалады.Облигатты анаэроб.

6-топ.

Тұқымдасы: Nitrobacteriaceae, Siderocapsaceae.

Туыстары:Nitrosolobus,Nitrobaster, Nitrosospira, Nitrosococcus.

Түрлері:

 

Ерекшеліктері: Грам теріс, хемолитотрофты бактериялар.Бұл прокариоттар энергияны азот, күкірт, темір, иарганец, сияқты элементтердің тотықсызданған органикалық емес қосылыстарын отықтыру барысында қамтиды.

7-топ.

Қатары: Myxobacteriales, Cytophagales

Тұқымдасы: Myxococcus,Beggiatoaceae

Туыстары:Myxococcus, Archangium,Polyangium

Түрлері:

 

Ерекшеліктері: Шырыш бактериялар, Грам теріс, бір клеткалы, таяқша тәрізді.Клетка қабырғалары жұқа, нәзік.Облигат аэробтар.

8-топ.

Тұқымдасы: Sphaerotilus, Leptothriz

Туыстары: Streptothrix, Crenothzix, Clonothrix

Түрлері:

 

Ерекшеліктері: Клетка сыртында қынап түзетін бактериялар.Пішіндері жіпше тәрізді, сыртынан қыныппен қоршалған.Жіпшелері кейде су ішіндегі заттарға бекіп тұрады.

9-топ.

Тұқымдасы:

Туыстары:Caulobacter, Hyphomicrobium, Blastobacter, Pedomicrobium.

Түрлері:

 

Ерекшеліктері: Бүршіктенуші және сабақ тәріздес бактериялар.Өсуі үшін көмірқышқыл газы қажет.Аэробтар.Көбеюі клетканың екіге бөлінуі арқылы жүзеге асады.


 

10-топ.

Қатары:Rickettsiales, Clamydiales

Тұқымдасы: Rickettsiaceae, Clamydiaceae

Туыстары: Rickettsia, Clamydia

Түрлері:

 

Ерекшеліктері: Клеткаларының мөлшері 0,1-ден 0,5 мкм-ға дейін барады.Бөліну арқылы көбейеді.Қозғалмайды.Грам теріс, Прокариоттарға тән клетка қабығы болады, спора түзбейді.Арасында Грам оң қозғалғыш, жәй қоректік ортада өсіруге көнетін түрлері де болады.


 

 

II Класс.Апохипотобактерия

(Anoxyphotobacteria)


 

I.Қатар:Rhodospirillales                                                      II. Қатар: Chlorobiales


Тұқымдасы: Rhodospirillaceae,                                         Тұқымдасы: Chlorobiaceae

                        Chromatiaceae

 

 Туысы: Rhodospirillum, Rhodopseudomonas, Туысы: Chlorobium

              Rhodomicrobium

 

 Түрі: Chromatium, Thiopirillum

 

Ерекшеліктері:Бұл класқа жататындар фототрофты бактериялар.Олар негізінен оттегі қатысынсыз жүретін фотосинтез типтес организмдер.Фототрофты бактериялар таяқша, вибрион тәрізді және спиральды келеді.Олар екіге бөліну арқылы, ал кейбіреулері бүршіктену жолымен көбейеді.Грам теріс, клеткаларында күкірт тамшылары жиналады.Фототрофты бактериялар клеткаларындабактериохлорофильдер және каротеноид пигменттері болады.Фотосинтез құбылысы байқалады.

 

III Класс.Оксифотобактерия

(Oxyphotobacteria).


 

I.Қатар:Cyanobacteriales                                                  II. Қатар: Phochlorales


Тұқымдасы: Cyanobacteriaceae                                         Тұқымдасы: Phochloraceae

                    

 Туысы: Cyanobacterium Туысы: Phochlorium


            

 

Ерекшеліктері:Бұл класқа фотосинтез құбылысы молекула күйіндегі  оттегінің бөлінуі арқылы жүзеге асатын организмдер жатады.Цианобактериялар Грам теріс, клетка қабығында пептидогликан  бар көп қабатты прокариот организмдер.Цианобактериялар клеткасында фотосинтез жүретін жақсы дамыған цитоплазматикалық мембранасы бар.Клеткалары шырыш капсуламен қоршалған, қозғалғыш.Олар бір және көп клеткалы организмдер.Екіге бөліну, бүршіктену, жаппай бөліну сиқты әртүрлі әдістермен көбейеді.               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II Бөлім. Фирмикутес (Firmicutes)


 

I Класс. Фирмибактерия II Класс. Таллобактерия

                (Firmibacteria)                                                        (Tallobacteria)

1-топ.

Туыстары:Corynebacterium, Arthrobacter, Cellulomonas, Kurtia,

 

Ерекшеліктері: Актиномицеттер.Грам оң, Қозғалмайтын, спора түзбейтін, түйреуіш тәрізді бактериялар жатады.

2-топ.

