Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 05:18, научная работа
Трансгенді немесе трансформацияланған ағзалар деп – геномында бөтен ген бар жануарларды айтады. Трансгенді жануарлар алу трансгеноз әдісі арқылы іске асады.
Ал, трансгеноз дегеніміз – генді бір биологиялық жүйеден басқа жүйеге жаңа белгілері бар организмнің формасын алу үшін жасанды жолмен тасымалдауды айтамыз.
I. Кіріспе:
Трансгенді ағзаларға жалпы сипаттама
II. Негізгі бөлім:
2.1. Трансгенді жануарларды алу
2.2. Мақсаты мен зерттеу әдістері
2.3. Медицинадағы маңызы
III. Қорытынды бөлім.
Жоспар:
Трансгенді ағзаларға жалпы сипаттама
Кіріспе
Трансгенді немесе трансформацияланған ағзалар деп – геномында бөтен ген бар жануарларды айтады. Трансгенді жануарлар алу трансгеноз әдісі арқылы іске асады.
Ал, трансгеноз дегеніміз – генді бір биологиялық жүйеден басқа жүйеге жаңа белгілері бар организмнің формасын алу үшін жасанды жолмен тасымалдауды айтамыз.
Трансгенді ағзалар әр түрлі
биологиялық активті
Басқа геномға белгілі бір геномнан алынған немесе жасанды түрде құралған синтезделген гендерді экспертменталды тасымалдау – трансгеноз деп аталады. Геномына бөгде гендер енгізілген жануарлар трансгенді деп аталады. Трансгенді жануарларды алу технологиясы қазіргі кезде жақсы жолға қойылған. Клонданған гендерді жұмыртқа клеткаларына немесе алғашқақы сатыдағы эмбриондарға енгізудің бірнеше әдісі табылған. Бөгде ген реттеушісіне байланысты әртүрлі ткандарда қызмет атқарады. Мысалы, егерде тасымалданған генге, оның қайдан алынғанына байланыссыз қалыпты жағдайда бауырда қызмет атқаратын тышқан генінің реттеушісін жалғаса, онда көшіріп орнатылған ген трансгенді жануардың бауырында жұмыс атқарады.
Трансгенді жануарлар алу үшін рекомбинантты гендерді микротүтікше және микрокапиллярлар көмегімен ұрықтанған ооциттің пронуклеусіне енгізу әдісі кең қолданылады. Трансгеноз әдісі арқылы трансгенді тышқандар алу жақсы зерттелген. Мұның басты себебі болып тышқан ооциттері цитоплазмасының мөлдір болуы саналады. Басқа жануарлардың, соның ішінде малдың ооациттері мөлдір емес, сондықтан рекомбинантты ДНҚ-ны пронуклеуске енгізу өте күрделі және қиын іс. Трансгеноз жұмысы көпжақты және бірнеше сатылардан тұрады. Алдымен, екі пронуклеус стадиясындағы зиготаларды алу керек. Бұл үшін синхронды овуляция уақытылы қолдан ұрықтау немесе шағылыстыру керек, осыдан кейін белгілі уақыт өткеннен соң зиготаларды хирургиялық жолмен алуға болады. Алынған зиготаларға бөтен ДНҚ-ны енгізбестен бұрын, оны in vitro жағдайында әр түрлі әдістер мен тәсілдер арқылы сақтау керек.Енгізу кезінде вазелин майының астында арнайы ерітіндінің тамшысына орналасады, бұл сұйықтықтың кеуіп кетуінен сақтайды. ДНҚ-ны зиготаға енгізу үшін диаметірі 0,5-2 мкм арлығындағы ең аз дегенде 10-" мл ДНҚ-ны зиготаға микраскоптан бақылап енгізеді. Микроинъекциядан кейін екі сағатқа жетпей жарамды зиготаларды алдын ала арнайы дайындалған аналық-рецепиенттерге тасымалдайды. Бұл кезеңде де зиготалардың көп мөлшері зақымданады. Аяғында трансгенді жануарлардың шығуы 1%-ке тең болады. Алайда мұның өзі трансформация және трансдукциямен салыстырғанда өте жоғарғы көрсеткіш болып саналады.
Демек, кез келген генге реттеуші элемент тауып, оның қалауы бойынша, қай органда жұмыс істейтінін алдын ала жоспарлауға болады. Бұл бағытта болашағы зор әдістер-микроинъекция мен мембрана инженериясы болып табылады. Бастапқы ұрықтанған бір клетка кезінде оған бөтен ген енгізсе, ол өсіп жетілген организмнің барлық клеткаларында болады. Осылай тышқанның ұрықтанған аналық клеткасына адамның самототропин генін енгізу арқылы алып тышқан алынды. Осылай сәйкес гормонды малдардың да ұрықтанған аналық клеткасына енгізіп, олардың да ірі түрін өсіруге болады.
