Медициналық паразитология негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2014 в 19:34, реферат

Краткое описание

Трансмиссивтік аурулардың биологиялық негіздері.
Сабақ мақсаттары:
а) Оқу: Медициналық паразитология адам паразиттерінің морфологиясын, биологиясын, потогендік маңызын және қоздырған ауруларының диагностикасын болдырмау шараларын зерттейтін ғылым екендігін атап корсетіп, оқушыларды әр кластың паразиттік тіршілік ететін өкілдерімен таныстыру.

Вложенные файлы: 1 файл

медбиология.docx

— 19.37 Кб (Скачать файл)

Тақырыбы: Медициналық паразитология негіздері.

Трансмиссивтік аурулардың биологиялық негіздері.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді және біліктілікті хабарлау.

Сабақты жүргізу әдісі: лекция

Сабақ мақсаттары:

а) Оқу: Медициналық паразитология адам паразиттерінің морфологиясын, биологиясын, потогендік маңызын және қоздырған ауруларының диагностикасын болдырмау шараларын зерттейтін ғылым екендігін атап корсетіп, оқушыларды әр кластың паразиттік тіршілік ететін өкілдерімен таныстыру.

б) Дамыту: Табиғатына қарай барлық паразиттер - наңыз және жалған, ал иесінің ағзасында паразиттік тіршілік ету ұзақтығына байланысты - тұрақты және уақытша деп, тіршілік ететін орнына байланысты эктопаразиттер және эндопаразиттер деп бөлетінін ескерте отырып, оқушылардың бойында паразиттерге деген ой - тұжырымдарын дамыту.

в) Тәрбиелік: Трансмиссивтік аурулардың қоздырғыштары тасымалдаушылар арқылы беріледі. Көптеген ауруларды қоздырғыштары ауыз арқылы тамақтан, судан, ластанған қолдан және ауру адаммен зақымдалған жануарлармен жанасу болғанда жұғады. Демек оқушыларды осы ауруларға ұшырамауға және олардың сақтану шараларын қалай жүзеге асыруға тәрбиелеу.

Оқушы білуге тиіс: Медициналық паразитологияның міндеттері мен мақсаттарын, организмдер арасындағы қарым- қатынас (формалары) түрлерін. Паразиттік формалардың жіктелуін. Трансмиссивтік аурулар мен күресу шараларын.

Сабақты өткізу орны: дәрісхана.

Сабақты өткізу уақыты: 90 мин.

Сабақтың жабдықталуы: кестелер, графиктер, тақырыптық, альбомдар, әдістемелік құралдар.

Пән аралық байланыс: Жалпы биология: Паразитология

Пән ішілік байланыс: Медициналық биология: Медициналық паразитология

 

Оқытушыға арналған әдебиеттер:

 а) негізгі: П.Қазымбет, Л. Аманжолова, Қ. Нұртаева.

Медициналық  биология. Алматы-2000ж.

б) қосымша: В.Н.Ярыгин. Биология. Москва-2001.

в)С.Абилаев Медициналық биология және генетика.Шымкент 1996ж.

                       

                   Сабақтың құрылысы мен хронолоиялық  картасы.

1. Ұйымдастыру кезеңі......................................................................................5мин.

а) Дәрісхананың санитарлық тазалығы мен оқушылардың сырт киіміне назар аудару.

б) Сабаққа қатысуды белгілеу.

2. Сабақтың алғашқы бағыты (мотивациясы): тақырыпты, жоспарды, мақсатты  осы тақырыптың

мамандықты алудағы ролі .......................................................................................5мин

3. Жаңа білімді түсіндіру, жаңа материалды беру және  игеру. Теориялық сабақтың негізгі  мақсаты - білімді, дағдыны және біліктілікті  игеру......................................................................75мин

4. Жаңа білімді қорытындылау...................................................................................5мин 

5. Үй тапсырмасын хабарлау.  П.Қазымбет. медбиология 258-339бет.

