Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 15:50, реферат
Орман фитопатологиясы ағаш және бұта өсімдіктерінің ауруларын оқыту және олармен күрес жолдарын жүргізу болып саналады. Көбіне өте кең таралған өсімдіктердің ауруларына саңырауқұлақтармен, бактериямен, вируспен және тағы басқа микроағзалармен берілетін ауру қоздырғыштарын айтуға болады. Қоздырғыштардың биологиялық қасиеті, даму ерекшелігі және таралуы өсімдіктің ауруына байланысты болады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ PhD ДОКТОРАНТУРА ИНСТИТУТЫ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ МАМАНДЫҚТАРЫ КАФЕДРАСЫ
МӨЖ №5
Тақырыбы: «Орманды бақылауда статистикалық әдісті қолдану»
Канкеева М.О
Алматы, 2013
Орманды бақылауда статистикалық әдісті қолдану
Орман фитопатологиясы ағаш және бұта өсімдіктерінің ауруларын оқыту және олармен күрес жолдарын жүргізу болып саналады. Көбіне өте кең таралған өсімдіктердің ауруларына саңырауқұлақтармен, бактериямен, вируспен және тағы басқа микроағзалармен берілетін ауру қоздырғыштарын айтуға болады. Қоздырғыштардың биологиялық қасиеті, даму ерекшелігі және таралуы өсімдіктің ауруына байланысты болады.
Өсімдік өмір сүру барысында қоршаған ортамен тікелей байланыста болады. Оның өсуі, дамуы міндетті түрде температураға, ылғалдылыққа, топырақтың химиялық құрамына, ауаға, әртүрлі фактілерге байланысты болады. Қоршаған ортаның жағдайлары өсімдіктің керекті талаптарына сай болса, оның морфологиялық және функционалдық өзгерістері болмас еді. Кез-келген өзінің мөлшерінен асып немесе кем болса, өсімдікке басқа бөгде организмдер әсер етіп, зат алмасуы және физиологиялық қызметтері, анатомиялық құрылысы және өсімдіктің сыртқы бейнесі өзгеріп патологиялық процесс немесе ауруға ұшырауы мүмкін.
Өсімдіктің ауруы – бұл өте күрделі патологиялық процесс, сыртқы факторлардың әсер етуі. Қоршаған ортаның зиянды факторлары өсімдіктің ауруының дамуына әсер етуін биотикалық және абиотикалық деп бөлуге болады. Биотикалық дегеніміз өсімдікке тірі организмдердің әсері. Абиотикалық дегеніміз тірі емес фактордың әсер етуі.
Егер ауру тірі организммен берілсе, онда ол міндетті түрде ауру өсімдіктен сау өсімдікке беріледі. Бұндай ауруларды жұқпалы деп атайды. Ауру организмді ауруды шақырушы аурудың қоздырғышы немесе патоген деп атайды. Өсімдіктің ауруын шақыратын организмдерді фитопатоген деп атайды. Өсімдікке кіріп, оның тамағымен қоректенетін патогенді – өсімдіктің иесі деп атайды. Өсімдіктің жұқпалы ауруларын көбінесе фитопатогенді микроорганизмдер шақырады: саңырауқұлақтармен (саңырауқұлақпен берілсе, микоз деп аталады), бактериямен (бактериоз), гельминттермен (гельминтоз), актиномицеттермен және вирустармен, микоплазмамен.
Көбінесе ағаш тектес өсімдіктерде кездесетін аурудың типтерін төмендегідей түрлерге бөлуге болады:
1) Шіру. Аурудың бұл
типі саңырауқұлақпен немесе
бактериямен шақырылады. Оларға
тән мінездеме өсімдік
2) Ісік. Ісіктер өсімдіктің діңінде, тамырларында және тағы басқа мүшелерінде кездесуі мүмкін. Көбінесе ісікті аурулар ағаш тектес өсімідіктерде саңырауқұлақпен немесе бактериямен беріледі, бірақ ісіктің алғашқы дамуы механикалық зақымдалудан болуы әбден мүмкін, температураның күрт өзгеруі және басқа факторлар әсер еткенде;
3) Вилт. Өсімдіктердің
өткізгіш жүйелерін
4) Қабық некрозы.