Жануарлардың генетикалық аппараттарына гендерді тасымалдау
Р.Хаммер және Г.Брем қызметтестерімен адамның өсу гормонын микроинъексиялау арқылы трансгенді үй қояндарының көжектерін алды. ВИЖ-дің биотехнология лабораториясында ірі қара малдың Өсу гормонын енгізу арқылы трансгенді қоян алынған және ол ген жаңа организмде жұмыс істеген (Л.К.Эрнст және басқалары)
Трансгенді шошқалар, адамның өсу гормонын инъекциялау негізінде, Р.Хаммердің (1985) және г.Бремнің (1986) лабораториясында алынды. Бұл шошқалардың кейбіруінің қанының плазмасында адам гормонының жоғарғы деңгейде екені анықталған.
Ірі қара малмен жұмыс істегенде,пронуклеустарды көру үшін ДНҚ ға ерекше флуоресценттік бояу қолданады және зиготалардың центрифугуралайды. 1987жылы сүт-етті бағыттағы алғашқы трансгенді бұзау алынды. Австралияда дүние жүзінде алғаш рет трансгенді қойлар алынды. Мұндай қойлар екі-төрт жасында осы тұқымға жататын құрбыларына 1,5 есе ауыр болған. Ғалымдардың айтуы бойынша, жуық арада жүн өсіретін, ауруға қарсы тұратын гендерді де қойларға трансплантациялауға болады. Тревор Скотт (1986). Трансгенді қойлардың сүтінен қан ұйытатын факторды өндіру биотехнологиясы жете зерттелуде.
Мамандардың айтуы бойынша, трансгенді ауылшаруашылық малдары – ХХІ ғасыр тірі биотехнологиялық фабрикасы болуы керек, олар зкологиялық жағынан ең ірісін жасап,оларды басқа тірі клеткаларға таза енгізуді айтады, құнды белок препараттарын өндіретін негізгі көз болуы тиіс. Бүгін оның іргетасы қаланып және әдістемелік негіздері жасалынған, тек осы ғылыми-техникалық жетістіктерді ауыл-шаруашылық малдарымен істелетін жұмыстармен ұштастыру солардың деңгейіне жеткізу керек.
Генді алудың үш әдісі бар: таб
Берілеген нуклеотидтер
Генді синтездеудің ферменттік
әдісі кеңінен таралған. Оның
мәні ерменттік синтез арқылы
генді алудан тұрады. Ең алдымен
клеткалардан иРНҚ
Тышқанның ұрықтанған жұмыртқа клеткасына ядроны көшіріп қондыру тәжірибесінің үлгісі.
1980ж. Раддел және оның қызметтестері алғаш рет герпес вирусының тимидинкиназа генін тышқан клеткасының геномына енгізе алды. Трансгеноз нәтижесінде алынған жеті тышқанның төртеуі ТК гені бойынша трансгенді болып шықты. Трансгеннің клетка ДНҚ-мен байланысатын белгілі орны болуы керек, алайда, көптеген зерттеулер оның хромосомасының әр түрлі бөліктерімен байланысатынын дәлелдейді. Трансгеннің иесінің геномымен байланысуы кездейсоқ жүретін болса, онда ол хромосоманың гетерохраматинді бөліктеріне еніп,инактивизацияланып кетеді. Бұдан бөлек хромосома бөлігімен байланысқан трансгеннің активтілігі клеткалық ДНҚ-ң реттеуіш элементтеріне промотор, энхансер және силансерлерге байланысты болуы да мүмкін. Тасымалданған гендер (трансгендер) жаңа иесінің генетикалық аппаратымен құрылымды әрі функциялы байланысқандықтан бұл процесс in vivo жағдайындағы генетикалық рекомбинацияға әкеледі.
.
Бұл ғылымның мақсаты – практика мен теория үшін қажетті генетикалық бағдарламаның жобасын жасап, оны тірі организмде енгізу. Мұндай тәсілі тіршілікті меңгеруде жаңа мүмкіндіктер туғызады. Генетикалық инженерияның көздеген мақсаты мен зерттеу әдістеріне байланысты оның мынадай белгілерін ажыратуға болады:
Басқа биологиялық ғылымдар
1956ж Е.Сирис рентген
1971ж Б.А.Струников ген және
хромосома деңгейіндегі
Жануар клеткаларымен
Соңғы кезде нуклеин