 

 

 

 

                                                 Viii- тарау

                        Медециналық паразитология

Паразитизм мен трансмиссивтік аурулардың биологиялық                                                  негіздері

Е.Н.Павловскийдің анықтамасы бойынша, паразитизм деп әр түрлі түрге жататын организмдердің бірі (паразит) екінші организмді (ие) тіршілік ортасы және қоректену көзі ретінде пайдалана отырып, бірлесіп тіршілік ету формасын айтады. Жер бетінде жануарлардың 50- мыңға жуығы паразиттік тіршілік етеді. Олардың 500- дей түрі адам паразиттері (80- сурет).Паразиттік тіршілік ететін организмдердің морфологиясын, биологиясын, тіршілік ету ерекшеліктерін, көбеюін, дамуын зерттейтін ғылым - паразитология.

Медициналық паразитология адам паразиттерінің морфологиясын, биологиясын, патогендік маңызын және қоздырған ауруларының диагностикасын болдырмау шараларын зерттейтін ғылым. Ол 3 бөлімнен тұрады: медициналық  протозоология - қарапайымдар типіне жататын адам паразиттерін зерттейді; медициналық гельминтология - адамда паразиттк тіршілік ететін құрттарды зерттейді; медициналық арахноэнтомология - адам ауруларын қоздырытын немесе кейбір ауруларының қоздырғыштарын тасымылдайтын буынаяқтылар типінің өкілдерін зерттейді. Медициналық протозоологияның ғылым ретінде дамуына үлес қосқандар: В.А.Догель (1951), П,Ф.Боровский(1898), Ф.А.Леш(1875), И.Г.Галузо, В.В.Гвоздев және т.б. Медициналық гельминтологияның негізін салушылар К.И.Скрябин, Р.С.Шульц, С.Н.Боев, А.Д.Федченко және т.б. К.И.Скрябин Гельминтология ғылыми зерттеу институтын және гельминтологиялық лобароторияны жер жүзінде бірінші болып ұйымдастырды. Жас кезінде Қазақстанның Тараз, Шымкент қалаларында гельминтологиялық пунктер ашып, гельминтоздардың таралуын зерттеді.

   Медициналық гелминтологияның көптеген терминдерін ғылымға К. И. Скрябин енгізген. Мысалы, дегельмитизация - гельминтозбен ауру организмді құрттардан тазарту (емдеу), девастация- паразиттерді (гельминттерді) барлық даму стадияларында түр ретінде жою. Е.Н. Павловский табиғи ошақтар туралы ілімнің негізін қалаған, көптеген табиғи ошақтық трансмиссивтік аурулардың таралуын анықтап, болдырмау шараларын медицинаға енгізген. Ал, М.Н.Беклемишев медициналық архноэнтомологияның дамуына зор еңбегі сіңген ғалым.

                 Паразитологияның негізгі терминдері мен ұғымдары

   Табиғатына қарай барлық паразиттерді екі топқа бөледі: нағыз және жалған паразиттер.Нағыз (обликаттық) паразиттерге тек паразиттік тіршілік ету тән. Жалған (факультативтік) паразиттер табиғатта емін-еркін тіршілік ететін организмдер, бірақ басқа организмге кездейсоқ түскенде паразиттік тіршілік етеді. Мәселен, адам ішегінде шыбынның тірі личинкасы паразитше қоректенеді.

   Иесінің организмде паразиттік тіршілік ету ұзақтығына байланысты паразиттерді тұрақты және уақытша деп жіктейді. Тұрақты паразиттер иесінде ұдайы тіршілік етеді, оны тіршілік ететін ортасы және қоректік көзі ретінде пайдаланады. Мысалы, аскарида, қотыр кенесі, бит және т.б. Уақытша паразиттер иесімен тек қоректену кезінде байланысады.Олар тіршілігінің көп бөлігін табиғатта емін- еркін күйінде өткізеді, сондықтан паразитизм олардың құрылымдарына аз әсер етеді. Мысалы, бүрге, маса, сүлік және т.б.

