Аскомицеттер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 18:39, реферат

Краткое описание

Аскомицеттердің мицелийлері тармақталған, жақсы жетілген, гаплоидты, көп клеткалы, бір сирек көп ядролы. Мицелийлері қалыпты жағдайда төсеміктің ішіне еніп жатады, ал оның үстінде спора тасушы органдары түзіледі. Клетка қабықшамы хитин араласқан глюканды келеді. Кейбір қарапайым құрылысты аскомицеттердің мицелийі болмайды. Вегетативтік денесі бүршіктенетін бір клеткадан тұрады, клетка қабықшасында хитин болмай, глюкан мен маннан болады. Клетка аралықтарында саңылаулары бар, олар арқылы бір клеткадан екінші клеткаға ядро, цитоплазма және басқа органоидтар миграциясы болуы мүмкін.

Вложенные файлы: 1 файл

ЗАРИНА СИСТЕМАТИКА.docx

— 23.21 Кб (Скачать файл)

       1.Аскомицеттер

        Аскомицеттердің мицелийлері тармақталған, жақсы жетілген, гаплоидты, көп клеткалы, бір сирек көп ядролы. Мицелийлері қалыпты жағдайда төсеміктің ішіне еніп жатады, ал оның үстінде спора тасушы органдары түзіледі. Клетка қабықшамы хитин араласқан глюканды келеді. Кейбір қарапайым құрылысты аскомицеттердің мицелийі болмайды. Вегетативтік денесі бүршіктенетін бір клеткадан тұрады, клетка қабықшасында хитин болмай, глюкан мен маннан болады. Клетка аралықтарында саңылаулары бар, олар арқылы бір клеткадан екінші клеткаға ядро, цитоплазма және басқа органоидтар миграциясы болуы мүмкін.

Қалталы саңырауқұлақтардың басты ерекшелігі жыныс процесінің нәтижесінде қалтаның түзілуінде. Оның ішінде қалыпты жағдайда 8 сирек 4,2 эндогендік әр түрлі формалы аскоспоралар түзіледі. Қарапайым қалталы саңырауқұлақта қалта тікелей зиготадан түзілсе, күрделі құрылыстарында аскогон гифаларының ұштарында дамиды,Аскомицеттерде жыныссыз көбею кең тараған, оның себебі жынысты қалта құру процесі даму циклының аяғында, қолайсыз жағдайлар туғанда болады. Жыныссыз көбею процесінің нәтижесінде түзілетін конидиялар төсеміктің бетінде ұлпа, қатпар, нүкте, дақ және басқа пішінді болып келеді. Кейбір аскомицеттерде қонидиялы спора құру жағдайы белгісіз, ал екінші біреулерінің даму циклында басым болып келеді. Соған байланысты жыныс процесінің редукциясы байқалады. Қалталы стадиясы сирек болады.Көпшілік күрделі құрылысты аскомицеттерде жынысты көбеюі  гаметангиогамия. Мұнда гаметаларға бөлінбеген арнаулы ек гаметангиялардың қосылуы арқылы болады. Жыныс процесі әртүрлі, бір топтың ішінде де әртүрлі жағдайда өтеді. Кейбір түрлерінде қалталы спора тасушы органдар ретсіз шашылып жатса, ал көбісінде әртүрлі пішінді жемісті дене ішінде белгілі бір ретпен орналасады. Қарапайым қалталы саңырауқұлақтарда жыныс процесі зигомицеттерге ұқсас. Мұнда мицелийдің екі клеткасының ядролары қосылып зигота түзеді. Ол тыныштық дәуіріне көшпей-ақ қосылған ядро редукциялы жолмен 3 рет бөлініп, 8 гаплоидты ядро түзеді. Ядроның айналасындағы протоплазманың бір бөлімі қатайып спора қабығына, ал зигота қабығы қалтаға айналады.

    Қалта атқаратын қызметіне қарай протуникатты, эутуникатты болып екіге бөлінеді. Протуникатты қалта жұқа дифференцияланбаған, спора құрау мүшесі ғана болып есептеледі. Оның таралу қызметін атқармайды. Эутуникатты қалта қалың, арнаулы бейімделген мүшесі арқылы ашылады. Ол аскоспораның таралуына қызмет етеді. Эутуникатты қалта қабықшасының құрылысна қарай унитуникатты, битуникатты болып бөлінеді. Унитуникатты қалта жұқа бір қабаттан тұрады. Жоғарғы жағында әртүрлі құрылысты ашылатын апикальды аппараты болады. Битуникатты қалта екі қабаттан ішкі икемді созылғыш, сыртқы қатты қабаттардан тұрады. Спора піскен кезде сыртқы қабат жоғарғы жағынан бұзылып, ішкі қабат тургор қысымының әсерінен созылып аскоспораларды шашады.

