Өңделген клетканы және ұлпаны зерттеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2013 в 18:08, реферат

Краткое описание

Цитололгияда негізгі қолданылатын әдістердің бірі-жарық микроскопы. Соңғы жылдары жасушаны зерттеуде жарық микроскоптарының бірнеше түрлерін қолданылып жүр (люминесценттік, фазасы қарама-қарсы, электронды микроскоптарды). Жарық микроскоптарының көмегімен ұлпадан алынған және әр түрлі бояулармен боялған жұқа кесінділерді (препарат) зерттеуге болады.

Вложенные файлы: 1 файл

Өңделген клетканы және ұлпаны зерттеу әдістері.docx

— 23.27 Кб (Скачать файл)

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

 

 

 

 

 

Реферат

Тақырыбы: Өңделген клетканы және ұлпаны зерттеу әдістері

 

 

 

 

                                                                        Орындаған:Омархан Ақтоты

                                                                                                          ББ201

                                                                             Қабылдаған:МанкибаеваС.А

 

                                                                

 

 

 

 

                                                                         

Өңделген клетканы және ұлпаны зерттеу әдістері

Цитололгияда негізгі  қолданылатын әдістердің бірі-жарық  микроскопы. Соңғы жылдары жасушаны зерттеуде жарық микроскоптарының бірнеше түрлерін қолданылып жүр (люминесценттік, фазасы қарама-қарсы, электронды микроскоптарды). Жарық микроскоптарының көмегімен  ұлпадан алынған және әр түрлі  бояулармен боялған жұқа кесінділерді (препарат) зерттеуге болады. Ол үшін кесіндінің қалыңдығы 5—7 микроннан (мк) аспау керек, сонда ғана жарық  кесінділер арқылы өте алады. Жарық  микроскоптары арқылы тексеретін ұлпалардан кесінділер дайындау (препарат) өте  күрделі жұмыс. Цитологиялық препараттар  жасау бірнеше кезеңдерге бөлінеді:

1.материал алу және оны бекіту

2.ұлпаларды тығыздау

3.парафинге кұю

4.кесінділер жасау

 5.бояу

6.бальзамға бекіту.

Бекітілгеннен кейін мүшелер бөліктерін концентрациясы жоғарлайтын спирттерде ығыстырып, спиртті ксилолға, одан кейін ксилолды парафинге салады. Осылайша, фиксацияланған ұлпа ауада қатып қалған тығыз парафинге айналады және оны кесуге болады. Қалыңдығы 5- мкм-дей кесіндіні арнайы құрал микротом арқылы дайындайды. Мұндай кесінділер заттық шыныға бекітіліп, парафин ерітіліп,құрамындағы су спиртпен ығыстырылады. Содан кейін кесінділерді суда еритін бояулармен бояуға болады.

Мүшелерді оның ұлпаларын  фиксациялау:

Формалин 10%

Суға шаю 24-48 сағ

Спирт 70%-12 сағ

Спирт 80%-24 сағ

Спирт 90%-24 сағ

Спирт 96%-24 сағ

Спирт хлороформ-1:1,1-2 сағ

Хлороформ-1,5-2 сағ

Хлороформ парафин-1:1,1-2 сағ 37 градус термостатта

Парафин I-1-2 сағ 56 градус термостатта

Парафин II-2 сағ

Парафин Воск-24 сағ.

Нысандарды гистологиялық  кескіндер жасауға дайындау.Парафинге  сіңіру және құю

Алдымен зерттеліп жатқан затты  бекіткіш қалдығынан тазартып,жақсылап жуу керек.Затты бекіту үшін әртүрлі  қоюлықтағы ерітінділер қолданылады.Құрамында  хром,формалин,осми қышқылы және басқада  еріінділер болады.Ағза тілінділерін сумен 24-25 сағат жуу қажет.Оларды парафинге қатыру үшін сусыздандрып,құрғату керек.

Сусыздандыру.Бұл әдісті жүргізу  үшін кеңірек әрі қақпағы тығыздалып жабылатын стакандарды этикеткалап  оған күштілігі 50,60,70,80,96 және 100 градустық спиртті құю керек.Спирттің ұлпаға жан жақты тегіс енуі үшін нысанды мақта қабатымен араластырады және шыны торға іліп қояды.Сусыздандыру кезінде спирт торшадан шыққан заттардың және майдың әсерінен тез кірлеп кетуі мүмкін.Бір рет қолданған спиртті бірнеше рет қолданбаған жөн.Оларды міндетті түрде ауыстыру қажет.Толық сусыздандыру үшін материал спирттің барлығынан өткізіліп,әрқайсысында 12-24 сағат құрғатылу жүргізілуі керек.

Тұрақты препараттар дайындау үшін боялған кесінділерді әйнек арқылы канадалық бальзаммен жабады, бұндай препараттарды ұзақ уақытқа дейін  сақтауға болады. Бекітілген ұлпалар  мен жасушаларды бояу үшін, әртүрлі  табиғи және синтетикалық бояулар пайдаланады. Табиғи бояулармен (гемотоксилин, кармин т.б.) кешенді қосылыстар түзетін әртүрлі металдардың қышқылдары қолданады.

Гемотоксилин-эозинмен бояу:

Ксилол I-2 мин

Ксилол II-1мин

Спирт I 96%-2 мин

Спирт II 96%-2 мин

Спирт 80%-2 мин

Спирт 70%-2 мин

Дистилденген су-1-3 мин шаямыз

Ағынды сумен шаю.