5) Тат саңырауқұлақтары. Осы атаумен көптеген саңырауқұлақтардың тат аурулары белгілі. Кейбір белгілері бойынша тат саңырауқұлақтарында пустул қалыптасып, қызғылт-сары, қоңыр-тат және қара споралармен толтырылуы, сыртқа ол жабын тканьдерін тесіп, эпидермис, жапырақтың кутикуласы, діңі және бұтақтары арқылы сыртқа шығады;
6) Шютте. Осы аурудың типі қылқан жапырақтыларда кездеседі. Неміс тілінен аударғанда schütten, түсу деген мағынаны білдіреді. Шютте арудың типі әртүрлі саңырауқұлақтардың түрлері арқылы беріліп, түсінің өзгеруіне, қылқандарының өліп түсуіне әкеп соғады. Жұқпалы емес аурудан бұл аурудың белгілері бойынша жұқпалы ауруларға қылқанында споратасымалдаушы қоздырғыштардың қалыптасуы;
7) Ақ ұнтақ. Бұл аурудың типі ақұнтақ саңырауқұлақтары арқылы беріледі. Олардың ерекшелігі патогеннің мицелиі өсімдіктің үстіңгі жағында орналасады, өте тығыз ақ түсті дене түзеді. Саңырауқұлақтың спорасы жаппай қалыптасқанда сеуіп тастаған ақ ұнға ұқсайды;
8) Күю. Күюмен берілетін
аурудың типі саңырауқұлақпен
немесе бактериямен берілуі
9) Теңбілдену. Бұл табиғатта кең таралған өсімдіктердің аурулары. Теңбілдену саңырауқұлақтармен, бактериялармен, вирустармен және қолайсыз абиотикалық факторлармен беріледі. Негізінен теңбілденумен көбінесе жапырақтар зақымдалады, кейбір ағдайларда жемістері, жас бүршіктерінде кездеседі. Бұл аурудың типі тканьдердің өлуіне, түсінің, құрылысының өзгеруіне, саңырауқұлақпен берілсе, патогеннің спорасы пайда болады.
10) Мумификация. Саңырауқұлақпен
берілетін осы ауру паразиттің
мицелиі барлық мүшелердің
11) Парша. Парша кейбір саңырауқұлақтардың түрлерімен беріледі. Тал, терек, көктеректің жемістерінде кездеседі;
12) Антрокноз. Саңырауқұлақпен берілетін ауру, өсімдіктің мүшелерінде өте тереңге кеткен жаралардың, құрғақ шірудің белгілері осы ауруда кездеседі;
13) Мыстанкемпірдің сыпыртқысы. Осы ауру көбінесе өсімдіктерге саңырауқұлақтармен және вирустармен беріледі. Патогеннің әсер етуі арқылы ұсақ-ұсақ көптеген жіңішке жіпшелердің өсімдікті орап алуы;
14) Деформация (қисаю). Әртүрлі факторлардың әсерінен немесе саңырауқұлақтар мен вирустар арқылы берілуі, өсімдіктердің мүшелердің қисаюына әкеп соғуы мүмкін. Деформацияның типі әртүрлі. Жапырақтардың деформациясы олардың оралуына, әжімденуіне, көпіршікті томпашықтардың пайда болуына әкеп соғады.
15) Хлороз. Хлороз дегеніміз жапырақтарға хлорофилдің жетіспеуінен сарғайып, түссізденуі. Хлороздың пайда болуына себеп – өсімдікте минералдық қоректің бұзылуы, кейбір кезде хлороз вирус арқылы да беріледі;
16) Мозайка. Жапырақтардың
түсінің тең болмауы, жасыл
түстің орнына ақшыл түстің
болуы. Өсімдіктерде бұл ауру
вируспен беріледі. Кейбір жағдайда
элементтердің қорының
17) Плесень. Саңырауқұлақтардың спораларымен мицелилерінен тұратын әртүрлі түсті тор сияқты өсімдік мүшелерінде кездесетін ұнтақ.
Патогенді саңырауқұлақтар
өсімдіктердің көптеген түрлерін әртүрлі
ботаникалық тқұымдастарды
Саңырауқұлақтардың өсіп жетілуіне паразиттік белсенділіктерін арттыру үшін қоршаған орта жағдайлар: ылғалдылық, температура, қышқылдық, жарық, оттегінің атқаратын қызметі өте зор. Осы факторлардың әсері басқа жағдайлардың өзгеруімен қатысты. Ең негізгісі, жеке факторлардың әсер етуі, әрі қарай жалғасуы сәйкестікті қажет етеді.
Барлық орман шаралары төмендегідей топтарға бөлінеді:
Бір ғана әдісті қолдану барысында толықтай аурудан немесе зақымданудан құтылу мүмкін емес. Бұл тек бірнеше әдісті қолданып, барлық жағдайды қарастырғанда ғана тиімді болады. Әдіс пен қолданатын құрал аурудың түріне байланысты. Кейбір аурулар жаппай таралып, үлкен зиян келтіреді (тұқым сепкенде гомланд ауруы). Қалғандары аз кездеседі немесе соншама керемет зиян келтірмейді (қарағайдың сұр шютте, мыстан кемпірдің сыпыртқысы, кейбір теңбілдер).
Ауа қауіпті жұқпалы аурулармен күресу жолдары, олардың болуын алдын ала болжау, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтау, аурулардың белсенді дамуына жол бермеу. Ауа қауіпті емес, соншама шығын келтірмейтін түрлерін алдын ала шаралар жасау. Бұлармен белсенді күрес тек жаппай зиян келтіргенде ғана жүргізіледі.
Әдістермен қолданылатын заттар объектіге байланысты таңдалынып алынады. Химиялық әдіске заттарды қолдану шектеулі. Отырғызылатын көшеттерге белсенді шаралар жүргізілмейді. Олардың ауруларын анықтау барысында алдын ала шаралар жасалу қажет. Әртүрлі географиялық аймақтарда орман өсімдіктерінің типіне қарай аурудың қоздырғыштарының түрлік құрамы, зақымдай дәрежесі анықталады.