Көпшілік күрделі құрылысты қалталы саңырауқұлақтарда арнаулы аналық жынысты мүшесі архикарп, аталық жыныс мүшесі антеридий дамиды. Аналық жыныс мүшесі екі бөлімнен тұрады. Төменгі кеңейген шар тәрізді бөлімін аскогон, жоғарғы цилиндр пішінді бөлімін – трихоген деп атайды.Аталық жыныс мүшесі – антеридий цилиндр тәрізді клеткадан тұрады.  ол аналық жыныс мүшесіне тақап асылып өседі. Аталық, аналық жыныс мүшелері көп ядролы, жыныстық гаметаларға бөлінбеген. Жыныс мүшелері піскен кезде антеридий трихогинаның ұшы арқылы клетка ішілік затын аскогенге құяды. Жыныс ядролары бір-бірімен қосылмай жұп-жұбымен жақындасып дикариондар түзеді. Карпогамия процесі бірден жүрмей плазмогамия процесі жүреді. Аскогоннан қап пішінді тармақталған өсінділер одан аскогон гифалары өседі. Бір-бірімен жақындасқан әр жынысқа жататын дикариондар аскогондік гифаларға өтеді де, синхронды жолмен бөлінеді. Осы уақытта аскогон гифасының ұшы төмен ілгек сияқты иіледі де екі жерден перде пайда болады. Синхронды бөлінудің нәтижесінде пайда болған 4 ядроның екеуі аскогон гифасының төменгі – базальды жағында қалады. Ілгек базальды клеткаға қарай өсіп дикарион ядролары қалпына келеді. Аскогонның жоғарғы жағында дикарион клеткасы ұзарып өседі де, ядролар қосылып диплоидты ядро түзеді. Диплоидты ядро редукциялы жолмен үш рет бөлініп 8 ядро береді, оның әрқайсысының маңына цитоплазма топталып, одан 8 аскоспора түзіледі. Зигота қабығы қалтаға айналады. Күрделі құрылысты қалталы саңырауқұлақтардың даму циклында ұзақ гаплоидты, аз уақыт болатын дикарионды және өте қысқа диплоидты кезеңі болады. Аскомицеттердің ішінде гомоталды және гетероталды мицелий түрлері бар. Жыныс мүшесі дамыған мицелийлердің бір бөлімі, оның айналасына тоқылып жеміс денесінің тінін түзеді. Одан пішіні әртүрлі жеміс денесі мицелийдің үстінде немесе строма деп аталатын тығыздалып өрімделген гифалардың ішінде дамиды. Аскомицеттерді жемісті денесінің құрылысына қарай негізінен 4-ке бөлуге болады:

1) клейстотеций  – тұйықталған жемісті дене, оның  ішінде қалта ретсіз, ал күрделі  құрылыстарында белгілі бір ретпен  орналасады. қалта жемісті дененің  жыртылуы арқылы сыртқа босап  шығады;

2) перитеций –  құмыра пішінді, жоғарғы жағында  тар тесігі бар жартылай тұйықталған  жемісті дене.  қалта топталып жеміс денесінің түбіне орналасады. Спора піскен кезде жеміс денесінің түбінен қалта көтеріліп құмыраның мойнына келіп ашылып, аскоспораларын шашады.Бос қалта жеміс денесінің түбіне түседі де, оның орнын келесі қалта басады;

3) Апотеций –  ашық, табақша пішінді жемісті  дене. Қалта, оның үстінде гимений  деп аталатын қабатта жеміссіз  жіпше парафиздермен кезектесіп  орналасады;

