Микроскопиялық саңырауқұлақтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 22:41, реферат

Краткое описание

Ауыл шаруашылығында табиғи экотоксиндер ішінде тағам өнімін және шикізатты ластаушылар және жергілікті халық денсаулығына, жануарлар ағзасына кері әсерін тигізетін микроскопиялық саңырауқұлақтар және олардың токсиндері.
Саңырауқұлақтар – фотосинтетикалық пигменттері жойылған, эукариотикалық жасушалары бар, хемоорганотрофты микроорганиздер.
Саңырауқұлақтар Fungi (лат.) немесе Mycota (греч.) класына жатады. Шамамен 120000 түрі бар. Олар малдарға және өсімдіктерге тән бірқатар қасиеттерге ие. Саңырауқұлақтар эукариоттарға жатады, хлорофилі жоқ және жасуша қабығында хитині бар.

Вложенные файлы: 1 файл

Ауыл шаруашылығында табиғи экотоксиндер ішінде тағам өнімін және шикізатты ластаушылар және жергілікті халық денсаулығына.docx

— 20.44 Кб (Скачать файл)

Ауыл шаруашылығында табиғи экотоксиндер ішінде тағам өнімін және шикізатты ластаушылар және жергілікті халық денсаулығына, жануарлар ағзасына кері әсерін тигізетін микроскопиялық саңырауқұлақтар және олардың токсиндері.

Саңырауқұлақтар – фотосинтетикалық пигменттері жойылған, эукариотикалық жасушалары бар, хемоорганотрофты микроорганиздер.

Саңырауқұлақтар Fungi (лат.) немесе Mycota (греч.) класына жатады. Шамамен 120000 түрі бар. Олар малдарға және өсімдіктерге тән бірқатар қасиеттерге ие. Саңырауқұлақтар эукариоттарға жатады, хлорофилі жоқ және жасуша қабығында хитині бар.

Қоректенуі бойынша саңырауқұлақтар гетеротрофтыларға жатады, яғни органикалық өнімдерді қабылдай алады, өсімдік және мал организмінде сапрофитті және тоғышарлық түрінде тіршілік ете алады.

Саңырауқұлақ денесі (таллом) мицелилерден құралған, ал мицелилер өз кезегінде көптеген жұқа жіпшелерден-гифтерден құралған. Саңырауқұлақтар вегетативті және репродуктивті тәсілдермен көбейе алады. Соңғысына жыныстық және жыныссыз көбею жатады. Вегетативті көбею дененің арнайы емес бөліктері көмегімен, жыныссыз және жыныстық-арнайы жасушалар көмегімен өтеді.

Көптеген микроскопиялық саңырауқұлақтарының дамуына ең қолайлы субстрат, өсімдік тектес азықтар болып саналады. Саңырауқұлақтар флорасының түрлік және көлемдік құрамы және оның өсуі, азықтарды дайындау технологиясының бұзылуына, оларды сақтау, өңдеу, тасымалдау ережелерін бұзғанда, жыл мезгіліне, құрамындағы микроэлементтерге, топырақ-климаттық жағдайына, табиғи-географиялық аймақтарға және тағы басқа факторларға байланысты.

Ауылшаруашылық өнімдерінде микроскопиялық саңырауқұлақтарының таралуы бойынша ғалымдар бірнеше зерттеулер жүргізді. Зерттеу нәтижесінде  Aspergillus, Fusarium, Penicillium саңырауқұлақтар түрлері анықталды (12, 13 сурет). Ең көп саңырауқұлақтар мен ластанған жаңғақтар (арахис, грецкий, кешью, фундук, самырсын), бірнеше шай сорттары (түйіршіктелген, жапырақты, пакеттелген), натуралды кофе (тез еритін кофеде саңырауқұлақтар анықталмады) сынамаларында анықталды.

