Қазақстандағы қорықтардың жануарлар санының азаюы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2014 в 18:42, реферат

Краткое описание

1. Қорықтар – биосфера эталоны.
2. Қазақстанның қорықтары
3. Шығыс Қазақстан облысындағы Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер

Вложенные файлы: 1 файл

Биология СРСП.docx

— 39.58 Кб (Скачать файл)

 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Кафедра: «Табиғатты пайдалану экономикасы»       

         

CОӨЖ

Тақырыбы: «Қазақстандағы қорықтардың жануарлар санының азаюы»

 

 

 

 

Тексерген: Тілекберлина О Орындаған:Сапарова М.С

Тобы: Экология 142 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2014

 
Жоспар 

 
1.           Қорықтар – биосфера эталоны.

 

2.          Қазақстанның қорықтары

 

3.              Шығыс Қазақстан облысындағы Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс. Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазқстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі орасан зор болды.  
Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары – солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі – «Жер жанатты» деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру керек екекнін өмір көрсетіп отыр.  
Бұл салада Қазақстан Республикасында соңғы жылдарда қыруар ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізіп келдік. 1962 ж Қазақстан ССР Жоғары Советінің биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің бірнеше нақты шаралары анық көрсетілген. Олар – қорықтар, парктер, заказниктер мен табиғат ескерткіштерді сақтау ережесі. Сонымен бірге 1972 ж Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсатымен міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген.

1969 жылғы 9 шілдеде «Наурызым мемлекеттік қорығының орманын қалпына келтіру мен қорғау шаралары туралы», 1972 ж 2 тамызда «Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы», 1976 ж 12 шілдеде «Қазақ ССР-інде қорықтар жұмыстарын жақсарту туралы» қаулылар жарыққа шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі қорықтардың өлкеміздегі қорықтардың ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарын жақсартуда зор маңызы болғанын айтпай кетуге болмайды. Қазақстан Республикасының Қорықтарында қол жеткен табыстары мен орны алып отырған емшіліктерде олардың жоюдың нақты жолдарында айқын көрсетілген. 
Осы кезде Қазақстан Республикасы жерінде (1980 жылғы мәлімет бойынша) 531 мың гектар алқапты алып жатқан 6 қорық ( Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын және Марқакөл) көлемі 4288 мың гектарға жететін 50-дей аңшылық заказниктер, көлемі 3644 мың гектардай 26 зоологиялық және ботаникалық объектілер, қорғалатын заказниктер және 3 табиғат ескерткіші бар. Олар (Павлодардағы «Гусиный перелет» , шарын бойындағы көне заманнан бері қарай жойылып кетпей өсіп-өніп келе жатқан ағаштар, Іле Алатауындағы шыршалар). Қорғауға алынған учаскелерде, әсіресе, қорықтарда , бұрын осы аймақты мекендеген, бірақ соңғы жылдары саны азайып кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері есепке алынған. Мұндай түрлердің, мәселен, Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында өсімдіктердің 1600 түрі тек осы аймаққа тән болғандығын және сирек кездесетінін айтуға болады. Ал мұғаджар далалы ауданында 15-ке сирек кездесетін эндемик өсімдіктер, Бетпақ даладағы өсімдіктің 1800 түрінің 15-і, Каспийдің оңтүстік жағалауындағы өсімдіктердің 1800 түрінің 7-і Республикамыздың басқа жерлерінде кеддеспейді. Сондай-ақ, Оңтүстік Алтайда өсімдіктердің 1740 түрі кездессе, оның 18-і, Жоңғар Алатауында 2021 түрі өссе, оның 58-і, Қаратауда 500 түрі өссе, оның 100-і сол аймақтарға ғана тән сирек кездесетін турлер. Адамның үнемі қамқорлығы мен аялы алақаны болмаса, мұндай бағалы түрлердің биосферадан жойылып кетуі мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Сондай-ақ, қорықтар өзінің табиғи сұлу көрінісі мен онда өсетін ағаш түрлерінің ерекшеліктерімен де құнды. 

Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап, оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсат пен міндеттердің Қазақстан Республикасы жағдайында да көкейтесті екендігі аян. Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да а ялы қалың орман-тоғайы оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, өзендері мен көрікті өлке. Қазақстан Республикасы территориясында 34-35 миллион гектар егін егуге, бау-бақша өсіруге жарайтын құнарлы жер бар. 186-187 миллион гектар шабындықтар мен жайылымдықтар 22 миллион гектар орман (оның ішіндек 4-5 миллион гектар аса бағалы сексеуіл орманы бар). Д.И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11000 өзен, 7000-нан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ, туған өлкеміз алуан түрлі жан жануарларға өте бай. Осымен биосфера қазыналарын көздің қарашығындай сақтап, қорғауға Қазақстан Республикасындағы жоғарыда айтылған, Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын, Марқакөл, Баян-ауыл, Үстірт, Алтын Еміл және тағы басқа қорықтардың маңызы арасан зор. Ұлан-байтақ Қазақстан мемлекетінің территорияларында келешекте де осындай табиғи қорықтар-лабораториялық көбее берсе екен деген ойдамыз. 
Жер көлемі 2754 мың шаршы километр ұлан-байтақ жерде алып жатқан Қазақстан Республикасында небары 10 қорық бар дегенге сенудің өзі қиын.

Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат. 
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. 
 
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды. 
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды. 
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. 
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізімі 
«Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың түрлері мен түршелерінің тізбесін бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 
21 тамыздағы № 1152 Қаулысы

СҮТҚОРЕКТІЛЕР 
1. Жоңғар сальпинготусы 7. Тас сусары 
2. Жалман 8. Шұбар күзен 
3. Роборовский атжалманы 9. Түркістан сілеусіні 
4. Сары алақоржын 10. Қазақстан арқары 
5. Қызыл қасқыр 11. Алтай арқары 
6. Сабаншы 
ҚҰСТАР 
1. Қызғылт бірқазан 18. Жекдуадақ 35. Жұртшы 
2. Бұйра бірқазан 19. Тарғақ 36. Ақсұңқар 
3. Жалбағай, қалбағай 20. Кіші шалшықшы құс 37. Ителгі 
4. Қара дегелек 21. Сүйір тұмсықты шалшықшы құс 38. Лашын 
5. Қоқиқаз 22. Қарабас өгіз шағала 39. Тұрымтай 
6. Сұңқылдақ аққу 23. Қарамойнақ шағала 40. Үкі 
7. Кіші аққу 24. Қарабауыр бұлдырық 
8. Қутұмсық қаз 25. Ұбақ, қолаңтөс 
9. Қызыл жемсаулы қарашақа 26. Балықшы тұйғын 
10. Қара тұрпан 27. Жыланшы қыран, бүркіт 
11. Дөңтұмсық тұрпан 28. Бақалтақ қыран 
12. Ақбас үйрек 29. Дала қыраны 
13. Алтай ұлары 30. Қарақұс 
14. Ақ тырна 31. Бүркіт 
15. Ақбас тырна 32. Ақиық субүркіт 
16. Дуадақ 33. Аққұйрық субүркіт 
17. Безгелдек 34. Сақалтай, қозықұмай

БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР 
1. Шұбар батбат кесіртке 4. Шұбар кесіртке 
2. Зайсан батбат кесірткесі 5. Жолақты әбжылан 
3. Үлкен көз кесіртке

ҚОС МЕКЕНДІЛЕР 
1.Даната құрбақасы 
БАЛЫҚТАР 
1.Таймен 2. Сылан

Шығыс Қазақстан облысының Қазақстанның Қызыл кітабына 
енгізілген сирек кездесетін, бағалы, жергілікті және 
құрып кету бар өсімдік түрлерінің тізімі 
(Қазақ ССР-дің Қызыл кітабы, Алматы, 1981ж.)

