Әлеуметтану ғылым ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:27, реферат

Краткое описание

Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері
Бұл мәселе жөніндегі әзірше әлеуметтанушылардың арсында белгілі бір ортақ пікір әлі қалыптаспаған.

Вложенные файлы: 1 файл

ӘЛЕУМЕТТАНУ.doc

— 72.50 Кб (Скачать файл)

№1 ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ 

Әлеуметтанудың құрылымы мен білім  деңгейлері

Бұл мәселе жөніндегі әзірше әлеуметтанушылардың  арсында белгілі бір ортақ  пікір әлі қалыптаспаған.

Меніңше, әлеуметтанудың құрылымына, оның таным білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен  «құрылым», «деңгей» деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз – біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.

Қандай да бір ғылым болмасын,оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда  алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі:

Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады.

Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және  әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді  жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды.

Сонымен, әлеуметтанудың теориялық  және қолданбалы салаларының айырмашылығы  олардың зерттейтін объектісі мен зерттеу әдісі арқылы емес, жалпы әлеуметтанудың алдына қойған мақсаты мен міндеті арқылы ғылыми немесе пратикалық мәселелерді шешуіне байланысты ажыратылады.

Теориялық немесе фундаменталды әлеуметтану барлық қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың ілгері дамуына жол ашады. Ол әлеметтік зерттеулер арқылы зерттелетін құбылыс пен үдерістер туралы білімнің онан әрі дамуын, жетілуін мақсат етеді. Қолданбалы зерттеулер арқылы теориялық негізгі мәселелерді нақтылап шешуге тырысады. Бұлардың негізінде бағалы, құнды  кеңес, нұсқаулар, ұсыныстар, болжаулар жасалады.   

Әлеуметтік білім –теория мен  практиканың бірлігінде қалыптасады. Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, өмір жалпы және арнаулы бағыттардың  деңгейінде түсіндіріп, оның дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әру даму заңдарының бағытын, көрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық (яғни, практикалық, тәжірибелік) әлеуметтік зерттеулер- нақтылы құбылыстар пен процестер туралы жаңа мағлұмат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді (яғни, сауалнама, сұрыптау, бақылау, құжаттарды талдау, сараптау, үлгілеу, тестілеу, т.б.) қолдану арқылы іске асырылады. Ал, теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістерді (яғни, талдау мен синтез, логикалық пен тарихи, индукция және дедукция, абстратыліден нақтылққа шығу, т.б.) арқылы іске асырылады.

Теориялық білім- жан-жақты, әмбебапты, ал, эмпирикалық – ақиқатты, шындықты белгілеуші білім. Теориялық білім  эмпирикалық білімнің негізінде сүйенеді, ал, эмпирикалық ғылым теориялық білімнен біршама басым болғанымен, ғылымның жоғары даму деңгейін көрсете алмайды. Ғылымның дамуы әр уақытта теориялық білім деңгейінің эмпирикалық білім деңгейінен басым болуын қажет етеді.

Теориялық және қолданбалы әлеуметтану нақтылы әлеуметтік зерттеулерге сүйене отырып, бір-біріне қарсы тұрмайды, олар әр уақытта бірлікте болып, бір-бірінің одан әрі дамуының әсер етеді.

Теориялық әлеуметтану – ол алуан  түрлі теория мен тұжырымдардың  жиынтығы. Бұлар қоғамның әлеуметтік дамуын тұжырымдап, оларға терең, жан-жақты түсінік береді. 

 

Сонымен, әлеуметтік білімнің құрылымы деп қоғамның әлеуметтік жүйесінің  серпінді дамуы, іс-әрекет, қызмет жүргізілуі туралы әр түрлі жиналған фактілерді, ақпараттарды, хабар-мәліметтерді ғылыми дұрыс түсіндіруді және ғылыми ұғымдардың жиынтығының реттелуін, тәртіпке келтірілуін айтамыз. Әлеуметтік білімнің негізгі құрылымы, тұжырымы, қағида, бағыттары мыналар:

1. Қоғам біртұтас әлеуметтік  жүйе. Бұл тұжырым, қағида өзінің  зерттеу объектісінде қоғамдық қатынастар жүйесін, олардың мазмұнын зерттейді.

2. Қоғамның жеке салаларының  дамуын, атқаратын қызметі туралы  түсініктердің байланысын- экономикалық, саяси, рухани, т.б. салаларын,  әрбір салада жеке тұлғанын  немесе әлеуметтік топтардың қызметінің әлеуметтік қалыптасу мүмкіндігін зерттейді.

3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы  немесе жалпы әлеуметтік құрылым  туралы білімді қалыптастыру  үшін әлеуметтік топтардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани қатынастар  жүйесіндк алатын орны мен  байланысы туралы білімдер болуы керек. Әлеуметтік топтар деп отырғанымыз – үлкен топтар, кішігірім топтар, кәсіби мамандандырылған топтар, демографиялық және этникалық топтар.