Жеке әдістерді қолданып аурулар мен зақымдаушылардан құтылу мүмкін емес. Сондықтан орман қорғау шараларын қолдану қажет. Бұл әдістердің бір-бірімен сәйкестенуіне, аурулармен зақымданушыларды техникалық әдіспен жою жолын береді.
Ауру қоздырғыштар мен зақымдаушыларды жоғары сапалы орман қорғау шараларын толық, дұрыс өткізгенде ғана жоюға болады. Ол үшін қоздырғыштың биологиялық ерекшеліктерін, олармен берілетін аурудың таралу дәрежесін білу қажет.
Аурудың таралу жылдамдығы,
ауру қоздырғыштарының спора түзу мерзімі,
аурудың дамуына ауа-райының
Диагноз қою аурудың қоздырғышының типі жұқпалы, жұқпалы емес себептерін анықтау. Ол үшін төмендегідей әдістер қолданылады: макроскопиялық, микроскопиялық микологиялық, химиялық және физикалық.
Макроскопиялық әдіс. Дүрбінің немесе лупаның көмегімен ауруды анықтау әдісі. Бұл әдіс осы уақытта кең қолданылып жүр. Бұл әдіспен дұрыс диагноз қою үшін өсімдіктің мүшелерін немесе көп мөлшердегі данада зерттеу арқылы талдау қажет. Бұндай қажеттілік өсімдіктің барлығында аурудың берілмеуі немесе анық көрінбеуі. Басқа жағдайда дұрыс диагноз қою, ауырған өсімдікті щыңынан тамырына дейін қарап шығу. Ағаштардың шыңы дүрбінің көмегімен зерттелсе, ал тамыр жүйесі бір-екі тамырды қосып қарау. Сонымен қатар зерттелетін объектінің орналасу жағдайларын дұрыс анықтай білу. Өсімдіктің қурауына немесе әлсіреуіне аурудың тигізетін әсері нақты екендігін анықтау.
Өсімдікті қарағанда
ауру коздырғыштардың жемісті
Микроскопиялық әдіс. Өсімдіктің зақымданған тканін, қоздырғыштың спорасын микроскоппен қарап, зерттеу. Ол үшін қоздырғыштың түрін, патогеннің өсімдік тканінде бар екендігін дәлелдеу. Тек микроскоптық анықтау ғана осындай белгілердің болуын дәлелдейді (саңырауқұлақтарда спорасының түсі, пішіні, жемісті денелерінің болуы). Анықтағыштардың көмегімен қоздырғыштың жүйелік орналасуын анықтаймыз. Кейбір жағдайда өсімдіктің тканіндегі қоздырғышты анықтауға ғана мүмкіндік туады. Ол үшін микроскоптың астында зақымданған тканді, клетканы, клеткааралык кеңістіктегі мицелиді қарап, аурудың түрі анықталады. Түссіз немесе әлсіз боялған жемісті денесін тауып дифференцацияланған бояуды қолданады. Мысалы, күрес шараларын жасамас бұрын жұқпалы немесе жұқпалы емес ауру екендігін анықтау. Осы мақсатпен микроскоптың астында тірі ткандерден жасалған қышқыл калиймен боялған препаратты зерттеп қарайды. Жұқпалы емес болса клеткада дәне тәрізді плазманы көруге болады.
Микологиялық әдіс. Өсімдіктің зақымданған бөлігінен саңырауқұлақты бөліп алып, жасанда және табиғи ортада жеке өсіру. Ылғалды камера әдісін қолданып, өсімдіктің зақымданған бөлігінен саңырауқұлақты бөліп алу оңай. Ол өсімдіктің тканінің ішіндегі мицелиі ылғалды жағдайдың арқасында сыртқа шығып, спора түзуіне ықпал жасайды. Бұл әдіс стерилді жағдайды қажет етпейді, қысқа мерзімде қоздырғыштың спора түзуін жалдамдатады. Жұқпалы ауруларды, тұқымның, қылқанның ауруларын зерттеуде кең қолданылады.
Ылғалды камераны орнату үшін Кох шынысынң түбіне Петри шынысының жартысын сүйірленген жағын жоғары қаратып орналастырады. Петри шынысының сүйірленген жоғарғы жағына фильтр қағазының бір жолағын кесіп салады, оның төменгі ұшы Кох шынысының қақпақпен жауып, қамераны стерильдейді. Зерттелетін затты орналастырмас бұрын түбіне дистилденген немесе қайнатылған суды құяды. Зерттелетін затты фильтр қағазына салады. Дайын ылғалды камераларды кептіргіш шкафта стерильдейді. Шыныларды қайнаған сумен немесе спиртпен стерилдеуге болады, ал құлақшындарды фильтр қағазымен, жалынмен немесе сіріңкемен, 2-3 рет жалыннан тез өткізу қажет.
Информация о работе Орманды бақылауда статистикалық әдісті қолдану