Саңырауқұлақтар өзінің тіршілігі барысында көптеген метоболиттер бөледі, олар өз кезегінде мал организміне еніп, резистенттілігін төмендетеді, инфекциялық және жұқпалы емес аурулардың дамуына қолайлы жағдай жасайды, малдың өнімділік қасиетін төмендетеді, ал көп мөлшерде организмнің күрделі зақымдалуларын тудырады, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Азықтарда дамитын микроскопиялық саңырауқұлақтар, олардың тағамдық құндылығын ғана төмендетіп қоймай, сонымен қатар түрлі улы заттар құрайды-микотоксиндер. Бұлар екіншілік метоболиттер, негізгі метоболизмнің аралық өнімдерінің ферментативтік реакциялар тізбегінде пайда болады. Олар химиялық қосылыстар тобын құрайды, жоғары улылық, мутагендік, тератогендік, канцерогендік және иммуносупрессивтік қасиетімен ерекшеленеді. Түрінің аталуы көрсеткендей – бұл қосылыстар мал және адамға улы, микотоксикоз - деген жалпы атауы бар, ауруды туғызады.

Микотоксиндер тағам өнімдерін  және азықтарды оларды өңдеудің барлық сатысында, яғни тасымалдағанда, сақтағанда, қайта өңдеп сатқанда ластайды. Тіпті  аздаған мөлшерде, организмге ұзақ мерзімде түсіп отырғанда асқорыту, жүйке, репродуктивті және организмнің  басқа да қызметтерінде қайтымсыз  бұзылуларға әкеледі. Микотоксиндер  әр түрлі клиникалық белгілері бар  ауруларды тудырады, ол токсиннің  табиғатына, мөлшеріне, организмге түсуінің ұзақтығына, микроорганизм түріне, тамақтану сипатына және жасына байланысты.

Қазіргі таңда микроскопиялық саңырауқұлақтардың 250 түрі белгілі. 400 микотоксин түрі өңдіріліп шығарылады және жаңа микотоксикоздардың этиологиясына  анықталуына байланысты арта түседі. Aspergillus, Fusarium, Penicillium саңырауқұлақтар  тобының токсиндері өте қауіпті.

Қауіпті микотоксиндер қатарына: афлатоксин, охратоксин, зеараленон, трихотецен микотоксиндері, цитринин, патулин, треморгенді  микотоксиндер, эрготоксин. Барлығы  жоғарғы тұрақтылықпен ластанған  субстратта ұзақ уақыт биологиялық  белсенділіктерін сақтайтындықтарымен  ерекшеленеді.

Саңырауқұлақтар аэробты  организмдер. Сондықтан олар қоректік заттардың бетінде колония құрып  тіршілік етеді.

 Сыртқы орта жағдайларына  саңырауқұлақтар төзімді организмдер.  Тәменгі температура, түздың едәуір  концентрациясы және ортаның  қышқылдығы аса әсер ете қоймайды. Сондықтан саңырауқұлақтар іс  жүзінде барлық жерлердекездеседі.

 Саңырауқұлақтардың құрылысы. Саңырауқұлақтардың денесі өте  нәзік жіпшелерден, яғни гифтерден  тұрады. Бұл гифтердің өз ара  шатасып орналасуынан барып мицелий  пайда болады. Кейбір саңырауқұлақтардың  денесі жіптерден құралмайды. Мұндай  саңырауқұлақтардың басым көпшілігі  өсімдіктер ауруын қоздырады.  Мәселен, бұларға картоптың рак  ауруын қоздыратын сақырауқұ-лақтар  жатады. Саңырауқұлақтар бір клеткалы  және көп клеткалы болып бөлінеді. Бір клеткалы саңырауқұлақтың  бұтақталған мице-лийі бір ғана  клеткадан тұрады, ал көп клеткалы  саңырауқұлақтардың гифінде аралық  перделер болады.