Тұқымдасы:Propionibacteriaceae

Туыстары:Propionibacterium, Eubacterium

Ерекшеліктері: Клеткалары бұтақтанады, кейде тік таяқша, түреуіш тәрізді, жіпшесі болады, ал кейде коккалардан тұрады.Қозғалмайды, спора түзбейді,Грам оң.

3-топ.

Қатары: Actinomycetales

Тұқымдасы:Actinomycetaceae

Туыстары:Actinomyces, Arachnia, Bifidobacterium.

 

Eрекшеліктері:Актиномицеттер. Бұларға Грам оң, бұтақшалар түзетін, ал одан мицелий түзетін организмдер жатады.




 

1-топ.

Тұқымдасы:Micrococcaceae, Streptococcaceae, Peptococcaceae.

Туыстары:Leuconostos, Pediococcus, Aerococcus, Gemella

Түрлері: Адам ішек-қарындарында және теңіз суында тараған түрлер жатады.

 

Ерекшеліктері:Грам оң  бактериялар,спора түзбейді.Аэробтар. Хемоорганотрофты организмдер,сапрофиттер, тұшы суларда, топырақта кең тараған.

2-топ.

Туыстары:Bacillus, Sporolactobacillus, Sporosarcina, Desulfatomaculum.

 

Ерекшеліктері: Эндоспора түзетін таяқша тәрізділер және коккалар.Пішіндері түйреуішке, ұршыққа, барабан таяқшасына ұқсас.Грам оң, аэробтар, анаэробтар және факультативті анаэробтар.Сапрофиттер.

3-топ.

Тұқымдасы:Jactobacillaceae

Туыстары:Lactobacillus

Түрлері:  25 түр жатады.

 

Ерекшеліктері: Эндоспоралар түзбейтін,Грам оң, таяқша бактериялар.Сүт қышқылы бактериялары қышқыл сүт тағамдарын, сырды даярлауда және өсімдіктерді сүрлеуде қолданылады.


 

 

 

III Бөлім. Тенерикутес IV Бөлім.Мендосикутес

        (Tenericutes) (Mendosicutes)

 

Kласс:Mollicutes                                                                Класс: Archeobacteria

Қатар:Mycoplasmatales                                                Туысы:Metanabacterium,     

                                                                                              Metenococcus, Metanasarcina,

Тұқымдасы: Mycoplasmataceae,   Sulfous

Acholeplasmataceae, Spiroplasmataceae

 Туысы: Mycoplasma, Ureaplasma 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қортынды

 

Микроорганизмдердің басым  көпшілігі бар клеткалы организмдер. Олардың клеткасы қоршаған ортадан  клетка қабығы арқылы оқшауланған. Кейде  қабық қызметін цитоплазматикалық  мембрана атқарады. Цитоплазмада тіршілікке қажетті органоидтар орналасқан.

Бірқатар зерттеушілер микроорганизмдерді ең алғаш пайда болған тірі денелер  десе, ал енді біреулері бұлардан да бұрын клеткалық пішіні жоқ организмдер (архибионттар, фотобионттар, протобионттар  және т.б.) тіршілік еткен дегенді  айтады.

Жоғары сатыдағы организдер классификациясы белгілі бір  дәрежеде олардың эволюциялық байланысын қамтитын болса, осындай негізде  прокариоттар, яғни микроорганизмдер классификациясын  жасау едәуір қиындықтар келтірді.

Микробиологияда "штамм" және "клон" деген терминдер  жиі қолданылады. Штамм термині  түр терминіне қарағанда біржақты түсінік. Әдетте штамм деп әр түрлі ( топырақ, су, организм т.б.) немесе бір  түрлітабиғи ортадан бөлініп алынған, бір түрге жататын микроорганизмдердің әртүрлі культуларын айтады. Бұл түрге жататын штамдар қасиеттері жағынан жақындығы немесе кейбір жеке қасиеттері жағынан айырмашылығы болады. Соның өзінде әр түрлі штамдардың қасиеттерінің шегінен шықпауы тиіс.

Клон дегеніміз бір  клеткадан алынған культура. Бір  түрдің особтарынан тұратын микроорганизмдер жиынтығын таза культура деп атайды.Осы  кездегі ұсынылып жүрген микроорганизмдер классификациясын жасанды деп айтуға болады. Осы тұрғыдан қолданылып жүргендер:

Н.А. Красильниковтың (1949) "Бактериялар  мен актиномицеттердің анықтамасы" және В.Д. Скерманның (1975) "Бактериялар  туыстарының анықтамасы".

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Шоқанов Н. МИКРОБИОЛОГИЯ. Оқулық, 4-Басылымы.-Алматы, «Санат»,1997. 30-64 бет.
  2. Медициналық микробиология.Оқулық./Б.А.Рамазанова, Қ.Құдайбергенұлы, А.Л.Котова, т.б. – Алматы.2011. 31-51 бет.

Информация о работе Контрольная работа по "Биологии"