Дистилденген сумен 1-3мин шаямыз

Эозинмен 1-2 мин бояймыз

Дистилденген сумен 1-2 мин шаямыз

Спирт 70%-1-2 мин

Спирт 80%-1-2 мин

Спирт I 96% -1мин

Спирт II 96%-1-2 мин

Карбалол ксилолмен шаямыз

Ксилол I-1-2 мин

Ксилол II-1-2 мин

Соңында бальзам жағып,жабынды  шынымен жабамыз.

Синтетикалық бояуларды қышқылды және негізгі деп бөледі. Негізгі  бояуларда сілтілік қасиетін анықтайтын, құрамында амин топтары болатын  тұздар негіздері болады. Мұндай бояулар  жасуша құрылымында қышқылдық топтармен  тұзды байланыстар құрайды. Қышқылдық  бояулар құрамында гидроксильді топтар немесе SO2OH топтарынан құралады. Негізгі (сілтілік) қасиетті жасуша құрылымы қышқылдық бояулармен байланысын ацидо- немесе оксифильді деп атайды.

Клетка бөліктерін әр түрлі түске  бір мезетте бояйтын түрлі  бояулар коспалары қолданылады. Осындай бояуларды пайдалана  отырып, тек жасушаның морфологиялық  айқын суреттемесіне қоса оның химиялық кұрлымы жайлы мағлұматтар алуға  болады.

Ерекше химиялық заттарды анықтайтын бояуларға гистохимиялық және цитохимиялық бояулар жатады. Цитохимиялық талдау әдістері өте көп. Цитохимиялық реакцияға мысал ретінде ДНҚ-ға қолданатын кең таралған Фельген реакциясын айтуға болады. Маңыздылығы, тек ДНҚ-да спецификалық қышқылдық гидролизден кейін, дезоксирибоза пуриндердің ұсақталуынан альдегидті топтар пайда болады. Бұл топтар арнайы индикатормен, Шифф реактиымен қызыл түс береді. Бұл бояу арқылы ДНҚ-ны, оның санын анықтайды. Жеке амин қышқылдарымен (тирозин, триптофан, аргенин т.б.) реакциялар арқылы белоктардың таралуын анықтауға болады. Липидтер мен майлар жасушаларда жақсы еритін арнайы бояуларды айқындайды.

Цитохимиялық реакциялар арқылы ферменттерді анықтауға болады. Бұл реакцияның жалпы принципі - микроскоп арқылыбелокты ферменттердің өздері емес, өнімдердің белсенділіктерін анықтайтын таралу аймақтары көрінеді.

Микрохирургиялық  әдістер

Тірі жасушаны зерттеуде казіргі  таңда микрохирургиялық әдістер  қолданылып жүр. Микроманипуляторлық прибор көмегімен жасушалар кесіледі, олардан бөліктер алынады, заттар салады (микроинъекция) және т.б. операцияның жүруін қадағалайтын микромонипулятор әдеттегі микроскоппен үйлестірілген. Микрохирургиялық құрал ретінде әйнек ілмектер, инелер, капиллярлар қолданылады. Олар микроскопиялық өлшемде болады және арнайы микроқұралдар қолданылады. Микроманипуляция кезінде арнайы камераларға жасушаларды салып, сонымен бірге құралдарды да салады. Микроманипулятор көмегімен ядроны бір амеба штаммынан басқаға ауыструға және жасушалық ядро целомындағы жасушалардың физиологиялық ерекшеліктерін анықтауға болатындығын дәлелдеді. Микроманипулятор көмегімен амеба жасушасына коллойдтық алтын енгізу арқылы, содан кейін ядро мен цитоплазмада оның бөліктерінің араласуын зерттейді.

Осыдан микрохирургиялық құралдар көмегімен жасушадағы митотикалық айналуды қозғалтуға, жеке хромосомаларды шығаруға, тірі жасушаға белгіленген антидене немесе әр түрлі белоктік молекулаларды енгізуге болады. Механикалық әсерден басқа микрохирургияда жасушаларға соңғы кезде лазерлік микрошоғырлары немесе ультркүлгін жарығының микрошоғырлары кеңінен қолданылады. Бұл тірі жасушалардың жеке участкелерін тез арада анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, бір ядрошықты анықтап және екіншісінің тіршілігін қадағалауға болады. Бұл жағдайда екінші ядрошық өзіне қосымша жұмыс алып және екеуі үшін жұмыс істейді. Микрошоғырлардың көмегімен митотикалық хромосоманың немесе бөліну ұршығының белгілі бір аймақтарына әсер етуге болады. Жақында өте қысқа сәулелену импульстарын (наносекундтар) қолдануға мүмкіндік беретін және нақты түрде әсер ететін нүктесінде энергия мөлшерін дозалауға болатын, әсерлік микросәулелері бар құрылғылар қолданысқа еніп жатыр.

Тірі жасушаларды зерттеуде  оларды витальді деп аталатын боялар қолданылады. Бұл бояу табиғатта қышқыл түрінде (трипанды көк; литий кармині) кездеседі. Тірі жасушаларды бояған кезде цитоплазмада бояу түйіршік түрінде жинақталады, ол зақымданған немесе өлі жасушалардағы цитоплазма мен ядро диффузды түрінде боялады.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Интернет ресурстары

2.Дәріс материалдары


Информация о работе Өңделген клетканы және ұлпаны зерттеу әдістері