Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 21:32, реферат
Хаттаманың түрлі баптарына түзетулер өзара байланысты болғандықтан кешенді Түзетулер ретінде Лондон кеңесінде қабылданған болатын. Бұл түзетулер хаттаманың Жақтары болып табылатын мемлекеттер немесе экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары бекітіп, қабылдаған немесе қолдаған кемінде 20 құжатты сақтауға тапсырған жағдайда 1992 жылғы 1 қаңтарында күшіне енеді. Егер бұл шарт көрсетілген датаға орындалмаса, Түзетулер осы шарт орындалғаннан кейінгі тоқсаныншы күнде күшіне енеді. Басқарушының түзетілген бөліктері 1987 жылғы Монреаль хаттамасымен қатар майлы қара әріптермен басылды. Оны бекіткен мемлекеттер үшін түзетулердің күшке ену сәті күшін жоғалтқан 1987 жылғы хаттаманың сол бөліктері шаршы жақшалардың ішінде жазылған.