4) Жалған жемісті  дене (псевдотеций – аскострома) ұрықтанудан кейін локула деп  аталатын қуыстарда пайда болады. Мұндай жемісті дене жетілген  кезде  перитецийге ұқсас, алғашқы уақытта строма сияқты қалыптасады. Бірақ аскогон гифаларының ұлғаюы нәтижесінде строма тінін бұзып ығыстырады да қуыстар түзіледі. Осы қуыстарда қалталар мен аскоспоралар дамиды. Перитецийден айырмашылығы перидий қабаты болмайды, оның қызметін строманың плектенхимасы атқарады. Бұлардан басқа: гистеротеций – ұзын келген жемісті дене жетілген уақытта жарғышақ арқылы ашылады; тириотеций радиальды құрылысты, қалқан пішінді жемісті дене, түп жағында тесігі болады. Протеций қарапайым қалталы саңырауқұлақтарға тән (Gymnoascus reessii). Бұларда жемісті дене болмай, қалта мицелийлердің арасында топталып жатады, перитеций қабығы болмайды.

  Аскомицеттердің көбі өсімдік қалдықтарында, топырақта, тағамдарда сапрофитті тіршілік етеді. Біраз түрлері өсімідктердің, адам мен жануарлардың паразиттері. аскомицеттердің көпшілігі вегетативтік сатысында өсімдікте паразиттік тіршілік етіп конидиялар арқылы көбейсе, иесі тіршілігін жойғаннан кейін, оның шіріндісінде сапрофитті тіршілік етуге көшеді де, көктемде одан жынысты көбеюдің ақырғы сатысы қалталы аскоспора дамиды.

Қалталы саңырауқұлақтарға 500-дей түр жатады, оны жеміс денелерінің бар-жоғына, қалтаның құрылысына және стромалардың даму ерекшеліктеріне қарай жалаңаш қалталылар – Hemiascomycetidae, жеміс қалталылар – Euascomycetidae, локулоаскомицеттер –  Loculoascomytidae деп үш клас тармағына бөледі.

                                                                                                                                                                                 

   2. БАЛДЫРЛАРДЫҢ   ТАБИҒАТТАҒЫ ЖӘНЕ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ   МАҢЫЗЫ                                                                                                                                            Балдырлардың табиғатта маңызы зор» Топырақта өсетіндері оттек бөлумен қатар өздері шіріп, топырақты құнарландырады. Бір грамм қара топырақта 50 000 балдыр болады. Суда өсетін жасыл балдырлар көмірқышқыл газын сіңірт, оттегін бөледі. Онымен су жәндіктері, балықтар тыныс алады. Судағы ағзалық заттарды денесіне сіңіріл отырып, суды тазартады. Ал азық болатын ұсақ жәндіктер балдырларды қорек етеді. Балдырлармен балықтар, теңіз жәндіктері де қоректенеді.Балдырлар тау жыныстарын ыдыратып, топырақ түзуге қатысады. Ерте заманда (шамамен 1,5 млрд жыл бұрын) фотосинтездеуші балдырлар ауаны оттегімен байытып, өздері құрғаққа шыққан өсімдіктердің бастамасы болды. Содан кейін біртіндеп жер бетінде өсімдіктермен қоректенетін, оттегімен тыныс алатын жан-жануарлар пайда болды.Балдырларды шаруашылыққа кеңінен пайдаланады. Қоңыр балдырлар мен қызыл балдырларды ертеден-ақ тамаққа, мал азығына пайдаланып келеді. Себебі бұлардың құрамында йод, фосфор, мыс болады. Қытай мен Жапонияда порфира балдырын арнайы табиғи жағдайға жақын ортала өсіріп, көкөніс есебінде тамаққа пайдаланады.Ламинария балдырын теңіз орамжапырағы деген атпен адамның қалқанша безінің жұмысын жақсарту, жемсау ауруынан сақтандыру үшін тамаққа қосады.Теңіз балдырларын өнеркәсіптің көптеген салаларына шикізат есебінде қолданады. Олардан йод, спирт» сірке қышқылы, жасунық, агарагар (ғылыми зертханалардабактериялар мен саңырауқұлақтарды, балдырларды өсіретін қоректік орта) алынады. Агарагарды тамақ өнеркәсібінде де пайдаланады.Теңізде толқындық әсерінен жағаға шығып қалған балдырлар тыңайтқыш есебінде қолданылады. Оларды келтіреді де, топыраққа араластырады. Әсіресе бау-бақша өсімдіктері мен жүзімнің түсімі артады. Кладофора жасыл балдырларын қағаз өндірісінде пайдаланады.