   Паразиттерді тіршілік ететін орнына байланысты эктопаразиттер және эндопаразиттер деп бөледі. Эктопаразиттер иесінің дене жамылғыларында кездеседі. Мәселен, биттер, масалар. Эндопаразиттер иесінің дене қуыстарында, ішкі мүшелерінде, қанында, лимфасында, жұлын - ми сұйықтығында және клеткасында, ткань ішінде тіршілік етеді. Мысалы, аскарида - ішек қуысында; эхинококк - бауырда, өкпеде; трипаносома - қанда, лимфада және жұлын - ми сұйықтығында; лейшмания клетка ішінде ; қотыр кенесі тері қабатында кездеседі.

   ”Паразиттік және ие“ жүйесі тарихи қалыптасқан байланыстың бір түрі. Паразит өз иесін еш уақытта өлтірмейді. Себебі, иесі өлсе, паразиттің өміріне де қауіп төнеді.

   Ие туралы түсінік. Паразиттің иесі деп паразиттің қоректену көзі және тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын тірі организмді айтады. Паразитттердің көпшілігі бір ғана иесінде тіршілік етеді, мысалы аскарида. Кейбіреулері даму циклында иелерін алмастырады, олардың аралық және негізгі (дефинитивтік) немесе ақырғы иелері болады. Аралық иесі деп паразит личинкалық кезеңінде тіршілік ететін немесе оның жыныссыз жолмен көбеюі жүретін организмді атайды. Мысалы, ірі қара мал сиыр цепенінің аралық иесі, адам - безгек плазмодиясының аралық иесі. Негізгі немесе ақырғы иесі деп паразит жыныстық жетілген кезеңінде тіршілік ететін немесе оның жыныстық жолмен көбеюі жүретін организмді атайды. Мысалы, адам - сиыр цепенінің негізгі иесі, маса - безгек плазмодийінің ақырғы иесі. Паразиттер кейде иелерін бірден алмастырмай, кездейсоқ резервуарлық (жинаушы) иелеріне еніп, әрі қарай дамымай, тіршілігін сақтайды, санын көбейтеді. Мысалы, жыртқыш балықтар - сібір сорғышының резервуарлық иесі.

   Даму циклындағы ерекшеліктеріне қарай паразиттік құрттарды(гельминттерді) биогельминттер, геогельминттер және контактылық гельминтттер деп жіктейді. Биогельминттер дамуында иелерін алмастырады. Мысалы, сиыр цепені, сібір сорғышы және т.б. Геогельминттердің дамуы топырақпен байланысты болады. Мысалы, аскарида, анкилостома және т.б. Контактылық гельминттердің бір ғана иесі болады. Паразит иесіне контактылық жолмен жұғады. Мысалы, ақ құрттың жұмыртқалары қолдан, ойыншықтардан және т.т. жұғады.

   Паразиттің иелеріне зиянды әсер етуі: олар бекініс мүшелерімен иесінің денесіне жабысқанда, теріні немесе ішек қабырғаларын тесіп организмге енгенде, жарақаттаушы әсері байқалады. Мысалы, сиыр немесе шошқа цепеньдері ішек қабырғаларына сорғыштарымен және қармақтарымен бекінеді, маса, бит қоректену үшін теріні тесіп, қан сорады. Кейбір гельминттердің личинкалары иесінің организмінде  миграция жасайды.

   Ішек паразиттерінің (енді таспа құрт, аскарида) саны өте көбейгенде топталып, ішек қуысын бітейді, асты өткізбей қояды. Сонымен қатар, кейбір құрттар (эхинококк, альвсококк) ішкі мүшелерде паразиттік тіршілік барысында жанындағы тканьдерді қысады, қызметін бұзады. Мұны, механикалық әсер ету дейді.

   Паразиттердің тіршілігі нетижесінде синтезделген заттары, токсиндері иесін уландырады. Мысалы, безгек плазмодийлерінің диссимилициялық заттары эритроциттен плазмаға шыққанда науқастың денесін қалтыратады, басын ауыртады, құстырады. Ішекте тіршілік ететін гельминттер иесін уландырып, оның дене салмағын азайтады, тамаққа тәбетін төмендетеді, ұйқысын нашарлатады, құстырады, ішін өткізеді. Мұны токсиндік әсер дейді.


Информация о работе Медициналық паразитология негіздері