 Жалпы саңырауқұлақтар  клеткаларының құрылысы басқа  организмдердің клеткаларының құрылысына  ұқсас. Клеткалары сыртқы қабықтан, цитоплазмадан, бір немесе бірнеше  ядродан тұрады. Қабық құрамында  клетчатка, пектин және азот  тектес заттар бар. Цитоплазмада  әр түрлі заттармен бірге вакуоля  да бар. Қор заттары ретінде  клеткада углевод және май  заттары кездеседі.

 Саңырауқұлақтардың көбеюі. Саңырауқұлақтар бірнеше түрлі  жолмен көбейеді. Олардың көпшілігінде  көбеюге қажетті арнаулы органдар  бар. Негізінен саңырауқүлақтар  споралар арқылы көбейеді. Қоректік  ортада кез болған споралар  тез арада көбейіп, жаңадан  гифтер түзеді.

 Саңырауқүлақтар гифтерден  үзіліп қалған бөлшектерден де  көбейе алатын болса, кейбіреулері  ерекше клеткалар—ойдийлер арқылы  көбейеді. Ойдийлер, гифтер жеке  клеткаларға бөлінгенде пайда  болады және одан қоректік  ортада жаңадан саңырауқүлақтар өсіп шығады. Бұл жоғары сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік органдармен көбеюіне (мәселен, картоптың түйнекпен өсуі) үқсайды.

 Саңырауқүлақтарда спора  түзілу жынысты және жыныссыз  жолдармен жүреді. Жыныссыз жолмен  көбейгенде споралар ерекше гифтердің  үшында пайда болады. Мүндай гифтер  құрылысы жағы-нан әдеттегі гифтерден  өзгеше келеді.

 Кейбір саңырауқұлақтардың  осындай гифтерінің ұшында споралар  бірден, топталып немесе моншақталып  орналасады. Бұл спораларды конидий,  ал олар орналасқан гифтещі  сдңлідиеносцалар деп атайды. Пісіп  жетілген кезде конидий шашылады  да, қолайлы жағдай туғанда көбейеді.

 Басқа саңырауқүлақтарда  споралар спорангиеносцалар деп  ата-латын гифтердің үшындағы  дөңгелекспорангийлер ішінде түзіледі. Пісіп жетілген спорангийлер  жарылып, споралары төгіледі. Бұлар  да қолайлы жағдайға тап болса  көбейіп, жаңадан саңыраукұлақ  біреді. Саңырауқұлақ споралары  орасан көп және олар едәуір  қашықтыққа дейін таралады. Конидийлер  де, спорангийлер де пішіні және  бояуы жағынан түрліше болып  келеді. Міне бұл қаеиеттер оларды  анықтау үшін қолданылады.

 Жшст Ақ жолмен көбейгенде  екі жыныстық клетка қосылғаннан  шһ\п зигоспора түзіледі, немесе  ооспора деп те атайды. Қолайлы  жағдай туғанда бұлардан жаңа  саңырауқұлақтар түзіледі.

 Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтарда  бірнеше споралар пайда болады. Кейбір түрлерінде төрт базидыспора,  ал басқа бір түрлерінде сепзден  аскоспора негізделеді. Базидиспоралар  қап сияқты ерекше дененің  жоғары жағында түзілсе, аскоспоралар  сумка сияқты цилиндр пішінді  жүмыр клеткаларда пайда болады.

 Жынысты және жыныссыз  жолдармен көбейе алатындарын  жетілген, ал тек жыныссыз жолмен  ғана көбейе алатындары — же-тілмеген  саңырауқүлактар деп аталады.

 Қейбір саңырауқүлақтар  қалың қабықпен қапталған гифтер, яғни хламидоспоралар түзуге  бейімделген. Бұлар, әсіресе астық  тұқымдас өсімдіктерді зақымдайды. Сөйтіп саңырауқұлақтар микроорганизмдер  дүниесінен ерекше орын алады.  Бұлардың таібиғатын жете түсініп  білгенде ғана пайдалы жақтарын  қолданып, зиянды әрекеттеріне қарсы  күрес жүргізуге мүмкіндік туады.


Информация о работе Микроскопиялық саңырауқұлақтар