    Егістіктен шыққан, құрамында ерітінді күйінде тыңайтқыштары бар сулар және қаладан, елді мекендерден шыққан сулар өзен, көлдерді ластайды. Лас көлдердегі жасыл балдырлар біртіндеп түгел жойылып кетеді де, тек бактериялар, көк-жасыл балдырлар және диатом балдырлары ғана қалады. Олар су жәндіктері мен балықтардың қорегіне жарамайды. Алматы қаласынан шыққан лас сулар жеті тазартқыштан өтіп, Сорбұлақ көліне құяды. Содан соң үш тазартқыштан өтіп, Іле өзенше қосылады. Адамзаттық алдында тұрған міндет — өндіріс орындарынан шыққан лас сулар мен ауыл шаруашылық егістіктеріне шашылған химиялық қосылыстардан суды тазарту.

   Теңіз суында қоңыр және қызыл балдырлар тіршілік етеді. Табиғатта қоңыр балдырлардың 1500 түрі бар. Бұлар - ядролы төменгі сатылары өсімдіктер. Қоңыр балдыр теңіздің 180-200 м тереңдігінде өседі. Олардың ұзындығы 30-50 метрге дейін жетелі. Қызыл балдырлардың 4 мыңға дейін түрі белгілі. Олардың 200-ге жуығы тұщы суқоймалары мен топырақта өседі. Ұзындығы 2 м шамасында болады. Балдырлардың жоғары сатыдағы өсімдік тамырына сәйкес ризоиды бар және сабақшасы мен жапырақ тақташасы айқын көрінеді. Бұлар өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді.Балдырлардың (жасып, қоңыр, қызыл) табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы зор. Сула жәндіктер мен жануарларға қорек болады, топырақты құнарландырады (жасыл балдырлар). Сондай-ақ қағаз өндірісінде пайдаланылатын кладофора.

 

          3.ХАРА БАЛДЫРЛАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ                                                                                                 Хара балдырларының (харофиттер) сыртқы көрінісінде басқа балдырлармен салыстырғанда көп ерекшеліктер бар. Сыртқы көрінісіне қарап суда өсіп тұрған қырықбуын екен деп қаласын. Шын мәнінде, қырықбуынға сырттай ұқсағанымен оған ешқандай қатысы жоқ.

 Қазірігі кезде дүние жүзі бойынша хара балдырларының 300-дей түрі сипатталып жазылған. Олар мынадай 6 туымқа жатады: нителла(Nitella), толипелла (Totypella), нетеллопсис(Nitellopsis), лампротамниум (Lamprothamnium), лихнотамнус (Lychnothamnus)және хара (Chara).Бұлардың аоғашқы екеуі нинеллалар тұқымдасына (Nitellaceae), ал қарған төртеуі харалар тұқымдасыан (Characeae) жатады.

  Хара балдырларында сабақ та, жапырақ та, тамыр да болмайды, тармақталып жан-жағына таралып жататын нағыз көп жасушалы талломы болады. Хара балдырлары тоғандарда тұрып қалған көлшіктерде ізбесі (әк) молырақ суларда қалың болып ұйылып өседі. Су түбіне түссіз өсінділері- ризоидтары арқылы бекінеді. Талломның биіктігі 20-30см, кейде 1 метрден де асып кетеді. Талломы буын және буынаралығынан тұрады, буындарында жіп тәрізді, жіңішке тарамдалған өсінділері топтанып орналасады. Талломындағы жасушалары біркелкі емес, бірі ұзын, екіншісі қысқа. Басқа балдырлардын тағы бір айырмашылығы жыныс мүшелері көп жасушалы. Атылық жасушаы-антеридий, аналық жасушасы-оогоний деп аталады. Олар топтанып орналасқан талломның қолтығына (антеридиі үстіңгі жағына) бекінеді.

 Хара туысы -(Chara). Талломының ұзындығы бірнеше ондаған сантиметрге жетеді.Оның тік тұратын "сабағы" буынға және буын аралықтарына бөлінеді. "Сабақтың" буындарынан "жапырақ" деп аталынатын бүйірлік бұтақтардың шоқтары кетеді. Талломның өстік бөлігі ортаңғы үлкен клеткадан тұрады, оны ұсақ клеткалар қоршап жатады. Талломы ризоидтары ақылы судың түбіндегі субстракқа бекініп тұрады.

 

 

 
 

 


Информация о работе Аскомицеттер