Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2013 в 12:30, доклад
Адам организміне енген ол қанның лимфацит клеткаларының ішіне кіріп, тез көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирус жаңа клеткаға жабысып, өткен процесті қайталайды. Лимфацит клеткаларының осылай өлу салдарынан организмде иммунитет жетіспеушілік пайда болады, яғни иммундық жүйе клеткаларының өлуі біртіндеп адамды басқа сырқаттар алдында қорғанышсыз етеді.
Адамдар АҚТҚ (адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы) қалай жұқтырады? Инфекция көзі ЖҚТБ-мен ауыратын науқас немесе АҚТҚ-ын тасымалдаушы адам. Вирус қанда, спермада, қынап сұйықтарында, омырау сүтінде көп болады. Адамның түкірігінде, терісінде, көз жасында, несебінде аздап қана кездеседі. Алайда, бұл сұйықтар АҚТБ таратуда роль атқармайтыны белгілі болды.
АҚТҚ жұқтырылған қан мен
АҚТҚ берілуінің тағы бір жолы
– жыныстық қатынас. Егер
Аурудың жасырын кезеңі – алғаш жұқтырғаннан бірінші белгілері білінгенге дейінгі кезең 3-4 айдан 8-10 жылға дейін созылуы мүмкін. Аурудың белгілері өте көп және әр түрлі. А) Жалпы шаршампаздық, терлегіштік, бездердің, әсіресе мойын, қолтық бездерінің ісінуі. Ә) жиі-жиі іш өту, арықтау, теріге немесе шырышты сілекей қабықтарына іріңді бөрітпелердің шығуы және өкпе қабынуы. Б) Күннен күнге иммунитет жетіспеушілігі салдарынан ауру қоздыруға мүмкіншілік алған әр түрлі бактериялардың, вирустардың әсерінен науқастың қызуы көтеріліп, бездердің ісініп, терлеуі, өкпе қабынуы, тыйылмайтын қанды іш өту және Капоши саркомасы сияқты қатерлі ісік пайда болып, нерв жүйесінің әр қалай зақымдануы сияқты белгілер орын алады. В) ЖҚТБ ауруы адамдардан бұғып жатқан туберкулез ауруын қоздыруға, қатерлі ісіктердің өсуіне, қанның әр түрлі микробтармен зақымдануына себеп болады.
А) АҚТҚ-ын жұқтырмау үшін өзін-өзі ұстау керек. Соның ішінде инъекциялық есірткіден бас тартқан, биреумен бірге ортақ шприцті, инені, ұстараны пайдаланбаған, кездей соқ жыныстық қатынасқа түспеген жөн. Егер жыныстық қатынасқа түскен кезде ылғи презервативті пайдалансаңыз және оны дұрыс пайдалансаңыз жыныстық қатынас қауіпсіз деп саналады.
Ә) АҚТҚ-ң белгілерінің бірі білінген кезде дереу медициналық мекемеге бару керек. Адам әр түрлі жыныстық қатынас жасаса АҚТҚ-ын жұқтыру қаупіне әр түрлі дәрежеде ұшырайды. Азғын жыныстық қатынастар: анальді және вагинальді. Әсіресеқұрғақ жыныстық қатынастар қауіпті, өйткені майланбағандықтан, үйкелетін әсерде көптеген зақымдар пйда болады. Олар арқылы АҚТҚ организмге түседі.
Б) Дәрігерлер АҚТқ-ның организмде дамуын тқтатуды және соған байланысты АҚТҚ-ын жұқтырғандардың және ЖҚТБ-мен ауырғандардың өмірін ұзартуда көптеген табысқа жетуде, жақын арада осы бағыттағы табыстарды одан әрі арта түседі деген үміт бар.
АҚТҚ инфекциясы мен ЖҚТБ