1. Верещагин сазшөбі – сирек, жергілікті түр 
2. Қыртысты жуа – сирек, аз жергілікті түр, құрып кету қаупі бар 
2. Ұсақ торлы жуа – сирек түр 
3. Көп тамырлы жуа – сирек түр 
4. Ақшыл секпілгүл – сирек, жергілікті түр 
5. Ала күлтелі қызғалдақ – сирек түр 
6. Сібір қандығы, жауқарын – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр 
7. Людвиг құртқашашы – сирек, аз жергілікті түр 
8. Ірі гүлді шолпанкебіс — сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр 
9. Нағыз шолпанкебіс – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр 
10. Секпіл шолпанкебіс – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр 
11. Телпек сүйсін– саны азайып бара жатқан сирек түр 
12. Алтай рауғашы – таралу аймағы азайып бара жатқан сирек түр 
13. Ақ тұңғиық, аққугүл – сирек түр 
14. Дала шұғылығы, сәлдегүл – таралу аймағы азайып бара жатқан жергілікті түр 
15. Сауыр тегеурінгүлі – сирек, аз жергілікті түр 
16. Көктем жанаргүлі– сирек түр 
17. Алтай гимноспермиумы – көп жерлерде азайып бара жатқан сирек түр 
18. Қар дәуаяғы – сирек түр, көне түр 
19. Сабақсыз ашықжеміс – сирек, жергілікті түр 
20. Жебе жапырақты ергеш – өте сирек, жергілікті көне түр 
21. Қызғылт семізот, алтын тамыр – саны қатты азайып бара жатқан бағалы түр 
22. Алтай суық шөбі – саны азайып бара жатқан сирек түр 
23. Сиверс алмасы – саны қатты азайып бара жатқан түр 
24. Павлов итмұрыны – сирек, жергілікті түр 
25. Ледебур бадамы – сирек, жергілікті түр 
26. Ховен майқарағаны– сирек, жергілікті, көне түр 
27. Ақ түкті таспа – Зайсан ойпатының жергілікті түрі 
28. Тәтті жапырақты таспа – сирек, көне түр 
29. Жіңішке сабақты таспа – сирек, жергілікті түр 
30. Инелі кекек – өте сирек, жергілікті түр 
31. Шыбықша тиынтағы– өте сирек түр 
32. Ледебур қоянбұршағы – сирек, жергілікті түр 
33. Алтай қасқыржидегі– сирек, жергілікті, көне түр 
34. Тарбағатай таушешегі – сирек, жергілікті түр 
35. Су жаңғақ — сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан көне түр 
36. Еуропа орманоты — сирек, көне түр 
37. Қылтанды дәлен– өте сирек, көне түр 
38. Желбезекше ледебуриелла – сирек, жергілікті түр 
39. Мейр шоқгүлі – саны аз сирек түр 
40. Саз қазанақ – сирек түр 
41. Кәдімгі аюжидек, аюбүлдірген – сирек түр 
42. Ұсақ жемісті мүкжидек – сирек түр 
43. Тарбағатай кемпіршөбі – сирек, аз таралған жергілікті түр 
44. Резниченко кермегі – сирек, көне, жергілікті түр 
45. Попов дембеті – сирек, жергілікті түр 
46. Тарбагатай дембеті– өте сирек, аз жергілікті түр 
47. Кірпі қаратұқым – сирек, аз жергілікті түр 
48. Тарбағатай қандыгүлі– сирек, аз жергілікті түр 
49. Резниченко рияны – сирек, аз жергілікті түр 
50. Дауыр бақаауызы– сирек түр 
51. Келлер кесте жусаны– сирек, аз жергілікті түр, көне түр 
52. Зайсан лаксасы – сирек, аз жергілікті түр 
53. Сафлор тәрізді аюдәрі (марал тамыры) – саны қатты азайып бара жатқан түр 
54. Таңдамалы сушырмауық – өте сирек түр 
55. Тамыр сүйгіш полипорус – сирек түр 
56. Кладина, бұғы мүгі– қынаның сирек түрі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. С.М.Махмұтов «Зоология» Алматы 2006ж
  2. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. «Экология ». Алматы 2002ж(234)
  3. Байсейітова Н.М. «Экология негіздері» Шымкент 2005
  4. Қазақ Ұлттық энцеклопедиясы

Информация о работе Қазақстандағы қорықтардың жануарлар санының азаюы