4. Саяси әлеуметтануға кіретін  алуан түрлі ғылыми  түсініктер, ой-пікірлер, теориялар. Бұған жататын зертеу объектілері:

а) әлеуметтік топтардың саяси қатынастар жүйесіндегі алатын орны;

ә) қоғам субъектілерінің әлеуметтік – саяси құқық және бостандықты, тәуелсіздікті алудың жолдары мен  тәсілдері туралы;

б) қоғамның саяси жүйесінің құрылымы, қызметі және функциясы туралы;

5. Әлеуметтік институттардың (мемлекет, құқық, ғылым, мәдениет, отбасы, т.б.) қызметтері туралы ғылыми түсініктер  мен қортындылар;

6. Қоғамның жеке салаларының  және кішігірім жүйесінің қызметтері  туралы теория. Оны мынандай объектілерді зерттеу арқылы түсінуге болады: өндірістік ұжымдар, ресми емес топтар мен ұйымдар, адамдар арасындағы кішігірім топтар, жеке тұлғалар, т.б. кіреді.

Әлеуметтік білімнің деңгейлері қоғамдағы  құбылыстар мен процесттерді терең  талдап, кең қортынды жасау арқылы анықталады. Жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік үш негізгі деңгейі бар:             

 а) жалпы әлеуметтану теориясы;              

 ә) эмпирикалық (тәжірибелік)  әлеуметтану;             

 б) орта деңгей теориялар.

Осыларға сәйкес әлеуметтік зерттеулерді теориялық және эмпирикалық зерттеулер деп екіге бөледі.

Халқымыз  үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр –  Н.Назарбаев

Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Бұл туралы бүгін «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. 

«Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз. Біздің Конституция сенім бостандығына кепілдік береді, бұл – факт. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, шексіз еркіндік деген болмайды. Ол дегеніміз – хаос. Барлығы да Конституция мен заңдар аясында болуға тиіс», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.  
 
«Әркімнің таңдау құқығы бар. Діни таңдауға өте үлкен жауапкершілікпен қарау керек, өйткені, адамның өмірлік салты, тұрмысы, көп жағдайда бүкіл өмірі соған байланысты. 
 
Бүгінде, интернет пен жоғары технологиялар ғасырында, ақпараттар тасқындаған заманда, «сүзгі» адамның ішінде болу керек», - деді өз сөзінде Н.Назарбаев. 
 
«Ішкі «сүзгі» сұрақтар қойып отыруға тиіс: аналарымыз, әпке-қарындастарымыз, қыздарымыз орамалға оранып алып, басқа халықтардың киімін кигені бізге керек пе? Бізбен бір дастарқанда отырып тамақ ішпеуге тиіс пе? Көлік жүргізбеуі керек пе? Мұның бәрі – басқа елдердің орныққан дәстүрлері, біздің даламызда ондай дәстүрлер ешқашан болған емес. Классиканы оқыңыздар, фильмдерді көріңіздер. 
 
Біздің әйелдерде ұлттық тәкаппарлық, қалыптасқан киіну стилі бар, оны олар ибалылықпен ұстана біледі және біз, ерлер, әйелдердің осы қасиетін жиі теріс пайдаланамыз. Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек», - деді ҚР Президенті.

5Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері

Қоғамдық өмірде әлеуметтік мәселелерді талдау талпыныстары ерте кезден басталса да, әлеуметтану жеке ғылыми пән негізінде 19 ғасырдың 30-шы жылдары ғана қалыптасты. Осыған қарамастан, қоғам жөнінде белгілі көріністер көптеген ғасырлар тоғысында дамып келді.Әлеуметтанудың алғышарттары қоғамның өзіндік әлеуметтік үрдістері жөнінде объективті ғылыми білім алу сұранысынан белгіленеді. Әлеуметтанудың түп-тамыры жалпы өркениеттің табиғатын айқындайды. Бұл әлемдік нарықтың біртіндеп қалыптасуы, ұқсас саяси құрылымның пайда болуы мен әр түрлі мәдениет өзара байланысының қалыптасу үрдісі белгіленеді. Білім мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды талап етті. Әлеуметтану тарихын бірқатар кезеңдерге бөледі.Бірінші кезең Ежелгі әлем қоғамы жөнінде әлеуметтік білімдердің қалыптасуын мен дамуын қамтиды. (миф пен эпос: шындықтың айқын көрінісі ретінде; Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі әлеуметтік және саяси оқытулар).Екінші кезең ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік білімнің дамуын қамтиды (Таным формасы мен дүниетаным жүйесінің өзгерісі. Августин Блаженный Теософиясы. Қайта өрлеу дәуіріндегі қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер мен ойлар. Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гоббс және т.б. әлеуметтік ойларының қалыптасуы).Үшінші кезең 17-18 ғасырдағы адам мен қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер. Жаратылыстану құқығы мен қоғамдық келісім концепциясы. Ш.Монтескье, Ж-Ж. Руссо және т.б. әлеуметтік концепциялары. Консерватизм мен либерализм ұғымдары.

Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы. Әлеуметтану позитивизмінде методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т.б. 19 ғ. аяғы мен 20 г. басы әлеуметтануда натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М.Вебер, Э.Дюркгейм және т.б.). 20 ғасырдың 20-80жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады.

7Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильдік процесі.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік, тәуелчіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа  таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, ауан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейрамханалардың, т.б. жеке меншік иелері. Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі таптар мен әлеуметтік топтардың өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғадағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысы, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың миграция мәселелері мен үдерістері де ерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәлеті орташа, кедей адамдарпайда болды. Қоғам  қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті.

Осы жағдайларды ескере отырып, қазақстандағы әлеуметтік иерархияны ұшбұрыш ретіе бейнелеуге болады.

Көпшілікке мәлім, нарықтық экономика меншіктің алуан түрлігігін қажет етеді. Ал,осы жағдай Қазақстанның әлеуметтік құрылымына зор әсер етті, өйткені меншік нысананың алуан түрлілігі жалпы экономиканың одан әрі бөлшектелуін күшейтті, яғни қоғамдық меншікті жекешелендіру процесі басталды. Осыларға сәйкес меншіктің жаңа типтері қалыптасуда. Олар: жек, корпоративтік, акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік, т.б. Орта, кішігірім мекемелерге, сауда үйлеріне, мейрамханаларға, дүкендерге, әр түрлі акционерлік қоғамдарға қожалық ететін иелер пайда болды.

Республикада меншік иелері табы әлі қалыптасу үстінде болғандықтан, оның көлемін санмен көрсету әзірге қиын.

Сонымен, Қазақстан ірі орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын бизнесмендер тобы қалыптасып келеді.

Кәсіпкерлік – бұл заңды әлеуметтік-экрнрмикалық құбылыс. Кәсіпкерлік немесе бизнес қоғамның ілгерлеп дамуына елеулі ықпалын тигізеді. Сондықтан еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрақтануында ірі, ортажәне шағын бизнестің рөлі зор.

Академик К.А. Сағадиевтің пікірі бойынша, Қазақстан Республикасындағы бизнесмендерді 4 топқа жіктеуге болады.

1- топқа: номенклатуралық бизнес жатады, яғни бизнесмендердің бұл тобы өздерінің жоғары билікпен байланыстарын пайдаланып, мемлекеттік, несиелер алудың арқасында байлыққа, меншікке ие болған;

2- топқа табиғатынан бизнеске  жақын адамдар жатады. Олардың  бизнес өздерінің жинақтаған қорларының және сауда-саттықпен айналысуындағы тәжірибелердің негізінде қалыптасқан;

3-топқа кәсіби бизнестің өкілдері  жатады. Бұлар өз күштерімен бастапқы  кезден бастап қажымай-талмай  еңбектену нәтижесінде қалыптасқан  бизнесті негізгі кәсіпке айналдырған адамдар;

4-топқа жаппай бизнес жатады. Бұл топтағы адамдар қолда  бар кез келген мүмкіндікті  бизнес жасауға пайдаланады. Бұл  топтағы адмдардың капиталының  болмауы бизнесте көптеген қиындықтарды  тудырып отыр. Соған байланысты  олардың табыстарының өлемі де айтарлықтай емес.

Республика меншік иелері табынан  басқа да таптар мен әлеуметтік топтар бар.

Жалпы алғанда, қазіргі Қазақстан  қоғамында бір таптың, топтың, жіктің екінші бір тапқа, топқа, жікке ауысуы жиі болып отыр. Әрине, мұндай ауысу  процесі Кеңес Одағы кезінде де болған. Біздің Қазақстан елінде бұл құбылыстың тік және көлденең сызықтары  арқылы даму түрлері біршама айтарлықтай болып отыр. Бұларға қосымша әрбір таптың, топтың іштей бір-біріне өту, ауысу жиі кездеседі. Мысалы, республикада бұдан 4-5 жыл бұрын орташа табысы бар немесе кедей адамдар қазіргі уақытта бай коммерсанттарға, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, банкирлерге айналды, көбі өз алдына мекме, мейменхана, дүкендердің, т.б. қожайындары болды. Бірақ, бұлардың кейбіреулері қайтадан кедйшілікке ұшырап, қарыздар болып, төмен түсті. Өмірде мұндай жоғары көтерілу немесе төмен түсіп кету жиі болып тұрады. Мұндай құбылыстардың болып тұруы республика экономикасының тұрақсыздығынан болады.

Информация о работе Әлеуметтану ғылым ретінде